Мектептегі мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары, педагогикалық зерттеудің әдістері мен методологиясы
Адильбекова Замира Жаңабекқызы
Тараз
қ.
№69 келешек мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Халыққа білім беру ісін жетілдіру – мемлекеттің негізгі саясатындағы өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім мен тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының Заңында «Білім беру - мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі» - деп жазылған.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің дамуына, қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне, ұлттық ерекшеліктерге, халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Еліміздің тәуелсіздікке қолы жетіп, елімізді, мемлекетімізді дүние жүзі мойындап, жүздеген мемлекеттермен халықаралық қатынастарға түсіп отырған заманымызда еліміздің рухани әл-ауқатын, мәдениетін, әдебиетін, ғылымын өркениетті елдермен терезесін теңестіру бүгінгі күнде ең негізгі мәселе болып отыр.
Республиканың экономикалық мәдени, этикалық дамуы нарық қатынасының дамуымен, қалыптасуымен сипатталады. Негізгі мақсат – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру.
Педагогикалық колледж студенттерін педагогтік қызметке дайындау ісі педагогикалық колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы педагогтер даярлайтын факультеттердің негізгі мақсат көздеген жұмысы.
Мұндағы мақсат – саналы, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, интеллектуалы жоғары біздің жастарымызды педагогикалық қызметке дайындау ісінде өзінше бір жеке тұлға, жеке тұлға деп айтқанда ірі тұлға етіп дайындау болып табылады. Бұл жұмысты нақтылаудағы негізгі міндет – студенттердің кәсіптік педагогикалық шығармашылығын, педагогикалық қызметке сүйіспеншілігін, қызығушылығын белсендіру болып табылады.
Осының негізінде студенттер қоғамның әлеуметтік экономикалық, мәдени дамуындағы адамның шешуші ролін ұғыну, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамның өндіріс, ғылыми техникалық прогресс, оқытудың жаңа типтік технологиясы, білім берудің жаңа үлгісі, мектептегі білімді реформалау сияқты жаңа қатынастарды қалыптастыру керек. Демек қоғамның дамып өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновациялық үрдістің жаңа құбылыс ерекшеліктерін меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы т.б. қасиеттеріне байланысты болып отыр.
Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап етеді. Мұғалім еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана, оларды оқуға ынталандыруға, еңбекке баулуға, адамгершілік негіздерін сіңіруге болады.
Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының жастар саясатында (№73 1999ж. 28 тамыз) былай деп көрсетілген: «Қазақстан жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуін, сондай-ақ өткен буыннның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай, әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы, өзіндік мәдениеті, рухани байлығы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес».
Сондықтан жастарды болашаққа бағыштап, тәрбиелеп апаратын мұғалімдерді даярлау мәселесі, қоғам қажеттілігінен туындап отыр. Мұғалімнің кәсіптік сапалары, оның білімдарлығы, оқушылармен қарым-қатынасының шығармашылық сипатта болуы, оқушыны зерттей отырып, оның психикасындағы ерекшеліктерін терең меңгере білуге үйрету, өз ісінің нағыз шебері болуға баулу, ынтымақтастық, үйірсектік педагогикасының негізгі идеяларын ұстана білуге тәрбиелеу, қоғам – адам – табиғат – даму – орта сияқты ұғымдарды басшылыққа ала отырып, өскелең жас буынды тәрбиелеудегі жауапкершілік сезімдерін ұштау бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады.
Бұл мәселе жөнінде мұғалім даярлау мәселесі, оның тұлғалық сапалары, кәсіптік кемелденуін қалыптастыру, педагогикалық шеберлікке барар жол, педагогикалық такт, әдеп туралы көптеген ғалымдар оны ғылыми негізде жүйелі түрде зерттеді.
Атап айтқанда, педагогикалық жұмыс құрылымы туралы Н.В.Кузьмина, А.И.Шербаков және т.б. зерттесе, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын О.С.Анисимов, В.П.Беспалько зерттеді.
Болашақ мұғалімдерді шығармашылық және практикалық даярлау мәселесімен О.А.Абдуллина, Ю.К.Бабанский, Е.В.Бондаревская, И.А.Лернер және тағы басқа ғалымдар айналысты, ал мұғалімнің кәсіптік-бағдарлы құндылықтарын қалыптастыру мәселесін Г.К.Нургалиева, Е.А.Шиянов өз еңбектерінде көрсетті.
Соңғы жылдары басты назар мұғалім жұмысындағы шығармашылық мәселесіне ауыса бастады. Ол жөнінде (В.И.Андрее, Н.О.Никоруьев және т.б. зерттеу жүргізіп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық такт, педагогикалық этика, импровизация бойынша Ю.П.Азаров, И.А.Зязюн, И.Е.Синица, И:В.Страхов, В.Н.Хоркин және т.б. айналысты, ал педагогикалық-психологиялық іс-әрекет жайында Л.И.Рувинский, В.М.Мындокону және т.б. зерттеу жүргізді).
Отандық және шет ел ғалымдарының зерттеулерінде мұғалімнің өзін-өзі сапалық жетілдіру аспектісі, өзіндік «Мен» критериі бойынша анықталады. Мысалы, Р.Берн, И.С.Кон, В.В.Столин, А.А.Шуиенко және т.б.
Педагогика ғылымының методологиялық негізі – философия деп айтамыз. Яғни барлық ғылым саласы осы философия ғылымының философиялық негізін қарастырғанда оны методологиялық жолмен зерттеген дұрыс болады.
Қазіргі мектеп статусы мен мұғалімнің және жаңа оқу құралдарының өмірге келуіне байланысты ғылымда философиялық және әдіснамалық сұрақтар қою маңызды. Сондықтан педагогиканың әдіснамасы, әдіснамалық негізі, мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын құруға өз көмегін тигізеді.
Білімнің жаңа үлгісі мәдени-цивилизациялық дамуының маңызды аспектілері болып табылады. Жаңа білім үлгісін ұғыну үшін қазіргі қоғамға зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының мазмұны мыналарды құрайды:
-
Қоғам даму үлгісіндегі жалпы философиялық және әдіснамалық білім;
-
Жалпы орта білімнің даму жүйесі, тенденциясы мен білімнің жаңа үлгісін меңгеру;
-
Педагогикалық іс-әрекетте жаңа білімнің мәнін түсіну;
-
Білімнің жаңа мазмұны;
-
Педагогикалық дамудың құрылымдық үлгілері;
-
Білім жүйесіндегі жаңа идеяларды жасау процесіне қатысу.
Мұнымен қатар мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары қалыптасу үшін оған философиялық және әдіснамалық білімді меңгеру керек.
Сонымен қатар мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары философиялық білімді, адамгершілік мінезді, білім теориясын қолдану, әдінамалық білім, практикалық бағыттаушылық сипаты, өзінің идеясын білім практикасында іске асыру.
Мұғалім зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды оқып меңгеру үшін философиялық және әдіснамалық біліммен қоса оған: гносеология (ғылыми таным теориясы); дидактикалық материализм философиясы; ғылым мен білімнің философиясы; ғылым мен білімнің әдіснамасы; педагогика мен дидактиканың әдіснамасы; жаңалықтанудың әдіснамасы; педагогикалық ғылымтану; ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әдіснамасы.
Қазіргі уақытта философияның негізгі пәні мен атқаратын қызметтері анықталуда. Философия қазіргі кезде қоғамтану формасы ретінде, біртұтас дүниені танып білу мен ондағы адамның орны, тұрмыс пен танымды меңгеру, адамның дүниеге қатынасы, табиғат, қоғам, ойлаудың дамуы туралы жалпы білім. Философияда дүниеге көзқарас пен әдістер, яғни өмірге көзқарас және оны меңгеруге бағыт, философияның дүниеге көзқарастық және әдіснамалық функциясы туралы айырмашылықтарын білу.
Философиялық білімнің қысқаша құрылымын қарастыратын болсақ, философиялық білім ол барлық ғылымдардың дамуымен бірге қосылып дами отырып, мына компоненттерді құрайды: онтология (тұрмысты меңгеру); әдіснама (әдістерді оқып меңгеру); гносеология (танымды оқып білу); формальды логика, арнайы логика; табиғат философиясы, әлеуметтік философия; антропологиялық философия; эстетика (сұлулық туралы ғылым); этика (мораль туралы ғылым); философия тарихы / /. Бұл компонеттердің бір-бірімен байланысын, философиялық білімнің құрылымын, зерттеу тақырыбының ерекшелігене қарай біз әдіснама, гносеология, диалектикалық логика, әлеуметтік философия, ғылыми филоофияға сүйене аламыз.
Зерттеу барысында танымның бастапқы сипаты, философиялық әдебиеттердегі ғылыми таным теориясын ескере отырып, біз келесі тізбені құрамыз:
1). Таным теориясы бойынша:
Таным теориясы (гносеология нмесе эпистемиология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді түрде бейнеле отырып, танымдық қабілеттің жалпы мәні мен мүмкіндігін, ақиқат шындықты білімділікпен тану болып табылады. Таным теориясы арқылы қоғамдық ғылыми практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін, болжамы мен мәселенің теориясын құру және дамыту принциптерін зерттейді және философия ғылымының бір саласы болып табылады. Таным теориясы білімнің қалыптасқан шарттары мен философияның негізгі мәселесі – материа мен сананың өзара қатысын зерттейді. Таным теориясы – нағыз шынайы ғылыми ілім және гносеологиялық жүйелердің ең жоғарғы, ылғи дамуда болатын шыңы. Таным процесі жекеден жалпыға қарай жүреді (индукция). Таным – объективті шындықтан адам санасындағы белсенді және қайшылықты бейнеленуі. Танымның дидактикалық сипатына келетін болсақ, ол мынадай: нақты пайымдау→абстракциялы ойлау→практика→таным теориясы. Таным - өте күрделі және қайшылықты процесс. Танымның сезімдік формалары (түйсік, қабылдау және елестету (мен логиканың формалары (ұғым, пікір, ой қорытындысы) тығыз бірлікте, сезімдік сатыдан рационалдық сатыға көтерілу шынайы секіріс. Танымның мақсаты – зерттеліп отырған заттың терең мәнін, қайшылықтар мен жүйесін ашу. Оның зерттеу мәселелерінің тарихи шарттары бірте-бірте құбылыстан мәнге қарай тереңдей береді, сонымен танымды нақты тарихи процесс деп ұғынуға да болады. Таным теориясы мен қазіргі ғылым тығыз байланысты, танымның диалектикасы мен логикасын ашу- бүгінгі күнде әрбір ғылым саласы бойынша келелі де күрделі мәселе болып отыр. Теория мен практика қоғамның инновациялы, жаңа технологиялық құрылымымен дами отырады және тығыз бірлікте болады. Оның мәнін ашу, мағынасына терең үңіле білу, адамзат іс-тәжірибесінде, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде оның ғылыми-практикалық маңыздылығын түсіну бүгінгі күндегі қажетті нәрсе.
а.ә.) Таным теориясының негізгі сұрағы болып мына сұрақ қойылады: білім дегеніміз не, оның құрылымы қандай, ол қалай қалыптасады. Білім – шындықты танудың, ұғынудың маңызды құралы.
а.б.) Танымның негізгі принциптері: ойдың шығармашылығы (тождества мышления) және тұрмыстық (әлемді тану принципі); таным процесінің диалектикасы; қоғамдық практика (танымның негізі, қозғалыс күші, ақиқат критерийі, таным мақсаты).
А.в. Гносеологияның негізгі бөлімдері: ерекшелік (отражение) туралы ғылым, адамның объективтік әлемді тануы туралы ғылым, танымның қалыптасуы мен дамуы туралы ғылым, танымның практикалық негізі ретіндегі ғылым; шындық және оның ақиқаттылығы туралы ғылым; әдістер мен формаларды меңгеру.
А.г. Танымның негізгі формалары: сезімдік таным (қабылдау, сезіну, елестету); рационалдық таным (ұғым, ойлау, есте сақтау); танымның иррациялық формасы (интуиция және т.с.с.); ойлау (ғылыми); қиял (ғылыми).
А.ғ. Танымның негізгі түсініктері. Шындық, абсалюттік шындық, қатыстық шындық, эмпирикалық таным, теориялық таным, эмпирикалық әдіс танымы, теориялық таным әдістері, практика.
А.д. таным процесінің табиғаты:
а) процестік классикалық схемасы: таным объектісі – таным субъектісі;
ә) таным процесінің ғылыми сызбасы; таным объектісі – таным құралы- таным субъектісі.
А.ж. Танымның практикадағы ролі: танымның мақсаты мен қозғаушы күші;
Шындық критерийі. Шындық – білім мазмұнының сипаты.
Б) Ғылыми таным теориясы бойынша:
Б.а. Ғылым – объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтар, ұғымдарды бейнелеуге және алдын-ала болжау жасауға арналған, білімнің жүйелі түрде құрылған жоғары формасы. Ғылымның мәнін тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ ол адамзат дамуының белгілі бір сатысында оның қажеттіліктерінің нәтижесінде еңбектің, дене күшінің, ой еңбегінің нәтижесінде қалыптасты. Ғылым адамзат дамуының бес қоғамдық формациясын басынан кешіре отырып, алғашқы таптық қоғам, құл иеленуші қоғамның шығуымен байланысты дамиды. Ғылым алғашында ғылым болып қалыптасқан жоқ. Ол философиямен бірге дамып отырды. Кейін келе философияның тармақталуына байланысты философиямен егіз дамыды. Әйтсе де ғылым философия емес. Ғылым осы заманғы ғылымның даму тенденциясының қоғамдық құбылысы. Ғылымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін саласы – ғылым логикасы деп аталады. Ғылыми теория өзінің зерттейтін мәселесін ұғым мен ой формаларында бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-өрісінің барысын, ережелерін анықтайды, осыған орай әрбір ғылымның өзінің логикасы бар деп айтуға әбден болады. Олай болса, ғылымды логикалық тұрғыдан талдау белгілі бір заңдылық болып қалыптасқан. Философиялық зерттеудің арнайы бір объектісі ретінде ғылым логикасы жөнінде мәселе алғаш позитивизм философиясында көрсетілген. Позитивизм философияны формальды логика деп түсінсе де, философияның міндетін ғылымның тіліне талдау жасау деп анықтайды. Ғылыми білімді талдап зерттеуге формальды логиканың аппаратын қолданудың практикалық маңызы зор. Қазіргі ғылым тану – ғылымның жаңа саласы. Ол ғылымның құрамы мен даму жолдарын, сандық параметрлерін зерттеп түрлі ғылыми болжаулар жасайды, зерттеулер жүргізеді, нәтижесін жаңа технологиялық практикаға енгізеді.
-
Ғылыми таным әдіснамасы әдістер туралы (эмпирикалық және логикалық таным әдістері) және жалпы әдістер (философиялық принциптер, заңдылықтар, категориялар) білімді қамтиды.
-
Әдіс: 1) зерттеу, таным, теорияны оқу жолы; 2) іс-әрекетті теориялық және практикалық қабылдау формасы; 3) практикалық және таным іс-әрекетінің реттеуші принциптері жүйесі; 4) философиядағы ережелер, принциптер, ұғымдар мен заңдар жүйесі. Әдістер келесі ретпен жіктеледі: жалпы әдістер, жалпы ғылыми әдістер, нақты-ғылыми әдістер, эмпирикалық зерттеу әдістері, теориялық зерттеу әдістері, эмпирикалық және теориялық деңгейде қолданылатын әдістер. Әдістерді бағалау критерийлері: нәтижелілік, ғылымилық, экономикалық, қарапайымдылық және сенімділік, қолданбалы, қауіпсіз.
-
Ғылыми таным құрылымы: эмпирикалық бағыт→ғылыми факт→бақылау→нақты эксперимент→модельдік эксперимент→ойша эксперимент→зерттеудің эмпирикалық деңгей нәтижелерінің құны→эмпирикалық жалпылау→теориялық білімді қолдану→образ→болжамның қалыптасуы→оны тәжірибеде тексеру→ жаңа ұғымдардың қалыптасуы→ терминтер мен заңдарды енгізу→олардың мағынасын анықтау→қажет болған кездегі қосымша болжам жоспарлау / /
-
Ғылыми таным мәселесі бойынша кейбір әдебеттерді философиялық танымның құрылымы беріледі. (П.В.Алексеев, А.В.Панин және т.б.), келесі әдебиеттер – философия ғылымының бөлімдері ретінде беріледі (В.А.Канке және т.б.), үшінші бір әдебиеттерде – ғылымның бір бөлімі ретінде (И.Т.Фролов) түсіндіріледі.
Әлемді филсофиялық көре білу кез-келген ғылым саласындағы оның пайда болуы мен дамуы, құрылымы мен мазмұны, ол ғылым не туралы екендігін ұғынуға көмектеседі. Философ В.С.Степин «Философияға кіріспе» атты оқулығындағы ғылымның әлеуметтік функцияларын ашып көрсеткен (мәдени дүниеге көзқарас; ғылымның өндірістік функциясы және ғылымның әлеуметтік күші функциясын) ғылымның философиялық негізі философиялық идеялар мен принциптерді қарайды, олар ғылымның идеясы жіне нормасы ретінде негізделеді және дүниенің ғылыми түсінігіне мазмұндық қамтамасыз ету, ғылыми білім мен мәдениетті қамту болып табылады. Автор кез-келген идея мейлі ол принцип болсын, ұғым, ғылыми таным нормативі болсын ол философиялық тұрғыдан негізделу керек деп есептейді. Диалектикалық материалистік философияда идеяны ғылымда практикалық қолдану зерттеудің ерікті түрі болып есептеледі. Бұл процесс ұғымның нақтылануы, педагогикалық ғылымның идеясы мен нормаларын көрсететін ғылыми принциптермен, әдістемелік принциптермен байланысты.
Қазақстанда кәсіптік философияның дамуымен байланысты халықаралық «Қазақстандық философияның, логиканың, әдіснама ғылымдарының мектебі» атты түсінік қалыптасты (Ж.М.Абильдин. А.Н.Нысанбаев, К.Х.Рахматуллин, М.З.Изотов, Р.К.Қажыржанов, А.Г.Косиченко, М.Ш.Хасанов, А.А.Хамидов, М.С.Сабитов, М.С.Орынбеков және басқалар). Қазақстандық философ-методолог ғалымдар ғылымда ойлаудың шығармашылық стилі идеясын ұсынды. Олардың еңбектері жалпы жаратылыстану және әлеуметтену ғылымдары материалдары негізінде жазылған, өкінішке орай педагогика ғылымы Қазақстандық философтардың толық зерттеу объектісіне айналған жоқ. Дегенмен, Қазақстандық философтардың педагогика саласы бойынша жазылған үлкен-үлкен еңбектерінтабуға болады, мысалы, Т.Ы.Әбжанов және т.б. - Философия тарихындағы пайым мен зерденің диалектикасы (1992); Г.з:Әбрірасилова – Ш.Құдайбердіұлының философиясындағы адам мәселесі (1998); А.Т.Құлсариева – Мәдениеттер сұхбаты: стильдік коммуниктивтік мүмкіншілігі (1997); Э.Сұлтанхалиева – Мұғалім тұлғасын қалыптастырудағы қазақтың дәстүрлі мәдениетінің қызметі (1995); Б.Қ.Мұхамеджанов – студент: әлеуметтік бітімі, жай күйі, құндылық көзқарастар бағдарлары (1998).
Ғылым пәндік өлшем негізінде белгіленеді. Қазақстандық философтар ғылымның жалпы пәндік моделін құра отырып, ғылыми пәннің субъект, объектісін, пәнін, әдістерін, құрылымын, құзіретін, нәтижесін анықтады. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша отындық философтардың күрделі нәтижеге қол жеткізуі.
Ғылымның пәндік моделі жоғарыда көрсетілген ұжымдық монографияларды өз маңыздылығын аша түсуде.
Егер білім таным объектісінің табиғатын зерттейтін болса, ол пәндік, теориялық зерттеу, танымды сипаттайтын объект бағытын қарастыратын болса, онда әдіснамалық болып табылады.
Пәндік және әдіснамалық білім өзінше әдістемелік біліммен қарулана отырып, жалғасын табуда, нақтылануда. Егер әдіснамалық білім зерттеу принциптерінде және күрделі объектіні, пәнді,мәселеге неге бағытталғанын көрсететін болса, ал әдістемелік білім – зерттеу бойынша нақты тәсіл, әдіс, форма, құрал, ұсыныстарды және сол объектіні оқып меңгеруде көрініс табады.
Пәндік әдіснамалық және әдістемелік білім соңғы кездерде әлеуметтік жүйе мен процестерде өзінің технологиялық білімінің қолданылуына байланысты логикалық өзіндік статусты ұстанады.
Технологиялық білім пәндік, әдіснамалық әдістемелік білімнің нақты тәсілінің нәтижесі. Бұл білімдер зерттеу барысында нәтижеге қол жеткізудегі олардың өзара байланысы, ұқсастығы, ерекшелігі, процессуалдық координациясы, ұқсас ситуациялардың негізінде қалыптасады.
Осылай келе авторлардың пікірнше ғылымның пәндік моделі әлі де болса дамуы, қалыптасуы, ғылымның теориялық негізбен қаруланы керек деп есептейді.
Әдіснамалық білімің мазмұнын қарастырғанда мұғалімнің зерттеушілік дағдылары мен іскерліктерінің бастапқы базасының қалыптасуына келіп ітреледі. (И.С.Ладенко, Е.С.Ляхович, Н.П.Лукина және т.б.). Бұл авторлар интеллектуалдық мәдениет концепциясын құра отырып, мманның зерттеушілік мүмкіндіктерін есепке алды. Интеллектуалдық мәдениет мамұнында: кәсіптік дайындық; ойдың бейімділігі және ыңғайлылығы, әдіснамалық көзқарастармен қарулану; ғылыми зерттеу мен басқаруда жағдайдың өзгеруіне байланысты бағыт ала білуі. Мұнымен қаар мамандардың әдістер, дағды, іскерлік және әдіснамалық бағыттылық негізінде де қалыптасады.
Зерттеуші философ ғалымдар әдіснама мәселесі мен жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселесін зерттеу келе төмендегі мәселелерге тоқталды:
-
диалектика, логика және таным теориясының бірлігі (М.Ж.Абдильдин, Б.М.Кедров, П.В.Копнин және т,б,);
-
материалистік диалектика көзқарасының жүйесі (А.Н.нысанбаев, А.П.Шептуллин, Ф.И.Георгиев, А.Е.Фурман және т.б.)
-
қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңдлығы (С.П.Дудель, В.П.Тугаринов, Ф.Ф.Вяккеров және т.б.);
-
тарихилық пен логикалықтың өзара қатынасы (А.Г.Спиркин, М.Н.Алексеев, В.С.Добриянов);
-
жаратылыстану облысы бойынша диалектика мәселелері (М.С.Сабитов, В.А.Фох, М.Э.Омеляновский, А.Д.Александров, П.К.Анохин, Н.П.Дубинин және т.б.)
-
қоғамдық ғылымдарды (П.Н.Федосеев, Ф.В.Константинов, А.М.Румянцев және т.б.). Бұл талдаудан нақты ғылымдардың әдіснамалық мәселелері мен таным әдіснамасының арасындағы өзара байланысты көре аламыз.
Сонымен, ғылым әдіснамасы – ғылымтану құралы, ғылыми таным әдістері мен құралын зерттеуші, ғылыми білім құрылымының негізделуі мен дамуының тәсілі болып табылады. Осының негізінде әдіснамалық мәселе ғылымда көкейкестілігі жағынан әдіснамалық зерттеу мәселесінің көкейкестілігін төменгі ретпен түсіндіреді:
-
ғылыми зерттеулердің жетістіктерінің бейнесі (интенсивтенуі);
-
ғылымдағы инновацияның ағымы;
-
ғылымның түсініктілік аппаратының күрделенуі;
-
ғылыми ойлау әдістері мен құралдарының нақтылануы;
-
талдаудың қажеттілігінің туындауы:
-
таныс іс-әрекеті ерекшелігінде;
-
логикалық, түсініктілік аппаратта;
-
қоғамның әлеуметтік мәдени дамуымен, ғылыми танымның басқа салаларымен байланысы сипатында;
-
эксперимент пен теория байланысында; шындықты танудың әдістері мен тәсілдерінің сипаты мен ролі;
-
ғылымның әлеуметтік статусының өзгеруіне байланысты ғылым мен өмір байланысы;
-
ғылыми танымдағы субъект ролі.
Жалпы ғылыми және философиялық ережелер негізінде ғалым-педагогтар практикада әртүрлі педагогикалық тәжірибелердің және зерттеулердің сұрақтарын қарастырып келеді: мұғалім, тәрбиеші, мектеп басшысы, мектеп инспекторы. Бұл мәселелері жөнінде практикалық жұмыста өзінің тәжірибесін байыта отырып, құнды нәтижелерге қол жеткізе алады. Олардың еңбектері педагогикалық ғылымға қосқан бағалы үлесі болып табылады.
Осыған орай, мектепте мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын, педагогикалық зерттеудің әдістерін және педагогиканың методологиясын даму тенденцияларын қажеттігі туып отыр.
Қазіргі заман зерттеушілері мамандықтың әр түрлі мәдени сапаларына көңіл бөлуде.
Атап айтқанда:
-
эстетикалық сапалар (М.А.Верб, Л.В.Бабич, Л.Е.Дементьева, А.С.Кирокосян, У.Ф.Сулно, Э.И.Шыныбекова);
-
саяси жақтары (А.А.Волков, К.К.Жампеисова);
-
адамгершілік негіздері (Г.В.Безродная, Я.И.Бабичина);
-
музыкалық қабілеті (М.Х.Балтабаев, Я.И.Радзицкая);
-
құқықтық мәселелері (А.С.Саломоткин);
-
көркемдік жақтары (Л.А.Рапацкая, А.И.Химик);
-
физиологиялық сапалары (Т.Ш.Қуанышев, М.Б.Сапарбаев);
-
зерттеушілік ( . . . . . . . )
-
интеллектуалдық дамуы (И.С.Ладенко);
-
рухани мәдениеті (И.С.Мухамбаева);
-
методологиялық негізі (В.А.Сластенин, В.Е.Тамарин);
-
жалпы білімділігі (М.В.Иванов, Т.Н.Левишев, Б.А.Зепо);
-
философиялық (А.Х.Қасымханов);
-
кәсіптік педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті (Д.И.Балдынюк, Д.Т.Мухамедханова, А.К.Рысбаева);
Жоғарыдағы зерттеулер мен әдебиеттерге шолу жасай отырып, біз өз зерттеулеріміздің тақырыбы көкейкесті екендігіне көз жеткіздік және тақырыпты төмендегідей етіп таңдап алдық:
«Педагогикалық колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындығын қалыптастыру».
Қоғам – адам – тәрбие, зерттеушілік, ғылыми жұмыс, кәсіптік мәдениет, студенттің ғылыми ойлауын дамыту қазіргі нарықтық қатынасқа жауапкершілікпен қарауға үйрету зерттеудің жетекші идеясы ретінде алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – зерттеу жұмысы барысында қазіргі әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму, нарықтық құрылым жағдайларды ескере отырып:
-
теориялық негіздерін анықтау;
-
болашақ мұғалімдерді кәсіптік мамандығына баулуда, оларды оқытып тәрбиелеуде ғылыми жұмысқа, шығармашылыққа баулудың нақты жүйесін құру;
-
педагогикалық коллледж студенттерін ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындау критеийлерін таңдаудың ерекшеліктері
-
птуденттерді ғылыми-шығармашылық жұмысқа дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау
-
студенттердің шығармашылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін анықтау;
-
колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері
Зерттеудің мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай педагогикалық колледж студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау және дайындық процесін ұйымдастыру, қалыптастыру, студенттердің кез-келген проблеманың теориялық негізін анықтап, практикалық мәселелерінің шешу тәсілдерін қамтамасыз ету мүмкіндігін ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеттері:
-
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздемесін жасау.
-
болашақ мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысқа, өздігінен шығармашылыққа баулудың, дайындығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру.
-
студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың критерийлері іріктеліп, әдіс-тәсілдерін анықтау
-
студенттердің ғылыми-зертту жұмыстарына дайындығын қалыптастыруды жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін дайындап, тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеудің обьектісі – педагогикалық оқу орындарындағы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына дайындығын қалыптастыру.
Зерттеудің әдістері
-
философиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау;
-
интервью, анкета;
-
тәжірибелік эксперименттер;
-
педагогикалық бақылау;
-
тәжірибелік эксперимент жүргізу;
-
арнаулы курстар ұйымдастыру ;
-
педагогикалық бақылау;
-
тәжірибелік эксперимент жүргізу;
-
арнаулы курстар ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы – Егер .студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамыту курсының жүйесін құра отырып, білім беру үрдісін ғылыми жетістіктермен күнбе-күн ұштастыра отырып, қоғам дамуына байланысты ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен формаларын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сай жаңа нұсқалармен қамтамасыз етіп отырса, онда студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге дайындау, өз білімін практикада күмәнсіз пайдалана блу мүмкіндігі туар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
– болашақ мүғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері анықталды;
-
болашақ мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысқа, өздігінен шығармашылыққа баулудың, дайындығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынды.
-
студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың критерийлері іріктеліп, әдіс-тәсілдерін анықталды
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - «Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау» атты студенттерге және оқушыларға арналған әдістемелік көмекші құрал, «Педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеу әдістерін ұйымдастыру» арнаулы курсының бағдарламасы жасалынды.
Зерттеудің кезеңдері –
Бірінші кезеңде (1999-2001 жж.) педагогика және психология салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысқа байланысты еңбектер зерделеніп, олар туралы зерттеу жұмыстарына талдау жасалынды. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары анықталып, ғалым-зерттеушілердің еңбектерін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және қалыптастыру туралы ғылыми- теориялық негіздеме жасалына келе, оны практикада қалай қолдану керектігі туралы әдістемелік нұсқаулар жасалынды. Сонымен қатар студенттердің орындайтын ғылыми жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік талдау жасалынды
Екінші кезеңде (2001-2003 жж.) педагогикалық коллледж студенттерін ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындау критеийлерін таңдаудың ерекшеліктері анықталып, студенттерді ғылыми-шығармашылық жұмысқа дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі дайындалып, соның негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары белгіленді.
Үшінші кезеңде (2004-2006жж.) “Педагогикалық-психологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру” атты арнаулы курс бағдарламасы түзіліп, тақырыпқа қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру жолдары анықталды, студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарға басшылыққа жасалып, оқу-тәрбие үрдісінде тәжірибелік эксперименттік сынақтан өткізілді және зерттеу жұмысының нәтижесі қорытылып, диссертация жұмысы рәсімделді.
Зерттеу жүргізілген тірек оқу орындар – Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты дайындалған теориялық материалдар негізінде құрастырылған оқу-әдістемелік құралдар Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық колледжінің 0315 «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша факультет студенттеріне және Тараз қаласындағы №5 Ж.Жабаев атындағы қазақ орта мектебінде іс-тәжірибелік сынақтан өткізілді.
Зерттеудің деректі көздері – философиялық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлер, тұжырымдар; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, автордың жеке өзіндік педагогикалық ғылыми-әдістемелік еңбектері.
-
Әділбекова З.Ж. Оқушыларға экономикалық тәрбие беру ерешекліктері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қайнар» университеті
-
Әділбекова З., Аганина Қ. Мұғалім мәдениеті. // Қазақстан мектебі. №9 2001. 29-31 беттер.
-
Әділбекова З.Ж. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі қажеттіліктің орны. «Оқушы жастар тұлғасын әлеуметтендірудің педагогикалық және құқықтық проблемалары» атты халқаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2001. – 246-251 беттер.
-
Әділбекова З.Ж. Аганина Қ.Ж. Таубаева Ш.Т. Педагогикалық колледждер мен институттар, университеттер студенттерінің курстық және дипломдық жұмыстарды жазып даярлау әдістемесі. – Алматы, 2002. – 55 бет.
-
Әділбекова З.Ж. Жеке тұлға тәрбиесіне бағытталған инновациялық үрдістер. Білім беру жүйесіндегі адам ресурстарын дамытуды басқарудың қазіргі тенденциялары. ББЖКБАРИ. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 12-13 сәуір. 2005ж 104-106 беттер.
-
Әділбекова З.Ж. Жаңа қоғам мұғалімі. 12 – жылдық білім журналы №7. 2005ж.
-
Әділбекова З.Ж. Мектеп мұғалімін шығармашылық іскерлікке дайындау «Біліктілікті арттыру жүйесі және ХХІ ғасыр білімі» атты ББЖ КБАРИ институттың 40−жылдық мерейтойына байланысты Халықаралық Форум.
-
Әділбекова З.Ж. Зерттеушілік жұмыстың бағыттары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз