2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Мектепте информатиканы және алгоритм тілін оқыту әдістемесі

Мектепте информатиканы және алгоритм тілін оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Информацияны өңдеуге байланысты алгоритмдерде шамалар ұғымынеңгізу қажет. Шама ұғымы информатика курсының іргелі ұғымдарының бірі болып табылады. Шама дегеніміз типі анықталған, мәні мен атауы бар объект. Шамалар екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Егер алгоритмнің атқарылуы барысында мәні өзгермесе,онда тұрақты шама деп аталады, ал алгоритмнің атқарылуы барысында мәні өзгеріеп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді. Шамалар типке қарай сандық және литрлік болып бөлінеді. Сандық шамалар өз кезегінде бүтін және нақты болып бөліненді. Мектептік алгоритмдік типте (МАТ) шамалар.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.

Д.Қонаев атындағы орта мектеп” КММ

Информатика пәні мұғалімдері

Ескелдиева Индира Абайевна

Мешитбаева Айнур Кенесовна

Ералиева Алия Муратбаевна











Әдістемелік құрал

Мектепте информатиканы және алгоритм тілін оқыту әдістемесі





























Мазмұны



Кіріспе


Негізгі бөлім

І. Мектепте информатиканы оқыту үрдісі

1.1 Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту

1.2 Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту

1.3 Информатиканы оқыту әдістемесі

ІІ. Алгоритм тілін оқыту әдістемесі

2.1 Алгоритм ұғымы мен жазылу қасиеттері және блок-схема құру

тәсілі

2.2 Сызықтық алгоритмдерді әзірлеу

2.3 Тармақталған алгоритмдерді әзірлеу

2.4 Қайталанатын циклді алгоритмдерді әзірлеу

2.5 Алгоритмдерді Паскаль программалау тілінде әзірлеу

2.6 Сызықтық алгоритмдерді программалау

2.7 Тармақталған алгоритмдерді программалау

2.8 Есептерді шешу алгоритмі мен блок-схемасын эзірлеу

2.9 «Алгоритмдік модель» блогы

ІІІ. Практикалық бөлім: Алгоритмді тілін оқыту әдістемесін сабақтарда қолдану

3.1 Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері»

3.2 Сабақ тақырыбы: Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі























Аннотация

Информацияны өңдеуге байланысты алгоритмдерде шамалар ұғымынеңгізу қажет. Шама ұғымы информатика курсының іргелі ұғымдарының бірі болып табылады. Шама дегеніміз типі анықталған, мәні мен атауы бар объект. Шамалар екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Егер алгоритмнің атқарылуы барысында мәні өзгермесе,онда тұрақты шама деп аталады, ал алгоритмнің атқарылуы барысында мәні өзгеріеп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді. Шамалар типке қарай сандық және литрлік болып бөлінеді. Сандық шамалар өз кезегінде бүтін және нақты болып бөліненді. Мектептік алгоритмдік типте (МАТ) шамалар.



Аннотация

В алгоритмах, связанных с обработкой информации, необходимо ввести понятие величин. Понятие величины является одним из фундаментальных понятий курса информатики. Величина-это объект с определенным типом, значением и именем. Величины делятся на две части: постоянные и переменные. Если значение не изменяется в процессе выполнения алгоритма,то называется постоянной величиной, а значения изменяются в процессе выполнения алгоритма. Величины делятся на количественные и литровые в зависимости от типа. Числовые величины, в свою очередь, делились на целые и действительные. Величины школьного алгоритмического типа (МАТ).



Аnnotation

It is necessary to introduce the concept of quantities in algorithms related to information processing. The concept of quantity is one of the fundamental concepts of the computer science course. A quantity is an object with a defined type, value and name. The values are divided into two parts: constant and variable. If the value does not change during the execution of the algorithm,then the values are called constant values, and the values that change during the execution of the algorithm are called variable values. The quantities are divided into quantitative and liter depending on the type. Numerical values, in turn, were divided into integer and real. Values of the school algorithmic type (mat).











Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты программалау тілдері үнемі жаңарып, өзгеріп отырады. Ал соның ішінде Турбо Паскаль программалау тілі - оқып үйренушіге өте жеңіл әрі түсінікті. Паскаль тілі программалауды үйретумен қатар, басқа прогрммалау тілдеріне кіріспе болып та табылады. Турбо Паскаль тілінің сызықты графикалық мүмкіндіктеріде бар. Программалау оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілеті мен ақыл-ойын дамытудың маңызды құралы болып табылады. Турбо Паскль прогрммалау тілі қазіргі кезде жоғары оқу орындарымен мектептерде кеңінен оқытылуда. Мұнда есептерді шешуде алгоритмдік құрылымдарды қосымша құрал ретінде қолдану, есептің қойылымына сәйкес математикалық модель құру, алгоритм жазу, нәтижені талдау кезеңдерін қарастырады.

Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:

  • Сабақтың мазмұны;

  • Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;

  • Сабақтың нәтижелігі.

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.

Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:

  1. оқыту;

  2. жаттықтыру;

  3. бекіту;

  4. қайталау;

  5. дамыту;

  6. шығармашылық, яғни іздену мақсатында;

  7. бақылау мақсатында өткізіледі.

Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:

  • диктант;

  • өзіндік және бақылау жұмыстары;

  • тестік тапсырмалар;

  • әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.

Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.

а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.

ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.

б) Бақылау жұмысы – алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерінше орындауы тиіс.

в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Алгоритм тілін оқыту әдістемесін жасақтау, оқушыларға алгоритм ұғымын, қасиеттерін, турлері мен берілу тәсілдерін үйрету арқылы логикалық ойлауын, алгоритмдік білімін дамыту. Оқушыларды алгоритмдік тілдің ережелерін білуге, өз бетінше алгоритм құрып, оған программа жазуға және компьютерде теріп, орындау іскерлігін қалыптастыру. Компьютерде есептер шығару кезеңдерін, программалау тілдерінің құрылымын, командалары мен операторларының қызметін түсініп, оларды тиімді пайдалана білу мәселелерін қалыптастыру.

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

1) Алогритм тілін оқыту әдістемесін жасақтаудың жолдарымен танысу;

2) Оқушыларға лагоритм ұғымын түсіндіру жолдарын қарастыру;

3) Оқушыларға өз бетінше алгоритм құруды үйретудің әдістемесін жасақтау;

4) Алгоритм тілін оқыту әдістемесін пайдаланып сабақтарөткізу.

Зерттеу объектісі: Алгоритм тілі

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша математикалық, иақпараттық, педагогикалық, авторлық және оқу-тәрбие бағдарламаларына, әдістемелерге талдау жасау, тиiстi әдебиеттер мен мұрағат мәлiметтерiне теориялық талдау, мектептегi танымдық үдерістерді бақылау, педагогикалық материалдарды саралау, модельдеу.

Зерттеу болжамы: егер, алгоритм тілін оқыту әдістемесі теориялық тұрғыда дәлелденіп, практикалық тұрғыда іске асырылатын болса, онда, оқушылардың алгоритм тілін үйренуге жаңадан талпыныс орын алар еді.

Зерттеу жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: оқушыларға алгоритмді үйретуде ойындарды қолдану, мектептің және қоғамның байланысына әдістемелік теориясы тұрғысынан келу; математикалық- информатикалық тұжырымдары.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Мектепте информатиканы оқыту үрдісі

1.1 Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау; - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны (АКТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.



1.2 Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту

Ойын түрлері:

Танымдық ойындар Информатиканы оқытудың негізі болып ойын саналады. «Ойын» сөзі курс ұғымына кездейсоқ енген жоқ. Психологтардың дәлелдеулері бойынша 6-10 жастағы балалардың негізгі әрекеті ойын болып саналады. Оқыту – күрделі және көпжақты процесс.

Әр ойынның басты мақсаты – материалды түсініп, бекітуге көмектесу.

Мысал ретінде 1,2,3-сыныптарда өтілетін ойындарды қарастырайық.

«Балық, құс, аң,...» ойыны Сыныпта жүргізуші «балық, құс, аң...» деген сөздерді айтып өтеді. Кенет бір сөзде тоқтап оқушыны көрсетеді. Оқушы не балықты, не құсты, не аңды атайды (ол жүргізушінің қай сөзде тоқтағанына байланысты).

Ойынның мақсаты:

балалар өздеріне таныс жануарларды атауға үйренеді;

таныс емес жануарларды таниды;

сыныптастарын зейін қойып тыңдауға үйренеді;

дұрыс жауапты тез тануға үйренеді;

сыныптастардың жауабын дұрыс бағалауға үйренеді.

Бұл ойынды өзгертуге де болады. «Гүлдер, ағаштар, көкөністер, жемістер...» және тағы басқа.

«Қатарды жалғастыр» ойыны

Жүргізуші оқушыларға бір топтағы заттардың қатарын атайды (4-5түрін).

Балалар бұл заттардың жалпы атауларын атап, қатарды жалғастырулары қажет. Мысалы, жүргізуші мынадай қатарды ұсынады: қаз, үйрек, торғай, қарға,.. немесе Астана, Москва, Лондон,...

«Күн-түн» ойыны .Балалар көзін жұмып, шынтақтарын үстел үстіне қояды. Жүргізуші он саны аясындағы сандарды алу және қосуға байланысты есептер айтады. Балалар көздерін ашпай саусақтарымен жауаптарын көрсету керек. Жүргізуші сыныпта жүріп балалардың қолдарын түртіп, жауаптың дұрыс не бұрыстығын айтады. Ойынның мақсаты - балалардың көру аппаратын қоспай, есепті ауызша шығара білуге үйрету. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір үлкен адамдар да саусақпен жауапты көрсетуге қиналады.

1.3 Информатиканы оқыту әдістемесі

Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір – дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері өкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде.

Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің бапрлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жеке сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.

Ал бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зхерттеуді керек етеді.

Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкелері бағдарламауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мекиеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шығып, 1986 ж. информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.

Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жалдары А.П.Ершов, В.Н.Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.

Алгоритмді оқыту әдістемесі. Алгоритмді және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жөн.

Алгоритм программа құрудың әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-сүзбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек.

Программалау тілдерін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960 жылдары алғашқы үйренушілер үшін жасалынады. Мектеп информатика курсында компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл, өйткені 10-15 нұсқалар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс істейді.

Паскаль тілін Н.Виртом жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған мүмкіндігі мол тіл. Сосын мектептерге Турбо Паскаль тілдері енгізілді. Турбо Паскальдың 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік бағдарламалау тілдері болып отыр. Паскаль тілі командалары мен операторлары және программа жасау жолдары мен әдістері өтіледі.

Архивтеуші және компьюретлік вирус программаларын оқыту әдістемесі. Бұл программалармен таныстырғанда олардың қызметтері мен қолдану әдістеріне кеңірек тоқталған жөн.

