Материалдар / Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігін жобалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігін жобалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның басшылары, әдіскерлеріне әдістемелік көмек
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігін жобалау

5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулез ясли-балабақша» ММ

меңгерушісі Изятова А.М.

Білім беру жүйесіне құзыретті тәсілді енгізу педагогтардың кәсіби қызметіне жаңа талаптар қояды, олар жаңа білім беру парадигмасына сәйкес жинақы, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қарқынды сипаттамаларына сай және бәсекеге қабілетті маман болуына мүмкіндік беретін жалпымәдени және кәсіби біліктіліктерді меңгеруі тиіс. Құзыретті тәсілдің негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастыру педагогтардың бағалау, ұғыну, болжау, үлгілеу және әртүрлі кәсіби міндеттерді құрылымдық тұрғыдан шешу машықтарын дамытуды талап етеді, осыған байланысты педагогтардың жобалау біліктілігін дамыту мәселесінің өзектілігі артуда.

Жобалау біліктілігін тұлғаның білім алушыларды оқыту сапасын арттыратын педагогикалық жобалаларды дайындау және білім беру үдерісіне қажетті білімінің, машықтары мен дағдыларының жиынтығы ретінде белгілеуге болады. Бұл ретте жобалау біліктілігі педагогтың қалыптасуы барысында өздігінен туындайтын табиғи жаңа құбылыс емес, – оны арнайы қалыптастыру керек.

«Жобалау машықтары» ұғымына не кіреді?

Машықтар

  • МЖМБС талаптарына сәйкес оқу-білім беру міндеттерін қою;

  • оқу материалының мазұнын құрылымдау;

  • әртүрлі ұйымдасқан оқу қызметін жоспарлау;

  • білім беру-кеңістіктік ортаны жарақтандыру;

  • әртүрлі деңгейдегі дидактикалық материалды іріктеу;

  • әртүрлі педагогикалық технологиялар мен оқу әдістемелерін қолдану;

  • оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу және түзету;

  • балалардың оқу-танымдық қызметінің құрылымына сәйкес педагог қызметінің құрылымын айқындау;

  • коммуникативтік қарым-қатынасты ұйымдастыру;

  • оқу материалын меңгерудегі шаршаңқылықты немесе төмендеуді болжау және алдын алу;

  • оқу жағдайын талдау және дұрыс шешім таңдау;

  • күтпеген оқу жағдайында импровизациялау;

  • білім беру үдерісінің құрылымын түзетуді жүзеге асыру;

  • жоспарлау нәтижелерін болжау;

  • мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту үдерісінің нәтижелерін бақылау нысандарын, әдістері мен құралдарын жобалау.

Осыған сәйкес, білім беру үдерісін жобалау педагогтың қажетті машықтарының бірі болып табылады, педагогтың кәсіби қызметі оны қалыптастыру мен дамытуға бағытталуы тиіс.

Біз тұжырымдамалық, технологиялық, мазмұнды және нәтижелі компоненттерден тұратын педагогтың жобалау біліктілігін қалыптастыру үлгісін әзірледік.

Демек, мысалы, технологиялық компонент мыналарды тұспалдайды

  • педагогтың кәсіби біліктілігінің диагностикасын;

  • педагогтардың зерттеу қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді;

  • жеке даму бағыттарын әзірлеуді;

  • білім беру жағдайлары мен әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды жобалауды;

  • авторлық бағдарлама әзірлеуді;

  • балама бағдарламаларды бейімдеуді;

  • әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікті;

  • ата-аналармен жұмысты.

Мазмұнды компонент әртүрлі ғылыми-әдістемелік қызмет барысында практикалық машықтар мен дағдыларды меңгеруге жайлы жағдай жасауға бағытталған:

  • инновациялық технологиялар енгізу;

  • жетістіктерді бағалаудың мониторингтік жүйесін құру;

  • көпмәдениетті тұлға негіздерін тәрбиелеу;

  • балалармен жұмыстың нәтижелі нысандарын қолдану («Ақылдылар мен ақылгөйлер», «Тіл клубы» жобалары, турнирлер, олимпиадалар, тәжірибелі-эксперименттік және жобалау қызметі, зияткерлік викториналар мен марафондар, тренингтер, портфолио).

Жобалауға машықтандырудыбіз мына бағыттар бойынша жүргіземіз:

  • әртүрлі жағдайда педагогтардың коммуникативтік және ұйымдастырушылық машықтарын дамыту;

  • диагностикалық, талдамалы және құрылымдық машықтарды дамыту;

  • рефлексивтік машықтарды дамыту.

Жобалау біліктілігін қалыптастыру барысында кадрлармен жұмыста сараланған тәсілді қолдану маңызды рөл атқарады.

Педагогтармен жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлік нысандары

Педагогтар деңгейі

Ұйымдастыру нысандары

Мазмұны

Өнімдер

«Ментор мектебі»

Семинар-практикумдер

Көрсетілген үлгілерді қайталау бойынша іс-әрекеттерді орындау, қызмет тәсілдерімен танысу; тәсілдерді практикалық меңгеру (көшіру)

Картотекалар, технологиялық карталар жинағы, ақпарат дерекқоры

«Шығармашылық зертхана»

Презентациялар, мәселелі семинарлар

Практикалық қызмет тәсілдерін теоретикалық негіздеу және сипаттау, ғылыми мәтіндерді түсіндіру

Идеяларды сипаттау, инновациялық қызмет жобасы, жағымды педагогикалық тәжірибе материалдары, әдістемелік кешен (конспектілер, жоспарлар, алгоритмдер)

«Жаңашыл педагогтар»

Кәсіби шеберлік конкурстары

Жаңа идеяны және оны іске асыру тәсілін таныстыру; қоғамдық сараптама; өнімді идеялар мен тәсілдерді тіркеу

Оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік ұсынымдар, авторлық бағдарламалар, заманауи технологияны іске асырудың авторлық үлгісі



Білім мазмұны тұжырымдамалары, жекелеген оқу пәндері мен курстары, білім беру және оқу бағдарламалары, оқу құралдары, дидактикалық материалдар, бағдарламалық өнімдер және т. б. мазмұнның аясында жобалау нысандарына айналады.

Білім беру жағдайын жобалау мен білім беру қызметін технологияландыруға барынша толық тоқталып өтейік.

Білім беру жағдайын жобалау процесі.

Педагог балалардың өмірлік түсініктерін (немесе олар жеткен деңгейді) әдейі олар түсіндіре алмайтын ғылыми деректермен салыстыратын жағдайда мәселелі жағдай туындайды: білім, өмірлік тәжірибе жетпейді.

Білім беру жағдайын қою және шешу кезеңдері

  • Мәселені қою, тұжырымдау.

  • Ұсыныстар мен болжамдар ұсыну.

  • Болжамдарды таңдау, тексеру, негіздеу.

  • Қорытындылау, рефлексия, қорытынды.

Білім беру жағдайының аясында балалардың ізденушілік қызметін ұйымдастыру тәсілдері:

  • сұрақтар жүйесі, тапсырманың шарттарын қайта тұжырымдау;

  • жетекші тапсырмалар немесе көмекші тапсырмалар;

  • ойын кейіпкерінің бұрыс шешімдері;

  • аяқталмаған оқиға, жағдай;

  • жетекші тапсырмалар тізбегі

Мәселені дұрыс қойып, шешу үшін педагогтың қызметі мен баланың қызметін бөлу керек.



Педагог қызметі мәселелі жағдай құруды, мәселені тұжырымдауды, балалардың ізденушілік қызметін басқаруды, қорытындылауды тұспалдайды.

Бала қызметі мәселелі жағдайды қабылдаудан, мәселені тұжырымдаудан, өз бетімен ізденуден, қорытындылаудан тұрады.

Білім беру жағдайына мысал келтірейік.

«Сахараға саяхат» жағдаяты

Баланың ізденушілік міндеті: суды тазартудың түрлі тәсілдерін табу.

Мәселелі жағдайдың мазмұны. Сахарада керуен келе жатыр (тәрбиеші керуеннің суретін көрсетеді), саяхатшылар жолда ұзақ келе жатыр, және олардың суы да аз қалған. Алайда, олар қиындыққа тап болды: қатты дауыл басталып, олардың суы лайланды. Бәрі қатты қайғырып, ойлана бастады… (саяхатшылардың не ойлағаны туралы балалардың болжамдары, мәселені тұжырымдау). Тәрбиеші балалардың жауаптарын тыңдап, оқуды жалғастырады: … олар шөлін қандыруды, суды тазартуды ойластырды? Саяхатшылар қаптарынан дәке, сорғыш қағаз, елеуіш, кепсер, құйғыш, бос таза құтылар тауып алды (шығарып, үстелге қояды).

Саяхатшылар ойлана келіп, суды тазарту, шөлін қандыру тәсілін тапты.

Сендер қалай ойлайсыңдар, олар суды қалай тазартты?

Баланың міндеті – мәселелі жағдайды шешу және мына сұраққа жауап беру: «Саяхатшыларға суды тазалауға қандай заттар көмектесті?»

«Сатып алу» жағдаяты

Міндеті. «Тартқышбек Айболиттің қызметіне ақы төлеу үшін ақша – 10 теңге алып келді. Дәрігер Айболиттің жолға жеміс сатып алғысы келеді. Ол бір шоқ бананның 1 теңге, ананастың 2 теңге, екі кокостың 3 теңге тұратынын біледі. Маймыл банан, ит Авва түрлі жемістер, тотықұс тек ананас сатып алуды ұсынады. Үйрек банан мен кокос ұсынады. Айболит бар-жоғы 10 теңге бар екенін ескертті. Бәрі риза болуы үшін ақшаны қалай бөлеміз?»

Білім беру үдерісін технологияландырудың белгілері білім беру мақсаттарын толық сипаттау; белгіленген нәтижелерге – мақсаттарға жету тәсілдерін кезеңдік сипаттау (жобалау); оқу ақпаратын ұсыну, қабылдау, қайта өңдеудің психологиялық-педагогикалық және техникалық құралдарын жүйелі түрде қолдану; білім беру үдерісінің нәтижелілігін бағалау және түзету мақсатында кері байланысты жүйелі түрде қолдану болып табылады.

Білім беру үдерісін технологияландыруды жобалауда келесі объектілерді таңдау керек: ақпаратты қабылдау, ұсыну мақсаттары, мазмұны, ұйымдастырушылық тәсілдері, мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру қызметіндегі әрекеттестік, тәрбиеленушілерді шығармашылық дамыту нысандары.

Берілген мақсат бойынша дидактикалық, психологиялық, зияткерлік, ақпараттық және практикалық іс-әрекеттер, операциялар мен бала қызметінің тәсілдері құрылымдалады.

Білім беру қызметінде технологияландыруды жобалауды келесі кезеңдер бойынша жүзеге асыру керек:

  • Диагностикалық-болжамдық кезең: тәрбиеленушілердің бастапқы деңгейін анықтау.

  • Дайындық кезеңі – жеке және ұжымдық оқуға жағдай жасау, орталықты дамыту мақсатында инновациялық қызмет мақсаттары мен бағыттарын келісу.

  • Ұйымдастырушылық кезең – инновациялық орта құру және ресурстық қамтамасыз ету.

  • Қызметтік кезең – оқытудың оңтайлы мазмұны мен нысандарын таңдау.

  • Бағалау-түзету кезеңі – тәрбиеленушілерді дамыту мақсаттарына жету бойынша инновациялық қызметті бағалау, олардың даму қарқынын зерттеу, инновацияларды іске асырудың туындаған немесе қалыптасқан тәжірибесін ұғыну және қайта бағалау.

Сонымен, жобалау біліктіліктерін қалыптастыру барысында педагогтардың келесі машықтары қалыптасады: талдамалы, жобалау, болжамды, рефлексивтік, бұл оқу бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды, дидактикалық материалдарды, бағдарламалық өнімдерді және т. б. сәтті жобалауға және басып шығаруға ықпал етеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!