Материалдар / Мектептегі жылыжай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі жылыжай

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар жылыжайда биология сабағынан практикалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізе алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
1018
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп асханасында оқушыларды құнарлы және табиғи өніммен қамтамасыз ету үшін біздің мектепке шағын жылыжай қажет болды.Сонымен қатар оқушылар жылыжайда биология сабағынан практикалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізе алады. Қазіргі заманда дүкен сөрелерінде сыңсып тұрған тағамдардың қайсысы құнарлы, қайсысы ағзамыз үшін пайдалы екенін де білмейміз. Біз дүкендерге қандай азық-түліктер әкелінетінін де білмейміз. Ал жылыжайда оқушылар өз қолдарымен, көздерімен көріп экологиялық тап - таза, дәрумендерге бай көкөністерді өсіре алады.Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан 87 км шалғай жерде орналасқан Көктал ауылдық "Көктал орта мектеп-бақша" КММ-сінде 2013 жылы мектеп директоры Жазыбаева Жайнагуль Серікқанқызы,Майра Абдрешқызының бастамасымен аумағы 40 м құрайтын "Жылыжай" нысаны салынды.

Жылыжайдағы өсімдіктерді суарып,жылумен қамтамасыз етумен кіші қамту қызметкері Исбаев Жексен аға айналысады. Ал өсімдіктердің тұқымының өсу процесінен бастап,пісіп-жетілуіне дейінгі аралықты биология-химия пәні мұғалімдері Омарова Назира Тұрдығажықызы мен Дженбаева Динара Берикбаевна қадағалайды.Мұғалімдерге де сабақты практикамен ұштастырып өткізуге мүмкіндік туатыны бесенеден белгілі. Жылыжайдың салынуы оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Сондықтан мектеп оқушылары түгел дерлік жылыжай жұмысына, мектеп ауласындағы өсімдіктердің жайқалып өсуіне ықпалын тигізеді.Соның ішінде өзім де қатысып жүрген,жетекшісі мектеп биологы Назира Тұрдығажықызы болып табылатын «Жас биолог» үйірмесінің астын сызып айтып өткім келеді.Үйірмеде 15 оқушы бар.Үйірмеге қатысатын 5-11 сынып оқушылары тұқым егуден бастап,одан өнім алынуына дейінгі үдерістердің жүзеге асуын бақылайды.Мен 6-сыныптан бері қатысып,биология пәніне қатысты көптеген практикалық тәжірибені теориямен байланыстыра отырып,биология пәнінен білімімді тереңдете түстім.

Жыл сайын жылыжайда 20-25 см көшет дайындап,100-200 түп қияр,40-50 түп қызанақ егіліп,әртүрлі шырайгүл тұқымдары,1000 түп 6 түсті раушан көшеті күтіп бапталады. Күз айында оқушылар гүлдердің тұқымдарын жинап,раушан гүлінің түптерін қиып жылыжайға отырғызады.Ал көктемде олар мектепалды гүлзарға орналастырылады. Қазіргі уақытта жабық алаңнан жылына екі рет өнім алынады.

Мектепалды гүлзар раушан гүлі көшеттерімен көбейтіліп,жайқалып өсіп отыр.Раушан гүлін өзімізде қиып алып,ұстаздарға т.б мерекелік шараларда пайдаланамыз.

Бүгінде мектеп ауласы жасыл желекке айналып,жайқалып тұрады. Осы жерде биология пәні мұғалімі Омарова Н.Т еңбегін атап айтсам артық болмас. Мектепалды гүлзарының жобасы да ерекше дизайнмен жасалған.Көркем еңбек пәні мұғалімдері Ахат Айтқұрманұлы мен Рамзия Рақымханқызының қолынан шыққан «Тырналар», «Қар барысы», «Елік», «Тауыс» мүсіндері гүлзардың сәнін одан әрі көркемдей түседі. Онымен қоса Ахат Айтқұрманұлы жасап шығарған «Су бұрқақ» тамаша еңбек туындысы.Ал мектептің шығыс бөлігінде ботаникалық бақ орналасқан,онда мектеп түлектері естелік ретінде қалдырған демалыс орны ретінде қазақ үй бар. Ауладағы түрлі жеміс ағаштары мысал үшін алма,қара өрік,сары өрік,бүлдірген,таңқурай,шие және т.б ағаштар жылда төгілтіп жемісін береді.Осы жеміс ағаштарын көктем,күз айларында мектеп оқушылары егіп,жасыл желекке айналдырды.Жеміс түрлерін өзіміз үзіп,жейміз. Мектеп ауласының гүлденуі аудан тарапынан мақтауға ие болып, «Үздік мектеп ауласы» бағамын 2015 жылдан бастап иеленіп келеді.

Жаз айларында оқушылар «екінші үйлерінің» гүлдерін баптап, арамшөптерден тазартып,суаруға көмектесу жұмыстары ретінде еңбек практикасын өтейді.Бұл оқушыларды еңбекке баулуда.

Ауылды көркейтуде мектеп орны ерекше.Жылыжай салып, одан өнім жинаудың мектебіміз үшін маңызы зор болды. Біріншіден, мектеп асханасының ас мәзірі адам денсаулығына пайдалы дәрумені мол көкөніспен толықты,бала-бақша тәрбиеленушілері мен ұстаздар да игілігін көруде. Екіншіден, оқушылардың көкөніс өсіру дағдысы қалыптасып, еңбек етуге үйреніп жатыр.Түскен қаражатты жылыжайдың өзіне жұмсай отырып,жылдан жылға көркейтуде.Мектептегі жылыжайдың жайқалып,ауламыздың гүлденіп тұруы мектеп үжымының,оқушылардың тынымсыз атқарған еңбектерінің нәтижесі.





















































оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді. жылыжайдың жайқалуы ұстаздар, ата-аналар мен оқушылардың тынымсыз атқарған еңбегінің жемісі деуге болады. Осыдан аз уақыт бұрын топырағы енді өңделіп жатқан алаң бүгінде жасыл желекке айналған. Жабық алаңнан жылына екі рет өнім алынады. Тағы бір айта кетерлігі, оқушылар қол еңбегіне де тартылады. Оларға «екінші үйлерінің» гүлдерін баптап, талдарын суаруға көмектесу жұмыстары тапсырылмақ. Мектеп басшылығының айтуынша, 1200 шаршы метр жерге гүл, 1700 шаршы метр жерге газон егілген. Сондай-ақ 2000 түп тал отырғызылған. Жылыжай салып, одан өнім жинаудың мектептер үшін маңызы зор. Біріншіден, мектеп асханасының ас мәзірі адам денсаулығына пайдалы дәрумені мол көкөніспен толығады, екіншіден, оқушылардың көкөніс өсіру дағдысы қалыптасып, еңбек етуге үйренеді. Сондай-ақ, мұғалімдерге де сабақты практикамен ұштастырып өткізуге мүмкіндік туатыны бесенеден белгілі. Сыныпта алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, тұқым егіп, оны күтіп-баптап, өнім алу мүмкіншілігін бағамдаған

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!