Материалдар / Мектепке өзгеріс енгізу –жаңаша оқыту баспалдағы

Мектепке өзгеріс енгізу –жаңаша оқыту баспалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда ұстаздарға кәсіби шеберліктерін арттырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқып үйренуде Кембридж университеті бағдарламасымен оқытудың деңгейлік курсының берері көп, әрі пайдасы да орасан зор екенін оқу кезінде түсіндім. «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз үйреніміз» деген Синектің ұтымды сөзі курста алған білімдеріміздің негізінде, өз мектебімізге барып өзгеріс енгізіп, кәсіби қауымдастық желісін құрып, ұстаздарға да тәлімгерлік етіп, коуч даярлап мектебімізге жаңа заман талабына сай жаңа бетбұрыс жасауымыз қажет екеніне ұмтылтқандай
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Баяндама

Тақырыбы: Мектепке өзгеріс енгізу –жаңаша оқыту баспалдағы







Орындаған информатика пәнінің мұғалімі: Мадиханова Мадина Мирзабаевна

















2021 – 2022 оқу жылы

Мектепке өзгеріс енгізу –жаңаша оқыту баспалдағы

Қазіргі таңда ұстаздарға кәсіби шеберліктерін арттырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқып үйренуде Кембридж университеті бағдарламасымен оқытудың деңгейлік курсының берері көп, әрі пайдасы да орасан зор екенін оқу кезінде түсіндім. «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз үйреніміз» деген Синектің ұтымды сөзі курста алған білімдеріміздің негізінде, өз мектебімізге барып өзгеріс енгізіп, кәсіби қауымдастық желісін құрып, ұстаздарға да тәлімгерлік етіп, коуч даярлап мектебімізге жаңа заман талабына сай жаңа бетбұрыс жасауымыз қажет екеніне ұмтылтқандай.

Мектептің дамыту жұмысына араласа отырып, көшбасшылық жасау арқылы мұғалім, ата-ана, оқушы арасындағы ортақ ынтымақтастықтың болуы бірін - бірі қолдай отырып, өзара сенімде болу деп түйіндеп, «Мектепте мұғалім - оқушы - ата-ана арасында ынтымақтастық орната отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» атты зерттеу тақырыбын негізге алдым да, мектептегі оқыту мен оқу үдерісіне оқытудың жеті модулін кіріктіріп, топтағы бірлескен ынтымақтастықты дамыта отырып білім сапасын, оқушы белсенділігін зерделеп көруді мақсат етіп қойдым. Мақсат айқын, енді мектебіме өзгеріс енгізу үшін ең алдымен даму жоспарына қандай өзгерістер енгізуіме болады деп ойландым, өйткені мектептің даму бағдарламасы - мектептің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерін сипаттайтын нормативтік басқару құжаты болып табылады.

Өзгеріс енгізудегі мақсаттарымды жүзеге асыруда көшбасшы бола отырып, мектеп әкімшілігі, біліктілік көтерудің ІІІ деңгей бағдарламасымен оқыған екі мұғалім, психолог, тәлім алушым және менімен осы курста бірге жүрген әріптесім, барлығы сегіз адам бірігіп мектепте «Ойшылдар» қауымдастығын құрдық, мақсаты өзіміз оқыған біліктілік арттыру бағдарламасының жеті модулінің мазмұнымен таныстыру.

Мектептегі тәжірибе барысы, НЕ, ҚАЛАЙ және НЕГЕ сұрақтары мектепті дамытуды жоспарлау мен желілік қоғамдастық аясында ынтымақтастық орнату арқылы мектептің бастапқы жағдайына зерттеу жүргізу төмендегідей қажеттіліктерді айқындап бергендей, яғни атап айтатын болсақ:

  • мектептегі ахуал

  • мұғалімдердің бір - бірімен тәжірибе алмаспауы

  • мұғалімдер жұмыстарының бағаланбауы

  • мұғалімдердің көшбасшылыққа тартылмауы

  • жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланбауы

  • ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдана алмауы

  • дарынды және талантты балаларға дұрыс бағыттың берілмеуі

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың дұрыс жолға қойылмауы

  • сыныпты, оқушыларды зерттеу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі

  • жас ұстаздарға тәлімгерлік ету

  • ата-аналардың мектеппен байланысының алшақтығы, мектептің проблемаларын шешуде тығыз байланыста болмауы

  • мектеп жұмысына оқушылардың араласпауы

Енді осы қажеттіліктерді ескере отырып, мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу арқылы кіммен, қалай іске асырамын, мақсатым не, қандай нәтиже күтемін деп жоспар жасадым да, шешу жолдарын іздедім.

Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық – бұл мектепті жетілдіру мен өзгертудің қажетті серігі және оның тиімділігін арттырушы фактор екендігі анықталған. Мұғалім көшбасшылығының негізіндегі жалпы мақсаттар мен құндылықтар да тиімді мектептерді құру үшін елеулі және маңызды шарт болып табылады. Зерттеу тиімді мектептердің оқыту мен оқу үдерісіне үлкен мән беріп, мұғалімдердің дамуына арнайы уақыт бөлетінін көрсетті. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. I деңгей. 67-бет)

Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым – қатынас деңгейі бұл ұжымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылады. Ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін, өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруда, сабақта топтағы жұмыстың маңыздылығын арттыруда әріптестерге «Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында коучинг өткізу қажет деп шештім.

Қазіргі білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай - ақ қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Бұл мұғалімнен білімділік пен үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Мұғалімдерге жүктелген үлкен жауапкершілікпен қатар олардың құзыреттілігі мен сенімін арттыру мұғалімдерді өз еркімен тәуекелге барып, оқыту тиімділігінің деңгейіне тікелей әсер ететін оқытудың инновациялық әдістерін ұсынуға мәжбүр етеді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. I деңгей. 67-бет) Шебер мұғалім, ең алдымен, сабақ беруші мұғалім емес, ол оқушыларды проблемаға бағытталған, зерттеушілік оқу - танымдық іс- әрекетінің кеңесшісі, ұйымдастырушысы және үйлестірушісі.

Мұғалім заман өзгерген сайын жаңашыл болу керек деп «Мұғалім не үшін өзгеру керек?» тақырыбында пән бірлестік жетекшілерімен, мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізуді жөн көрдім.

Ал, бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі мұғалімнің жан жақты, ізденімпаз болуын, жаңаша әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды, ақпараттық технологияларды тиімді қолдануын талап етіп отыр. Осы орайда оқытудағы осындай өзгерістерді сараптай отырып, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізуде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының «Кембриждік тәсілдерінің» өзара байланысты модульдарын мұғалімдерге толықтай түсіндіріп, ол тәсілдерді әр сабаққа дұрыс, тиімді пайдалана алуларын көрсету қажет деп, мұғалімдерге «Бағдарламалық жоспар дегеніміз не?» тақырыбында алдымен пікір алмасу қажет деп ойладым.

Барлық мектепте оқу әдістемелік материалдар жүйесінің жасалуына, яғни мұғалімдердің жұмысына бағыт беру және жеңілдету үшін сапалы жасалған әр сабақтың оқу жоспары мен оқу материалдарының болуына қол жеткізу қажет. Әрбір мұғалімнің әр сабағының құны баланың дамуы үшін ерекше маңызды екенін ескеруіміз керек. Биылғы оқу жылында мектептерге оқытудың жаңа оқу бағдарламалары ұсынылды, жаңа оқулық жоқ, бұл оқулық пен бағдарлама арасындағы алшақтық мұғалімдерге пән бойынша күнтізбелік жоспарды жасауда көп қиындық туғызды.

Осы орайда тізбектелген сабақ жоспарының топтамасын құруға үйрету, орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың негізгі мақсаттарымен таныстыру, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды ұсыну қажет деп ойлап, мектеп әкімшілігі, пән бірлестіктері жетекшілерімен коуч арқылы дөңгелек үстел өткізу қажеттілігі туындады.

Сабақты бірлесіп жоспарлау Aspire Publik Schools – тегі ынтымақты жұмыстың негізі болды, ал оны құру үлгісі практикалық тәжірибесі негізінде жасалды. Мұғалімдер оқытудың тиімді әдістерін әзірлеу және енгізуді ғана емес, өз тәжірибелерін білім беру жүйесі шегінде таратудағы жауапкершіліктерін сезінеді. Ең үздік әдістер тез арада көпшілік мақұлдаған әдіске айналады, бұл оқытудың жалпы сапасын көтереді. (А.Құсайынов. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы, 72-бет)

Осы тұрғыдан Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы және сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі – мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігінде.

Осы мақсатта мектептің дамыту жоспарына енгізуге жоспарлаған Lesson Study тәсілінің тиімділіктерін көрсету барысында, сыныпты зерттей отырып, іс-әрекетті зерттеуді бастап, тәжірибесі аз мұғаліммен сабақ өткізуді бастадым.

XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні заманауи тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән беріп, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс (Schleicher, 2012)

ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы бойынша:

  • Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады.

  • Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да естен шығармауға тиіс.

  • Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей, 6-бет)

Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар мән – жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Мектебімізде ұжымның 60 % жастар, педагогикалық қолдауды қажет ететін тәжірибесі аз маманмен, тәжірибесі көп мұғалімдердің жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыруда тәлімгерлік үрдісін үнемі назарда ұстап, мектептің шығармашылық тобымен бірге жұмыс жүргізуді жөн деп ойлаймын.

Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strond, Ward & Grand, 2011) (Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей, 7-бет)

Мектебімізде осы біліктілікті арттыру курстарынан (III деңгей) өткен үш мұғалім болды (тарих, география, бастауыш). Бұл мұғалімдер және «мектептегі тәжірибе» кезінде жұмыс жасаған тәлім алушылар да осы бағдарлама бойынша сыныптарда тізбектелген сабақтар топтамасын өткізген болатын.

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мазмұны «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» мәселесін шешуге бағытталғанын білеміз, ал осы мәселе қаншалықты іске асып жатқандығын, оқу нәтижесіне аз да болса ықпалы болды ма, нәтижесі қалай болады екен деген сұрақтар мені ойландырды. Осы себепті тізбектелген сабақтар топтамасын өткізген мұғалімдер мен осы сабақтар өтілген сынып оқушыларымен зерттеушілік әңгіме жүргізуді жөн көрдім.

Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей, 27-бет)

Мен қызмет ететін мектеп-ауыл мектебі, мектеп базасы қала мектептерімен салыстырғанда көш соңында деседе болар, АТК-ны толық дәрежеде қамтып, пайдалануға мүмкіндік жоқ, соған қарамастан мұғалімдер сабақтарында АКТ-ны пайдаланып өткізуге тырысады. Мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығы, сабақтарда АКТ-ні қаншалықты қолдана алатынын байқау сауалнама кезінде, 56% - ды көрсетті.

Білікті мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің өзара тығыз байланыста болуын және бірлігін қажет етеді.

АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей, 27-бет) Сол себепті «АКТ - ны сабақта тиімді пайдалану» тақырыбында мұғалімдерге тәлім алушым арқылы коучинг өткізу қажеттілігі туындады.

Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан- жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып-біліп, жан - жақты қалыптастыру. Ата-аналарды мектеп ісіне жұмылдырып, ынтымақтаса жұмыс істеудің оқу сапасын көтеруге ықпалы бар деп ойлайым, сол себепті ата-аналарға да бағдарлама мақсатын түсіндіріп, оның оқушы біліміне қажеттіліктері туралы мағлұмат беріп «Білім сапасын қалай көтеруге болады?» тақырыбында сынып жетекшілер арқылы пікір алмасу өткізуді жөн деп шештім.

Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектептеріндегі мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге ҚАЛАЙ көмектесуге болатынын білуге тиіс. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,І деңгей, 7-бет) Өз мектебімді және мұғалім тәжірибелерін өзгертуді тәлімгерлік пен коуч арқылы және желілік қауымдастықтар арқылы ұйымдастыруға болады деп ойлайым. Сондықтан тікелей көмек көрсету үшін бір мұғалімді тәлім алушы, үш мұғалімді коуч ретінде және бір мұғалімді іс-әрекетті зерттеуші қылып алдым.

Мектеп қажеттіліктері есебімде көрсетілген мектептің дамыту жоспарына енгізілетін өзгеріске арналған менің жоспарымның мақсаттарын айқындайды. «Менің жоспарым мектептің қажеттілігіне сәйкес пе?» - деген сауалға менің ойымша сәйкес дер едім, себебі, мен әріптестеріме «мектептегі тәжірибе» кезіндегі алты апталық қысқа мерзімде мағлұмат бердім деп ойлаймын. Келешекте осы мектептің дамыту жоспарына енгізілетін өзгерістер бойынша әріптестеріммен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» және

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға », - деп Абай атамыз айтқандай әріптестеріме үйретуден еш жалықпай жұмысымды атқара беремін. Осы жоғарыдағы көрсетілген іс-шараларды толық жоспарға түсірдім. Нәтижеге бағытталған жоспарды жүзеге асыратын боламын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық,1- денгей

2. Мектептің даму жоспары

3. А.Құсайынов. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы

4.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