Мектепке дейінгі ұйымдарда дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Исахова Несібелі Есеркеповна
Жетісай қаласы «Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі
Дарынды балалар-еліміздің болашағы. Сондықтан да дарынды балалардың тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дарындылығын дамытуға, қабілетін шыңдауға қолдау көрсетуге тиіспіз. Баланың дарындылығы ерте байқалады, 2 жас пен 5 жастың аралығы. Осы жаста балаларда тұлғалық негіз қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Тәжірибе көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Өзге балаларға қарағанда дарынды бала шығармашылық қабілеттерімен айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады, зеректік, белсенділік танытады. Жалпы дарындылық қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек: туа біткен қасиетін дамыту, отбасының жағдайы, ата-анасының қолдауы, бала мен педагог арасындағы қарым-қатынас, педагог біліктілігі. Міне,осы айтылған жағдайлар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды, талантты балалар жетіле түседі. Алайда, баланы өз еркінен тыс басқа әрекеттерді жасатуға болмайды. Өйткен жағдайда, баланың психикасына кері әсері тиеді де, бала тұйықтанып, ашуланшақ, тартыншақ болып қалады.
Балабақшада дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың мынадай жолдарын көрсетуге болады: дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріне талдау жасау, балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін диагностикалау, бақылау, сараптамалық бағалау әдістерін қолдану.
Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс: баламен, ата-анамен және тәрбиешімен бірлескен практикалық әрекеттер, әңгімелер, тренингтер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен жеке кеңестер. талантты балалардың ата-аналарына қолдау жасау және ынталандыру, ата-аналар жиналыстарында грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру. Ата-аналарға дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.
Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша оқыту семинарларын, кеңестер өткізу. Кітапхана қорына өз білімін көтеруге қажетті әдебиеттер жинақтау және іріктеу, жаңадан түскен әдебиеттерге жүйелі шолу, Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану.
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы бойынша тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады. Балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Ғалым-педагогтардың зерттеулері бойынша, дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын көрсетіп отыр. Яғни, дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының жұмысына қолдануға болады.
Ж.Аймауытов «Адам өмірге өзіндік табиғи қаситтерімен, қабілеттерімен келеді. Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие»-деген. Бұдан түсінетініміз адам таланты қаншалықты ғаламат болса да, ол оқытудан тысқары өздігінен дами алмайды. Сондықтан, дарынды балаларды дер кезінде анықтап, олардың әрі қарай дамуына ықпал етейік.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектепке дейінгі ұйымдарда дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Исахова Несібелі Есеркеповна
Жетісай қаласы «Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі
Дарынды балалар-еліміздің болашағы. Сондықтан да дарынды балалардың тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дарындылығын дамытуға, қабілетін шыңдауға қолдау көрсетуге тиіспіз. Баланың дарындылығы ерте байқалады, 2 жас пен 5 жастың аралығы. Осы жаста балаларда тұлғалық негіз қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Тәжірибе көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Өзге балаларға қарағанда дарынды бала шығармашылық қабілеттерімен айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады, зеректік, белсенділік танытады. Жалпы дарындылық қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек: туа біткен қасиетін дамыту, отбасының жағдайы, ата-анасының қолдауы, бала мен педагог арасындағы қарым-қатынас, педагог біліктілігі. Міне,осы айтылған жағдайлар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды, талантты балалар жетіле түседі. Алайда, баланы өз еркінен тыс басқа әрекеттерді жасатуға болмайды. Өйткен жағдайда, баланың психикасына кері әсері тиеді де, бала тұйықтанып, ашуланшақ, тартыншақ болып қалады.
Балабақшада дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың мынадай жолдарын көрсетуге болады: дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріне талдау жасау, балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін диагностикалау, бақылау, сараптамалық бағалау әдістерін қолдану.
Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс: баламен, ата-анамен және тәрбиешімен бірлескен практикалық әрекеттер, әңгімелер, тренингтер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен жеке кеңестер. талантты балалардың ата-аналарына қолдау жасау және ынталандыру, ата-аналар жиналыстарында грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру. Ата-аналарға дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.
Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша оқыту семинарларын, кеңестер өткізу. Кітапхана қорына өз білімін көтеруге қажетті әдебиеттер жинақтау және іріктеу, жаңадан түскен әдебиеттерге жүйелі шолу, Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану.
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы бойынша тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады. Балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Ғалым-педагогтардың зерттеулері бойынша, дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын көрсетіп отыр. Яғни, дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының жұмысына қолдануға болады.
Ж.Аймауытов «Адам өмірге өзіндік табиғи қаситтерімен, қабілеттерімен келеді. Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие»-деген. Бұдан түсінетініміз адам таланты қаншалықты ғаламат болса да, ол оқытудан тысқары өздігінен дами алмайды. Сондықтан, дарынды балаларды дер кезінде анықтап, олардың әрі қарай дамуына ықпал етейік.
шағым қалдыра аласыз













