Мектепке дейінгі оқушылармен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды психологиялық талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады

Тақырыбы: Біз Қазақстанның болашағымыз.

Мақсаты: Ел болашағы мен ертеңі шәкірт қолында екенін ұғындыру.Оқушы санасына халқына деген мақтаныш сезімін ояту;ана тілін,тарихын,өнерін қастерлеуге үйрету;патриоттық тәрбие беру.Ізденімпаздыққа,адамгершілікке,әдептілікке, білімпаздыққа тәрбиелеу;шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:Слайдтар: «Мақтанышым – Қазақстаным», «Балғын балалық шақ». экран, компьютер, «Біз – Қазақстанның болашағымыз» жалауы

Барысы:

1. Психологиялық дайындық

«Күн шұғыласында» тұрып тілек тілеу.

2. Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсаты жарияланады. Қазақстан туралы мағлұматтарына «Ой қозғау».

Топтастыру: «Отан»

3. «Мақтанышым – Қазақстаным» - слайд.

4. Біз – Қазақстанның, тәуелсіздік Қазақстанның болашағымыз. Ел ертеңі – біздің қолымызда. Қазақстанның көркеюі, өркендеуі – біздің қолымызда. Сондықтан біз болашаққа біліммен, жетістіктерімізбен, жақсы тәрбиемізбен, өнерімізбен жетуіміз керек.

Міне, біздің алдымызда үлкен «Болашақ» шыңы тұр. Сол шыңға талмай, шаршамай нық сеніммен жетуіміз керек! Сондықтан әр түрлі сынақтардан өтеміз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші, балаларға шыңға өрлеу үшін жетістіктерін айтып, күш берейін: Биылғы оқу жылында 2-сынып оқушысы Құсманов Ернар облыстық «Малахит» конкурсына қатысып, I орын иеленді, «Жұмбақ – жұмып бақ» жарысына қатысып, тағы I орынды иеленді.

Уразбекова Зере озат оқушылар сайысына қатысып, белсенді оқушы грамотасымен марапатталды, Дильназ «Анам, әкем және мен» спорттық жарысында I орынды иеленді.

«Күз аруы» сайысында Дильназ, Айжан, Аруза I орынды иеленді.

Әрдайым осылай самғаңдар, қанаттарың талмасын! – дегім келеді.

2 – сынақ: «Білім» – Тапқыр болсаң – талас жоқ! (Сұрақтарға жауап беру)

1. Басты байлық ... (денсаулық)

2. Ұя салмайтын құс? (көкек)

3. 12 ай қалай аталады? (жыл)

4. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)

5. Көру мүшесі? (көз)

6. Абайдың әжесі. (Зере)

7. Заттың сынын білдіретін сөз табы? (сын есім)

8. Күйді орындаушы адам? (күйші)

9. Жыл басы не? (тышқан)

10. Орман дәрігері қай құс? (тоқылдақ)

Тынығу сәті: «Бай мен Алдаркөсе» көрінісі. (Дильназ, Аруза)

3 – сынақ: «Тәрбие». Халық тағылымы – тәрбие бастауы. Не? Қайда? Қашан? Экраннан берілген сұрақтарға жауап беру.

4 – сынақ: «Өнер». Бояу таңдап аламын, әдемі сурет саламын! (Өлең бойынша сурет салу өнері).

Бұлт күннің көзін жасырды

Жаңбыр құйды, басылды.

Тал бұтағын сілкіп ек,

Аппақ моншақ шашылды.

Күннің көзі ашылды,

Алтын найза шашылды.

Шашбау тағып алғандай

Аспан қызыл-жасылды.

5. Міне, балалар, «Білім», «Жетістік», «Тәрбие», «Өнер» атты сындардан өтіп, «Болашақ шыңына» да жеттік! Қуанышымызды «шалқан» ертегісі арқылы жеткізейік.

Көрініс. Ертегі қортындысы: Бірлік болмай, тірлік болмас.

Слайд: «Балғын балалық шақ».

- Сендер өздеріңнің балалық шақтарыңа ризасыңдар ма?

- Әрине!

- Балалар, оның бәрі біздің отанымыздың қамқорлығының арқасында.

Сондықтан, озіміздің ризашылығымызды өлең шумақтары арқылы жеткізейік!

6. Әдеби – монтаж.

1 – оқушы: Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз – Отанның ұланымыз

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

2 – оқушы: Туған жерде аунап-қунап

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбек құмар

Өнер десе ерінбейміз.

3 – оқушы: Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік, дастанды.

Аталарым силаған,

Бізге ашық аспанды.

4 – оқушы: Қазақстан Республикасы – біздің сүйікті Отанымыз! Біз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.

5 – оқушы: Жарқын заман бөбегі

Аялайды нұрлы таң

Алтын бесік өз елім

Туған өлкем, Ұлы Отан!

6 – оқушы: Біз Отанға адалмыз

Біз Отанды сүйеміз

Тыныштығын мәпелеп,

Азамат боп өсеміз!

7 – оқушы: Қуанышқа бөленіп әр күніміз,

Бақыттымыз балалар, барлығымыз.

Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз

Әдептілік, батылдық – ұранымыз!

Балалардың тілектері:

Дильназ: - Күніміз ашық болсын!

Айжан: - Жеріміз кең болсын!

Ернар: - Ауамыз таза болсын!

Зере: - Суымыз тұнық болсын!

Еркебұлан: - Гүліміз жақсы өссін!

Дильназ: - Қуанышымыз көп болсын!

Айжан:

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде

Алау болып жанамыз!

Дильназ:

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қант қағамыз!

Хормен:Біз бақытты баламыз!

Біз – Қазақстанның болашағымыз! (лентаны көтеру)

Ән:Біз – өмірдің гүліміз!

«Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» эмблемасын көтеріп, бәрі көңілді марш екпінімен жүріп, хормен:

«Жасасын, Қазақстан!»

«Алға, Қазақстан!» - ұрандарын мақтаныш сезімімен айту.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2021
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі