Материалдар / Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар үшіін көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
916
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары


Шаяхмет Айгүл Келденовна

Қостанай облысы Арқалық қаласы

А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы

мектепалды сыныбының оқытушысы



2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына түрлері мен типтеріне қарамастан білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292қаулысымен бекітілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі– Стандарт), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес  ұйымдастырылады.

Стандартпен мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.

Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп,  «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» үш білім беру бағдарламаларының орнына Бағдарлама әзірленді.

Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады.

Аталған хат мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері,педагогтары мен мамандарына, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығы үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.

Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпы адамзаттық  құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті  тәрбиелеу.

Міндеттері:

баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;

мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын

Қамтамасыз ету;

балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік

дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;

әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша

мониторингті ұйымдастыру;

мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:

мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға,оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;

баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың

инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;

балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту

міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының   қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Бағдарламабалалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»бес білім беру саласы және білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру  арқылы іске асырылады.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикажәне білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім

беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не

білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп

әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы

балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Осы бағдарлама бойынша басқа балалармен бірге даму мүмкіндігі шектеулі

балалар да тең айналысады.  Ондай балалар үшін балабақша мен топта баланың мүмкіндіктеріне сәйкес арнайы жағдайлар жасалады: пандустардың болуы, білім беру процесін сәйкесінше ұйымдастыру(жиһаздың өлшемдері, баланы отырғызу, жарық және т.б).

Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі келесі талаптарға жауап беруі қажет: рухани, кәсіби, жалпы мәдени және денесін жетілдіруге ұмтылған, ішкі дүниесі бай, үйлесімді дамыған, тұлға.

Педагог Бағдарламада анықталған міндеттерді жемісті іске асыру үшін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын қолдануы және игеруі қажет. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, білімін көтерумен айналысуы қажет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!