Электрондық поштаны, интернетті оқыту әдістемесі. Электрондық

пошта – компьютер арқылы аыстағыларға хат, әртүрлі хабарлар жолдау мен оларды қабылдауға арналған программа. Хабарды сервер арқылы таратып, қабылдауға болатындыған көрсетіп, практикалық жұмыс жасауды үйрету керек. Интернет (Inter – интернационал, халықаралық; network - желі), желісі көмегімен бүкіл дүгиежүзілік байланыс жасап, өзімізге қажетті ақпараттарды аламыз. Интернет желісі арқылы компьютерде мәліметтер алу жолын көрсетуі тиіс.

Демек, информатика пәнін оқытуда жоғарыда келтірілген тақырыптарды негізге ала отырып, оқыту әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды – ақпараттандыру ғасыры» деп атағандықтан, осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызды «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс.

ІІ. Алгоритм тілін оқыту әдістемесі

2.1 Алгоритм ұғымы мен жазылу қасиеттері және блок-схема құру

тәсілі

Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген көрнекті математик Әл-Хорезмидің латын тілінде бұрмаланған аты. Ол бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.

Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі. Бұл анықтамада алгоритм мен оның қасиеттерін байланыстыратын негізгі ұғымдар беріліп отыр. Оны келесі схема түрінде көрсетуге болады:

Бұл схемада орталық объект алгоритмді орындаушы болып түр. Орындаушы - бұл объект (немесе субъект), құрылған алгоритмді басқарады. Орындаушының негізгі әрекеті оның командалар жүйесін басқаруынан көрінеді. Кез келген есепті шешудің кірісінде берілгендер мен алгоритм командалары тұрады, шығысында нәтиже тұрады.

Алгоритмнің келесідей қасиеттері бар:

1) Алгоритмнің үздіктілігі. Информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұруы тиіс.

2) Алгоритмнің түсініюпілігі және аньщтылыгы. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

3) Алгоритмнің жалпылыгы. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс.

4) Алгоритмнің нәтижелігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.

Алгоритмді жазудың немесе берілу тәсілдерінің 3 түрі бар:

1. сөзбен ауызша беріледі.

2. блок-схема түрінде.

3. алгоритмдік тілде. -Блок-схема дегеніміз - информацияны өңцеу алгоритмін МЕСТ

(мемлекеттік стандарт)-те бекітілген символдарды пайдаланып, графикалық түрде жазу:

Алгоритмдік тіл - алгоритмді жазуға арналған тіл. Оның алфавиті, синтаксисі, семантикасы болады. Алфавит - тілдегі символдардың жиынтығы. Синтаксис - алгоритмді жазу ережесі. Семантика - сөйлемнің дұрыс құрылуы.

Алгоритмнің жазылуының жаппы түрі: алг <алгоритм аты> (<айнымалылар мен олардың типтерінің тізімі>)

арг <аргументтер тізімі>

нәт <нэтижелер тізімі> басы <көмекші айнымалыларды енгізу>

<Бастапқы мәнге меншіктеу>

<Алгоритмге сәйкес эрекеттер тізбегі> шығару <баспаға берілгендерді шығару> соңы

Мұндағы алг, нәт, арг, басы, соңы, шығару сөздерін қызметші сөздер деп атайды.

2.2 Сызықтық алгоритмдерді әзірлеу

Орта оқу орындарына тарналған барлық информатика оқулықтарында алгоримтдік тіл берілген.

Е-практикум жүйесінде алг, арг, нәт, басы, соңы қызметші сөздері бірден экранға шығады, бүл сөздер өшірілмейді. Мұнда оқушылардың көңілін атқарушы ұғымына, оның командалар жүйесіне аудару қажет.

Е-практикум алгоритм тақырыбының жазылуының жалпы түрі төмендегідей:

алг атауы (типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

арг аргументтер тізімі нәт нэтижелер тізімі

Алгоритм үшін бастапқы берілгендер болып табылатын шамаларды аргументтер деп атайды. Олардың тізімі арг қызметші сөзінен кейін жазылады.

Алгоритмдегі аргументте, нэтижеде болмайтын шамаларды аралық шама деп атайды, ол алгоритм тақырыбынан кейін басы қыфзметші сөзінен кейін жазылады. Енді алгортмнің жазылуының жалпы түрін көрсетейік:

алг атау (типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

арг аргументтер тізімі

нәт нәтижелер тізімі

басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі серия

соңы

1 -мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу. S=J(P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2

алг аудан (нақ а,Ь,с)

арг а,Ь,с

нәт S басы нақ р

р:=(а+Ь+с)/2

S:=sqrt(P*(p-a)*(p-b)*(p-c))

соңы

Бұл алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады, алгоритмдегі командалар жазылу реті бойынша бірінен соң бірі орындалады. Бұл командалар алгоитмдік тілдегі қарапайым командалар. Периметрді және ауданды есепдеу меншіктеу командасы деп аталады. Меншіктеу командасының жалпы жазылу түрі төмендегідей: атау:= өрнек

Бұл команда төмендегідей ережемен орындалады: Алдымен меншіктеу белгісінің оң жағында жазылған өрнек есептеліп, меншіктеу белгісінің сол жағында орналасқан айнымалыға меншіктеледі.

