Материалдар / Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін криотерапия элементтері арқылы оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін криотерапия элементтері арқылы оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жинақ 2017-2018 оқу жылы аралығында өткен үш жылдық эксперименттік алаң нәтижесінде Республикалық "Самғау " ғылыми-әдістемелік орталығында жарық көрді. Жаңа инновациялық технология арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін тиімді оқыту жолдары көрсетілген. Себебі, қазақ тілі өзге ұлт өкілдері үшін қте қиын тіл.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2021
242
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғы сөз

МКҚК №17 «Шұғыла» мектепке дейінгі ұйымының әдіскері Ахметова Гаукар Қойлыбаевна және қазақ тілі мұғалімі Курамысова Жансая Адилгалиевнаның «Қазақ тілін криотерапия арқылы оқыту» атты эксперименттік алаң негізінде құрылған мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларына арнайы құрастырылған әдістемелік жинақ мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін криотерапия технологиясының элементтері арқылы қол моторикасын, шығармашылық қабілеті мен сөйлеу процесін дамытуға арналған. Бұл жинақ 2018-2021 оқу жылы аралығында жүргізілген қалалық «Қазақ тілін криотерапия элементтері арқылы оқытудың маңызы» атты қалалық эксперименттік алаң бойынша жинақталған материалдары, үш жыл бойына жасалған жұмыс нәтижелері негізінде жасақталған. Бұл жинақта автор мектепалды топтарына арналған мұзбен ойнатылатын ойындарды, «Қызықты қазақ» тілі бағдарламасын, перспективалық жоспарын және де криотерапиямен кіріктірілген бірнеше ұйымдастырылған оқу қызметін ұсынған. Бұл ойындардың баланың қазақ тілін білуге деген құлшынысын қалай арттыратынын нақты дәлелдермен көрсеткен. Түрлі-түсті мұзбен жұмыс істеу балаларға өте қызықты. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану баланың шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын қалыптастыруда маңызы өте зор. Көркемдік іс-әрекеттің осы әдіс түрімен айналысуы, баланың зейінін өзіне аударып, қиялын шарықтатып, көру арқылы есте сақтауын, қабылдауын, заттың пішінін, көлемін, түсті сезуін,ажырата білуін дамытатынана байланысты осы әдістемелік құралды көптен жоспарлап жүрген болатынбыз. «Қызықты қазақ тілі» бағдарламасының балаларға қазақ тілін үйренуде маңызы орасан зор болды. Балалар қарапайым күнделікті қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін сөздік қорларында еркін қолдана алатындарын жеткізген!

Криотерапия – негізінен үш кезеңнен тұрады. Ұзақтығы 5 минутқа дейін. Бұл процестің өзектілігі өзі балаларды қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын арттырды.Ол баланың шығармашылығы мен қиялын дамытты. Қазақ тілінде сөйлеу тілін дамытып, жұмбақтарды оңай шешуге, мақал- мәтелдерді жаттауға көмегі көп көмектесті. Ал, дәстүрлі емес шығармашылық түрі- мұзбен жұмыс жасау, ең қажетті сәт – бұл шыдамдылық,сөздерді есте сақтау болып табылады. Өз бетімен орындалған жұмыс болсын, жетекшімен бірге орындалған жұмыс болсын әрине баланы әрі қарай жұмыс жасауға жетелейді деген автор өз жинағында. Өнермен және шығармашылықпен айналысқан баланың жетістіктеріне қуана білуі өте маңызды. Мұз текшелерімен және жұлдызшаларды санау арқылы қарапайым математикалық түсініктерді де қалыптастырды, өйткені бала 20-ға дейінгі сандарды мұздарды санау арқылы игерді және кеңістікте бағдар жасай алды(жоғары төмен, оңға, солға). Аталмыш әдістемелік құрал өте қызықты, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерінің дамуына өз үлесін қосқан.Бұл әдістемелік жинақ балалардың тілін дамыту құралы ретінде қолға алынып отыр. Өйткені балалардың ұсақ қол моторикасымен бірге тілі дамиды, қиялы, шығармашылық қабілеттері, қалыптасады.Балалар жаңылтпаштарды тез жаттауға, мағынасын түсіне білуге, ертегілердің мазмұнын түсіндіріп, мазмұндауға сонымен бірге табандылыққа, шыдамдылыққа, әдемі сөйлеуге үйренгендігін жыл бойына ашық сабақтарға қатысқан ата-аналардың берген пікірлерінен көруге болады. Бұл әдістемелік құрал мектепке дейінгі оқыту тілі орыс тілінде жүретін топтардың қазақ тілі мұғалімдеріне, тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде өз жұмыстарында қолдана алады.



Түсінік хат



Мектеп жасына дейінгі соның ішінде ересек және даярлық топтағы балаларды оқытуда қазақ тілін жеңілделтілген түрде оқыту үшін ұйымдастырылған оқу қызметіне криотерапия элементтерін қолданудың маңызы экспериментік алаңды ашуға негіз болды. Бұл мәселе орыс тілді балалардың қазақ тіліне деген тілдерін сындыру сынды өзекті мәселелердің бірі,сонымен қатар ұсақ моториканы дамыту мен саусақ қимылын үйлестіру болып табылады. Сөйлеу қабілетінің даму деңгейі саусақ қимылдарының дұрыс қалыптасуына тікелей байланысты.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес, мектепке дейінгі балалардың моторикасын дамытуға әбден болады және бұл мәселені бірден қолға алып, №17 «Шұғыла» МДҰ әдіскері- Ахметова Гаукар Қойлыбаевнаның ұсынысымен 2018-2019 оқу жылында «Қазақ тілі оқу қызметінде криотерапия элементерін қолданудың маңыздылығы» тақырыбында оқыту тілі орыс тілінде жүретін балаларға үш жылдық яғни үш этап бойынша эксперименттік алаң ашылды. Бірінші этап бойынша қалалалық, республикалық,халықараралық семинар-конференцияларға шығып көптеген материалдар жинақтап теория жүзінде де, практика жүзінде де бір талай жұмыстар атқарылды. Балабақшадағы тәрбиенің ең маңызды құралы – еңбек. Қарапайым еңбек түрлері барлық топтарда жүргізіледі. Қол еңбегі балалардың ұсақ моторикасына көп әсерін көрсетеді.

Түрлі-түсті мұзбен жұмыс істеу балаларға өте қызықты. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданудың баланың шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын қалыптастыруда маңызы өте зор. Көркемдік іс-әрекеттің осы еңбек түрімен айналысуы, баланың зейінін өзіне аударып, қиялын шарықтатып, көру арқылы есте сақтауын, қабылдауын, заттың пішінін, көлемін, түсті сезуін дамытады.

Криотерапия арқылы жұмыс жүргізу барысында оқыту тілі орыс тілінде жүретін ересек топ балаларға қазақ тілін меңгерту жеңілдетеді. Балалар халық ауыз әдебиетінде ең құнды саналатын мұраларымыз жұмбақ, мақал-мәтелдермен, жаңылтпаштармен танысады. Жоғарыда айтып өткендей түрлі-түсті мұз текшелерімен жұмыс істеу барысында балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Сонымен қатар, шыдамдылық, төзімділік қасиеттері қалыптасады, бастаған жұмысын аяқтауға, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады. Балалардың еңбек еткенде, мұздардан түрлі зәулімдер құрастырғанда қол қимылы ұсақ моторикасы дамиды.

Қазақ тілін криотерапия арқылы оқыту – бұл да басқа ұйымдастырылған оқу қызметтері сияқты балалардың ерте дамуына қажетті, өте маңызды оқу үрдістерінің бірі. Балаға сөйлеу қандай қажет болса, еңбек ете білу де сондай қажет. Мектепке дейінгі жастағы балаларды өнерге үйрету, жұмбақтарды шешу жолы – балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден бір жолы болып табылады. Жұмбақтардың жауабын мұздардың астынан табу балаларға қуаныш әкеледі, жағымды эмоциялық көңіл-күй қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерінің, тілдерінің дамуына көмектесіп, қоршаған ортаға терең мән бере, қызыға қарауына жетелеп, жақсылыққа үйреніп, әсемдікке талпындырады. Өнер әлеміне балаларды тарту, оларды жастайынан өнерге баулу – күрделі процесс болып саналады. Түрлі-түсті мұздарға сурет салу жұмысында заттарды қарап, талдап, түр-түсін, ою-өрнектерін атап, орналасуы жайында мағлұмат беріледі.

Оқу қызметі барысында тақырыпқа сәйкес жаңа білім дағдыларын меңгерту алдында мына әдіс-тәсілдер қолданылады:

көркем сөз (өлең жолдары, жұмбақтар, көркем өнер туындыларын әңгімелеу);

дидактикалық ойын тапсырмалары: «ұлттық ою-өрнекті ата», «өрнекті құрастыр».

