Материалдар / Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды табиғатпен таныстыру үшін серуен кеңінен пайдаланылады. Ол балалардың бойында табиғаттың ұзақ уақытқа созылатын құбылыстары туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Балаларды тәрбиелеу жұмысы тоқтаусыз жүргізілетін үрдіс. Серуен кезінде балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысы үрдісінде оларды жан-жақты және үйлесімді дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2022
382
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.


Балаларды табиғатпен таныстыру үшін серуен кеңінен пайдаланылады. Ол балалардың бойында табиғаттың ұзақ уақытқа созылатын құбылыстары туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Балаларды тәрбиелеу жұмысы тоқтаусыз жүргізілетін үрдіс. Серуен кезінде балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысы үрдісінде оларды жан-жақты және үйлесімді дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар.

Серуен жыл бойы күнделікті жүргізіледі. Балалар бақшаға келген сәттен бастап жаз мезгілінде барлық уақытын дерлік таза ауада өткізеді, топ бөлмесіне ас ішу мен ұйықтау үшін ғана кіреді.

Қыс мезгілінде ауа температурасы -15 С-ден төмендегенде немесе қолайсыз ауа-райында, бұрқасын кезінде ғана серуендеуге шықпайды.

Бақылау жүргізу- серуеннің басты құрамдас бөліктерінің бірі.

Оқу әдістерінің бірі болып табылатын серуен баланың жан-жақты дамуында үлкен рөл атқарады. Бақылау жүргізу барысында заттық түсініктер жинақталып, ұғымдар қалыптастыруға қажетті материал береді. Бақылау жүргізу балалардың санасын жаңа біліммен байытады, оны қоршаған әлемді біртіндеп танып білуге жол ашады.

Серуен кезінде балаларды өз ойыншықтарын жинату, ойын алаңын тазалау үрдісінде еңбекке де баулимыз. Балалардың еңбек әрекетін де серуен құрылымындағы дербес құрамдас бөліктердің бірі деп есептеу керек.

Тәрбиеші балалардың серуендеуі үрдісінде алуан түрлі қимылды ойындар ұйымдастырады. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтардың болуын ойластырады. Бұған қоса, ағаштарды, бұталар мен гүлдерді, жануарларды (дыбысына, ізіне қарап және т.с.с) айыра білуге бағытталған әртүрлі ойын- жаттығуларды, желдің күшімен қозғалысқа келетін ойыншықтармен ойналатын ойындарды кеңінен пайдаланады. Жылдың жылы мезгілінде оның белсенді қимыл жасау тілегі толығымен орындалады.

Серуен қызықты өту үшін тәрбиеші оның барысында өлең, жұмбақ, мақалдарды, ойындарды, ойын-тапсырмалары мен тәсілдерді тиімді пайдалануы қажет.

Қыс мезгілінде өткізілетін серуендердің түрлері

Серуеннің атауы

1 Қысқы табиғат (бақылау)

2 Аппақ мамық, қырауларым (бақылау)

3 Халің қалай, қысқы ағаш? (бақылау-зерттеу)

4 Сәби шырша (бақылау)

5 Ақ діңді ару (бақылау)

6 Тентек суретші (бақылау)

7 Қысқы күн көзі (бақылау)

8 Қыс келді- қар мен қуаныш әкелді! (бақылау-ойындар)

9 Жалтыраған жылтыр мұз (бақылау- зерттеу)

10 Қысқы ағаштарға (бақылау)

11 Аязға (бақылау)

12 Мұзға (бақылау)

13 Неткен таза, қысқы ауа! (бақылау)

14 Жұмбақ іздер! (бақылау- зерттеу)

15 Қыс-Ана жұмбақтары (жұмбақтар)

16 Ақ жұлдызшалар (бақылау-тәжірибе)

17 Ерекше ағаштар (бақылау)

18 Кім қонаққа ұшып келмек? (бақылау)

19 Қарға, қарға, қарғалар (бақылау)

20 Бұл ненің түтіні? (бақылау)

Серуен №1

Қысқы табиғат (бақылау)

Мақсаты: Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, қыстағы экологиялық соқпақтар нысанын көрсету, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

- Балалар, айналамызда не өзгергенін қарап көріңдер?

