ШҚО білім басқармасы Өскемен
қаласы
бойынша білім бөлімінің №20
«Нұршуақ»
балабақша-бөбекжайы КМҚК
директоры
________________ Смагулова
Ж.Е
« ». « ».
2024ж
Мектепке дейінгі ерте
жастағы топтарды қауіпсіз білім беру ортасын құрудың
маңызы.
№2 педогикалық
кеңес
Өткізілетін уақыты:
24.10.2023жыл
Дайындаған: «Қарлғаш» орта топ
тәрбиешісі: Сайдел Г
Мектеп жасына дейінгі баланы
дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін, бала бойындағы қасиетттер
мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне
мектепке дейінгі тәрбиенің тигізетін әсері
зор.
Мектепке дейінгі кезеңде
баланың зияткерлік, тұлғалық дамуы жүзеге аса бастайды. Мектепке
дейінгі тәрбиемен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның
қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың шығармашылық
қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және
өзінің белсенделігін көрсетуге, балалармен дамытушы ортаны
ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға
және тәрбиешінің үдерісті жетілдіруге мүмкіндік
береді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі
ұйымдарда қауісіз білім беру ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу
мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі
жинақталған, мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін
дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін
құру.
Мектеп дейінгі балалардың
режимдік процестер мен ұйымдастырылған оқу қызметінен бос
уақыттарының барлығы дербес іс – әрекеттермен толықтырылуы мүмкін.
Олар: сюжетті – рөлдік, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдар,
бейнелеу өнері, өзіне – өзі қызмет ету элементтері, ересектердің
тапсырмаларын орындау.
Жалпы мектепке дейінгі
ұйымдарда бала белсенді дамиды, өзара қарым қатынаста, болады,
сезімталдық қабілеттері қалыптасады, өмірлік тәжірбие жинайды,
түрлі заттар мен құбыластары біліп оларды салыстырады. Осы іс –
әрекеттерден баланың айналасында өмір сүретіндей және білім
алатындай қауіпсіз білім беру орта құрылады. Сол үшін қоршаған
ортаға бағытталған іс – әрекеттерін ынталандырады. Осыған орай
күннің кез келген уақытында өз қалауынша заттармен әрекет етуге,
ойнауға, қозғалу мүмкіндігіне ие болатын қауіпсіз білім беру
ортасымен қамтамасыз етілуі қажет. Сол себепті қауіпсіз білім беру
орталықтарды қозғалыс белсенділігін қажет ететтін ойыншықтармен
және жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып,
санитарлық өңдеу тәртібін сақтау қажет. Балалардың қолы жететін
жерге ойыншықтарды орналастырып, «таным- шығармашылық» «кқатынас»
«әлеуметтік бұрышы деп» атауға болады.
Қауіпсіз білім беру ортасында
бала топта өзін еркін сезініп, мейлінше ұзақ қала алатындай екінші
үйі ретінде сезінуі керек. Топта әр бала өзге тұлғалардың арасында
өзін жеке тұлға ретінде сезіне алатындац, өзінің мүмкіндігін іске
асыра алатындай, өзін жайлы сезіне алатындай қоршаған кеңістікті
құрастыру қажет.
Қауіпсіз білім беру ортасын
ұйымдастырудың міндеттері балаларды жан – жақты және үйлесімді ерте
жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі
ұйымдарда тиімді пайдалану. Сол орталықтағы заттардың формасы мен
дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс.
Әрбір топта балалардың эксперименттік – іс – әрекеттеріне арналған
орынды қарастыруы қажет. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерді
болуы қажет. Топтық бөлмеде дамтыушы кеңістікті құрү кезінде
ойынның басты рөлін ескеру қажет.
Балалардың өз бетімен іс –
әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын
дамытушы – пәндік ортаны құру қажет. Танымдық даму аймағы –
сенсорлық ойындар бұрышы, заманауи ойыншықтар, эксперимент жасау
бұрышы, табиғат бұрышы, әдеби – тілдік аймақ, қуыршақ бұрышы,
сюжетті – рөлдік ойындар бұрышы, шығармашылық даму аймағы,
музыкалық ойыншықтар бұрышы, бейнелеу
бұрышы.
Топтық кеңістік шартты түрде
үш аймаққа бөлінеді:
-
Тыныш оқу, «оқшалану», кітап
бұрышы;
-
Орташа қарқынды: театрланған,
музыка, құрастыру бұрыштары;
-
Қарқынды қозғалыс зонасы:
спорт бұрышы.
Танымдық даму аймағында, ұсақ
қол моторикасын дамытуға арналған жиынтықтар, ойыншықтар мен
материалдар жинақталған дидактикалық ойындар, құламайтын
ойыншықтар, ұсақ констукторлар, мұнаралар, алынбалы – салынбалы
ойыншықтар. Осы қауіпсіз білім беру ортада балалар үлкендер
көмегімен түрлі мұнаралар, кубиктермен, алынбалы – салынбалы
ойыншықтармен, констукторлармен ойнау арқылы заттардың түсімен,
пішімен, көлемімен танысып, жинауға және сұрыптауға үйренеді.
Геометриялық пішіндер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға,
ұсақ қол моторикасын дамытуға септігін
тигізеді.
Таным бұрышы – түрлі – түсті
материалдар тігілген, жарамыз материалдардан жасалған ойындар,
снсорлық аймақта балаларды заттарды аңғарып танып үйретуге,
түйсіктерін көру мен қозғалыс қабілеттерін үйлестіруді, ұсақ қол
моторикасын дамытады.
Әлеуметтік бұрышы балалардың
өсімдіктермен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, оларға
қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында табиғат бұрышында бірнеше
гүлдейтін бөлме өсімдіктері, шығармашылық жұмыстары үшін табиғи
материалдар (дәндер, құм, тастар,)
жинақталады.
Қатынас бұрышы - орыс және
қазақ тіліндегі қызықыты жас ерекшеліктеріне сай әдеби ертегі
кітаптар. Түрлі дыбыс шығаратын ертегі кітаптармен толтырылған. Бұл
жерде бала кітаптағы суреттерді қарауға үйренеді. Тағы да балалар
жақсы көретін ойыншықтары көліктер мен қуыршақтармен көлеңке театры
және музыкалық ойыншықтар орналасады.
Шығармашылық бұрышта –
бейнелеу өнері шығармашылық іс – әрекет үшін атрибуттар
орналастырады.
Музыкалық ойыншықтар бұрышта –
шығармашылық қызметте ерте жастан бастау алады. Бұл топта музыкалық
орталықты қолданған өте тиімді. Ерте жастағы кішкентай балалар
сылдырлайтын, сыңғырлайтын, салдырлайтын түрлі дыбыс шығаратын
ойыншытармен ойнағанды жақсы көреді. Шулы ойыншықтар үлкендерге
ыңғайсыздық туғызғаны мен баланың есту және есте сақтау қабілетін
жақсы дамытады.
«Рухани жаңғыру»
бағдарламасының міндеттерін іске асыру және ұлттық қазақи бұрыш
бар.
Осы пәндік – дамытушы
орталықта бала өзін дос, әріптес, әңгімелесуші ретінде
сезінеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда осы
қауіпсіз білім беру ортаның маңыздылығы – ол баланың танымдық
дамуын, тілдерін жетілдіреді, ұсақ қол моторикасын дамытады, ортада
баланың еркін жүруіне үйретеді, белсенді қимыл қозғалыстарын
дамытады.