Материалдар / "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында АКТ-ды қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында АКТ-ды қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге және балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орындаған: Тәңірберген Бағлан

Нарықтың экономика жүйесіндегі мемлекеттің рөлі

Нарықтық экономика құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады. Қаржы — нарықтық экономиканың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және үтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы :зор.



Экономика адамзат қоғамының тарихын дамц сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Қоғамның өндіргіш күштері даму барымында, алдымен адамдар еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайдаланыс болуына сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономикада тауар – ақша қатынасы пайда болды.



Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржының мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстарын мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіңдегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.



Нарықтық экономиканың мазмұны мен мәні

1.1 Нарықтық экономиканың мәні.



Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп ессптеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен жеке адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары жеке әртүрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, мұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.



Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұрағымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.



Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта белу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеумсттік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.



Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пай-далануды көздейді. Бірақ- көп қаржы мен уақытты қажет ететін анық жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникадық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мек бірлестіктердін қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.



Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бүрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жагдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенін идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.



Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылыми-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.-



Нарық — бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.



Нарық — бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконо-микалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.



Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасыкда тауар және қызмет көрсету процесіне байланысгы қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.



Нарық — тауарларды сатып алу — сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жсткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе — ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі -өндірушілер мсн тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша» нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экомомикалық байланыстар пайда болады.



Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу — оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерімен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек, Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономнкалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.



Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субьектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен теуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шубәсіз салдары-бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір суре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субъектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.



1.2 Нарық құрылымы.



Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы рухани) және сатып алу, сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке мемлекеттерін құрайды, бір-бірімен өзара байланысты және өзара теуелділікте болады. Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар-өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды. Дегенмен, нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы — нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және қызмет көрсету, қаржы (бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал) еңбек ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.



Нарықтық экономикаға қажетті элементтердің бірі — оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың даму және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін ннституттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар шикізат, қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сара орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер жатады.



Ұлттық нарықты құру, оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі-жоғары талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті. Біздің елшіздің ішінде, көптеген әдеттегі шаруашылық байланыстар, жолдардың болмауынан және әртүрлі көлік: құралдарының бұл байланыстарға қызмет көрсетуге қабілетсіздігінен жеткілікті түрде өткізілмей отыр. Байланыс Құралдарынсыз, қажетті ақпараттық құрылымдарды да құру мүмкін шес. Нарықты экономика, қалааралық және халықаралық байла-нысты, телефаксты, автоматты жүйелерді және байланыс саласындағы басқа да ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды дамыған жақсартатын, жаңа техникалық негізде қайта құрылған байланыс жүйесін талап етсді.



Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді, едәуір жеңілдетеді. Мұндай инфрақұрылым әртүрлі субъектілермен, мемлекеттік контрактілік жүйенің қатысуымен банк несиесін» сонымен бірге Кұрылтайшылардың қаржыларында тарта отырып құрылады.



Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтынудың арасындағы пропорция және осы салалар бүкіл ұдайы өндіріс процестің дамуының объектквті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.



Қаақстанның » Дағдарысқа қарсы шұғыл жане әлеуметтік-эконо-микалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» нарықтық инфрақұрылымның инвестиция мен қорлары және холдингілері, сақтандыру компаниялары мен қорлары, аудиторлық фирмалар, консультация орталықтары мен фирмалар, сауда-өнеркәсіп палаталары, көлік-экспедиция, заң, консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл құрамалар бәсеке негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге алуан түрлі қызмет көрсету нарығын қалыптастырмақ.



Нарықтық экономиканың субьектілері



Нарықты экономиканы негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы, фирмалар (кәсіпорындар) және үкімет жатады. Бұл субьектілердің бәрі рссурстар, қаржы және тұтыну нарықтарында бір-бірімен өзара әрекет етеді, сөйтіп көрсетілгендей шығындар мен табыстардың айналып жүруін құрайды.



Үй шаруашылығы, материалдық (жер және капитал) және адам (еңбек және іскерлік) ресурстарын өткізе отырып, оларды фирмаларға ресурстар нарығы арқылы ұсынады. Фирмалар тауарлар өндіру үшін қажетті ресурстарға сұранымды қояды. Сұраным мен ұсыныстың өзара әсері ресурстардың әрбір түріне нарықтық бағаны орнықтырады. Тұтыну нарығында үй шаруашылығы тауарларға сұранымын жариялайды және ресурстарды сатудан түскен табысын қажетті өнімдер мсн қызметтерді сатып алу үшін жұмсайды, ал фирмалар өздерінің өнімін өткізе отырып ақшалай табыс табады. Үй шаруашылығы өнім сатып алу үшін барлық табысын пайдаланбайды, оның белгілі бір бөлігін қор жасауға, сонымен бірге салық төлеуге және ресурстарды өтеуге жұмсайды. Фирмалар, өндірістік ресурстарды қосып және қимылға келтіре отырып өнім шығарады, қызмет көрсетеді, сөйтіп тауарларды ұсынуды қамтамасыз етеді. Ал оларды нарықта сату фирмалардың ақшалай табысын құрады Фирмалар, үй шаруашылнга сияқты тапқан табыстарын шығыммен ресурстар үшін ақы төлеуге пайдаланбайды оның бір бөлігін салық төлеуге, қарыз процентін өтеуге, басқа бөлігін инвестициялық мақсатқа жұмсайды. Табыстарын шығындардың айналып журуіне жалпы мемлекеттік деңгейден аймақтық деңгейге дейін елді басқару және экономикалық реттеу қызметін атқаратын үкімет елеулі түрде есер етеді. Үкімет фирмалардан салық алады, жекелеген кәсіпорындарға жәрдем қаржы, жәрдем ақша береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Сонымен біргс үкімет еңбекпек қамту саясатын жүргізеді, ұлттық өнімнің динамикасына және құрылымына, инфлияция деңгейіне, табыстарды қайта бөлуге әсер етеді. Салықтан түскен ақша құралдарын шоғырлай отырып, үкімет жалақы төлейді, трансферттік төлемдер (мемлекеттік зейнетақы, табысы аз адам-дарға төленетін қаражат, жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша) жасайды және экономиканың тиімді дамуы үшім мемлекеттік қызмет көрсетеді, Табыстар мен шығындардың шеңбер айналымы барлық уақытта қозғалыста және балансыланған жағдайда балады, түптеп келгенде, ол өндірістің, табыстың және жұмыспен қамтудың жалпы көлемін көрсетеді.



Нарық жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

2.1 Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметтері.



Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілделген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен, шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты. Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтікі келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім-шарттың қағидасы табылуы керек.



Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады.



Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдануды білдіреді. 1992 жылдан бастан экономиканың барлық салаларына бірыңғай тарифтік тор еңгізу керек туралы еңбекақыны төлеудің сұрақтарымен Үкімет қанша айналысса да, еңбекақы ұйымдастырудағы кемшіліктердің пайда болуы заң және нормативтік актілердің жоқ болуына байланысты. Әрине, мұнымен барлық мәселе шешіле қоймайды, сондықтан еңбектің мәртебесін көтеретін, мамандардың және ғалымдардың бірлескен күштерінің көмегімен еңбекақының жолдарын дұрыс анықтай аламыз.



Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.



Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық, шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі (бонустар, өтемдік және тағы да басқа төлемдер) ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрядқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.



1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы кызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.



Бірыңғай тарифтік тордағы бірінші разрядтағы жұмысшылардан бастап, басшылардан аяқталады, қызметкерлерінің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.



Еңбекақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер

1 1,0

2 1,07

3 1,15

4 1,24

5 1,33

6 1,43

7 1,54

8 1,66

9 1,78

10 1,91

11 2,05

12 2,20

13 2,37

14 2,55

15 2,74

16 2,95

17 3,17

18 3,41

19 3,67

20 3,94

21 4,24

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нысанына, меншік нысанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:



1-8 разрядтар бойынша — жұмысшыларға төлем;



6-15 разрядтар бойынша-сызықтық қызметкерлер;



4-11 разрядтар бойынша — орта білімді мамандар;



7-15 разрядтар бойынша-жоғары білімді мамандар



10-20 разрядтар бойынша — кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары;



9-21 разрядтар бойынша — ғылыми қызметкерлер.



Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.

Қазақстан Республикасын реформалаудың мақсаттарының бірі — мемлекеттік саясатты əлеуметтендіру арқылы əлеуметтік мемлекет құру.



Қандайда мемлекет болмасын, ең бірінші қоғамның əлеуметтік жағдайын жақсартуға тырысады. Ал ол өз алдына мемлекеттің əлеуметтік саясатын бағдарлауды талап етеді. Тауар өндіретін қоғам бірінші кезекте нені, қалай жəне кім үшін өндіру керек деген проблеманы алға қояды.



Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың қызметі өндірілген тауарларды қоғам ішінде əр түрлі деңгейдегі топтар арасында бөлу жəне қайта бөлу дегенді білдіреді. Мемлекеттің əлеуметтік саясатының негізгі өмір сүру шарты қоғамдағы жағдайы нашар топтарды əлеуметтік қамтамасыз ету үшін, халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын нарықтық экономикалық дамудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Сондықтан мемлекеттің əлеуметтік саясаты дегеніміз — азаматтар арасында табыстың белгілі бір бөлігін мүмкіндігінше тең етіп бөлуге жағдай жасау, қоғамның əлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне экономикалық қатынастарды реттеп отыру.



Осы орайда философияға, саясаттануға жəне əлеуметтануға қатысты «əлеуметтік жүйе»,«əлеуметтік даму», «əлеуметтік қатынастар» т.б. категориялар қолданылып жұр.



Ғылыми əдебиеттерде «əлеуметтік мемлекет», «əлеуметтік жүйе», «əлеуметтік даму», «əлеуметтік қатынастар» т.б. түсініктер толығымен қарастырылмаған. Осы категориялардың мəнін ашып көрсету əлеуметтік саясаттың мақсатын, бағыт-бағдарын жəне қоғамдағы рөлін анықтаудың алғы шарты болып есептеледі.



«Əлеуметтік қатынастар» түсінігі — философиялық категория, бірақ философиялық əдебиеттерде жалпыға бірдей ортақ анықтама таба алмаймыз. Кейбір ғалымдар «əлеуметтік қатынастарды» «қоғамдық қатынастар» деумен шектеледі, яғни əлеуметтік қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрлерінің бірі деген пікір бар. Қазіргі таңда «əлеуметтік қатынастар» түсінігі кең мағынада қолданылып жүр. Бірақ бізге керегі əлеуметтік қатынас деген түсініктің өзі.



«Əлеуметтік қатынас» деген түсініктің өзінде екі жақты пікір туындауы мүмкін. Бір жағынан алғанда, əлеуметтік қатынастар деп отырғанымыз — саяси жəне экономикалық қатынастардың арасын байланыстырып отырған категория, екінші жағынан — экономикалық жəне саяси қатынастардан ерекше дербес өзінің қызметі бар əлеуметтік қатынас. Егерде жалпылама қарастыратын болсақ, əлеуметтік қатынастар саяси жəне экономикалық базис жəне қондырғылардың арасындағы байланыс. Əлеуметтік — ол ұлт, топ, отбасы жəне жеке адамның өзіне ғана тəн құбылыс. Қоғамдық өмірдің əлеуметтік саласы — адам оның қоғам өміріндегі орны мен қызметі, сұраныстары.



Əлеуметтік даму дегеніміз — əлеуметтік қатынастардың дамуы. Оған əр түрлі объективтік факторлар əсер етеді. Бір жағынан, қоғам мүшелері, екінші жағынан — қоғамдағы саяси жүйенің субъективтік іс-əрекеті. Осы саяси жүйенің іс-əрекетін əлеуметтік саясат дейміз. Сондықтан, əлеуметтік саясат дегеніміз — субъективтік факторлардың негізінде, мемлекеттің əлеуметтік процестерге мақсатты түрде бағытталған, əлеуметтік процестердің объективтік дамуы.



Əлеуметтік дамуды екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, төменнен, халықтың немесе жеке бір топтың əсері арқылы. Екіншіден, жоғарыдан, яғни əлеуметтік дамуға саясаттың тікелей əсері. Бірінші факторды алып қарастыратын болсақ, стихиялы немесе саналы, пассивті немесе белсенді болады. Екінші фактор мемлекет тарапынан саналы түрде қандай да бір мақсатқа бағытталған, саяси субъектілердің (партиялар, кəсіподақтар, қоғамдық ұйымдар т.б.) іс-əрекеті.



Мемлекеттің əлеуметтік саясаты — ол мемлекет өз тарапынан нарықтық экономика жүйесіндегі қатысушылар арасында қайшылықтарды болдырмау, экономика негізіндегі əлеуметтік шиеленістерді реттеуді қамтамасыз ету, барлық саладағы халықтың əлеуметтік жағдайларына жан-жақты қолдау беріп отыру жəне т.б. Бір жағынан алғанда, нарық өзінің əлеуметтік рөлін іске асыра алмаған жағдайда, мемлекеттің əлеуметтік саясаты іске қосылады. Яғни нарықтық қатынастардың бар кемшіліктерін жойып, толықтырып отырады. Бұл өзінің мазмұны жағынан шектеулі, ал ауқымы жағынан кең мемлекеттің əлеуметтік саясаты болып есептеледі (нарықтық қатынастар процесі тұрғысынан алып қарастырғанда). Ал мемлекет тарапынан алсақ, мазмұны жəне көлемі жағынан кең, яғни барлық салаларды қамтитын, мемлекеттің əлеуметтік саясаты. Тұрғындарды əлеуметтік жағынан толық қамтамасыз ететін, қоғамның барлық деңгейдегі институттарды толығымен қамтитын мемлекеттің саясаты. Қоғам өмірінің болмысында бұл əлеуметтік саясаттың қызметі ерекше.



Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың осы екі компоненті, мемлекет қоғамның əлеуметтік саласына араласу деңгейі бойынша ерекшеленеді. Іс жүзінде саясаттың бұл компоненттері əр түрлі. Батыстың дамыған елдерінде нарықтық экономика либералдық жəне демократиялық жүйелердің əсері арқылы дамыды. Экономикасы дамып келе жатқан басқа мемлекеттерде нарықтық экономиканың дамуына мемлекетті басқарып отырған билік жүйесінің əсері ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттің əлеуметтік саясаты барлығына бірдей жəне біржақты əсер тигізеді деген көзқарас қате. Оған себеп мемлекеттің жүргізіліп отырған саясаты, геосаясат жəне нарықтық экономикалық қатынастардың даму деңгейі т.б. Өзінің табиғаты жағынан ерекшеленетін процестер септігін тигізеді. Бірақ əлеуметтік саясаты жəне нарықтық экономиканың əлеуметтік саласын бағдарлап отырған мемлекеттер үшін субстанционалдық жағынан біріктіретін бірнеше категориялар бар:



а) экономиканың дамуына тікелей əсер етпейтін, бірақ өзінің жанама əсерін тигізетін тұрғындарды əлеуметтік қамтамасыз ету функциясы, яғни мемлекет тарапынан тегін берілетін жеңілдіктер (денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет, демалыс саласы т.б.);



ə) халықтың демографиялық жағдайы. Мемлекетке кіретін табысты бөлу жəне қайта бөлу кезінде есепке алынатын процесс;



б) қоғам екі жақты көзқараста тұрады: өзінің жеке табысының өсуі немесе қоғамның барлық мүшелерінің əлеуметтік жеңілдіктерінің бар болу жағдайы (нарықтық экономикалық катынастарда бұл заңды процесс);



в) нарықтық экономиканы дамыту процесінде өзекті проблема — ол мемлекеттік саясаттың экономика заңдылықтарына араласу деңгейі. Бұл мəселе — қарама-қайшылықтарды туғызатын, мемлекет пен қоғам арасында өзіндік болмысы бар проблема. Бір жақты шешімі жоқ. Осы проблема төңірегінде туындаған сұрақтар ерекше жауаптар мен шешімдерді талап ететін мəселе. Себебі мемлекеттің қызығушылығы, қоғамның қызығушылығы жəне жеке адамның қызығушылығы алға қойылады. Мемлекет өзінің даму заңдылығына, қоғам өзінің заңдылығына жəне жеке адам өзінің заңдылығына сүйеніп дамиды. Олардың диалектикалық байланысы — қызығушылық. Қарама- қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы.



Əлеуметтік саясаттың басты компоненті — оның субъектілері. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың сана-сезімінде қоршаған ортаға, жалпы əлемге деген көзқарасы тұп-тамырымен өзгерді. Халық саясаттың пассивті объектісінен саясаттың белсенді субъектісіне айналды. Ал оған түрткі болған еліміздегі белсенді саяси-экономикалық реформалар. Қоғамды демократияландыру халықтың белсенділігін туғызады. Сайлау арқылы ел өз болашағын қай бағытта дамыту керектігін таңдай алады. Сондықтан мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты заңды түрде əлеуметтік саясатқа айналады. Мемлекеттік билікке белсенді араласып отырған халық саясаттың субъектісіне айналмайды.



Əлеуметтік саясат — мемлекеттік саясаттың компоненттерінің бірі. Осыған байланысты, мемлекеттің жүргізіп отырған əлеуметтік бағыт-бағдарын басқа бағыттардан жеке бөліп қарастыра алмаймыз. Ең бірінші экономикалық саладан. Экономиканың даму деңгейіне байланысты денсаулық сақтау, əлеуметтік қамтамасыз ету, демалыс, білім беру т.б. шаралардың, əлеуметтік объектілердің, көрсеткіштері қандай деңгейде екендігін аңғаруға болады. Экономикалық қатынастардың жəне экономикалық прогрестің факторы ретінде əлеуметтік жүйені қарқынды дамыту болып есептеледі.



Халықтың əл-ауқатын жақсартпай, нарықтық экономиканы реформалауға болмайды. Халықтың əлеуметтік жағдайы ұлттық экономиканың даму деңгейін белгілейді жəне көрсеткіші болып табылады. Ұзақ уақыт бойы əлеуметтік даму экономикадағы өзгерістерге байланысты деген көзқарас қалыптасып келді. Яғни экономикадағы өзгерістердің салдарынан əлеуметтік прогресс туындайды.



Саяси-экономикалық реформалар елімізге көптеген өзгерістер алып келгендігі белгілі. Солардың бірі — экономиканың əлеуметтік бағыты. Жасалып жатқан игі шаралар бірден халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартады деген көзқарас дұрыс емес. Əлеуметтік дамуды қалпына келтіру үшін, халықтың сұранысы мен қызығушылығын анықтап алған жөн. Мемлекеттік əлеуметтік саясат жеке тұлғаның əлеуметтік сұранысынан қалыптасады. Əлеуметтік сұраныс дегеніміз — халықтың материалдық игілігі, мəдени деңгейі, оларды қанағаттандыру, жеке тұлғаның қалыптасуының көрсеткіші болып есептеледі. Ал сұраныстың өзі қызығушылықтан пайда болады. Бірақ көптеген ұйымдардың, топтардың қызығушылығы қоғамдық қызығушылықпен сəйкес келмейді. Сондықтан мемлекеттік əлеуметтік саясат осы қызығушылықтардың субъективтік жəне объективтік жақтарын сараптап, олардың арасында қарама-қайшылықтарды тудырмауы тиіс.



Мемлекеттік əлеуметтік саясат туралы айтқанда, құқықтың қоғамдағы рөлін ұмытпаған дұрыс. Құқық қоғамдағы қатынастарды реттеуші жəне басқарушы механизм ретінде қарастырылып келді. Қазіргі заман басқа көзқарасты талап етеді. Сондықтан құқыққа деген жаңа қатынас, жаңа ой түсінік қалыптастыру керек. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеудің басты құралы болып келсе, енді оны мемлекет, саясат жəне т.б. басқару органдары арқылы əділеттілікті іске асыру құралы деп білу керек.



Кеңес Одағының əдебиеттерінде құқыққа əсер ететін жəне іс жүзінде іске асыратын, бағыттап отыратын саясат деген ұғым қалыптасқан. Себебі саясаттың құқыққа қарағанда, іс əрекет ауқымы кең. Сондықтан саясаттың құқықты бағыттап отыратын мүмкіндігі бар. Яғни құқық — саясаттың ресми көзқарасының формасы.



Мұндай көзқараспен келіспеуге болады. Құқықтың саяси, саясаттың құқықтық мəні бар. Бұл процесс екі жақты. Құқық саясаттың ресми көзқарасын білдіру арқылы сол саясаттың негізі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, саясат құқықты бағыттап отырған жоқ, керісінше, құқық саясатты бағыттап отыр деп айтуға болады. Бірақ мемлекет құқықты құрал ретінде пайдаланып, қоғамды басқарып отыр деген пікір ақиқатқа біршама сəйкес келмейді. Онда мемлекет күштеп өзінің еркін, көзқарасын байлап отыр. Ал ол өз алдына, қоғамдағы қалыптасқан тəртіпті бұзуға алып келеді, яғни барлық əлеуметтік салалардың арасындағы заңдылық бұзылады. Осыдан келіп туындайтыны — экономиканың құлдырауы. Сондықтан мемлекеттік əлеуметтік саясат құқықтың еркін білдіруші құрал деген қағиданы ұстану керек.



Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың бірнеше компоненттерін бөліп қарастыруға болады: ұлттық саясаттың негізі, халықтың əл-ауқатының негізі, əлеуметтік саладағы азаматтардың құқықтары, қоғамдағы əлеуметтік саланы жетілдіру негізі т.б.



Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты — халықтың материалдық сұраныстарын қанағаттандыру арқылы əлеуметтік жағдайын жəне жалпы əл-ауқатын арттыру.



Қазіргі таңда біз əліде болса да, басқа мемлекеттердің қатарынан əлеуметтік бағдарлау жағынан артта қалып келеміз. Оған тұтыну тауарларының жетіспеушілігі емес, ішкі нарықты толығымен өзіміздің тауарлармен қамтамасыз етілмегендігі. Басқа мемлекеттердің өнімдерін пайдалану арқылы сол мемлекеттің экономикасын дамытуға септігін тигізіп отырмыз, ал олар өз алдына əлеуметтік жағдайларын жақсартып отыр. Айналып келгенде, біз оларды материалдық жағынан толығымен қамтамасыз етіп отырмыз жəне де экономикамыздың жағдайы тікелей сол мемлекеттерге байланысты болып отыр, олай болса, əлеуметтік əл-ауқатымыз да сол мемлекеттерге байланысты деп айтуға болады. Сондықтан, экономикамыздың əлеуметтік саласын бағдарлау қиынға түсіп отыр. Халықтың əл-ауқаты өндірілген өнімге байланысты, бірақ халықтық сұранысты қанағаттандыру деңгейі, мемлекет ұлттық табыстың қанд

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!