- Жылдың қай мезгілі басталды?

- Қыстың қандай белгілерін білесіңдер?

- Қазір қыстың қандай белгілері көрініп тұр?

Күн қысқарып,

Күн сәулесі азайды.

Аяз келіп,

Енді қыс та басталды.

- Келіңдер, өзіміздің соқпағымызбен жүріп, ағаштар мен құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болғанын көрейік. (Ағаштардың сыртқы көрінісіне балалардың назарын аударады)

Жұмбақ жасыру:

1. Аяғы жоқ, қолы жоқ, сурет сала біледі. (Аяз)

2. Аң емес, бірақ ұлиды. (Жел)

3. Ақ сәбіз қыста өседі. (Мұз сүңгісі)

Ауладағы еңбек:

Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны қардан тазарту керек.

Қ.о: «Кім бұтаға бұрын жетеді?

Мақсаты: Шапшаңдықтарын, бұталарды айыра білу икемділігін дамыту.

Мазмұны: Балалар тәрбиешінің белгі беруімен белгіленген бұтаға дейін жүгіреді. Аталған бұтаны тез әрі дұрыс таңдаған ойыншы жеңеді.

- Балалар, қыс айларын атаңдар.

- Қазір қыстың қай айы?



Серуен №2

Аппақ мамық, қырауларым (бақылау-зерттеу)

Мақсаты: Қар мен оның қасиеттерін зерттеу. Балалардың байқағыштық қабілетін, ойлауын, зейінін дамыту; табиғат нысандарына деген қызығушылықтарын ояту.

Серуеннің барысы:

Тоқылмаған қолменен

Тігілмеген жібекпен-

Мамық кілем.

Күн мен айдың жүзінде,

Күмістей боп көрінген.

- Бұл не? (қар)

- Қардың түсі қандай?

- Оны қолмен ұстап көріңдер, қалай сезіледі? (Мамық, саусымалы, суық)

- Қарды лупамен қараңдар. Ол неден тұрады? (Қар ұшқындарынан)

- Егер оны жылы орынға қойсақ, не болар еді? (Қар еріп кетеді)

- Қар неден жасалған? (Судан)

- Қардың қалай пайда болатынын білесіңдер ме?

Өте суық болатын жерден жоғары биікте су булары суға емес, ұсақ мұз түйіршіктеріне айналады. Олардың кішілігі шаң-тозаңдай болады. Олар бұлтқа енген соң жаңа мұз инелерімен бірігіп, барған сайын үлкейе береді де, бізге таныс қар-ұшқындары болып шығады.

Көркем сөз.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Көк мұз болып қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

- Қардан не жасауға болады?

Балалар тәрбиешімен бірге қардан әртүрлі кескіндер жасайды.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.



Серуен №3

Халің қалай, қысқы ағаш? (бақылау-зерттеу)

Мақсаты: Экологиялық соқпақ бойындағы ағаштардың қысқы күйін көрсету, олардың қысқы тіршілігін түсіндіру. Балалардың ойлауын, байқағыштық қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

- Балалар, ағаштарға қараңдар, олар қандай екен? Неліктен?

- Ағаштар қыста қалай тіршілік етеді деп ойлайсыңдар? (Пікірлерін айтады)

Байқасақ, ағаштар да қысқа дайындалалы екен. Бүкіл жаз бен қыс бойы діңдері мен бұтақтарына крахмал қорын жинайды. Олардың шырыны біртіндеп қоюлана береді. Алғашқы суық алдында ағаштың жасушыларында крахмал дәндері толып тұрады. Кішкентай қоймалары лық толады. Қыс қоры дайын.

Азық қорын жасап алған ағаштар аяздан қорықпайды. Күшті аяз кезінде шырын жүруі тоқталады десе де болады. Ағашты ұйықтап қалған дерсің. Крахмал қантқа айналады. Крахмал қантқа қаншалықты көп айналса, ағаш соншалықты терең ұйқыға кетіп, тыныштық табады. Сондықтан қыста ағаштар нағыз ұйқыға кіріседі.

