Материалдар / Мектепке дейінгі балалардың танымдық дағдылырын дамытудағы заттық-кеңістік ортаның рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі балалардың танымдық дағдылырын дамытудағы заттық-кеңістік ортаның рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін, бала бойындағы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсері зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2021
1279
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мектепке дейінгі балалардың танымдық дағдылырын дамытудағы заттық-кеңістік ортаның рөлі

  2. Сапасын бағалау негізінде балалардың танымдық дағдылары

  3. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру

ІІІ. Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

































Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін, бала бойындағы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсері зор.Мектепке дейінгі кезеңде баланың зияткерлік, тұлғалық, эмоциялық  дамуы жүзеге аса бастайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың танымдық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге,балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі жинақталған, мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құру. Заттық-дамытушы орта-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі.

Мектеп жасына дейінгі балаларда заттық -дамытушы орта маңызды фактор болып табылады.Бала толыққанды дамуы үшін балалар әлемді жарқын, қанық әсермен қабылдайтындай жағдай жасау қажет. Заттық-дамытушы ортаны құру баланың толыққанды дамуы үшін, жетекші іс-әрекет түрлерін танымдық және нәтижелі іс-әрекет, заттық және сюжетті-бейнелі ойындарды  іске асыру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Бұл ортада мектепке дейінгі жастағы бала  жан-жақты дамиды, сезімталдық қабілеттерін қалыптасады, өмірлік тәжірибе жинайды, түрлі заттар мен құбылыстарды реттеуге және салыстыруға үйренеді. Ересектер ерте жастағы балаларды заттар әлеміне енгізеді, олардың қызметі мен неге арналғандығымен таныстырады,қоршаған ортаны тануға бағытталған іс-әрекеттерін ынталандырады. Осыған байланысты,  күннің кез-келген уақытында өз қалауынша заттармен әрекет етуге.ойнауға,қозғалу мүмкіндігіне ие болатын заттық- ойын  дамытушы  ортасымен қамтамасыз етілуі қажет. Сол себепті, заттық дамытушы орталықтарды қозғалыс белсенділігін қажет ететін ойышықтармен және жабдықтармен  қамтамасыз етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып, санитарлық өңдеу тәртібін сақтау қажет.

Мақсаты: балалардың ерте жастан психо- физиологиялық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру.

Міндеттері: балаларды жан-жақты және үйлесімді ерте жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі жаспен сабақтастығы. Дамыту ортасында мектеп жасына дейінгі баланың  танымдық дағдылары қалыптасады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, әртүрлі заттарды және құбылыстарды реттеу мен салыстыруға үйренеді,ересектермен,қатарластарымен өзара эмоционалдық-практикалық тәжірибеге ие болады, өзіндік тәжірибеде білім алады.









































  1. Мектепке дейінгі балалардың танымдық дағдылырын дамытудағы заттық-кеңістік ортаның рөлі

Заттық – дамытушылық баланың әрекетін ынталандырушы, бағыттаушы, дамытушы фактор есебінде қарастырылады. Ол белсенділік, бақылаушылық сапалардың және кең мағынада жеке тұлғаның дамуына әсер етеді.

Shape1

Заттық – дамытушылық ортаны құруда мынадай қағидалар ұсталады

Shape2

Ашықтық

Shape3

Икемді аймақтандыру

шылық

Shape4

Көпатқарым дық

Shape5

Тұрақтылық- динамикалық
















Заттық – дамытушылық орта балалардың жасы мен даму деңгейіне және олардың әрекетіне тікелей тәуелділіктен табылады. Топтағы дамытушылық ортаның мақсаты ақпараттандырылуы, сол немесе басқа үдерістің бейнесін жасайды, қоршаған орта мен баланың арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Заттық – дамытушылық ортаның барлық компоненттері мазмұы, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның әртүрлі жас топтарындағы заттық - дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып педагогтар балалардың ойын әрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тәрбиенің жеке тұлғалық – бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық – дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл бәрінен бұрын баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Балабақша топтарында заттық – дамытушылық ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы және жоғары шығармашылық әрекет қажет. Заттық – дамытушы ортаны құру кезінде келесідей қағидаттарды басшылыққа алу қажет:

  • Ортаның жартылай функционалдығы: заттық - дамытушы орта көптеген мүмкіндіктерді ашып, тәрбиелеу - білім беру үдерісінің барлық құраушыларын қамтамасыз етуі тиіс, осы мағынада көпфункционалды болуы тиіс;

  • Ортаның жартылай функционалдығымен байланысты оның түрленуі бұл жағдай бойынша бірінші орынға кеңістіктің қандай да бір функциясын шығаруға мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;

  • Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс.

  • Топтың заттық – дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.

Балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы-заттық ортаны құру қажет.



Shape6



Заттық – дамытушы орта

Shape7

Табиғат бұрышы

Shape8

Оқшаулану зонасы

Shape9

Өнімді іс-әрекеттерге арналған материал



Shape10

Ойын зонасы

Shape11

Спорт құралдары мен жабдықтары

Shape12

Заманауи ойыншықтар

Shape13

Дамытушы ойындар

Shape14

Дидактикалық және көрнекі материалдар

Shape15

Эксперимент жасау бұрышы

Shape16 Shape17 Shape18 Shape19 Shape20 Shape21 Shape22 Shape23 Shape24 Shape25





















Shape26

Шығармашылық

іс-әрекет үшін атрибуттар









Заттық орта мектепке дейінгі ұйымдарда іске асырылатын бағдарламаға сәйкес жобалануы тиіс. Бұл ретте педагог топтың ерекшеліктерін ескеруі, жалпы балалар тобын және әр баланың дербес ерекшелігін, олардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен тілектерін білуі тиіс. Баланың заттық әлемінде ойыншық ерекше орынға ие.

Сапасын бағалау негізінде балалардың танымдық дағдылары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспарына сүйене отырып, балабақша қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақты оқыту, дамыту, тәрбиелеу басты мақсат болғандықтан. Балалармен оқыту, білім беру жұмыстары үздіксіз орындалып отырады.

Мектепке дейінгі мекемедегі баланың танымдық дағдылырын дамытуда біртұтас кеңістікті қалыптастыру.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н.Журавльев, Н.Ф.Талызина, Р.К.Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәнді практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-рухани, этникалық және әлеуметтік–экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байлаысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардың қалыптастыру мүмкіндігі анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыретттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасыз құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:
«құзыреттіклі» ұғымым тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықлың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды:Құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;
құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында қалыптасады.

Мектепке дейінгі жаста баланың зейіні қабылдауына тығыз байланысты. Затты, бөлшектерді ерекшеленуі, эталонмен салыстыру - барлық перцептивтік әрекеттер назарды қосады және оның дамуына әкеледі.

Мектепке дейінгі балалықта зейіннің екі түрі де дамиды. Еріксіз зейін - жаңа жануарлар, құрт-құмырстқалардың, гүлдердің түрлері туралы сарала білімдерді қорытуына байланысты.Ерікті зейін мақсатты әрекет барысында дамиды. Әрекет мақсаты жобалайтын нәтижеге бейнесі ретінде барлық әрекеттің соңына дейін назарды ұстайды.

Балалардың зейінін сабақта ұйымдастыру бейнелерге, дыбыстарға, дауыстың өзгеруіне, ғажайып интонацияға тіреніп ерікті назарды «еріксіз» бейімделуге қызықтырады.

Ересектерде зейін тірегі нақты қойылған тапсырмалар, жарысу уақыты, дисциплиналық талаптар, сұрауға уәде болады. Бірақ оларға да назарды түсті, ерекше «еріксіз» белгілермен тарту керек.

Зейін қабілетін дамытуға арналған келесі: «5 айырмашылық тап», «Ұқсастықтарын тап», «Тауып ал да, сыз» ойындарды қолдануға болады.
Мектепке дейінгі жас-біздің биографиялық естің басы. Көбі 3 жасқа дейінгі оқиғалары естерінде жоқ,ал 3 жастан кейін көбінің есінде сақталған. Ол өскен есте сақтау беріктілігінің көрсеткіші. Бірақ бала есі бірнеше ерекше айырмашылықтары бар. Біріншіден, ол еріксіз. Екіншіден, есте сақтау жағдайлы еске кітап сюжеті ғана түспейді,сонымен барлық жетектейтін объекттері, барлық жағдайды қабылдау сюжеті түседі.

Жан гипотезасы бойынша біздің жадымыз басқаға беру қажеттілігінде пайда болады. Балаға осындай қажеттілік ойында қалыптасады.
5 жаста сөздің жүргізіші рөлі күшейтіледі, бала бәрін есіне түскен бойымен айтпай, кезекпен дұрыс айта бастайды. Алты жасар бала мазмұндау кезінде «анда тағы басқалар болған,бірақ мен ұмытып қалдым» дегенді көреді. Өзін басқару ақыл-ой әрекетінде таратылады. Еріксіз есте сақтауда логикалық байланысқа сүйенеді. Әрекеттер мен бейнелер - олардың жадының негізі. Қайталанатын қозғалыстар мен ритмді соғу тақпақты немесе әнді жаттауға көмектеседі. «Суретті еске сақта», «Зообаққа саяхат», «Қалай болғанын еске түсір», «Еске түсір де, суретін сал» ойындар сияқты еске сақтау қабілеттерін дамыту үшін қолдануға болады.
Қиял қабілеттерін дамытуға «Бояулар», «Үрлемелі шар», «Әңгіме құр», «Суретті ата» ойындар өткізуге болады. Мектепке дейінгі жаста барлық үш ойлау дамиды және қызметін атқарады: көрнекі-әрекеттік, бейнелік және сөздік-логикалық. Олардың әр қайсысы өзіндік қарым-қатынас пен байланысты орнатуға, заттардың сипатын жалпылауға көмектеседі.

Таным қабілетін дамытуға арналған ойындар: «Ұқсастығын тап», «Сурет құрастыр», «Қатармен қой»., т.б.  Мектепке дейінгі жас - тілдің қарқынды даму кезеңі. Әнгімелесу функциясымен қатар тіл ойлау тәсілнің функциясын атқарады. Мектепке дейінгі балаға үлкен адамның сөйлесуі корекциялауға мүмкіндік береді және барлық танымдық процестерін дамытады: назарын аударуға, қабылдауын және есте сақтауды айқындауға,талқылауды  құруға және шынвалықтан қиялын бөлуге. Психологтардың көбі баланың тіл дамуы оның психологиясының дамуының жүргізуші сызығы деп санайды. Бірақ тілдік қарым-қатынас түрінің басым болуы баланың әрекет түрлерін тоқтатады (ойын, конструкциялау, сурет салу). Нақты ситуацияларды талдау.Мектепке дейінгі мекемедегі баланың танымдық дағдыларын дамытуда біртұтас кеңістікті қолдану керек. Яғни, балаларды жан-жақты, барлық танымдық қасиеттерді дамытуымыз керек.

Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиеші баланы жігерлендіруші, жол көрсетуші, қуат беруші болып табылады.























Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде дамытушы орта кеңістігін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың танымдық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге, балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымда дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірибесі жинақталған: мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құрылған.

Мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастырылған дамытушы орта (топта) әр балаға тұлғаның қандай да бір қасиетін иеленуге, жан-жақты дамуына теңдей мүмкіндік береді.

Дамытушы орта - бұл баланың мақсатын және міндеттерін шешетін ізденіс алаңы. Балабақшада білім беру және заттық іс-әрекет ортасы ынталандыратын, өзіндік-практикалық және бес білім саласының мазмұнына жауап беруі тиісті. Ортаның мәні маңызды, өйткені ол баланың табиғи қасиетін табуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға, баланың дамуына әсер ететін құрал.

Қарым-қатынас жасауда мінез-құлықтың

Shape27 негізгі ережелер нормаларын білуі

Shape28

Дамытушы орта арқылы жеке тұлға қалыптастыру жолдары

Өзін-өзі көрсетуі, басқаруы

Shape29 Shape30 Өз ойын тұжырымдауы


Жауапкершілік,қамқорлық

Shape32 Shape31 сезімінің оянуы

Shape33 Shape34


Өзіне - өзі баға беруі

Бір-бірімен қарым-қатынас жасау

Елестету, қиял болжамдарының дамуы

Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы дамытушы кеңістігінің ұйымдастырылуына байланысты ойналуынан туындайды. Осындай негізігі бағыттарды іске асыру үшін балабақшада дамытушы орта кеңістігін жаңартып, толықтырып, түрлендіріп отыру керек. Балабақшада дамыту орталығын құру бала мен үлкендер арасындағы тірек болып табылады. Ортаны құру стратегисясы мен тактикасы осы қалыптың ерекшеліктерімен байқалады.









































Қорытынды

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты міндеті балалардың эмоцианалды жайлылық және психологиялық қорғаныс сезімін туғызу. Балабақшада бала өзін сүйкімді,әрі қайталанбас тұлға ретінде сезінуі тиіс. Сондықтан тәрбие процесі жүретін орта маңызды болып табылады. Мектепке дейінгі мекемедегі баланың танымдық дағдыларын дамытуда біртұтас кеңістікті қолдану керек. Яғни, балаларды жан-жақты, барлық танымдық қасиеттерді дамытуымыз керек.

Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиеші баланы жігерлендіруші, жол көрсетуші, қуат беруші болып табылады.



























Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. А.Қ. Тусупова. Балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық -дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

  2. «Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журнал

  3. «Мектепке дейінгі білім-тәрбие әдістемесі»






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!