Түрлі-түсті мұздармен жұмыс істеу барысында тақырыптарды күрделілендіре отырып, бояу жұмысын орындауда:. Мұздан жасалған анаға сыйлық, ұлттық нақышта текемет жасау, бұйымдарды салыстырып, айырмашылығын білуге үйренеді. Сол сатте суретке тусирип аналарына жиберемиз

Түрлі-түсті мұздармен еңбек ету оқу іс-әрекетінде алдын ала үлкен жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың бұл түрін игеруде ата-аналардан көп көмек керек. Мұздармен жұмыс жасаудың кезеңдері:

  1. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Түрлі-түсті мұздарды даярлап алу, алдын ала қатыру

  2. Мұз қатыратын ыдыстарды таңдап алу

  3. Тақырып бойынша эскиз сызу (бастырмалар дайындау).

  4. Мұздардың ыдыстарының сәйкес таңдау.

  5. Түрлі түстердегі бояуларды дайындау.

  6. Алдын-ала балаларға арналған өлеңдер жинағын таңдап алу.

Оқу қызметін ұйымдастыру барысында қолданылатын көркем сөздердің ұсынылуы да маңызды. Балалар мұздармен жұмыс жасау арқылы өздері қарапайым тәжірибе жасауды да үйренеді. Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің: түрлі-түсті мұздарды бояу, әріптерді табу, бояумен жұмыс жасау, қажетсіз заттармен еңбек ету әдістері балалардың саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамытуға ықпал етеді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін ерекше әсер етеді, шығармашылық қабілеттерін арттырып, эстетикалық талғамын дамытады.







Күтілетін нәтиже:

-Криотерапия туралы мәлімет;

-қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын біледі;

-өлеңдер жатттаудың негізгі жеңіл жолын үйренеді;

-негізгі мақал-мателдердің мағыналарын біледі;

-жұмбақтарды шешудің жолын біледі;

-түсті ажырату, санауды , мөлшерін анықтауды біледі;

-жұмыс орнын тазалықта ұстап ұйымдастыра білуді үйренеді;



Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырған Криотерапия жайлы және оның ұшаң теңіз пайдасы жөнініде тоқталып өтсем.. Криотерапия ол өз көрсеткіштері мен пайдалануға арнайы шектеулері бар технология түрі. Мен өз ұйымдастырылған оқу қызметінде тек элементтерін ғана пайдаландым. Логопедияда кез келген әдістемелер пациентке зиян келтірмеу үшін жеке тағайындалады. Дәрігер криотерапияны қолдану кезіндегі көрсеткіштер мен шектеулерді міндетті түрде ескереді. Әдістеме балалардың церебральды сал ауруы, Даун синдромы, аутизм, стресстік жағдайлар аясында сөйлеу дамуының кідіруі кезінде көрсетілген. Емдеуді бас миының гипоксикалық зақымдануы, гиперактивтілік синдромы, қатты тітіркендіргіш, неврозға ұқсас жай-күйлері бар емделушілерде қолданады. Терапияны балалардың жалпы дамуы үшін балабақшалар мен мектептерде тәжірибеленеді. Криотерапияның мақсаты: қол моторикасын ынталандыру, сөйлеу қызметін жақсарту, әлеуметтік бейімделу (ДЦП, аутизм, Даун синдромы кезінде). Криотерапия өте жоғары тиімділікке ие.Емдеу үшін үйде физиотерапияны жеңілдететін арнайы құрылғылар қажет емес.Балалардағы криотерапия арқылы сөйлеу айқындылығы дұрысталады,сөздік қорлары артады.ақпаратты есте сақтау қабілеттері жақсарады.Балаларға мұзбен бірге топтық ойындар ұсынылады. Балалар үстел басында тұр.Үстелге үлкен текше мұз текшелері қойылды.Балалар қолдарын ыдысқа 7-20 секундқа түсіреді. Осыдан кейін қолдар ыдыстан шығарылып, жылыту төсемімен немесе жылы сумен жылытылады.Бұл әдіс қатаюға қатысты.Қолдар сәл қызғаннан кейін, балалар оларды қайтадан мұзға түсіреді.Шамамен 3 тәсіл жасау қажет.Мұндай ойыннан кейін саусақпен массаж жасауға немесе гимнастика жасауға болады.Логопедияда криотерапияны тағайындауға шектеу қай кезде қойылады: Эпилептикалық синдромның болуы. Миопатия. Суықтың төзімсіздігі. Гипертермиялық жағдай (субфебрилитет, температура 38°С артық). Созылмалы патологиялардың өршуі. Жұқпалы аурулар (вирусты, бактериялық). "Криотерапия немесе мұзбен ойнатылатын қызықты ойындар" Мастер-класс»Мақсаты: педагогтарды баланың ұсақ моторикасын дамытудың дәстүрлі емес әдістемесімен таныстыру – "криотерапия". Міндеттер: дәстүрлі емес әдістеме – "криотерапия" көмегімен ұсақ моториканы дамыту бойынша жұмыс тәжірибесін беру»; Мастер-класқа қатысушылармен бірлесіп криотерапия элементтерін пайдалана отырып, ұсақ моториканы дамыту бойынша іс-қимылдар мен жұмыс тәсілдерінің бірізділігін пысықтау; Мастер-класс қатысушыларының өз кәсіби шеберлігінің рефлекциясын жүзеге асыру.





Объект 5 Picture 2 Picture 5



Ең бірінші «Криотерапияның қазақ тілін үйретудегі маңызы» атты қалалық семинарда





Криотерапияны қолданудың өзектілігі

Бүгінгі күні криотерапия-бұл ұсақ моториканың бұлшық ет иннервациясын қоздыру және тактильді сезімталдықты дамыту мақсатында мұзбен ойындарды пайдалануды көздейтін түзету педагогикасының қазіргі заманғы дәстүрлі емес технологияларының бірі. Осылайша, ми қабығының моторлы орталықтарын қайта қалпына келтіру және дамыту жанама түрде жүргізіледі. Осыған байланысты артикуляциялық моторика, балалардың сөйлеу дағдылары және жалпы олардың өз бетінше сөйлеу жағдайы жақсарады

Негізгі мақсаты:

1.Эмоциялық аяның тұрақтануы.

2. Психоэмоционалдық және физикалық кернеуді шешу.

3. Позитивті коммуникация дағдыларын дамыту және жетілдіру.

4. Белсенді және пассивті сөздікті толықтыру және байыту.

5. Сенсорлық-перцептивті саланы ынталандыру.

6. Импрессивті және экспрессивті сөйлеу дағдыларын дамыту

Тәсілдері

мұзбен ойындар («Сиқырлы мұздар", "Мұз пішіндер", мұзды трафареттерге қою және т. б.; - мұз текшелерімен қол массажы; - қолға суық таңғыш салу.





  • Мұз үлкен ыдысқа құйылады. Балалар үстелдің айналасында тұрып, мұзды қолмен алады (10-15 секундтан басталады). Содан кейін қолды ыстық жылытқышта жылытады (жылы суы бар жамбаста немесе ыстық суы бар пластикалық бөтелкелерді ұстаңыз). Тағы да қолды мұзға түсіреді. Криоконтраст үш рет жүргізіледі. Содан кейін қолды сүлгімен құрғатыңыз. 2. Криоконтрасттан кейін оң және сол қолдың әрбір саусағымен созу жүргізіледі. Содан кейін кез-келген саусақты гимнастика жүргізіледі. 3. Тактильді сезгіштікті дамыту: қолдарында бүрлерді, шариктерді, тығындарды пластик шөлмектерден сүрту, бүрлерді бір ыдысқа, ал шариктерді басқа ыдысқа жинау және т. б.

Қарсы көрсетілімдер

  • Криотерапия тәсілдерін қолдану кезінде қарсы көрсетілімдер туралы да есте сақтау қажет. Эписиндрі бар, миопатиясы бар балалармен криотерапия жүргізуге болмайды; ұзақ және жиі ауыратын балалармен криотерапияны сақтықпен қолдануға болмайды. Криотерапия процедураға жоғары жеке сезімталдық кезінде (суықтың көтере алмауы), егер қызба жағдайы (ыстық, дене қызуы) болса, респираторлық аурулар, соның ішінде вирустық (ЖРВИ, ЖРЗ және т.б.) асқынған кезде қолдануға болмайды.



Қайықты жүздіру

Мұз текшелерінен жасалған қайықты түстеріне қарай жүздіру. Тыныстап алып, қайықтарды үрлеп жүргізу. Осындай сынды ойындар эксперимент алаңында болған тапта қазақ тілі оқу қызметі барысында ойнатылды.







Ата-ана пікірі біз үшін маңызды .





























МККҚ №17 «Шұғыла» МДҰ «Қазақ тілін криотерапия элементері арқылы оқыту» туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерден де өз орнын тапты

Әлеуметтік желілер - заманауи тәжірибе алмасудың тиімді жолы!





МККҚ №17 «Шұғыла» МДҰ «Қазақ тілін криотерапия элементері арқылы оқыту» туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерден де өз орнын тапты











Әлеуметтік желілер - заманауи тәжірибе алмасудың тиімді жолы!







МККҚ №17 «Шұғыла» МДҰ «Қазақ тілін криотерапия элементері арқылы оқыту» туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерден де өз орнын тапты











Әлеуметтік желілер - заманауи тәжірибе алмасудың тиімді жолы!



Мектепалды даярлық топтарымен бірге өткізген «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты мерекелік шара









Ә







Әрбір шығармашылық баланы бақытқа жетелейді!





Picture 20

Аналарымызға өз қолымыздан сыйлық



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!