- Қыста ағаштарда қандай өзгерістер болады?

- Сендер қандай ағаштарды білесіңдер?

Тәрбиеші өлең оқып оны балалармен бірге жаттайды.

Суретші

Шеберін-ай аяздың Мәнерін де кілемнің,

Әйнектерді қағаз ғып, Өркешін де әр таудың,

Әшекейлеп қойыпты, Мүйізін де арқардың

Бірнеше ою ойыпты. Айнытпай – ақ салыпты.

Түрлі түсін гүлдердің, (М. Жаманбалинов)

Ауладағы еңбек:

Қарды ағаштардың діңіне үю.

Д.о: «Бұлар қалай болады?»

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, анық сөйлеуге үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға мынандай сұрақтар қояды. «Ағаш неден өсіп шығады?, «Оларда кейін қандай өзгерістер болады?», «Көктемде ше?» т.с.с

Қ.о «Бір, екі, үш – аталған ағашқа ұш»

Мақсаты: Зейінді дамыту, допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.

Барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады да, допты қағып алуға тиісті ойыншының есімін атап, допты лақтырады. Допты түсіріп алған бала шеңберге тұрып, балалардың тапсырмасы бойынша доппен 2-3 жаттығу жасайды. Ойын осылай қайталана береді.


Серуен №4

Ақ діңді ару (бақылау)

Мақсаты: Қайыңның сипаттамасымен таныстыру. Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, ағаштар туралы білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ағаштарға сүйіспеншілікпен және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

- Балалар, біз бүгін ғажайып аруға қонаққа барамыз, ол кім деп ойлайсыңдар?

Ақ көйлекті, көк желек,

Орманда орны бір бөлек.

Әннің аты деседі,

Сызды жерде өседі... (Қайың)

- Ару қайыңға қараңдаршы.

- Ол қандай екен?

- Оны қандай сөздермен атауға болады? (Ақ ару, ақ діңді сұлу және т.с.с)

Қайың ең әдемі ағаштардың бірі. Ол барлық жерде кездесді.. Мұның себебі –ол ауа-райын талғай беремейді. Өте құрғақ жерден бастап, батпақты аймаққа дейінгі алуан түрлі топырақта өсе береді.

Қайың жарық сүйгіш ағаш, ол көлеңкелі жағдайды көтере алмайды. Оның діңіне қараңдаршы. Қандай екен? Қайың діңінің ерекше тартымдылығы бар, онда ақ түс қара өрнектермен ұштасқан. Оның қабығы қайыңтоз деп аталады. Қайың ағашы көктемде гүлдейді.


Серуен №5

Тентек суретші (бақылау)

Мақсаты: Таңғаларлық өрнектерге назар аудару, олардың қалай пайда болғанын анықтау; балалардың қиялдауын, байқағыштығын, қысқы өрнектердің әсемдігін көре білу икемділігін дамыту.

Серуеннің барысы

Тәрбиеші серуенді мынандай жұмбақ айтудан бастайды:

Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгілі, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін, ұсақпын.

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас. (Шық)

- Мұндай шық жерге қашан түседі?

- Сендер шықты көрдіңдер ме?

Ауладағы еңбек:

Қардан төбешік жасау.

Келесі серуенде балармен бірге, аязды бақылау жұмысын жалғастыруға болады. Басқа өлең, ойын қолдану керек.

Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»

Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.

Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)

Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)

Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)

- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)

- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)

Шық қайдан пайда болады?

Күннің көзі ұзаққа жерді қыздырады. Түнде ұйқыға кетеді. Күндіз оның жылуынан көп су буға айналады. Жай көзге ол көрінбейді. Бу ауада еркін қыдырып жүреді. Кеш болып ағаш жапырақтары, тастар-бәрі салқындайды. Осы суыған заттарға бу тиеді де, домаланып, тамшыға айналады, ол тамшы-шық. Түні бойы шық болып демалады. Күн шығып шықты қыздыра бастайды. Күн көзінің жылуына шыдай алмай, ол тағы буға айналады. Күн ұзаққа бу ауада болып кешке тағы шыққа айналады. Осылайша шық-тамшы аспан мен жер арасында қыдырады да жүреді. Ол ешқашан құрып кетпейді, Бірде суға, бірде буға айналып жүре береді.

Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (Мұз)

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жұмбақтың мағынасын түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Күрек, сыпырғыш.

Серуен №6

Қысқы күн көзі (бақылау)

Мақсаты: Қысқы күн көзіне назар аудару, қыста күн жарқырағанымен, қыздырмайтынын анықтау. Талдау, салыстыру икемділігін дамыту.

Серуеннің барысы

Балалар, мынаның не екенін табыңдар:

Алтын алма,

Көк аспанда жылжиды,

Таң ата жымиады,

Бірақ қыздырмайды. (Күн)

Күнге назар аударыңдар, ол қандай екен? Күн қыста қыздыра ма?

Қыста күн жер бетіне жақын тұрады. Оның сәулелері қысқа, нашар жылытады, тек жарық береді. Ал жазда жер бетінен биікте орналасады, сәулелері ұзарып, жерді жақсы жылытады, сондықтан бізде жарық қана емес, жылы да болады.

- Күнді еркелетіп қалай атауға болады? (Қызыл күн, алтын күн т.б)

- Егер күн сөніп қалса, не болар еді деп ойлайсыңдар? (Балалар өз пікірлерін айтады)

Балалар басын көтеріп, алақандарын жоғары созып, күн сәулесіне қуана қарау ұсынылады. Олар «Армысың, алтын күн! Сенің болғаныңа мың да бір рахмет!» деп сәлемдеседі.

Аспанда күн жүреді,

Мейірленіп күледі.

Жер бетіне аямай,

Шуақтарын төгеді.

Ауладағы еңбек:

Ойын алаңын қардан тазарту.

Ұ.о: «Балапандар»

Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.

Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.

Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:

- Қол ұстасып, сап түзеп.

Дос боламыз бәріміз,

Балапандар батырмыз.

Тайсалмаймыз лашыннан,

Әсемдікті көруге,

Серуенге барамыз!

Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапанда

тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.

Серуен №7

Қыс мезгілі- қар мен қуаныш әкелді! (бақылау-ойындар)

Мақсаты: Қыста далада уақытты көңілді өткізуге-дөңестен, сырғанауға, қар лақтырып ойнауға, қардан кескіндер жасауға болатынына балалардың назарын аудару. Балалардың қимылдау дағдыларын, шыпшаңдығын, икемділігін, зейінін дамыту, табиғатпен қауышудан қуаныш алуды тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

- Балалар, сендер қысты ұнатасыңдар ма?

- Не үшін?

- Қыста далада қалай ойнауға болады?

Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жатқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын

Қаздарым тұр аулада. (Қыс)

- Қардан не жасауға болады?

(Балалардың жауаптары)

Серуен №8

Жалтыраған жылтыр мұз (бақылау- зерттеу)

Мақсаты: Балаларды мұзбен таныстырып, білімдерін кеңейту. Мұздың сапасымен және қасиетімен таныстыру. Мұздың суық, мөлдір, қатты болатынын айту. Тәжірибе жасау арқылы мұздың неден пайда болатынын көрсету. Жылы жерге кірсе мұздың суға айналатынын айту. Қызығушылықтарын арттыру. Мұздың табиғатқа пайдасы жайлы әңгімелеу.

Егер де өзендер мен басқа да су қоймаларының бетін мұз жаппаса, олардағы барлық тіршілік иелері үсіп, тоңып, өліп қалар еді.

Серуеннің барысы

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыстың қай айы?

- Сендер қысты ұнатасыңдар ма?

- Неліктен?

- Мұз неден пайда болады деп ойлайсыңдар?

Жұмбақ жасыру.

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (Мұз)

- Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге мұздың табиғатқа пайдасы жайлы әңгімелеп берейін. Балалармен бірге мұзға бақылау жасау.Суларға түрлі түсті бояулар салып қатты күйін көрсетемін.

Ауладағы еңбек:

Қар кескіндерін жасау.

Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»

Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.

Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)

Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)

Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)

- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)

- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!