Мектепке дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту бағыттары,танымды дамытатын ойын түрлері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту.

Бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Демек, бала - біздің болашағымыз болса, баланың болашағы біздің қолымызда. Сондықтан да заман талабына сай жан-жақты, білімді жас ұрпақты тәрбиелеуде таным ұғымына үңіліп, оны дамыту жұмыстарын қолға алу біздің міндетіміз.

Танымдық дамудың негізгі міндеттері:

-Баланың ой қиялын дамыту

-Үлгіні пайдалана отырып жұмыс жасауға үйрету

-Қимыл әрекетін дамыту.

-Зейініні бірнеше затқа аудара білуге үйрету.

-Үлкендер әрекетімен санаса отырып әрекет етуге дағдыландыру.

Есте сақтау,қабылдау,қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.

Құзыреттілік -бұл адамның белгілі бір мәселелерді шеше алу қабілеттілігі.

Таным-кісінің сезімдік, ақыл-ес және қимылдық белсенділігін көтеруге қажетті дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы не шоғырлануы.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты,жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана,ұлттық дәстүр қалыптасқан,инабатты,мейірімді,адамгершілігі мол,рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру мектепке дейінгі білім берудің бірден-бір міндеті.Бұл міндеттің жүзеге асуына үлес қосатын тәрбиеші екені белгілі.

Мектепке дейінгі балалардың оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім,білік,дағдылар,жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігін қалыптасуын қамтамасыз етеді.Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық,экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыпстастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Еліміздің тірегі білімді, рухты ұрпақ.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет - тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу, тиянақты білім беру.

Танымдық құзыреттілікті қалыптастырудың бағыттары:

-түсіндіру,суреттеу, «ойын»технологиясы арқылы оқыту.

- оқыту принципі,әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып білім беру.

Я.А Коменский «Таным бастамасы- сезімнен ,бала сезіне білмесе ,оның ой -өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды.Оқытуды зат туралы сөзбен емес,сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек»,-деген екен.Мектепке дейінгі балаларда зейіндері қабылдаумен тығыз байланысты.Мектепке дейінгі балалықта зейіннің екі түрі дамиды:ерікті және еріксіз.Зейін қабілетін дамытуға «айырмашлықты тап», «тауып ал да сыз», «ұқсастықтарды тап» ойындарын ойнатуға болады.Даярлық тобындағы балаларда көбінесе ерікті зейін орын алады.

Қазақ халқының ұлы ойшылы : А.Құнанбаев айтқандай «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болама?» ойын бала өмірінде ерекше орын алатыны сөзсіз.

Танымды дамытатын ойындар :

  • Дидактикалық ойындар

  • Логикалық ойындар (жұмбақтар,ойлан тап,логикалық есептер т.б)

  • Ұлттық ойындар (Соқыр теке,тақия тастамақ,сақина салмақ,ләңгі т.б)

  • Үстел-үсті ойындар (домино,пазл,шахмат т.б)атап өтуге болады.

Мен өз тәжірбиемнен танымды дамытудағы қолданып жүрген ойындардың біразын көрсете кетейін:

Марблс тастары арқылы физикалық және ақыл-ойын дамытады,ұсақ қол моторикасын дамытады,түстерді ажыратады,санайды Я.А Коменский айтқандай бала қолымен ұстап сезіне отырып тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

Геоборд тақтайшасы- Зейінін, есте сақтау, ойлау, ұсақ қол моторикасын дамытады.Әсіресе математика сабағында өте ұтымды,өткен сандарды ,пішіндерді жазғызып есте сақтауларына көп септігін тигізеді.

Құрастыру дағдылары да мектеп жасына дейінгі балаларда маңызды рөл атқарады. Ептілікке,ойлауға,қиялдарын,логикалық ойлауын дамытады.

Таяқшалардан құрастыру. Дерексіздік,жан-жақтылық,жоғары тиімділік 2-9 жасқа дейін қолдануға болады.

Асықтар Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ұтымды танымды дамтыушы заттардың бірі болып табылады.
Түстерді ажырату,ептілік,шапшаңдық,санауды үйретуде таптырмас ойындардың бірі.

Үстел-үсті ойындарынан шашка ,пазл ойындарын да атап өтпеске болмас,шапшаңдық,уақытпен жұмыс жасау,ойлау сияқты қабілеттері дамиды.

Түрлі логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа,ойының ұшқырлығына,өздігінен шешім қабылдауға,салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.Мектепалды даярлық топтарының логикалық ойлауларын дамытудағы негізгі кезеңіне жатқызуға болады.­Өйткені осы кезде балалрдың ойлары нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды.Мектепалды даярлықта балалардың ой-өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып,дәлелдеуге үйрене бастайды.Дәлелдеу үшін бала логикалық ойлауға сүйенеді.Таным үрдісі тез даму үшін әсіресе жұмбақтар да маңызды рөл атқарады.

Мектепке дейінгі жастағы баланың танымдық құзыреттілігін дамытуда біртұтас кеңістікті қолдану керек.Яғни, балалардың жан-жақты,барлық танымдық қасиеттерді дамытуымуыз керек.Жеке тұлғаны дамытуда қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын,қабілет,білім,икем,дағды,тәжірбие,көзқарас болып табылады.Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру,олардың ақыл -ойын жүйелеу,ойлау қабілетін жетілдіру,дәлдікке үйрету,шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауатылыққа баулу-бүгінгі күн талабы.Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтиежесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған болса,тәрбиеші баланы жігерлендірушісі,жол көрсетуші, қуат беруші болып табылады.



















Мектепке дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі