жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мектеппен ата - ана ынтымақтастығы" 10 сынып

13.12.2018 жыл
МЕКТЕППЕН АТА – АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
![]()
МЕКТЕППЕН АТА – АНА
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Мақсаты:
-
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
-
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, мектеппен байланысын арттыру, Балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Көрнекіліктер: слайд, үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп,маркерлер
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Сабақтың түрі: кофебрейк, тренинг
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Ата - аналармен сәлемдесу;
- «Танысу» жаттығуы;
- Топқа бөлу;
ІІ. Негізгі бөлім
-
Ой жинақтау;
-
Ситуациялық сұрақтар;
-
«Ашық айтсам…» жаттығуы;
Ш. Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Мектеппен ата – ана ынтымақтастығы » атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер!
Мақсаты:
-
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
-
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, мектеппен байланысын арттыру, Балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
-
«Танысу» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып,бір – біріне доп лақтыру арқылы әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
-
Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
3 . Ой жинақтау:
Үш топқа тақырып беріледі.Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
-
Ситуациялық сұрақтар:
Әр топ ата – аналары үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
-
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
-
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
-
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
-
Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
-
Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
-
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
-
«Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________
Менің тренингтік есімім_____________________________________________
Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________
__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Тәрбиешіге ұсыныс_________________________________________________
__________________________________________________________________ Қолы__________________
-
Қорытынды:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.
-
Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
-
Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.
-
Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.
Е.ӘУЕЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
№4 ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП – ИНТЕРНАТЫНДА 10 СЫНЫПТАРДЫҢ АТА -АНАЛАРЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН «МЕКТЕППЕН АТА – АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ » АТТЫ КОФЕБРЕЙКТІҢ ХАТТАМАСЫ
Қатысқаны: 15 ата – ана
Күн тәртібінде:
Оқушыларды «Мектеппен ата – ана ынтымақтастығы » тақырыбындағы кофебрейктің мақсатымен және жоспарысен таныстыру.
Тыңдалды:
«Мектеппен ата – ана ынтымақтастығы » тақырыбындағы кофебрейктің мақсатымен таныстыру үшін 10 «б» сынып тәрбиешісі Қабат Жайна сөз алды.
Мақсаты:
-
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
-
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, мектеппен байланысын арттыру, Балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
«Танысу» жаттығуында ата - аналар шеңбер бойымен тұрып,бір – біріне доп лақтыру арқылы әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиетті кезекпен айтып шығады.Ары қарай ата – аналарды 3 топқа бөліп отырғыздық.
«Ой жинақтау" кезеңінде
Үш топқа тақырып берілді.Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салды.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
Ситуациялық сұрақтар кезеңінде әр топ ата – аналары үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап берді.Әр топта 2 ситуациялық сұрақтан берілді.
Ашық айтсам…» жаттығуында ата – аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, тәрбиешіге деген ұсыныс пікірлерін бланкілерге толтырды.
Қорытынды бөлімде ата – аналарға кеңестер айтылды. Кофебрейк соңында ата – аналар тілектерін айтып қорытындылады.
Ұсыныс:
Түрлі формада ата – аналармен кездесу сағаттары жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып өткізілсе
ХАТШЫ: Д.Ағайдар
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген