Мектепке дейінгі ұйымдарда жүріп жатқан
инновациялық үдерістер
Білім беру мазмұнын жаңарту мен жаңғыртудың
маңызды құралдарының бірі мектепке дейінгі ұйымдарда жүріп жатқан
инновациялық үдерістер болып табылады. Заманауи мектепке дейінгі
ұйым – бұл дамуға ұмтылған, жаңа мүмкіндіктерді іздеген, баланың,
жанұяның, қоғамның сұраныстарын қанағаттардыруға қажетті
жағдайларды жасайтын, педагогтардың шығармашылық және кәсіби
жұмыстарын жағдаймен қамтамасыз ететін, заманауи талаптарға жауап
беретін күрделі ағза. Демек осы мектепке дейінгі ұйымның жұмысын
жандандыруда инновациялық технологиялар мен әдістердің маңызы өте
жоғары. Жалпы бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым жұмысына
инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу бірқатар шешуге
болатын қиындықтарды туындатады. Олар жасалатын жұмыс ауқымының
артуы, лауазымдық міндеттер шеңберінің кеңеюі, инновациялық
технологиялар мен әдістердің жеткіліксіз ресурстық қамтамасыз
етілуі, материалдық және моралдық ынталандырудың әлсіздігі, ал
балалар үшін оқу жүктемесінің артуы орын алып отыр. Бірақ осы
қиындықтармен қатар екінші жағымды жақтарын да байқауға болады.
Олар педагогтар үшін – кәсіби шеберлігінің артуы, зерттеу әрекетін
жүзеге асыра білуі, ал балалар үшін – оқу сапасының артуы болып
отыр. Инновациялық үдерістердің негізгі міндеті – педагогикалық
және әлеуметтік ұйымның ерекше жүйесі ретінде мектепке дейінгі
ұйымды дамыту, тәрбиелеу мен оқытудың жаңа, жоғарғы нәтижелеріне
жету, мектепке дейінгі ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Инновациялық технологияларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне енгізу –
балалармен жұмыстың тиімді түрлерін шығармашылықпен іздеудегі сәнге
4 арналған жұмыс емес, бұл нақты уақыт талабы. Бүгін балабақшаны
кез-келген заманауи мектепке дейінгі ұйым ретінде инновациялық
технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ал енді осы инновациялық
технологияларды мектепке дейінгі ұйымның жұмысына жүйелі түрде,
талапқа сай енгізуді ұйымдастыру балабақшаны басқару жұмысына
тікелей байланысты. Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық
үдерістерді басқару тәрбиелеу мен оқыту үдерісін оңтайландыруға,
тәрбиелеу мен оқытудан алынған нәтижелерді арттыруға бағытталған
басқарушы мен педагогтардың, балалардың және ата-аналардың
бірі-бірімен тығыз ықпалдастықта ұйымдастырылатын әрекеті. Демек
мектепке дейінгі ұйым жұмысына инновациялық технологияларды енгізу
осы әрекетке қатысушы жауапты тұлғалардың өз жұмыстарын алдын-ала
жоспарлап алып реттілікпен, сабақтастықпен, үздіксіздікпен
атқаратын әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Жоғарыда аталған
мәселерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарға инновациялық
технологиялар мен әдістерді енгізу бойынша бағдарламаның маңызы өте
жоғары. Бағдарлама мына ұстанымдарға: - ізгілікке (мектепке дейінгі
ұйымда педагогтың жеке тұлғасына сыйластықты қамтамасыз ететін,
қарым-қатынастың жағымды алаңын құру, әрбір педагогты білім беру
үдерісіне оңтайлы қосу мақсатында жеке тәсіл құралдарын іздеу); -
демократияландыруға (инновациялық технологияны таңдау мен жоспарлау
барысында инновациялық әрекеттің барлық субъектілерін қатысуын
белсендіру); - ғылыми, талдау әрекетіне; - жүйелі тәсілге (мектепке
дейінгі ұйымдағы инновациялық әрекетті жоспарлауды жүйеге келтіру);
- болашаққа және үздіксіздікке (соңғы нәтижеге жетуге бағытталған);
- сабақтастыққа (инновациялық әрекетке қатысушы педагогтардың
арасында бір жыл бойы барлық әрекеттерді тең бөлу) негізделіп
құрылды. Қазір мектепке дейінгі ұйымға балалармен үдемелі
инновациялық технологиялар мен жаңа бағдарламалар негізінде жұмыс
жасауға қабілетті педагог қажет. Ол көп білуі, өзімен тұрақты жұмыс
жасауы, арнайы білік және дағдылары болуы тиіс; өз шеберлігін
тұрақты түрде жетілдіруі, инновациялық технологияларды, дәстүрлі
емес әдістерді меңгеруі; компьютерді білуі, Интернетті пайдалана
білуі қажет. Егерде әр балабақшада осындай тәрбиеші-педагог болса,
онда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бүгінгі күн талаптарына,
ата-аналар мен қоғам талаптарына жауап беретін
болады.
1. Дамытушы технологиялар.
Дәстүрлі оқытуда балаға үйрену үшін дайын өнім мен әрекеттің
үлгілері беріледі. Ал дамыта оқытуда бала өзінің әрекеттерін талдау
нәтижесінде мәселені шешуге өзбетінше қол жеткізеді. Мнемоника
немесе мнемотехника – қосымша байланыстардың пайда болуымен есте
сақтауды жеңілдететін және есте сақтау көлемін ұлғайтатын түрлі
тәсілдердің жүйесі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға мнемотехника
тәсілдерін қолдану аса маңызды өйткені сыртқы құралдардың әсерінен
ойлап шешетін тапсырмалар ауызшаға қарағанда көрнекі материал
арқылы жақсы меңгеріледі. Дамыта оқытуда балаларға тілдерін
дамытуға бағытталған, олардың белсенді сөздіктерін байытатын, сөз
жасау дағдыларын бекітетін, заттарды сипаттайтын, мәтіндер құрауға
жәрдем беретін көрнекі үлгілер қолданылады. Сипаттау мәтіндерін
құрауда мнемотехника тәсілдерін, мнемотаблицаны немесе заттарды
сипаттау үшін сызба-жоспар тәсілдерін қолдану мнеможұмбақтарды
құрауға жәрдем етеді. Бұл жұмбақтарды шешу барысында белгілері
бойынша нысандарды анықтайды. Кіші топтарда алғашқы кезде педагог
әрбір берілген суреттерді жан-жақты түсіндіреді. Ал келесі кезеңде
ересек топтарда суретке қарап онда не жасырылып тұрғанын өзбетінше
тауып, түсіндіруді ұсынылады. Пластилинография – ермексазбен жұмыс
балаға түсті сезінуге, ұсақ саусақ моторикасын жүзеге асыруға және
балаға жағымды көңіл күйді сезінуге мүмкіндік береді. Мүсіндеу
әрекетіндегідей пластилинографияда кіші топтарда басу, сипалау,
тегістеу, жалпайту, жаю тәсілдері қолданылады, ал ересек топтарда
түстер бір-бірімен араластырылып қосымша түстер алынады. 2.
Ақпараттық технологиялар – анимацияларды, фильмдерді тұсаукесерлер
слайдтарын қолдану үйретілетін құбылыстарға балалардың белсенді
танымдық қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді. Танымдық
ертегілер балаларды қоршаған ортамен таныстыруға, айнала қоршаған
шындыққа белсенді танымдық қарым-қатынасты туындатуға және
құбылыстардың мәніне жетуге мүмкіндік беретін білім қорын
жинақтауға бағытталған. Танымдық ертегілер балаларды бөлек
деректермен таныстырады, құбылыстардың артында не жатқанын айтады.
Ертегілер мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: танымдық
материалдан құрылуы, балаға бала жасына сәйкес 7 білімнен хабар
етуі, оның мазмұнын білуге дене қызығушылыққа баулуы керек. Дұрыс
құрылған ертегі өзінің мазмұнына қызығушылық тудырады. Танымдық
қызығушылықты туындату үшін міндеттерді шешу басқа жағымсыз
сәттермен жасырынбай кейіпкерлердің әрекетінің бел ортасында
болғаны, ғылыми мазмұнға қызығушылыққа шақыруы, күрес, жанашырлық
пен кейіпкерді іздеу нақты осы мазмұнмен байланысты болуы, соның
айналасында шоғырлануы, сонда іске асуы қажет. Ертегі балаларды
қызықтыруы үшін: ертегідегі барлық қимылдардың өрбіуі сол
сауалдардың шешімі болуы, сауал мен оның шешімі бала үшін жағымды
кейіпкердің тұлғасында нақтылануы, сонымен бірге ол қуанатындай,
қобалжыйтындай, ойша күресе алатындай, қойылған мақсатты іздеуді
және шешуді, сауалды шешу жай ғана баяндау сипатында берілмей,
кейіпкердің белсенді әрекетінің нәтижесінде берілуі қажет. Осы
кейіпкердің алдында оқиғаны өрбіту кезінде маңызды міндеттің пайда
болуын, оның танымдық сипатының болуын, оны ашуға тырысуды, мәселе
мен кейіпкердің оның шешімін іздеуін танымдық материалмен тікелей
байланысты болуын, балаларға арналған танымдық материал оларға
түсінікті болуын, оны барынша өрбітіп беруді қадағалау қажет. 3.
Жобалау технологиялары – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге
асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл
білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу,
практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі
бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет
негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық
проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін
іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін
көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл
нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге,
қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай
тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл мезгілдері», «Су», «Қар»,
«Құм», «Жарық пен жылу» жұмыстарды өткізуге болады. Ал ересек жаста
баланың бастамашылдығы, белсенділігі, мүмкіндіктері айтарлықтай
арта түседі. Бұл жас кезеңі балалардың танымдық қажеттіліктерін
зерттеу, іздеу әрекеті түрінде «жаңаны» ашуға,ойлаудың өнімді түрін
дамытуға бағытталған дамыту үшін маңызды. Зерттеу әрекеті үшін
келесі міндеттердің алдын алу қажет: - жағдайлар жасау; -
бақылаушылықты дамыту; - салыстыру, талдау, жалпылау; - эксперимент
жасау барысында танымдық қызығушылықты дамыту; - назар салуды,
көруді, естуді дамыту. 4. Денсаулықты сақтау технологиялары –
өзінің денсаулығын қолдауға қажетті білім, білік дағдыларды
қалыптастыру мен дамыту. Фитбол-ертегілер. Мектепке дейінгі кіші
жастағы балаларға педагог ертегі мазмұнын бұрыннан таныс балалардың
білетін қимылдарымен суйемелдей 8 отырып айтады. Балалардың назары
ертегінің мазмұнында болғандықтан жаттығуларды орындау қызықты және
еліктірер сипатта болады. Ал ересек жастағы балалар үшін күндізгі
ұйқыдан соң балаларды сергіту үшін қолдануға болады. Анималотерапия
– бұл балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жануарларды қолдану болып
табылады. Жануарлармен өзара әрекет ету арқылы балаларда
айналасындағыларды түсіну, сезіну және жанашырлық таныту
қабілеттері қалыптасады. Жануарларды бақылау және олармен өзара
әрекет ету баланың әлеуметтік ортада табысты бейімделуі үшін
қажетті интелектуалдық қабілеттерін дамытуға жағымды әсер
етеді.