Материалдар / «Мектепке дейінгі ұйымдарға асық технологиясының маңыздылығы».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектепке дейінгі ұйымдарға асық технологиясының маңыздылығы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2021
266
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы біліім басқармасының

Целиноград ауданы білім бөлімі ММ

ЖШС «Мейірім» балабақшасы

Тәрбиеші: Құрманжанова Асылтас Саябекқызы

«Мектепке дейінгі ұйымдарға асық технологиясының маңыздылығы».


Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. А сық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.

Асық  ойыны -қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген.

Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты кез келген жерге тастай салсаң, не тұра қалады, не жатады ғой. Тұрса– не алшы, не тәйке, не омпы тұрады да, жатса– не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ жолым болады екен деп, ырымдап сүйіп алып, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады.

Асықты жақ- жақ болып та, екі бала да ойнай береді. Екеуден- алтауға дейінгі балалар ойынды тез бітіреді және қызғылықты болады. Балалар тым көп болса, дау көбейіп мәнін жоғалтады.

Асық –ойыны  сол бай салтымыздың бір дәстүрі.Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық –әр үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының да бас қосуының негізі.

Ертеде қазақ  халқы асықты бала кезінде қолына алып,жас кезінен бастап ойнай бастайды.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып,жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті. Сол себептен де бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Ол әу баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен тараған. Сондай-ақ асықты «Астралаг» деп ежелгі Грецияда, «Талус» деп ежелгі Римде салт-дәстүріне нақышталған ойын ретінде санап әрі насихаттаған. Алайда, асықты қазақтың ұлттық ойыны деп санағанмен, мұны Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік т.б. ұлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді.Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор.

Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған.Асықпен ойнаған баланың  зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті  дамиды, бала еңкейеді, тұрады,үздіксіз қозғалыста болады.

Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.

Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында  оқу іс-әрекетінде пайдаланылды. Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады.Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын,зейінін жан-жақты дамытады.

Асық терапеясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік –логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға,шығармашылық ойлауға,сабырға,бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар,жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз.

Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде терапия – медицина ғылымында аурулардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін сала. Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. ―Арттерапия‖– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Педагогика ғылымындағы теориялар мен тәжірибелерді негізге ала отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде асық терапиясының баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету мақсаты көзделді.

Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың терапиясында балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді. Сондықтан да біз, ересектер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз.

Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз. Асық ату ойыны арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз. Асықтан құрастырылған инновациялық тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдаймыз.

Асық терапиясы Ф.Фребель, М.Монтессори технологияларын негізге ала отырылып жасалынды, ол балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, көп функционалдылығымен, көп нұсқалылығымен ерекшеленеді.

Ерте жас тобы Асықты жіпке тізу (Асық арқылы балалардың сенсорлық моторикасын дамытатын жаттығулар) Балалар боялып, тесілген асықтарды жіпке бір түстен соң екінші түске тізбектеп тізеді. Бұл тізбекті тізу арқылы бала түстермен танысып, бір – бірінен ажырата алады. Қолмен жұмыс жасау барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады

Кіші топ Асықпен із салу Балалар түрлі – түсті бояуларды асықты қолдану арқылы пайдаланады. Бұл жерде балалар санына байланысты төрт – төрттен бірнеше топқа бөлінеді, әр топқа тиесілі түс пен шеңбер сызылған парақшалар беріледі. Балалар парақшада берілген шеңбердің ішіне асықты бояуға малу арқылы парақша бетіне нүктелер түсірулері тиіс. Бұл әрекет осылайша бірнеше рет қайталанады. Нәтижесінде парақ бетінде әр балада әртүрлі бейне пайда болады.Балалар үшін бұл жасырын пайда болған бейне, қызықты әрі сиқырлы сәт болады. Мұндай әдісті қолдану балалардың саусақ  моторикасын дамытумен қатар, баланы берілген тапсырманы таза әрі ұқыпты орындауға баулиды. Қағазда қанша тор, сонша асық Бұл әдіс асық және фетр қағазын қолдану арқылы жасалынады. Фетр қағазы торкөз дәптер беттері сияқты шаршыларға теңдей бөлінген. Балалар фетр қағазында қанша дөңгелек, шаршы немесе үшбұрыш тізілсе сонша асықты тізе білуі тиіс. Тапсырмаға мұқият мән бере отырып, ойланып орындайды. Тапсырма бойынша фетр қағазындағы әр шаршының ішіне асықты дұрыс орналастыра білуі шарт.

Ортаңғы топ Асықпен құмда сурет салу. Балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып, нені бейнелегендерін айтып береді. Ойнай отырып құмға асықпен сурет салу бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Баланың ұсақ моторикасымен қатар бейнелеуге деген қызығушылығы артады, қиялы дамиды және өзінің ойымен салынған бейнені өз сөзімен түсіндіру барысында сөздік қоры молаяды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Ересек тобы Мозаика Балалар жеке – жеке отырғызылады. Оларға асықтан жасалған белгілі бір бейнеленген пішін беріледі. Пішінді балалар дәл сондай қалыпта боялған асықтармен құрастырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді.Тапсырманы орындау барысында балалар пішіннің көлемімен қатар, оның ішінде берілген түстерден жаңылмауы тиіс. Ересек топтары үшін тапсырма қызықты әрі өте пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеттері артады және бір – бірімен бәсекелесіп орындау барысында шапшаңдылыққа тәрбиеленеді. Тақтайшаны әсемдеу Балаларды үш-үштен топқа бөліп отырғызып, мозайка тақтайшасына әр түрлі түске боялған пішіндер, ал қасына түрлі түсті бояулардағы асықтар беріледі. Балалар осы берілген пішіндерге боялған асықтардың ішінен пішінді ашатындай түс таңдап, көлеміне сәйкес тізіп шығуы тиіс. Тапсырманы орындау барысында баланың эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеті дамиды. Ересек топтағы балалар үшін бұл оңай тапсырма болмағанымен, балалар бұл тапсырманы қызыға орындайды.

Балалар түрлі жаттығуларды жасау барысында шыдамдылыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

Асықты тақтайшамен жүру.

Денсаулық білім беру саласында да асық терапиясын пайдалануға болады.Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде тақтайшалармен жүру арқылы балалардың аяқ, қол еттері қатаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады. Қимыл-қозғалыс координациясы артып, қол мен аяқтың бірлескен қимылы дамиды. Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілеті дамып, психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. Жалпақ табанның алды алынып, ең бастысы балалардың дұрыс жүру дене бітімі артады.

Асық терапиясын таным білім беру саласы бойынша математика оқу іс-әрекетінде  кеңістікті бағдарлау мақсатында қолдануға болады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!