Материалдар / "Мектептегі тəжірибе" Есеп
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

"Мектептегі тəжірибе" Есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшбасшылық ты оқып мектептегі тәжірибе кезінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
619
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мансурбаева Жанар Амангельдиновна «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» С бөлімі

ПШО ЖМ филиалы мұғалім портфолиосы

Шымкент қ.


С. Рефлексия және даму

Бүкіл мектеп ауқымында өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп


Мемлекеттік оқу бағдарламасының стандартына сәйкес күнтізбелік жоспарымнан «Сказки» тақырыбындағы орта мерзімді жоспарыммен 6-сыныпта сабақтарымды өттім. Бірінші сабақтан кейін сабақ мақсатын өзгертуді дұрыс көрдім, себебі орыс тіліне қызығушылығын оятпай тұрып, оқушылардың тілді меңгеруі мүмкін емес. Нәтижесінде; оқушылардың тілге қызығушылығы артып, ертегіден көріністер салып, салған суреті бойынша орыс тілінде баяндауды, тапсырмаларды топпен орындауда басқаларға үйрете отырып үйренуді, сыныптастарының пікірін тыңдауды, жауап беруге өз еркімен сұрануды, белгіленген ережеге бағынуды үйренді. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыруда «Мы летаем высоко», «Подари другу красивое слово» жаттығуларын қолдандым. Бұл тәсіл оқушылардың Flavellдің(1976) метатану үдерісі арқылы қалай оқу керектігін түсініп, тілді меңгеруіне ықпал етті. Орыс тілі ана тілі болмағандықтан орыс тілінде сөйлеуде қиыншылықтар болып, Выготский тұжырымдағандай, оқушының өз бетімен жұмыс істей алмауында ЖАДА анықталды. Үздік оқушылар бір-біріне орыс тілінде жақсы сөздер айтуда өз ойларын ұтқырлықпен айтты. Мысалы, төртінші сабақта үлгерімі нашар Ас. деген оқушы А. деген қызға «Ты красивая, как твоя мама» деген сөзі қуантты. Бұл кезеңде оқушылар бір-біріне орыс тілінде жақсы сөздер айтуда көңіл-күйі көтеріліп, тілге қызығушылығы артқаны байқалды. Алдағы уақытта жағымды ахуал қалыптастыру үшін «Ақ тілек» жаттығуын қолдануды жоспарладым. Бұнда оқушылар қағаздан ұшақ жасап, оған тілектерін орыс тілінде жазып ұшырады. Бұдан оқушылардың тек айтылым дағдылары ғана емес, жазылым дағдыларының даму үдерісі жүреді. Сабақта жағымды ахуал қалыптастырудағы үздік оқушының пікірі: «Мен жанымдағы оқушыға орыс тілінде жақсы сөздер айтқанда, білмеймін неге қуанатынымды, әйтеуір қуанамын. Біреулерінің тілі келмей жатады, бірақ бәрі де тілек айтқысы келеді». Үлгерімі нашар оқушының пікірі: «Мы летаем высоко деп ойнағанымыз маған ұнады. Қызық болды. Құс болып ұштық. Ендігі сабақта да осылай ойнасақ ...» Топтарға біріктіруде бірінші, екінші сабақтарда «Пазлы» әдісін қолдануда, оқушылар бір-бірімен ақылдасып, қиындыларды жинап, топтарға бірікті. Бірақ, белгіленген уақыт жетімсіз болды. Екінші, үшінші сабақтарда оқушылардың ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен топқа бірігуі тиімді болды. Сабақтарымда «Мозговой штурм», «Мяч» жаттығуларын уақытты ұтымды пайдалануда оқушылар сұрақтарға сын тұрғысынан ойлана кезекпен жауап берді. Үй тапсырмасын тексеруде «Мяч» жаттығуы тиімді деп есептедім. Себебі оқушылар доппен ойнай отырып, сұрақтарға таласа қалай жауап бергенін сезбей қалды. Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда «Пазлы» жаттығуымен қиындыларды жинау тиімді болып, төрт сабағымда да сыныпта мақсатқа жетуге ұмтылған бірлескен жұмыс орын алды. Жаңа тақырыпты түсіндіруде бірінші сабағымда кестені пайдаландым. Ертегі түрлерін кестеге толтыруда оқушылар топ болып, зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен жұмыс қарым-қатынас жасау дағдыларын арттырады дегенді дәлелдеді. Кейінгі сабақтарда жаңа сабақты түсіндіруде ертегіден үзінді суреттерді қолдандым. Ертегі оқиғасын асықпай баяндай отырып, оқушылар үзінді суреттерді ретімен қоюда суреттерді дұрыс қоюға талпынып, менің баяндауымды қайталап, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыруға жұмыс жүрді. Орыс әдебиеті сабағында тілді жаттықтыру үшін қолданатын тиімді әдістердің бірі «Кім жылдам» әдісі. Бұл әдісті төрт сабағымның барлығында қолдандым, себебі, оқушылар жарысқанды жақсы көреді. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылардың дағдыларын дамытуда үш критерий қойылды. 1 минут ішінде кім дұрыс, кім жылдам, кім мәнерлеп оқиды? 1 минут ішінде 120 сөз оқып, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға қалыптастырушы бағалау үрдісімен жұлдызшалармен бағаладым. Орыс тілі ана тілі болмағандықтан, үлгерімі нашар оқушылармен 1 минут ішінде 120 сөз оқуын қалыптастыруға уақыт тапшы болды. Жаңа сөздермен жұмыста бірінші, екінші сабақтарда «Переводчик» әдісін қолдандым, өздерін аудармашы ретінде байқап көру оларға қуаныш әкелді, бірақ уақыт жетімсіз болды. Үшінші, төртінші сабақтарда «Болото» әдісін қолдануда оқушылар сенімділікпен жұп болып батпақтан секіре жүріп, жаңа Picture 19 сөздерді естерінде сақтап, дәптерлеріне жазып қойды. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды «Бағалау парағымен» белгілеуде оқушылардың белсенділігі артты. Алған білімдерін қорытындылауда бірінші, екінші, үшінші сабақтарда топ болып «Оқиғалар картасын» құруда, топтарға ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беріп, іс-әрекетін ретімен баяндауда уақыт тапшылығы қайталанды. «Оқиғалар картасын» топ мүшелері ролдерге бөлініп орындап, көшбасшылық байқалды. Төртінші сабағымда жаңа сабақты қорытындылауда постер сызуды топтар жақсы орындады. Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі орыс тілінде бағалады. Кері байланысты айтылым дағдысы қалыптасу үшін «Минуточку» әдісімен алуда үлгерімі нашар оқушы жауап берді. Үйге тапсырма беруде оқушылардың қызығушылығымен ертегі бойынша сурет салып, әңгімелеп келулерін тапсырдым.

Коучинг- сабақтарға дайындық барысында «НЗМ»-ның «Коучинг сессиясын жоспарлау : Коучинг құралдары және оның тиімділігін бағалау» әдістемелік нұсқаулығын қолдандым. Зерттеулер коучингтің негізгі құралдары ретінде сұрақтар қою, мәселе тудыру, рефлексия жасауды ұсынады. Осы үш құрал коучтің мақсатына жетуге қолдау болады. Коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын қарауға, нақты мәселелерді шешуге бағытталған, сондықтан, коучинг- сабақтарды жоспарлағанда қатысушылардың әлсіз, күшті жақтарын, оларды не ынталандыра алады немесе олардың сенімін не жоғалтуы мүмкін, не ынтымақтастыра алады деген сұрақтардың төңірегінде ойландым. Содан, бірінші бетпе-бет кезеңінде құрған жоспарыма өзгеріс енгіздім. Коучингте орындалған тапсырмалар қатысушыларға нақты дағдыны қалыптастырып, айқын бағыт беру керектігін түсіндім. Мұғалімдерге кәсіби бағыт беруде, коучингтерде диалогтық оқыту модуліне басымдық бердім. Мектептегі оқушылардың түсінік айтуда кедергілерге ұшырауы менің осы тақырыпты таңдауыма себеп болды. «Оқу үдерісіндегі диалогтық оқытудың маңызы» тақырыбымен өткен коучинг- сабақта жағымды ахуал қалыптастыруда «Досыңа жақсы тілек айт» әдісін қолдандым. Қатысушылар бір-біріне жақсы тілектер айтуда диалогтық оқыту модулі және бірін-бірі бағалау арқылы қалыптастырушы бағалау үдерісі орын алды. «Жақсы сөз-жарым ырыс» дегендей, қатысушылар сабаққа жоғары көңіл-күймен кірісті. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылардың ынтымақтастықта болуын қадағалап, бірнеше бөлікке бөлінген Выготский мен Барнстың «диалогтық оқыту» туралы пікірлерін топпен жинауда «Құрастыру» әдісімен 2 топқа біріктіре отырып, жинаған пікірлерді топ ішінде талқылауда бағыт берілді. Топтық жұмыста Александер (2004) сипаттағандай диалог барысында қатысушылар келісілген нәтижеге жетуде күш-жігерін жұмсайды және Мерсер тұжырымдағандай, тапсырмаларды орындауда тең құқылы серіктестер болып табылады. Қатысушылар топ ішінде ролге бөлінуін қадағалап, бәрі бірлесе жұмыс істеуін бағалап отыратынымды ескерттім. Коучинг-сабақтың тақырыбын ашуда «Миға шабуыл» әдісімен көмекші құрал ретінде және қатысушылардың метатанымын дамыту үшін АКТ-ны қолданып, слайдтар көрсету арқылы түсіндіруді көздедім. «Диалогтық оқыту» туралы қойылған сұрақтардың алдын ала дайындалған дескриптор арқылы өздерін бағалауда , дескриптор арқылы өзін-өзі бағалау үдерісі жүрді. Жаңа сабақты түсіндіруде қатысушылар МАН-нан диалогтық оқыту туралы теорияны оқып талдағанда топ ішінде қалай оқу керектігін үйрену үдерісі орын алып, бір-біріне сұрақ қоя отырып, мұқият мәтінмен танысып, топ мүшелері тапсырмаларды орындауда жауапкершілікті бөліп алып, бірлескен жұмыспен мақсатқа жетуде бірлескен оқу орын алды. Қатысушылар Хоу мен Мерсер тұжырымдағандай, бірлескен іс-әрекеттер ақыл-ой дамуы мен оқуды, қарым-қатынас жасау дағдыларын арттырып, жетістікке жетуге себепші болатынын түсінді. «9 ромб» әдісімен диалогтық оқыту туралы пікірлерін ромб ішіне толтырып жазуда топтық жұмыс бағаланды. «Сұрақты қағып ал» әдісімен сабақты қорытындылауда қатысушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап беруге ұмтылды. Госвами мен Брайант айтқандай, іс-тәжірибесі мол ұстаздар; А. С. қойылған сұрақтарға мысалмен жауап беріп отырды. Әр тапсырманың соңында қатысушылардың пікірлерін сұрап отыруды қажет деп таптым. А.деген қатысушының пікірі: «Балалар түгіл өзіміз топтық жұмыста бір үйдің баласындай болып, тапсырмаларды жарыса орындап жатырмыз. Ал балаларымыз осылай сабақ өтсек , қайтер екен?» деп, ой қозғады. Жаңа тақырыпты қорытындылауда қатысушылардың АКТ-ны қолданып, «Дракон» мультфильмін көрсету арқылы қатысушылардың шығармашылығын дамытуда берілген тапсырманы орындауда бірнеше модуль ықпалдасады. Атап айтқанда, бірлескен оқу, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, қалай оқу керектігін үйрену, бірін-бірі бағалау үдерісі қамтылған. «Дракон» мультфильмімен «Оқиғалар картасын» құру және қорғауда ынтымақтасып жұмыс жасады. Коучингтің соңында топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен жетістіктерін айта отырып, ұсыныс жасауды үйренді. Яғни, қалыптастырушы бағалау жүрді. Кәсіби сұхбаттарда бос А4-ке кері байланыс беруде нәтиже болмағандықтан, коучинг- сабақтың соңында Джон Дьюидің Рефлексиялық оқыту мақсатымен алынған, қалай ойлайтынын білуде «Бағалау парағы» бойынша берілген кері байланыста «Біз білім алдық па?», «Біз нені үйрендік?» деген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып , нақты жауап беруі тиімді болды. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде мен олардың кәсіби дамуына және өзгеруіне қаншалықты ықпал ете алғанымды біліп, келешекте өз тәжірибесінде алған білімі мен дағдыларын қолдана алатындықтарына сенімдімін. Жас маман А. кері байланысынан: «Коучинг өте қызық болды. Осындай сабақтар тағы да болса, біраз нәрсені үйренер едік. Сабақта АКТ қолдану ерекше болады екен. Жаңа әдіс-тәсілдермен коучингте тапсырмаларды орындауда өзіме дәл керегін таптым деп ойлаймын». Коучингтің ұстанымдарының бірі - жекелеген әдіс-тәсілдердің жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты күш екендігін әрбір іс-шарадан кейін мойындап отырдым.

Тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру мақсатымен 1 жылдық еңбек өтілі бар жас маман тарих пәнінің мұғалімі Белял Диярмен сұхбат өткіздім. Сұхбат барысында оның дәстүрлі сабағына кіріп, оқыту мен оқуды бақылап, оның нені өзгертуге тиіс екенін анықтау керек екендігін айттым. Сабағын бақылағанда, мұғалімнің көп уақытын үй тапсырмасын тексеріп, оқушыларға шығармашылықпен айналысуға тапсырма берілмегендігін байқадым. Бағалау сол дәстүрлі бағалау болды. Дәстүрлі сабағынан кейін «оқушы үнін» орта оқитын Б. оқушыдан алдым. «Тарих сабағы қызық және өте қиын. Тарих сабағын топпен өтсек болатын шығар, математика сабағындағыдай. Сонда бәріміз бір-бірімізге үйретер едік».Тәліптің өзімнің төрт сабағыма қатысуын қадағалап отырдым. Әрбір сабағымнан кейін тәліптен кері байланыс алуда оның қандай ой түйгені жөнінде біліп отыруды мақсат еттім. Мектеп ішіндегі «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»тақырыбындағы кәсіби-сұхбаттан кейін тәліппен бірге басқа да мұғалімдердің сабақтарына құрған қысқа мерзімді жоспарында осы әдіс-тәсілдердің қамтылуына бағыт беріп отырдым. «Оқу үшін және оқыту үшін бағалау» тақырыбындағы кәсіби сұхбатқа тәліптің де мұғалімдермен бірге қатысуын да қадағалап, жаңартылған бағдарлама негізіндегі бағалау туралы біліктілігінің дамуына ықпал еттім. Кәсіби-сұхбат қызу пікірталасқа ұласып, қорытындысында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан бағалау XXI ғасырда зияткерлік талаптарына дайындалып жатқан оқушылар үшін дұрыс бағалау емес деп бағдарлама мазмұнымен келісті. Кәсіби сұхбаттың соңында қатысушылардан қорытынды пікірлерін ауызша алдым. Мұғалімнің тиімді оқуына мүмкіндік жасайтын 5 фактордың бірі- коучинг үдерісінің ықпалы ең жоғары екендігін ескере отырып, кәсіби бағыт беруде өткізген барлық сабаққа тәлім алушының қатысуын талап етіп, қатыстырдым. Тәліпке көмек беру үшін зерттеу сабақтарын тәліптің сабағына жүргізу мақсатымен 3 мұғалімді Қ, Е, С. деңгейді оқыған мұғалімдерді бақылаушы етіп белгіледік. Себебі, 3-деңгейді оқыған мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдер мен жеті модуль туралы түсініктері қалыптасқан және оқушыларды қалай оқыту керектігінен хабары бар. Зерттеушілермен алдын-ала дайындалған қысқа мерзімді жоспардағы сабақтың әр кезеңінде орындалатын тапсырмаларды 6-сыныптың 3 оқушысы, үздік Д, үлгерімі орта Н, үлгерімі нашар Б тарих пәнінен оқуын бақылау үшін сабақтарды зерттеу парақтарын жасап, сауалнама дайындадық. Зерттеу парақтарында оқушыға оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қалай әсер еткені, қандай нәтижеге қол жеткізгеніміз, қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді. Тәліппен бірлесе отырып, оның 4 сабағына жоспар құруда, тәліптің дәстүрлі сабағында анықталғандай, оқушылардың тарих пәнінен түсінік айта алмауы себеп болып, оқушылардың осы дағдысын дамыту зерттеудің негізгі мақсаты болып табылды. Сабақ жоспарында оқыту мен оқудағы 7 модулдің жаңа әдіс-тәсілдермен ықпалдасуын көздеп, сабағында жағымды ахуал қалыптастыру мақсатымен «Отаным-Қазақстанға тілегім» деп жазылған плакатқа оқушылардың отанына, атамекеніне деген ыстық ықыластарын жазуда қазіргі кезеңде қажетті құндылықтарды бойына сіңіруде жұмыс жасалды. Жаңа сабақты түсіндіруде тарих пәнінен берілетін көлемді мәтіндерді оқушыларға игерту үшін «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің» ішіндегі «Сағат» әдісімен жұптық жұмыспен басталатын іс-әрекеттің топта талқылауда қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын бақыладық. «Қазақстан территориясындағы неолит және энолит дәуірі және Жаңа тас дәуірі» тақырыбымен өткен бірінші, екінші, үшінші сабақтарда тәлім алушы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отырды. Бақылаудағы 3 оқушының ішіндегі үлгерімі нашар оқушы Б. сабаққа белсенді қатыспады. Төртінші сабақта «Сағат» әдісімен 2 топта да жұптық жұмыс жүргізіп, оқушылардың диалогқа түсе отырып, сын тұрғысынан ойлану үдерісі арқылы бірін-бірі оқытуынан нәтижеге жетті және де оқушыларға сабақ барысында беріп отырған қалыптастырушы бағалау да оқушының ынтасын арттырғаны байқалды. Зерттеу барысында оқушылар бірін-бірі оқыту арқылы, яғни бірлескен әрекет арқылы орта және үлгермейтін оқушылардың сөйлеу дағдылары біршама жақсарғанын байқалды.Бұл Picture 4 сабақта үлгерімі нашар оқушы «Сағат» әдісімен жұпта талқылауда өз пікірін қосып отырды.Топ ішіндегі жұптық жұмыс үлгерімі нашар оқушылардың ЖАДА арқылы жан-жақты дамуына ықпал ететіні дәлелденді. Жаңа сабақты қорытындылауда постер сызу оқушылардың шығармашылықпен айналысып, сыни тұрғыдан ойлана отырып, топта тығыз қарым-қатынас орнап, нәтижеге жетуге ынталандырды. Постерді таныстыруда үлгерімі орта оқушы топтың атынан шығып, өзінің білімін көрсетті. Сабақ бас бармақпен бағаланды. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді жеті модулмен ықпалдастырып өткен тәлім алушының сабақтарынан кейін бақылаудағы оқушылардан кері байланыс алып отырдым. «Біз қалай өзгердік, неге қол жеткіздік?» тақырыбымен өткен тәлім алушының жасаған жұмыстарын қорытындылауда ол өзінің қандай нәтижеге жеткені жөнінде есеп берді.





Іс-тәжірибемді бастамас бұрын бірінші бетпе-бет кезеңінде құрған жоспарымды тағы да қарап шығып, жоспарымның өте жұтаң екеніне көзім жетті. Жоспарымды толықтырып, мектеп әкімшілігі және мектеп мұғалімдермен кездесіп, Бағдарламаның мақсат-міндеттерімен және тәжірибе барысында тәжірибедегі көшбасшы ретінде жасайтын жұмыстарымен таны стырып өттім. Жоспарда көрсетілген іс-шаралардың мақсатында бірлесіп жұмыс жасауды, өзара тәжірибе алмасуды, мектебіміздегі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруде коучинг және тәлімгерлік үдерісі арқылы оқушылардың білім сапасын көтеруге ықпал ету жөнінде түсіндірдім. Қоғамдастық аясындағы шараларды өткізуге мектеп әкімшілігі мен барлық мұғалімдерді тарттым. Оның ішінде, үшінші деңгейді оқыған екі мұғалім, тәжірибесі отыз жылдан асқан екі жасы үлкен мұғалім, жұмысты енді бастаған екі жас мұғалім, бір жылдық тәжірибесі бар тәлім алушы, қалғаны он жылдық тәжірибесі бар мұғалімдер және балалары зерттеуге қамтылатын 6-сыныптың ата-аналары.Бүкіл мектеп ауқымында өзгерістер енгізу жән е басқару мақсатымен «XXI ғасыр мұғалімі қандай болу керек?» деген тақырыбымен өткен кәсіби сұхбатта «XXI ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақ төңірегінде әңгіме өрбіді. ЭЫДҰ жасаған Құзіреттерді анықтау, іріктеу жобасы баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыра отырып, жеке тұлға болып қалыптасуына мән беру керектігін түсіндірдім. Ата-аналармен бала тәрбиесі мен білімі және қалыптасатын дағдыларын толық зерттеу үшін «Баланың бас ұстазы – ата-ана» деген тақырыппен 6-сынып оқушыларының ата-аналарымен және сынып жетекшісі Е-мен бірлесе тренинг өткіздім. Тренинг барысында ата-аналарға оқу мен оқытудағы жаңартылған оқу мазмұны негізіндегі жаңалықтармен таныстыра отырып, балаларының бақылауға алынған сынып болғандықтан, бақылау барысында қолдау көрсетуі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде «Болашақ» бағдарламасымен оқыған ауылдың баласының жетістіктері жөнінде таныстырып өттім. Кездесу соңынан бақылауға алынатын 3 оқушының ата-аналарымен жеке-жеке сөйлесіп, зерттеу жұмыстарымен таныстырдым. Үлгерімі нашар оқушының анасы Ақ. зерттеу баласының оқуына жәрдемі тисе, қәне, деп келісті. Мектепті жетілдіру мен өзгерту үшін ынтымақтастықта жұмыс істеу қажеттілігін түсіндіру мақсатымен Дөңгелек стөл отырысы өтті. «Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жеті модуль ықпалдастырылған орта мерзімді жоспар құру---нәтижелер бастауы» деген үрдіспен жүрген жұмыс мектеп мұғалімдерін толық қамтыды. Мұғалімдерге соңғы үлгідегі орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспардың үлгілері таратылып, сол үлгімен жоспар құруда бағыт беріліп, бақыланып отырылды. «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбымен өткен кәсіби сұхбатта мұғалімдерге жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану туралы ақпарат бере отырып, оларға әдістер тізбегін таратып, бағдарламаның жеті модулімен ықпалдастырудың жолдары түсіндірілді. Мұғалімдермен жаңартылған білім негізінде оқыту мен оқудағы өзгерістерді пысықтау Рефлексиялық оқыту үдерісі арқылы жүретін оқушылардан кері байланыс алу- оқушылардың қалай ойлайтыны жөнінде мұғалімнің әрдайым біліп отыруына мүмкіндік береді деп, әр іс-шарадан кейін кері байланыс алып отырдым. Мұғалімдер кәсіби сұхбаттың нәтижесінде Блум таксиономиясымен оқыту мен оқу тәжірибесіндег і жеті модуль ықпалдастырылған орта мерзімді жоспар құруды үйренді. Мұғалімдермен жаңартылған білім негізінде оқыту мен оқудағы өзгерістерді пысықтау мақсатымен «Неге өзгеруіміз керек?» тақырыбымен өтілген кәсіби сұхбатта бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар мұғалім А.Т. «Заман талабы осындай болса, неге өзгермеске» деп, өз көзқарасын білдірді. «Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау» тақырыбында өтілген кәсіби-сұхбатта мұғалімдерге АКТ-ны қолданып, бағалау туралы бейнетаспадан оқушылар мен мұғалімдердің пікірін тыңдату арқылы ой салдым. Жаңартылған бағдарлама негізінде екінші, бесінші сыныптарға сабақ беретін оқып келген мұғалімдерді сөзге тарту арқылы түсіндіру жұмыстарын алып бардым. Кәсіби сұхбат қызу пікір таласқа ұласып, қорытындысында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан бағалау XXI ғасырда зияткерлік талаптарына дайындалып жатқан оқушылар үшін дұрыс бағалау емес деп бағдарлама мазмұнымен келісті. «Қалыптастырушы бағалауды не үшін қолданамыз?» тақырыбымен өткен сұхбаттан мұғалімдер оқыту мен оқудағы бағалау туралы қосымша түсінік алды. Нәтижесінде, мұғалімдер қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау туралы түсінік алып, тәжірибелерінде қолдана бастады. Коучинг- сабақтардың тақырыбы қатысушылардың мектептегі негізгі проблема -оқушылардың түсінік айта алмауы болып, диалогтық оқыту модулі арқылы арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуды көздедім. Коучинг барысында түйінді идеяларды көтеріп, оның шешілуінің сан алуандығын әрбір жеке тұлғаның танымына жеткізуді көздеп, тақырыпты ашуда және бағыт беруде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіріп отырдым. Август Шлейгердің айтуынша метасананы қалыптастыруда, Хаттидің сындарлы оқыту теориясында тұжырымдалғандай, қатысушылар коучинг барысында алған білімдерін бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы дамитыны дәлелденді.

Ауданнан шалғай жатқан бір аймақтағы сегіз мектеп желілік қоғамдастық құрып , мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеруде мектеп мұғалімдері іс-тәжірибе алмасып, семинарлар ұйымдастырып, әр-түрлі іс-шаралар өткізіп келе жатқанына 2 жылдан аса уақыт болды. Әр айда әр мектепте кезекпен өткізілетін семинарлар мұғалімдердің үздіксіз дамуына ықпал етеді. Қоғамдастық аясындағы қызмет білім алуға және әртүрлі мектептерде жүріп жатқан үдерістерді біліп отыруға және оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Басқа мектептердегі мұғалімдердің тәжірибесі және олардың жеткен нәтижелеріне қызығушылық танытқан жағдайда, бірлесіп жұмыс жасау қандай да бір нәтижеге алып келері сөзсіз. Мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдер мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайда әкелетінін алға тарта отырып, желілік қоғамдастықтағы , өзімнің мектебім сияқты, Ы.Алтынсарин атындағы шағын жинақты негізгі орта мектепке тәлім алушымен бірлесе барып, «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде өз пікірімді айтып, бірінші Бетпе-бет кезеңінде тәлім алушы ретінде оқып танысқан «Сағат», «Айналмалы бекет» , «Домино» т.б. әдіс-тәсілдермен таныстырып, тәжірибе алмастық. Күрделі тапсырмаларды орындауда тиімді, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін әдіс-тәсілдер оқушылардың сын тұрғысынан ойлануына ықпал ететінін түсіндірдім. Осы мектептің тәжірибедегі Д. көшбасшының «Қалыптастырушы бағалауды оқушылардың оқуын жақсарту үшін қалай ықпал етуге болады?» тақырыбындағы өткізген коучинг сабағына өз мектебімнен барған 3 мұғалім қатысушы ретінде қатысып, тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, іс-тәжірибе алмасуда жұмыстар жүргіздік. Сабақ барысында көрсеткен бейнетаспалардан дәстүрлі оқыту кезеңінде де қалыптастырушы бағалау үдерістері болғандығын мысал ретінде көрсетті. Қатысушылардың пікірін сұрап, олардың сын тұрғысынан ойлануын қамтамасыз етіп, жауап алды. Дескриптор арқылы бағалау үдерісі тапсырмаларды орындауда орын алды. Коучинг соңынан жоспар бойынша өткен сабағына кері байланыс бердім. Соңынан осы тақырыппен Әл-Фараби мектебіне келіп, коучинг өтуін ұсындым. Қорыта айтқанда, Джеймс 2005 тұжырымдағандай, оқушы табысты білім алу үшін мұғалім оқуын ү немі жалғастырып, желілік Picture 3 қоғамдастықта басқа мектептермен бірлесіп жұмыс істеуде тәжірибеге енгізілген өзгерістерді сақтап, даму үдерісінде болуы керек деп есептеймін. Алдағы уақытта мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатымен 8 мектеп арасында өтетін семинарларда коучинг сабақтар ұйымдастыруды ұсынып, желілік қоғамдастықтың жоспарына диалогтық оқыту модулі тақырыбымен коучиг сабақ өтуді енгіздім. Ы.Алтынсарин мектебіне «Оқыту үдерісіндегі диалогтық оқытудың маңыздылығы» коучинг сабағымды өтіп , өзімнің іс-тәжірибемді арттырдым. Қатысушылар кері байланыс беріп, іс-тәжірибеме табыс тілеп, көңілімді бір көтеріп тастады. Нәтижесінде екі мектеп арасында тығыз қарым-қатынас орнап, ынтымақтастықта тәжірибе алмасып келеміз.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!