2.3 Тармақталған алгоритмдерді әзірлеу

Тармақталу ұғымын оқушыларға түсіндіру үшін төмендегідей логикалық тәсілді қолдануға болады. Алгоритмнің негізгі құрылымдарын бөліп көрсеткеннен кейін (сызықтық, қайталану, тармақталу), бірнеше командалардың ішінен тек біреуі ғана орындалады. Ал, енді қай команданың орындалатынын қалай білуге болады, эрине, ол қойылған шартқа тәуелді.МАТ-дегі тармақталу командасының жалпы түрі:

Егер шарт

Онда 1-серия

Әйтпесе 2-серия

Бітті

Қойылған шартқа тәуелді тармақталу командасына кіретін екі командалар сериясының біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса, онда 2-серия орындалады, ал шарт сақталмаса онда 2-серия орындалады.

Кейбір алгритмдер жэне, емес, немесе сөздерімен жалғастырылған екі немесе одан да көп шарттардан құралады. Мүндай шарттарды құрамашарттар деп атайды.

2-мысал.

У={ fsin х + cos3x, егерх >= 0.7 функциясының мәнін есептейтін

У= { cos + \х\ +1, егерх < 0.7

алгоритм құру.

алг есеп (нақ х,у)

аргх

нәту

басы

егер х>=0.7

онда y:=sin(x)+cos(3*x)

әйтпесе y:=cos(x)+abs(x)+l

бітті

соңы

3-мысал.

sin 3s + cos 2x, егерх < 2

У = sin + cos Зх, егері <= х < 3

sin 5х - cos 4х, егерх >= 3

функциясының мәнін есептейтін алгоритм құру.

алг есеп (нақ )

аргх

нәту

басы

егер х<2

онда y:=sin(3*x)+cos(2*x)

әйтпесе егер Гх<3) және (х>=2)

онда y:=sin(4*x)+cosf3*x)

әйтпесе y:=sin(5*x)-cos(4*x)

бітті

бітті

соңы

Бұл мысалда алгоритм үш тармақтан тұрады. Алгоритмдегі тармақтардың саны көбейген сайын тармақталу командасын пайдалану қиындай береді. МАТ-де көп тармақтан тұратын алгоритмдерді жазуда таңдау командасы пайдаланылады.

Таңдау командасының жалпы түрі: Таңдау

1-жағдай: 1-серия

2-жағдай: 2-серия

n-жағдай: п-серия

Соңы

Команданың орындалу ережесі төмендегідей: Алдымен атқарушы сақталатын шарт табылғанша шарттарды ретімен тексере берді. Ақиқат шарт табылғанда атқарушы оған сай команданы орындайды да, осымен таңдау командасының орындалуы аяқталады. Егер бірде бір шар сақталмайтын болса, онда бірде бір команда орындалмайды, яғни таңдау командасы орындалмайды.

2.4 Қайталанатын циклді алгоритмдерді әзірлеу

"Әзір" цайталану командасы. Кейбір алгоритмдерде белгілі бір шарттардың сақталуына тәуелді командалардың қандайда бір бөлігі бірнеше рет қайталанады. Осы әрекеттерді жүзеге асыратын командаларды қайталану командасы деп атайды.

Е-практикум жүйесіндегі әзір қайталану командасының жалпы түрі:

Цб әзір <шарт>

Серия

Цс

Цб-циклдің басын, цс- циклдің соңын көрсетеді. Команда төмендегідей ережемен орындалады:

алдымен шарт тексеріледі, шарт сақталудан қалғанша цикл денесіндегі командалар сериясы қайталана береді. Егер шарт басынан сақталмаса, онда командалар сериясы бірде бір рет орындалмайды.

1-мысал. Берілген п натурал саны қанша цифрдан тұратыны анықтау қажет. Бүл мысалда біз 10-ға бөлу командасының қанша рет орындалатынын алдын-ала білмейміз, бірақ бөлінді 1-ден көп болса бөле беру керек екенін білеміз.

алг есеп (бүт п, к)

арг n ^

нәт к

басылитм

к:=1

цб әзірп/ІОІ п:=п/10 k:=k+l цс

егерп/10=1

онда k:=k+l

бітті

m:="нәтиже"

к:=к

соңы

"Үшін" цайталану командасы. Бүл команда кестелік шамаларды өңдеуге байланысты пайдаланылатыны белгілі. Оқушыларға қандай жағдайда "әзір", қандай жағдайда "үшін" қайталануын пайдалану керектігін түсіндіру қажет. Егер кесетелерді реті бойынша іріктеу (берілген қасиеті бойынша элементтің номерін іздеу т.с.с.) қажет болса, онда "әзір" циклы пайдаланылады. Егер элементтердің қосындысы, максимум, минимум, элементтер санын іздеу қажет болса, басқа сөзбен айтқанда, барлық элементтермен біркелкі амалдар орындалатын жағдайда "үшін" циклы пайдаланылады. Бұл, әрине,, оқушылардың кестемен жүмысын жеңілдететіні белгілі.

Кейбір оқулықтарда "үшін" қайталануын "әзір" қайталану командасы арқылы өрнектейтін алгоритм немесе оған сәйкес блок-схема келтіріледі:

І:=1

Цб үшін I бастап 1 дейін N цб әзір K=N

серия серия

цс І=І+1

цс

пәнішілік байланысты ашуда бүл идея өте жақсы, бірақ мүндай модель кері қадаммен орындалмайды. Дегенмен, бүл өте қарапайым есеп емес:

І:=А

цб үшін I бастап А дейін В қадам Н цб әзір (І-В)*Н<=0

серия серия

цс І:=І+Н

цс

Ал, программалау тілдерінде үшін циклының нақты орындалуы егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

2.5 Алгоритмдерді Паскаль программалау тілінде әзірлеу

Алгоритмдерді программалау тілінде әзірлеу программа деп аталады. Алгоритмдерді көрсетудің бүл программасы орындаушы компьютер болған жағдайда пайдаланылады. Тіл операторлары дегеніміз - компьютерге әрекеттерді орындауды ұйғаратын алгоритм командасы.

Программалаудың тілдері көптеп саналады. Паскаль тілі - IBM PC дербес компьютерлері үшін программалаудың ең үздік оқу тілдерінің бірі. Басқа жоғары деңгейлі программалау тілдері сияқты Паскальдың да өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы бар. Алфавит - пайдаланылатын түрлі символдар: эріптер, цифрлар, таңбалар жэне белгілер. Синтаксис - машинаның іс-әрекетін анықтайтын нұсқауларды (команда, оператор), функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері.

Паскалъ тілінің алфаеитінің символдары:

1. Латын алфавитінің бас жэне кіші әріптері;

2. Араб цифрлары;

3. Өрнектаңбалары:+,-,*,/.

4. Қатынас таңбалары: =, < >, <, >, < =, >=7

5. Арнайы символдар: :,;,",(,),?,!,#, т.б.

Паскалъ тілініңжай және күрделі типтері бар. Олар:

A) Жай типтер: скалярлық және шектеулі. Скалярлық типтер: бүтін (integer), нақты (real), символдық (char), логикалық (boolean).

Б) Күрделі типтер: жиым (array), жол (string), жазу (record), файл, жиын.

B) Сілтеме.

Паскалъ тілінің операторларына:

1) := - меншіктеу;

2) read, readln - енгізу;

3) write, writeln - шығару, т.б. жатады.

Программаның цүрылымы:

Program <Атау>; - программа тақырыбы деп аталады.

Таңбалар бөлімі (Label);

Тұрақтылар бөлімі (Const);

Типтер бөлімі (Type);

Айнымалылар бөлімі (Var);

Процедуралар жэне функциялар (Procedure, Function);

Басы (begin)

{Операторлар бөлімі}

Соңы (end). Сызықтық программалау:

Program esep;

Var a,b,S,R,K:integer;

Gr, Snreal;

Begin K:=l; S:=0;

Writeln ('a,b-ны енгіз:');

Readln (a,b);

S:=a+b; R:=a-b; K:=a*b; Sr:=S/2; Gr:=sqrt(K);

Writeln ('Қосынды=', S, 'Айырма=', R, 'Көбейтінді=', К);

End.

Тармақталған программалау:

Program esepl;

Var x:integer; y:real;

Begin Write('x енгіз:'); Readln(x);

If x > 0 then y:=5*sin(x)

Else y:=abs(x);

Writeln ('Y =', Y:2:2);

End.

Қайталанған циклді программалау:

1 Үшін-ге

Program esepteu;

Var i,n:integer; S:real;

Begin Write('n енгіз:'); Readln(n);

S:=0;

For i:=l to n do S:=S+i;

Writeln ('Қосынды =', S:2:2);

End.

2 Әзірше-ге

Program esepteu;

Var i,n:integer; S:real;

Begin Write('n енгіз:'); Readln(n);

S:=0; i:=l;

While i <=n do begin

S:=S+1; I:=i+1; end;

Writeln ('Қосынды =', S:2:2);

End.

3 Дейін-ге

Program esepteu;

Var i,n:integer; S:real;

Begin Write('n енгіз:'); Readln(n);

S:=0; i:=l;

Repeat

S:=S+1; I:=i+1;

Until i>n;

Writeln ('Қосынды =', S:2:2);

End.

2.6 Сызықтық алгоритмдерді программалау

Оқыту мақсаты: диалогты программалар логикасын түсіну, команданы атқаруды меңгеру, дискіге жазу және каталогты қарау.

Ұсынылатын командалар: енгізу, шығару командалары, түсіндірмелердің жазылуы.

Оқыту әдісі: дайын программа мысалы, ары қарай оны өзінің жалғастыруы. Мазмұны: формула бойынша есептеуді программалау. Диалогты тілдерде оқушылар бірден дисплеймен жұмыс істеп кетеді, өйткені текстің үлкен бөлігін олар тікелей режимде өздері дайындайды.

Есеп былай тұжырымдалады: формула бойынша есептеуге арналған сызықтық алгоритмді құрыңдар; берілгендерді диалогпен енгізіңдер. Мысал келтірейік: -

Program audan;

Var a,b,c: integer;

p, s:real;

begin

writeln ('a,b,c ентіз :');

readln (a,b,c);p:=(a+b+c)/2;s:=sqr(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

wгі1е1п ('Аудан=', s:2:0);

end.

Алғашқы нұсқау болмаған жағдайда оқушы программаны орындауға жібергеннен кейін ? белгісін немесе бос орынды көріп, сасып қалады. Сондықтан алғашқы кезеңнен бастап, нұсқауды енгізу дағдысын қалыптастыру қажет. Сондай-ақ, біраз уақыт өткеннен кейін оқушы берілгендерді қандай ретпен енгізу керек екенін ұмытып қалады. Сол себептен, әрбір енгізілетін берілгендерге нұсқауларды жеке -жеке берген дұрыс.

2.7 Тармақталған алгоритмдерді программалау

Шартты оператордың көмегімен нақтылауды тексеру командасын қарастырайық. Мысал келтірейік.

Бейсик тілінде:

20 IF D-R>0 THEN 50

30 PRINT "шығын кірістен көп пе?"

40 STOP Әрі қарай есептеудің мәні жоқ

Паскаль тілінде: ,

IF NOT ((D-R)>0) THEN BEGIN

WRITELN (шығын кірістен көп пе?');

HALT (*тоқтату*)

END;

Нақтылауды пайдалану қателер санын азайтып, оны іздеуді жеңілдетеді, оқушыға да, мұғалімге де алгоритмнің логикасын түсіндіреді. Программа тексіне нақтылауды алгоритмді құру кезеңінде енгізуді ұсыну қажет.

Нақтылауды тексеру енгізуді тексерумен салыстырғанда жалпы тәсіл болып табылады: аралық нәтижелерді және шамалардың аралындағы байланысты да тексеруге болады. Бұл Бейсик тілін оқытқан жағдайда құрама командаларды жүйелі етіп құруға дайындайды. Мұны одан да қысқа жолмен жазудың түрі:

20 IF M0<=0 THEN STOP ' нақтылауды кері шартпен құруды талап етеді. Нақтылауды кеңінен пайдалануға тек ойлау дағдарысы кедергі жасайды. Нақтылауды тексеру программаның өзінің дұрыстығын тексеруді талап етеді. Программаны талдаудың қазіргі тәсілі тікелей алғашқы мәліметтер, нәтиженің қасиеттері жайлы нақтылауды талдау мен құруға, циклдың тұрақтылығына, циклдың шартына негізделеді.

2.8 Есептерді шешу алгоритмі мен блок-схемасын эзірлеу

Сызықтық алгоритм:

Есеп. А жэне В бүтін сандары берілген. Осы сандардың S-қосындысын, R-айырмасын, К-көбейтіндісін, Sr- арифметикалық ортасын, Gr-геометриялық ортасын табу алгоритмін құру керек.

Алг есеп( бүт а, в, S, R, К, нак; Sr, Gr)

Apr a, b

Нәт S, R, K, Sr, Gr

Басы

Енгізу a, b

S:=a+b

R:=a-b

K:=a*b

Sr:=S/2

Gr:=sqrt(k)

Шығару S, R, K, Sr, Gr

Соңы

S:=a+b

R:=a-b

K:=a*b

Sr:=S/2

Gr:=sqrt(k)

Шығару S, R, K, Sr, Gr

Соңы

Тармақталған алгоритм:

2sin(x), x>0

Есеп. Ү= [ |х| , х<= 0 есептеу керек.

Алг есеп2( бүт х, нақу)

Apr х

Нәт у

Басы

Енгізу х

Егер х> 0

Онда Y:=5*sin(x)

әйтпесе Ү:=|х|

Бітті

Шығару У

Соңы


2.9 «Алгоритмдік модель» блогы

Алгоритм түсінігі «Алгоритмдік модель» тақырыбын өткен кезде зат әрекетін көрсетуден басталады. Зат әрекеті жайлы айтқан кезде бала көңілін заттың өзі жасайтын әрекет қана емес, біз немесе басқа заттар сол заттармен әрекет жасайтынына бөлу қажет. Мысалы, банан өседі, піседі, түседі, шіриді, ал біз оны сатып аламыз, сыйлаймыз, жейміз, тазалаймыз.

Алгоритмді түсіндірудің қарапайым әдісі – кез келген танымал ертегідегі бір-бірімен сабақтаса жүретін әрекеттерді атау. Жұмыс дәптерінде бала сурет бойынша әрекетті көрсететін тапсырмалар бар. Мысалы,сабаққа бару алгоритмі: ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару.

Тапсырма өте оңай, бірақ балалар оны әр түрлі орындайды. Біреулер бірінші жуынып, сосын ас ішеді; кейбіреулер керісінше. Осындай тапсырмаларды талдай келе, келесі әдістемелік тәсілді қолдануға болады: бала өз әрекетінің орындау ретін айтады, ал мұғалім сол әрекеттің дұрыстығын дәлелдетеді. Бұл тәсіл бірнеше мақсаттарды көздейді:

1. бала өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің жауаптарын дәлелдейді;

2. басқа балаларды тыңдауға үйренеді.

Бала тек қана алгоритмді орындап қоймай, артық суретке де талдау жасайды. Бұл тапсырманың жауабы да әр түрлі болады, оның бәрі дұрысболады, егер бала өз жауабын дәлелдеп берсе.

Бұл тапсырманы құрастырушылар төменгі сынып оқушылары әр түрлі шешім табатынын болжамдамады. Бірақ балалардың үлкендерден гөрі әлемді өзгеше қабылдайды. Мұны әр сабақта көруге болады. Мысалы, балалар өз жауаптарын былай түсіндіреді:

Раушан гүлі- ағаш емес;

Қарағай-әрқашан жасыл ағаш, өзге ағаштардың жапырақтары күзде түседі;

Алма ағашы- жемісті ағаш;

Қайын-ақ дінді.

«Алгоритмдік модельдің» өзгеше тапсырмалары алгоритмдерден қателерді табуға берілген. Мысалы: жуу, кептіру, үтіктеу. Әрине, «үтікті қосу» әрекеті көрсетілмеген. Бірақ балалар басқа қателіктерті табады.

Бұл тапсырмалар балаларда талдау, жалпылау, қорытынды шығара дағдыларын дамытады. Барлық тапсырмалар дамытушылыққа бағытталған.

Келесі тапсырма соңғы қорытындыны табуға арналған алгоритмдер, сонымен бірге шығармашылық дамыту да көрінеді. Балалар түскен алмалардың, толып тұрған себеттерді, шыныдағы компоттың суретін салуы мүмкін.

Одан кейін күрделі тапсырмаларға көшу қажет:

берілген затқа байланысты жасалған әрекеттің нәтижесін анықтау;

«затпен қандай әрекеттер жасалды?» деген сұраққа жауап беру;

алдыңғы затпен қорытындысын байланыстырып, олармен жасалған әрекетті анықтау.

Келесі болып «кері әрекет» деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіну үшін «Кері әрекетті ата» деген ойынды өткізуге болады.

1. Жүргізуші сыныпта жүріп белгілі бір әрекетті айтады, ал балалар оның кері әрекетін айтады. Мысалы, сатып алу-сату, тұру-отыру.

2. Тақтаға бір баланы шақырып оған әрекетті айтқызуға болады.

3. Балаларды шатастырып кері әрекеті жоқ әрекетті атауға болады. Мысалы, кесені сындыру, алмұртты жеу, хатты жырту, әңгімені оқу.

Алгоритмнің түрлері.

Ең бірінші сызықты алгоритм оқылады. Ол блок-схема түрінде көрсетіледі. Мұнда балалар мен ұстаздардың да ойлап табу және өнертапқыш қабілеттігігін көрсетуге мүмкіндігі бар. Олар сізге жуыну әрекетін қадам бойынша суреттеп берсін. Бұл ойын дем алуға, күлуге, ойнауға және әрекеттің қадамын көрсетуге жағдай жасайды. Бала міндетті түрде бір қате жібереді. Ол сабынды қоюға, немесе орамалды ілуге, немесе суық және ыстық суды араластыруды ұмытады. Сіз онымен ойнап көріңіз: ол сабынды қайда жіберді- жеді ме, дұрыс сабындады ма, орамал ауада ілініп қалды ма?

Одан кейін дәптердегі жұмысқа кірісуге болады. Мысалы, әр қадамның ретін нөмірлеп шығу.

Тапсырма 1.

- табаныңды жуу.

- шүмекті аш.

- үстел басына отыр.

- шүмекті жап.

- табаныңды орамалмен сүрт.

- балды же.

- қасықты ал.

Тапсырма 2.

Сызықты алгоритмнің блок-схемасын толтыру.

Тапсырма алмасып отырады: не алгоритм құру керек, не оны блок-схемада толтыру керек.

Оқушылардың ең сүйікті тапсырмасы тормен орындалатын бақылау жұмыстары. Ол балалардың дұрыс жөн табуына, көңіл бөліп тыңдауына үйретеді. Осы тапсырмаға тор көзді дәптер бастауы керек. Сондай жұмыстар шығармашылық жұмыс ретінде қарастырылып, ең таңдаулысын сынып бұрышына қоюға болады.

Алгоритм түрлері

Тармақталу алгоритмі

Бұл тақырыпты оқыту кезінде оқушылар алғаш рет «тармақталу» ұғымымен танысады. Тармақталуды түсіндіру барысында өмірден алынған мысалдаркелтіріп, тармақталу блок-схемасы салынады (бағдаршам көмегімен немесеоның көмегінсіз көшеден өту, ауа райына байланысты киім таңдау, сабақ орындау және тағы басқа).

Тармақталуды білдіретін ромб геометриялық фигурасына алынады. Бұған кірудің бір жолы, ал шығудың екі жолы бар.

Циклдық алгоритм

Цикл бірнеше рет қайталанатын әрекет. Келтірген мысалдар балаларға түсінікті болуы қажет (түйме салу, күнделікті толтыру т.б). Балаларға бірнеше әрекет қайталанатын ертегілер айтқызуға болады («Балықшы мен балық туралы», «Шалқан», «Үйшік» т.б), өз өмірінен де мысалдар келтіруге болады. Мынадай тапсырмалар беруге болады:

Сонымен балалар мыналарды түсіну керек:

Алгоритм-ол белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытталған әрекеттердің қадамы;

әрекеттер тура және кері болады;

егер бір әрекетті өзгертіп немесе тастап кетсе, онда керек нәтижеге жете алмаймыз;

тармақталу-ол екі мүмкіндіктің біреуін таңдау;

цикл-бұл бір әрекеттің бірнеше рет қайталануы.

Келесі білім мен дағдыны меңгеру қажет:

сызықтық алгоритмді орындай білу;

сызықтық алгоритмді құру;

сызықтық алгоритмді түзету және қатесін табу;

сызықтық алгоритмді блок-схема түріне келтіру;

циклдық алгоритмді орындау.


ІІІ. Практикалық бөлім: Алгоритмді тілін оқыту әдістемесін сабақтарда қолдану

3.1 Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді әзірлеу


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді әзірлеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1- өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Алгоритм құрастырып, есептердің моделін жасай алады.

Бағалау критерийі

Барлық оқушылар: Алгоритм құрастыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Алгоритм құру арқылы блок- сызбаның шығу жолдарын көрсетеді.

Кейбір оқушылар: Алгоритмді жазу тәсілдерін қолданып, программалау тілде есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Оқушылардың жеке, жұптық,топтық жұмыс жасау барысында информатикалық тілде сөйлеу дағдылары қалыптасады, сипаттама бере алады.

- трассировка, трассировка орындаушылар ұғымын түсіндіреді;

- блок- сызба көмегімен есептің псевдокодын шығарудың жолдарын айтып береді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • алгоритм-алгоритм-algorithm

  • трассировка- трассировка- tracing

  • псевдокод- псевдокод- pseudocode

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Алгоритмді орындаушылар ....

Псевдокод- .........

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Пәнаралық байланыс

Математика, орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріп осы сабақпен байланыстыру.

-алгоритм деген не?

-базалық алгоритм құрылымдарын атаңдар?

-алгоритмдердің жазу тәсілдерін атаңдар?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин

Ұйымдастыру:

а) Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық ахуал жасау. Шаттық шеңбер «Жылы лебіз» жүрекшелер арқылы бір -біріне сәттілік тілейді.

Мақсаты: оқушыларды ынталандыру, жағымды орта қалыптастыру.

б) Сыныпты топтастыру.

«Сандар арқылы» әдісі бойынша ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады. оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтастыру. Әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды

в)Үй тапсырмасын сұрау.

« Не және неге? әдісі

Топ құрылғаннан кейін топ басшысы сайланады. Өтілген тақырып бойынша топ мүшелері бір біріне сұрақ қойып жауап береді. Топтағы барлық оқушы қатысу керек.

Сұрақтар: .........................

Дескриптор

  • алгоритмді байланыстырып айтады.

  • базалық алгоритм құрылымдарын атай алады.

  • алгоритмдердің жазу тәсілдерін орындайды.

Үй тапсырмасын пысықтау «Бас бармақ» әдісмен жүзеге асырамыз.












Қағаздан жасалған

сандар








Сабақтың ортасы

30 мин

Тақырыпты ашу әрекеті.

1-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі

«Жасырылған сөздер» бірнеше сөздер беріледі сол сөздердің ішінен оқушылар жасырылып қалған сөзді тауып тақырыпты ашады. Сабақтың мақсатын интерактивті тақтада көрсетемін.

2-тапсырма. «Бруннердің бейнелік білім беру әдісі» бойынша электронды оқулықтан түсіндірме bilimland.kz сайтынан

«Алгоритмді құрастыру» тақырыбының «түсіндіру» бөлімінен электронды оқулықты мұқият қараймыз. Мәтінмен және сөздікті жұмысты дәптерімізге жазамыз.

Дескриптор

Алгоритмнің блок- сызбасы не екенін түсінеді.

Псевдокод не екенін анықтайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.

3-тапсырма

(Ж) «Жоба жасау» әдісі арқылы компьютерде орындайды.

Оқушыларға алған білік пен дағдыларын пайдалана отырып, «Алгоритм құрастыру» тақырыбына презентация құруды ұсынамын.

Дескриптор

Алгоритм құрастыру тақырыбына презентация жасайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.

4-тапсырма

«Күту уақыты» әдісін пайдалана отырып белгілі уақыт беріледі, сол уақытта оқушылар тапсырманы орындайды. (компьютермен жұмыс)

  1. Берілген псевдокод бойынша есептің шартын құрастырыңдар.

  2. N натурал сан берілген n. Көбейтіндіні есептеңдер.

Дескриптор

  • Берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданады.

  • Берілген псевдокод бойынша есепті құрастырады.

  • N натурал сан берілген n көбейтіндіні есептеп шығара алды

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.







bilimland.kz сайтынан



























Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Менің ойым». Оқушылардың осы сабақ бойынша түсінгендерін анықтау немесе қателіктерін түзету мақсатында «Менің ойым» әдісін қолданамын.

1.Бүгін сабақта нені үйрендім?

2.Сабақтағы ұтымды іс-әрекетің?

3.Өз уақытымды дұрыс пайдалана алдым ба?


Үйге тапсырма: §§ Алгоритм құрастыру.

Бағалау парағы

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып, саралау тапсырмаларын құрастырдым.

Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды деп күтемін. Мысалы, 4-тапсырма «Күту уақыты» әдісімен оқушылар тапсырманы орындайды. компьютермен жұмыс істеп орындайды. Барлық оқушылар: берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолдана алады, сол есептің шартын құрастырады.

Көпшілік оқушылар: берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданып есептер шығарады. Кейбір оқушылар:

Берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданып, N натурал сан берілген n көбейтіндіні есептеп шығара алады. Қосымша оқушыларға көмектесе алады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды.



Рефлексия: «Менің ойым»







Қауіпсіздік техникасы ережелері




Қорытынды

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.

Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетініңтиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, өзбекстан психологтар ассоциациясының мүшесі Ф.Я.Вассерманның биоақпараттық технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта оқыту технологиясы, М.М.Жанпейісовтың модульдік оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде қолданылуда.

Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сайөз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолданаалатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.

Алгоритм тілін оқыту информатика пәніндегі қиын тақырыптардың бірі. Дегенмен, әр оқытушы кез келген тәсілдерді пайдаланып, оын тез игертуге болады. Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор. Олар:

  • Оқу мақсаттарының қойылуы;

  • Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Л.Искакова, Ә.Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.

  2. О.Камардинов. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.

  3. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005 жыл.

  4. Занков Л.В. Наглядность и активизация в обучении. Москва: Учпедгиз, 1960 год.

  5. «Библиотечные компьютерные сети: Россия и Запад. Современные тенденции корпоративной работы библиотек в сетях передачи данных». Москва – Либерия, 1998 год.

  6. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. Информатика. Астана, 2004 жыл.

  7. К.Халықова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, Білім, 2000ж, 196 2.М.П.Лапчик., И.Г.Семакин., Е.К.Хеннер. Методика преподавания информатики. Москва, 2003-620стр

  8. О.Камардинов. Информатика. Алматы, 2004ж

  9. Жақыпбекова Г.Т. Информатиканы оқыту эдістемесі.-Шымкент, 2003, 646

  10. Жақыпбекова Г.Т. Программалау тілдерін салыстыра оқыту.-Шымкент, 2003,646





Shape1

26


26 Наурыз 2025
109
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі