400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі тәрбиеде сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Эгоцентрлік сөйлеу - мектеп жасына дейнгі баланың ойын үстінде өзімен өзінің сөйлеуі. Эгоцентрлік сөйлеу коммуникативті сипатта болғанымен, баланың қасиетіне, талап- тілегіне қызмет етеді. Кей жағдайда мұның құрылымы іштей сөйлеуге ұқсайды. Эгоцентрлік сөйлеуді баланың автономды сөйлеуі деп те атайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:20.10.2020 ж

Пәні: Психология

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті (баяндама)

Орындаған: Жаманқұлова Талшын


Төл тіліміздің сөздік қоры өте бай екендігіне ешкім де бүгінде таласа алмас. Әсіресе, тәуелсіздік алғалы бері елімізде қаншама басылымдардағы әдеби- көркем, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, тұрмыстық қарым-қатынаста туындаған жаңа да тың, соны сөздер, сөз орамдары мен сөз тіркестері де сөздік қолданысқа еніп кетті. Бастапқыда сол сөздерді өгесінгенімізбен, өзегімізді талдырмайтындығына, өлтірмейтіндігіне көзіміз жетті. Көне сөздерге жатқызуға бейімделіп қалған ұлттық ерекшеліктер – киіз үй, ою-өрнектер, мал шаруашылығы, байырғы соғыс өнеріне қатысты сөздер соны мәнге ие болып, жаңара бастады, жаңғырды. Мәселен, киіз үйге қатысты туырлық, уық, ергенек, кереге, шаңырақ деген сөздер күні кешегі күннің заттары секілді өз мағынасы мен мәнін жоғалта бастағаны жасырын емес-ті. Өз тіліміздегі өз сөзіміз көңілімізге, көкейімізге томпақ тиіп, оны баяғы замандағы көшпелі халықтың, көне ата-бабаларымыздың көшіп-қонып жүргендегі сөз қолданысы деген де ойда болатынбыз.

Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн  «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.

Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.

Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде  сирек сақталады. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын  сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тутқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы,М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді. Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі –сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы – шешендік өнер.

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – қоғамдық даму үдерісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттары мен мазмұнын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы.

Сөйлеу мәдениеті, негізінен, ресми келіссөздер жүргізу, өндірістік мәселелерді шешу үдерісінде қолданылатын жалпыадамзаттық денгейде қабылданған, қалыптасқан ережелерден тұрады. Олардың негігі қағидаларына айтылар ойдың дәлдігі, әріптестің қабылдауына сыйымдылығы және сыпайы жеткізілуі жатады.  Тіл мен ойдың, ой мен әрекеттің арасында тығыз байланыс бар.

Сөйлеу мәдениеті дегеннен шығады, сөйлеу сәттерінде өзге тілдің бірер сөздерін ара-арасында қыстырып сөйлеу де аз емес. Бұл да көбінесе қалыпты жағдайға айналған сыңайлы. Бейнебір дәнекер сөздей ме, әлде сәндік айналымдағы сөз орамдары ма, шыны солай. Орынды, орынсыз пайдаланылады. Тіл шұбарлаудың бірер көрінісі ғана бұл.

Біздің ұлттың ең басты қасиеті – тілдің ана сүтімен даруында. Қай елдің қызы болса да, барған жерінің туын көтеретін дара да дана қыздарымыздың аналық қасиеті қашанда жоғалған емес. Ендеше, ана тілі деп аталатын ұғымды қазақ тілі десек, оның көсегесі көгере беретіндігіне бір мысқал да күмән жоқ. Тек ынта-ықылас, талап, ниет берік, баянды болсын делік.

Сөйлеу мәдениеті дегенге тек сыпайы сөйлеу деген ұғым қалыптаспауы керек. Сыпайылықтың да жөні, жосығы бар. Сыпайылылықты бүгінде тым қарабайыр түсіну де қоғамдық пікірде нық орнықты. Ынжықтық, өз ойын кесіп айта алмаушылық, кібіртіктеу, орынсыз ұялу, дер кезінде сөйлей білмеу секілді қасиеттер сыпайылықпен бірге қоныс теппейді. Сыпайылықтың ауылы биік өреде.

Қажет жерінде қайсарлық таныту, сөзді күбілтелемей жалындап, жайнап сөйлеу, жарқырай көріну секілді қаситтер төл тіліміздің сөйлеу мәдениетімен қабысса, нұр үстіне нұр. Осындайда халқымыздың “Қолынан да, сөзінен де іс келеді” деген мақтанышқа тола тағылымды даналығы ойға оралады. Сөйлеу мәдениетінің қалауы да сол. Ал қазақ тілі – айнадай жарқыраған, сәуле шашар, керек кезінде айбынданып, айбарланып, қуатты күшке айнала алатын құнарлы да нәрлі тіл.

Пайдаланылған әдебиеттер: https://baribar.kz/student/1968/soeyleu-madenieti-el-martebesi/

https://mtdi.kz/e/oku_adisteme/id/122/q/3

С.Иасев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова Қазақ тілі жалпыға білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 199-бет.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі