Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы курс бойынша С есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурлыбек Гулжаукар «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» С бөлімі
ПШО ЖМ филиалы Көкшетау қ. Мұғалім көшбасшылығы
Рефлексия және даму
Өз тәжірибеме және мектептегі әріптестер тәжірибесіне өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп.
Тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді қалайша жүзеге асырылуын талдаудан бастаймын. Өз тәжірибемде қандай өзгерістер болғаны туралы ой қозғасам. Маған осы бағдарлама мазмұны әр күні ұстаз ретінде ой түюге мүмкіндік туғызып отырды. Алғашқы бетпе-бет кезеңінен алған білімімді мектепке келген уақытымда жоспарларымды қалай жүзеге асыратыным туралы көп ойландым. Сол үшін мектеп әкімшілігімен кезіге отырып,бағдарлама мазмұнын таныстыра отырдым. Мектеп әкімшілігі курстың мазмұнына жақсы көзқарасын көрсетіп,ұстаздар жағынан әрдайым қолдау болатынын айтты.
Тізбектелген сабақтарымды сыныпта жайлылық атмосферасын қалыптастыру, зейінін шоғырландыру мақсатында тренингтер жүргізіп және топқа бөліп отырдым. Осы арқылы сабақтың басында психологиялық дайындық өткізу арқылы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артатынын байқап жүрдім. Алдыңғы сабағымда осындай тренинг өткізбейтін едім. Менің сабағыма осы тренинг өткізу жақсы септігін тигізді. Бірақ сабақ басында,топқа бөлуде көп уақытты жоғалтып жүрдім. Осыны ескере отыра келесі сабақтарымда осы жіберген кемшілігімді дұрыстап,уақытты үнемдеуді ескеріп отырдым.
Жеті модульдің бірі «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» барлық сабақтарымда сәтті пайдалануға тырыстым. Балаларды бағалауда бір-бірін бағалау,өз-өзін бағалау,топ ішінде бағалау әдістерін қолданып отырдым. Маған сабағымда дәстүрлі бағалау емес жаңадан бағалау жүйесі тиімді болды. Себебі жаңа бағалау бойынша критериймен,дескриптор арқылы бағалау жеңіл. Осы жерде Н. есімді оқушым алдыңғы сабақта үндемейтін оқушы еді,критерий арқылы екінші оқушы жұмысын бағалауда ойын нақты айтып,үнемі белсене қатысты. «Мен бағалаймын, бал қоямын» деп қызығушылығын танытып отырды. Осы өткізген төрт сабағымда оқушы бойында өз-өзін бағалау,бір-бірін бағлау дағдысын қалыптастырдым. Сабақ жоспарлауда әр тапсырманы саралап,оқушыға жеңіл жеткізіп беруді ойлап,іске асырдым, «Жауабың дұрыс емес» деген сөздің орнына «Тапсырманы тағы қарап шық,әлі де ойлан» деген сөзбен ауыстырып,оқушыға дұрыс кері байланыс беру керектігін түсіндім. Осы арқылы балалардың сенімділігін көру арқылы өзімнің жақсы ұстаз бола алатынымды байқадым.
Алғашқы екі сабағымда бағалау бойынша өз-өзін бағалау,бі-бірін бағалауда кейбір оқушылардың кері байланысын оқытуды ұмытып,кейбір оқушым кері байланыс беру үшін қиналған кездері мен үшін сәтсіз жағы болды. Себебі балалар сабақта мұғалім баға қоятынына үйренген,жаңа бағалау бойынша дағды қалыптаспаған еді. Бірақ болашақта осы қателіктерді болдырмау үшін көп жұмыс жүргіземін. «Бағдаршам», «Желкенді қайық» әдістерін қолдануда оқушы бойында өз-өзін бағалау дағдысы қалыптасты. І.есімді оқушым «Сабақта мен осы есепті түсінбедім,кері есепті түсіндім» деген кері байланыс жазып,ортаға шығып оқығанда,оқушының осы әрекеті сабағымның сәтті болғаны деп ойладым. Себебі ол оқушы сабаққа зейін қойып тыңдамайтын еді. Сабақ барысында критерий арқылы бағалауда балаларға критерийді дайын түрде беріп отырдым,өйткені аз ғана сабақ өтті,осы тұста жіберген кемшілігім балалар бір-біріне кері байланыстарын оқуына мүмкіндік беруді ұмытып отырдым. А.есімді оқушым ренішін білдірді. Бірақ келешекте сабақ барысында оқушыларға бағалау критерийін құруды үйретемін және өзімнің жоспарыма енгізіп отыраамын. Осы модульді сабағымда өзгеріс енгізу үшін үнемі қолданып отырамын.
Сабақта жоспарлауда өткен сабақты қайталау мақсатында «Қар кесегі», «Миға шабуыл», «Өзіндік ойын» әдістерін қолдандым. Осы әдісті қолдануымда байқғаным оқушылардың қызығушылықтары артып,белсенді болды. Осы арқылы С.есімді оқушым сабаққа қызығушылығын білдіріп,есепті шығаруда топ ішінде өзі жазып,бәрімізді таңқалдырды. Осы оқушы сабақ үстінде көп сөйлей қоймайтын еді. Сабағым сәтті өтті. Бұл әдістерді қолдану арқылы «Жас ерекшеліктеріне сай оқыту» моулбдерін сабағыма қолдана алдым. Келешекте сабағымда басқа жаңа әдістерді енгіземін. Тізбектелген сабақтарды жүргізуде жеті модульді тиімді қолдануға тырыстым. Мысалы: жаңа сабақты түсіндіруде «Галереяны шарлау», «Үштік әдіс», «Рөлдік ойын» әдістері арқылы «Оқудағы көшбасшылық», «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модульдерін тиімді қолдандым. «Рөлдік ойын» әдісі арқылы оқушылар қысқаша оқылған мәтіннен кейін,мәтін мазмұны бойынша есепті шығару үшін,ең бірінші түсінгендерін сахналық көрініс ретінде көрсетті. Сахналық көрсетілімде Е.және А. Оқушыларым рөлге беріліп,құстар болып қимылдап өте белсене көрсете білді. Өздері бір-біріне «сен жаңадан ұшып келгенқұс боласын» деп рөлдерін бөліп,рөлге ене білді.,сабақтың осы жері мен үшін сәтті болды. Осы арқылы оқушы бойында көшбасшылық,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ,диалогтік қарым-қатынас құру дағдылары қалыптасты.
Сабақтарымның бірінде АКТ-ны,диалогтік оқыту,оқытуды басқару және көшбасшылық модулбдерін ықпалдстыра қолдандым. Сабақ өту барысында сәтті және сәтсіз жақтары болды. «Стикердегі диалог» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгеру бойынша тапсырмалар берілді. Осы әдісті сабақта алғаш рет өткізіп отырғандықтан,мен үшін де қызықты болды. Бірінші мен стикеорлерге тапсырмалар жазып,тақтаға іліп қойдым,оқушылар кезек-кезек орындап жүрді. Осы кезде Р.есімді оқушым есеп шығаруда шорқақтау еді,білмегенін басқа оқушыдан сұрап,дұрыс жауап беру үшін ізденіп жүргенін байқадым,мен үшін осы сәт жақсы өтті. Тапсырмалар әр түрлі А,В,С деңгейінде болғандықтан,әр деңгейдегі оқушылар жауаптары әр түрлі болды. Ал сәтсіз жері тапсырмаларды деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманың жеңіл берілуі болды. Келесі жолы тапсырманы күрделендіріп отырамын. «Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы оқушылардың қызығушыдықтары артыру үшін екі топқа екі түрлі тапсырма ұсындым. Сызба бойынша есеп құрастыру және берілген есепке кері есеп құрастыру тапсырмасы берілді. Оқушылар белсене қатысып,топпен бірге ұйымдасқан түрде жұмыс жасап,шығарылған есепті постермен қорғап шықты. Осы әдіс арқылы балалардың көшбасшылық,өз ойын еркін жеткізе білу дағдысы қалыптасты,оны мына жерден байқадым Н.және І есімді оқушыларым тақтаға шығып,постерге жазған есебін түсінікті етіп айтып берулері мен сабағымның жақсы жағы. Әрине осы әдістер барысында қиындықтар тцғызды. Мен бағыт бағдар беріп отырдым. Және кері есептерді ойдан құрастыруда талантты және дарынды балалар анықталып отырды. А.есімді оқушым өз ойын нақты дәлел келтіріп айтып берді.
Орындалған тапсырмадан кейін кері байланыс алу мақсатында «Стикердегі диалог» әдісі арқылы топ бір-бірін бағалады. Топтар бір-біріне стикерге не ұнады,қандай тапсырма түсінікті болғанын жазып,жапсырып отырды. Осындай әдістерді қолдануым менің де өзгерістерімнің бірі. Сабақты қорытындылауда «Алтын балықтағы аквариум» әдісі болды. Оқушыларға жасырын сурет берілді. Алтын балық алған оқушы сұраққа жауап берді,осы кезде алдыңғы сабақта үндемейтін оқушымнң бойында бір өзгеріс болғанын байқдым. Әр сабақта топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылар топпен жұмыс жасауға,бір-бірінің ойын құрметтеуге ,бір-бірін тыңдауға дағдыланды. Осы жерде Н.және А.есімді оқушым топтық жұмыс кезінде топтың спикері болып,өте жақсы сабаққа қатысты. Бір кемшілік оқушы арасында реніш туындады, бәрі спикер неге болмаймыз деп ойын білдірді, мен спикер бір адам болатынын түсіндіріп отырдым. Осы сабақ барысында А.есімді оқушым рефлексия жасауда «Алма-қырықаяқ-себет» әдісінде «Мұғалім біздің сабақтар үнемі осындай қызықты өтсінші» деген ойын білдірді. Оқушылардың кері байланыстарын жазған парақтарын талдау барысында сабақ ұнағанын,қызықты және не ұнамағынын көрдім. Н.есімді оқушым: «Сабақта топтық жұмыс жасау ұнады» деп жазыпты,бұл оқушы алдыңғы сабақтарда топтық жұмыс жасауды ұнатпайтын, кейбір оқушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірінен көмек сұраған тиімді болды деп жазыпты. Мұғаліинің сабағының жоғары деңгейде өтуі үшін ұстаз әрдайым ізденіс үстінде болуы қажет. Сабақтағы жағымсыз тұстары сабақта шудың көп болуы,уақыттың жетіспеуі,бір-бірін бғалауда оқушылар дұрыс көңіл бөлмей бағалауы болды. Бірақ осы кемшіліктерді болдырмау үшін жұмыстар атқарамын,тәжірибемді толықтырамын. Жеті модуль туралы түсінігім мен сабақтарда қолдану дағдыларым қалыптасты.
Осы өткізген сабағым бойынша түйіндесем сабақ беруде өз әдістемеме көп өзгеріс енгіздім. Оқушылар да топпен жұмыс істеуге үйренді, ойын анық жеткізу дағдысы, бірін –бірі тыңдауы қалыптасты. Оқушылардың білім сапасын жақсарту үшін әлі де жұмыс атқарамын. Оқушылар осындай сабақтар жүргізу арқылы сыни ойлауға үйренді, нақты сұрақ қоя білу, дұрыс шешім қабылдауға үйренді.
Келесі мектептегі әріптестерімнің тәжірибесіне өзгеріс енгізу мақсатында коучинг үдерісінің жүзеге асырылуы туралы талдаймын. Коучинг сабақ «Сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО стратегияларын қолдану тиімділігі» тақырыбында өткіздім. Осы тақырыпты алудағы мақсатым мұғалімдердің тәжірибесінде оқушыларды сыни ойлауға үйрету дағдыларын қалыптастыру үшін әдістерді қолдануға, оқушының өз пікірін айта білуге, оқушының өз білімінің мықты және әлсіз жақтарын айқындай білуге итермелеу үшін әдістерді қолдануға ықпал ету. Сонымен бірге мұғалімдердің пікірінше сын тұрғысынан ойлау дегеніміз біреуді сынау және кемшілігін айту деп ойлайды екен. Сондықтан ұстаздарға жеті модульдің бірі сын тұрғысынан ойлауға үйрету тақырыбы туралы дұрыс мәлімет беру. Бір коучинг сабақ арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін түсіндіріп шығу мүмкін емес. Сол себепті сабақта модульдің бір бөлігі СТО стратегияларын тиімді қолдану деп ғана өткіздім. Коучингті бастамас бұрын жағымды көңіл күй ұйымдастыру үшін «Оркестр» жаттығуын жүргіздім. Үш түрлі әндер арқылы үш топқа бөлдім. Бұл жерде топқа бөлу,тренинг өткізу ол мұғалімнің ізденуі мен мен шығармашылығына байланысты болады. Коучинг сабаққа мұғалімдер белсене қатысты. Коучинг сабақ өткізу мен үшін қиындау болды,себебі оқушылар алдында сабақ өткізу басқаша,өзімді жайлы сезінесің,ал мұғалімдермен коучинг барысында бәрі басқаша ,өзінің адында отырған мұғалімдер тәжірибесіне әдістемелік өзгеріс енгізу,жаңалықпен таныстыру бір шеберлікті талап етеді. Топқа бөлінгеннен кейін мұғалімдерге ой қозғау мақсатынжда бейнематериал көрсеттім және сұрақтар қойдым, Т.А.Е әріптестерім өз ойларын ашық айтып,өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтың тақырыбын ашу үшін ой қозғау әдісін ұтымды пайдаландым. Осыдан кейін жоспар бойынша сын тұрғысынан ойлау туралы презентация көрсеттім. Бағдарламаның мазмұнын тиімді түсіндіруге тырыстым. Осы сабақты жоспарлауда өзімнің бойымнан тыңдай білу,туындаған мәселені шешу,іздену сияқты қасиетті дамыттым. Таныстырылымнан кейін бейнематериалдың жарты бөлігін көрсету арқылы әр топқа тапсырма бердім. Бірінші топ эссе түрінде ,екінші топ болжау ағашы,үшінші топ синквейн әдісі ретінде өз ойларын білдірді. Мұғалімдер бірлескен,ұйымдасқан түрде жұмыс жасап,сыни ойлау арқылы өз ойларын ортаға салды. Осыдан мұғалімдер оқушының білім сапасын жақсарту үшін сыни ойлау модулін тиімді қолдану қажет екенін түсініп.ой түйді деп ойлаймын. А.есімді әріптесім өз ойын постерге түсіріп,ортаға қысылмай шығып ойын жеткізе білді,ол ұстаз осындай жұмыстарда ортаға шығып сөз сөйлеуді ұнатпайтын еді,бірақ осы коучингте бір өзгеріс болғанын байқадым. Яғни әріптестеріме сабақта қоданған әдіс-тәсілдер көңілдерінен шығып,қызығушылықтары оянды,әрине бұл мен үшін сәтті болды. Осыдан кейін «Дананың кілттері» әдісі туралы презентация көрсеттім,әр топ осы дананың кілттері бойынша «Тістелген алма» мәтінін талдап шықты. Бұл жерде әріптестерімнің өз тәжірибелерінде осы әдісті қолдануына ықпал ету мақсатым болды. Мұғалімдер тапсырманы орындауда басқа қырынан танылып, жауапкершілікпен орындап шықты. Осы әдісті қолдану арқылы әріптестер өз сабақтарын қызықты өткізуге ұмтылады деп ойладым. Кемшіліктер коучинг сабақ барысында болды,мысалы уақыттың тапшылығы,тапсырмаларды аз қолдандым. Кері байланыс алуда мұғалімдер стикерге жазып,өз ойларын білдірді. Коучинг сабақтың сәтті тұстары бір-бірін мұқият тыңдауы,өз ойларын ортаға салуда терең ойланып жұмыс жасауы болды.
Келесі мектепте тәлімгерлік үдерісінің жүзеге асуы туралы талдасам. Тәлім алушымен қарым-қатынас шынайы,жақсы сипатта болды. Тәліпке әрқашан көмектесуге ,әр қашан туындаған мәселені талқылай алатынымызды білдірдім. Әрине әріптестер арасында түсінушілік қарым-қатынас болса ғана,жұмыс алға ілгері болатыны белгілі. Тәлім алушы дәстүрлі сабағын өткізіп,оған талдау жасадық,дәстүрлі сабағында мұғалім өзі ғана сөйледі,сабақ бір-екі оқушыдан ғана сұралды. Сабақтың соңында тәлім алушыдан «Сабақ мақсатына жетті ме?» деген сұрақ қойдым,тәлім алуыш сабағым ойдағыдай өтті деп жауап берді. Осы жерде тәдім алушыға сабақтың мақсаты оқушыға негізделіп құралатындығын,оқушылардың қалай білім алу керектігі туралы түсінуін және тәжірибесіне өзгеріс енгізу керектігін түсіндіріп жүрдім. Жаңа бағдарлама бойвнша мұғалім тек бағыт-бағдар беруші,материалды дайын түрде оқушыға ұсынбаймыз,оқушы ізденуі арқылы өздігінен оқуы қажет екенін үйреттім. Сол себепті тәліпті өзімнің сабағыма қатысуын өтіндім. Сабағыма қатысу арқылы өзінің сабағын түрлендіріп өткізетіні мені қуантты. Себебі тәлім алушы өзінің сабағын түрлендіріп,жаңа әдістерін қолдану арқылы өткізуі мен үшін сәтті жері болды. Тәлім алушы өзінің сабағында топтық жұмысты қолданып көрмегендіктен қобалжып жүргенін айтып,ой бөлісті. Мен оған сенімділік білдіріп «Сенің қолыңнан бәрі келеді» деп қолдау көрсетіп отырдым. Осыдан кейін тәлім алушы сабақта сыни ойлаудың әдістерін қолдану,АКТ-ны пайдалану арқылы танымдық қабілеті артатынын,оқыту үшін бағалаудың балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтынын,қызығушылықтарын арттыруға болатынын байқады.менің олйымша тәдлім алушы тәлімгерлік уақытында оқугшылардың сыни ойлауға үйретудің маңызын,оқыту үшінбағалаудың тиімділігін,нәтижелерін,оның әдістерін сабақта қалай қолданған тиімді екенін үйренді деген ойдамын. Мұғалім сабақта өзін еркін ұстау арқылы оқушылардың жұмысын қаждағалай білуі,нәтижеге қол жеткізуге болатындығын біліп үйренді. Тәліп бірінші сабақтарында жіберген кемшіліктерін екінші сабақ өткізу арқылы түзете отырып сабақтарының нәтижелі болғанына қуанышын білдірді. Тәлімгерлік үдерісі кезінде сәтті тұстары бар,мысалы оқушылардың сурет бойынша өз ойын анық айтуы,яғни Д.есімді оқушы ойын жеткізу үшін мақалды қолданып,шығармашылықпен сөйлеуге тырысты. Кемшіліктерде аз емес,себебі тәліп оқушыларға сенімділік білдірмей дұрыс жауап бермеуі мүмкін деп ойлап,өзі көп сөйледі,уақытты тиімді пайдалануды ұмыта берді. Негізінде сабақ барысында мұғалім оқушыға сенімділік білдіруі оқушы үшін маңызды,сонда ғана оқушы өз ойын анық айта алады. Тиімді берілген кері байланыс арқылы мен өзімнің тәлімгер болуда жақсы жетістікке жетуге болатындығын түсіндім.мнің де бойымда өзгеріс болды. Келешекте тәлім алушымен көбірек жұмыс жасау қажеттігін білемін.
Қорытынды ой.
Ойымды жинақтай келе,осы жеті модулді ықпалдастыру арқылы келешекте сабақтарда оқушының сабаққа деген белсенділігін дамыту,қызығушылығын дамыту үшін әлі де жұмыс жасаймын деген ойдамын. Өйткені бұрынғы әдістер,яғни дәстүрлі сабақ арқылы оқушының қабілетін ояту жүзеге асырылмайдды. Ал жаңа бағдарлама арқылы топпен ұйымдасқан түрде жұмыс жасап, бір-біріне көмек беруді үйренеді, соған дағдыланады. Мен үшін осы оқу бағдарламасы арқылы алдағы сабақтарымда көп өзгерістер болады деп болжаймын. Келешекте сабақта оқушының өзін еркін ұстауына,сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға,кері байланыс орнату арқылы ойын жеткізуге бағыттап отырамын. Әріптестеріммен жеті модуль бойынша әлі де коучинг ұйымдастырып,ынтымақтастықта жұмыс жасаймын деп ойлаймын. Тәлімгерлік ету арқылы тәліптің кәсіби түрде дамуына ықпал етемін деген ойдамын. Болашақта оқушылардың сапалы білім алуына үлесімізді тигізуіміз үшін аянбай еңбектенуіміз қажет.