Материалдар / Мектептің даму жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептің даму жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің Даму бағдарламасын ҮЛГІ ретінде пайдалануға болады. Бағдарлама мазмұнын мектептің қажеттілігіне қарай өзгертуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
42
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«Келісілді» "Бекітемін" Білім бөлімінің басшысы Мектеп директоры

----------------- ____________ ------------------ __________

«__»____________2023 ж. «___ » __________2023 ж.






ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2023-2028 жылдар

























2023 жыл

Мазмұны


Кіріспе


I-бөлім. Мектепті дамыту бағдарламасының паспорты


II-бөлім. Бағдарламаның талдамалық және болжамдау негіздемесінің блогы:

2.1. Мектептің ағымдағы қызметінің жай-күйі, негізгі проблемалары, олардың себептерінің талдауы.

2.2. Мектептің инновациялық әлеуеті

2.3. Педагогтер мен олардың кәсіби бірлестіктерінің пікірлерін зерделеу арқылы анықталған білім беру ұйымын дамытудың перспективалары мен бағыттары

2.4. Білім беру процесінің мазмұнына ата-аналардың қанағаттануы.

2.5. Мектепке енгізілетін өзгерістердің күтілетін салдарының болжамы, өзгерістер тәсілдері мен нысандары.


III БӨЛІМ. Бағдарламаның пайымы

IV БӨЛІМ. Бағдарламаның миссиясы

V БӨЛІМ. Бағдарламаның стратегиясы


VI БӨЛІМ. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу

6.1. Бағдарламаны іске асыру жоспары

6.2. Бағдарламаның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оны іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру.


VII БӨЛІМ: Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелер

7.1.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер

7.2.Бағдарламадан күтілетін нәтижелер


VIII.БӨЛІМ. Мектепті дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары




















КІРІСПЕ


Түркістан облысының білім басқармасының, Түркістан қаласының білім бөлімінің «ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ» коммуналдық мемлекеттік мекемесін 2028 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы (бұдан әрі- Дамыту бағдарламасы) орта білім беру ұйымының даму барысын реттейтін және бағыттайтын орта мерзімді стратегиялық құжат болып табылады. Бағдарлама ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ дамытудың басқарушылық құжаты ретінде оның дамуының мақсатты, мазмұнды және нәтижелі басымдықтарын анықтайды, мемлекеттің орта білім беру ұйымдары үшін анықтаған мақсаттарын тиімді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын қамқоршылық кеңеспен келісе отырып белгілейді.

Дамыту бағдарламасының перспективалары мен бағытттары мектептің соңғы 3 жылдағы жағдайына жасалған мониторинг қорытындыларын, белгіленген жоспарлардың орындалуын, мектептің инновациялық әлеуетін, білім беру процесінің мазмұнының мүдделі тұлғаларды қанағаттандыруын талдау негізінде анықталды. Нәтижесінде Дамыту бағдарламасының орта мерзімді негізгі мақсаттары анықталды.

Дамыту бағдарламасы орта білім беруді дамытудың еліміздегі және шетелдік тәжірибені, сонымен қатар ҚР орта білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген мынандай негізгі бағыттарды ескере отырып әзірленді:

  • мектептегі оқыту, оқу және тәрбие жүйесі арқылы саналы және жан-жақты дамыған оқушыларды қалыптастыру;

  • балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, баланың қауіпсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету;

  • қазақстандықтардың жаңа буынан тәрбиелеу;

  • педагогтердің кәсіптік және мәдени капиталын арттыру;

  • білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету.     

Дамыту бағдарламасы даму стратегияларын, бағыттарды, пайымды, миссияны, күтілетін нәтижені айқындайды. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үдеріске енгізілетін инновациялар, жобалар, технологиялар арқылы жүзеге асырылады.

5 жылға арналған даму жоспарымыздың қажеттілігіне тоқталатын болсақ, өткен оқу жылдарындағы SWOT-талдау нәтижесінде мектебіміздің әлсіз жақтарын анықтай отырып, осы құрылған жоспардың қажеттілігі анықталды. Бағдарламаның қызметі: инновацияны енгізе отырып, оқушылардың дарындылық дағдыларын арттыру. Қызметті жүзеге асырудың айқын мақсаты: 2023-2028 жылдарға арналған тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және инновациялық идеялар негізінде  оқытуды қамтамасыз ету болса, ал міндеті – дарынды балалардың жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген әлем бейнесі туралы түсініктердің сапалы жоғары деңгейін дамыту арқылы білім сапасын арттыра отырып  педагогтардың кәсіби біліктілік құзыреттілік деңгейін көтеру. Бұл бағдарлама жаңартылған білім мазмұнына бойынша білім беру жағдайында білім берудің стратегиясын, негізгі бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың қызметін анықтайды. Сонымен бірге, бұл есеп білім беру үдерісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Бағдарлама педагогтер мен ата-аналар арасында талқыланып, ұтымды кеңестер ескерілді.

Жоспардың қажеттілігі: Дамыту бағдарламасы мектепті басқару ісінде инновациялық менеджмент бағыттарына даму жобаларын енгізе отырып, білім беру ұйымында білім алушылардың дарындылық дағдыларын қалыптастыруға, білім сапасын арттыруға бағытталған.





















































I-БӨЛІМ. Білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының паспорты


Бағдарламаның атауы

«ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме



  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.(№ 319  27.07.2007 ж )

  • Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы.

  • Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы

Бағдарламаны әзірлеуші

«ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: 2023-2028 жылдарға арналған тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және инновациялық идеялар негізінде  оқытуды қамтамасыз ету

  • Міндеттері:

  • білім алу мүмкіндігіне жағдай туғызу;

  • Мектептің инновациялық жоба жұмысын қолға алу

  • білім алу үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

  • білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру;

  • Цифрлы инфрақұрылым мен ресурстармен қамтамасыз ету; 

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; 

  • білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;

  • материалдық-техникалық базаны нығайту. 

  • педагогикалық білім беруді жаңғырту; 

  • оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

I кезең – 2023-2024 оқу жылы

Дайындық- ұйымдастыру жұмысы, мамандарды дайындау және бағдарламаны ақпараттандыруды қамтамасыз ету.

ІІ кезең 2025-2026 оқу жылы. Практикалық қызмет көрсету.

Мектептің ішкі құрылысын жаңарту, бағдарламаны әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

ІІІ кезең 2027-2028 оқу жылы. Алдағы кезеңдердегі жүзеге асқан істердің нәтижесін тарату және жариялау.


II-БӨЛІМ. Бағдарламаның талдамалық және болжамдау негіздемесінің блогы:


2.1. Мектептің ағымдағы қызметінің жай-күйі, негізгі проблемалары, олардың себептерінің талдауы.


Мекен- жайы:

Байланыс телефоны:

Электрондық мекен -жайы:

Оқу тілі :

Толық атауы:


Лицензия:


Алғашқы берілген күні:

Лицензияның нөмірі:

Лицензияның берілген күні:

Лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрi (түрлері)

- Бастауыш білім беру

- Негізгі орта білім беру

- Жалпы орта білім беру


Мектептің ашылған жылы


Ғимараттың салынған жылы


Ғимараттың түрі, қуаттылығы


Сынып комплекті


Оқушы саны


Жалпы педагогтар саны:



Педагог-шебер



Педагог-зерттеуші



Педагог-сарапшы



Педагог-модератор


Ғимараттың қабырғасы


Шатыры


Терезе


Еден


Жылу жүйесі


Су және канализация


Электр жүйесі


Ғимараттың жалпы ауданы, ауқымы


Ғимараттың қызмет ауданы


Мектеп учаскесінің ауданы


Видеобақылау камерасы


Дабыл түймесі


Ауысымдылығы


Асхана ауданы, сиымдылығы


Кітапхана ауданы, оқу залындағы отыратын орын


Шеберхана


Жалпы оқу бөлмелері


Сынып бөлмелерінің жалпы ауданы, лаборатория мен оқу кабинеттерін қосқанда


Компьютер сыныбы, орындар саны


Жалпы компьютерлер саны


Интернет жүйесі


Жаңа үлгідегі кабинеттер


Интерактивті тақта


Спорт зал


Спорт алаңы


Мед.пункт


Акт залы



Оқу кабинеттері: информатика, математика, химия, биология, физика , қазақ тілі, орыс тілі, тарих, бастауыш сынып кабинеттері, ІТ-кабинеті, робототехника кабинеті, интерактивтік тақталар мен жабдықталған, кең жолақты интернет желісіне қосылған. 100 орындық асхана, темір-ағаш өндеу, тігін шеберханалары, технология кабинеттері бар. Спорттық зал барлық құралдармен жабдықталған.

300 орындық акт залы бар. Қажетті құралдармен жабдықталған медициналық кабинеті бар.

өөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөө – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бағыттар бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім мекемесі. Ол үздіксіз білім беруді қамтамасыз етудегі негізгі буын болып табылады және мектеп жасындағы балалардың мемлекеттік стандарт негізінде және стандарттан тыс қосымша пәндерді оқыту арқылы оқушы қабілетін жан- жақты дамытуға мүмкіндік береді. Мектеп өз жұмысын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР құқықтық- нормативтік актілеріне, жергілікті басқару органдарының құқықтық актілеріне, мектеп, Құрылтайшы арасындағы келісім-шартқа, мектеп жарғысына, локалді актілер жүйесіне сүйенеді.

Кадрмен қамтылу туралы.

«ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ» КММ толыққанды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілді. Жұмыс жасайтын педагогтардың барлығы жоғары білімді, жоғары санатты және жаңа форматтағы статус иелері болып келеді.

Дарын балалар бойынша

Мектепда қазіргі қоғамның талабына сай оқушыларды ғылыми ізденіске баулу, дарындылығын дамыту және танымдық әрекетін қалыптастыру мақсатында «Озат» ғылыми қоғамы жұмыс жасайды. Ұраны: «Ұша білген қанатқа дүние кең»

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

- пәнге терең қызығушылығын арттыру;

- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;


Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша олимпиада

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. 


















Мектептің негізгі проблемалары мен олардың туындау себептері

Мектеп қызметінің мықты және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында мектеп мұғалімдерінен, оқушылардын және ата-аналардан түрлі сауалнамалар алынды, кәсіби сұхбаттар өткізілді. Сонымен қатар 4,9,11-сыныптардан бастапқы бақылау жұмыстары жүргізілді.


Мектептің өткен оқу жылындағы проблемаларына SWOT-талдау

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

  • Мектепте 6 педагог-шебер, 40 педагог-зерттеуші мұғалім бар

  • 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 3 І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды жеңіп алды

  • Мектепте физика, биология, кабинеттері заман талабына сай жиһаздармен жабдықталды.

  • Оқушылардың денсаулық көрсеткіштерінің қанағаттанарлықсыз болуы;

  • Оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділікте болмауы, ара-қатынастың алыстауы;

  • Бала үшін өз бетінше өмір сүруге бейімделу мүмкіндігінің аздығы;

  • Материалдық-техникалық базаның талапқа сай болмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • Баланың жеке болмысын қолдау негізінде жаңа сапалы, тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру;

  • Баланың коммуникативтік, танымдық белсенділігін арттыру мақсатында рухани ортаны құру үшін жағдай жасау;

  • Қосымша білім беру мүмкіндіктерін белсенді түрде оқу үрдісіне ендіру (үйірмелер, секциялар, студиялар).

  • Білім сапасын арттыру бойынша әдістемелік қызметті жетілдіру;

  • ҚР білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама негізінде білім мазмұнын жаңарту жолдарын қолға алу;

  • Білім беру жүйесін нәтижеге бағыттау, оқушы құзыреттілігін дамыту;

  • Жаңа білім беру технологияларын ендіру; мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру;

  • Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруді ұйымдастыру;

  • Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  • Мектептің дамуына қандай жағдайлар мен тенденциялар кері әсерін тигізуі мүмкін?

  • Мектептің әлсіз тұстарының қайсысы қауіп тудырады деп ойлайсыз?


Білім алу үдерісі:

  • Оқушылардың сабаққа дайындалу барысында шамадан тыс түрлі гаджеттерден пайдалануы;

  • оқушылардың бос уақыттарында түрлі әдеби кітаптардың оқымауы;

  • түрлі байқауларға, олимпиадаларға, сайыстарға жүйелі дайындықтың болмауы;

  • Мұғалімдердің сабақ барысында жаңа технологиялардын ұтымды пайдаланбауы

Тәрбие беру үдерісі:

  • Ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарамауы, мектепке сілтеп қоюы.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттері бойынша:

  • Мұғалімдердің өз мамандықтары бойынша пәндік курстардан ұзақ уақыт өтпеуі

  • Кейбір мұғалімдердің сабақ барысында дәстүрлі сабақ беру әдісінен арыла алмауы

  • Үлкен жастағы мұғалімдер мен жас мамандардың арасында келіспеушіліктердің туындауы

Басқарушылық қызмет:

  • -

  • -


Анықталған проблемалардың туындау себептері ретіндегі төмендегі жағдайлар анықталды

Білім алу үдерісі:

  • ата-аналар тарапынан оқушылардың үй жұмыстарын уақытылы орындауларын қадағаланбайды;

  • бос уақыттарында смартфондар, түрлі гаджеттерден арыла алмайды;

  • оқушылардың олимпиада, байқауларға дайындау үшін қосымша сабақтардың өтілмеуі;

  • кейбір мұғалімдердің сабаққа дайындықсыз келуі,

Тәрбие беру үдерісі:

  • ата-аналардың бала тәрбиесіне көңіл аудармауы;

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттері бойынша:

  • пандемия уақытында пәндік курстардың уақытша тоқтап қалуы;

  • Үлкен жастағы мұғалімдер жаңа технология элементтерінен пайдалануға қиналады;

  • Бірлестіктегі мұғалімдер арасында жұмыстардың дұрыс бөлінбеуі,

Басқарушылық қызмет:

-


2.2. Мектептің инновациялық әлеуеті

Мектеп ұжымының инновациялық әлеуетін бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

  • ұжымның интеллектуалды әлеуеті, сыни ойлануы;

  • шығармашылық, тәуекелге дайын болу, бір нәрсені өзгертуге дайын болу;

  • еңбек қарқындылығын арттыруға, жайлылық аймағынан тыс жұмыс істеуге дайын болу;

  • ұжымның кәсіпқойлығы;

  • командада белгілі бір кәсіпқойлардың болуы (инновациялық жобалардың ғылыми жетекшісі, консультант);

  • маркетингтік тәжірибе;

  • ұжымның елеулі бөлігінің ұйымшылдығы,

  • коммуникациялардың қарқындылығы;

  • өзара оқуға дайындығы;

  • басшылық көшбасшылығы;

  • зерттеу, жобалау қызметінің оң тәжірибесі;

  • іздеу бағытын дұрыс таңдау (материалдық, кадрлық базаға барабар);

  • ұжымның ақпараттық мәдениеті;

  • мекеменің қаржылық, материалдық - техникалық, әдістемелік, ақпараттық базасы.


Мұғалімдердің осы критерийлер бойынша инновациялық әлеуетін анықтау мақсатында жиналған деректерді талдау мынаны көрсетті:

  • ұжымда командалық жұмыс қарқыны артады;

  • мұғалімдердің кәсіби шеберліктері артады;

  • жаңа технологиялардын ұтымды пайдаланады;

  • олимпиада, байқаулардан жетістіктердің көбеюі;

  • оқушылар басқа мектептерге ауысып кетпейді.


Осылайша педагогтердің инновациялық әлеуеті жаңашылдықты енгізуге ынтасы бар, оны неліктен және қалай енгізу қажеттігіне біліктіліктерінің жетіспейтіндігі анықталды.

2.3. Педагогтер мен олардың кәсіби бірлестіктерінің білім беру ұйымын дамытудың перспективалары мен бағыттары туралы пікірлерін зерделеу

Мұғалімдерден алынған сауалнамалар, ақпараттық деректер, кәсіби сұхбаттар мен оларды зерделеу барысында мектептің ағымдағы жай-күйі, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі, оқушылардың сабаққа деген ынталарының төмендегі айқындалып білім беру ұйымының даму перспективалары мен бағыттары айқындалды. Мектептің перспективалары мен даму бағыттарын айқындауда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары», ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.(№ 319  27.07.2007 ж ), Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы, сонымен қатар «Педагог мәртебесі» туралы Заңы басшылыққа алынды.

2023-2028 оқу жылдарға арналған мектепті дамытудың перспективалары мен бағыттары:

Мектепті дамытудың перспективалары мен негізгі бағыттары білім сапасын арттыруға, оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ заманауи қоғам талаптарына сай дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Олардың ішінде маңызды бағыттар:

  1. Цифрландыру және инновациялық технологиялар: Оқушылардың оқу материалдарын игеруін жеңілдететін цифрлық платформалар, жасанды интеллект және виртуалды шындық секілді технологияларды енгізу. Бұл оқушыларға күрделі білім беру жүйелерін оңай және интерактивті түрде үйренуге мүмкіндік береді.

  2. Сыни ойлауды және креативтілікті дамыту: Оқушыларға проблемаларды шешу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған курстар мен жаттығулар енгізу. Бұл бағыттар оларды заманауи еңбек нарығына даярлауға көмектеседі.

  3. Жеке білім беру траекториясы: Әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқыту әдістерін қолдану, әсіресе талантты балалар үшін арнайы бағдарламалар және қолдау көрсету.

  4. Тілдік және мәдени білім беруді дамыту: Көп тілділікті және мәдени білімді қолдау арқылы халықаралық байланыс қабілеттерін нығайту, оқушылардың мәдени сауаттылығын арттыру.

  5. Мектеп инфрақұрылымын жаңарту: Жайлы оқу ортасын құру мақсатында заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, соның ішінде заманауи зертханалар, спорт және шығармашылық студиялар ашу.

  6. Оқушылардың психологиялық қолдауы: Психологиялық қызметті күшейту арқылы эмоционалды қолдау көрсету, тұлғалық дамуына бағытталған жұмыстар жүргізу.

  7. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру: Мұғалімдер үшін тұрақты түрде тренингтер мен білімдерін жетілдіру курстарын өткізу. Заманауи педагогикалық әдістемелерді енгізіп, тәжірибе алмасу платформаларын құру.

Бұл бағыттар мектептің дамуына оң ықпалын тигізіп, сапалы білім беру жүйесін құруға көмектеседі.

2.4. Білім беру процесінің мазмұнына ата-аналардың қанағаттануын зерделеу.

Білім беру процесінің мазмұнына ата-аналардың қанағаттану дәрежесін зерттеу барысында бірқатар проблемалар анықталады. Бұл мәселелер ата-аналардың мектепке деген сенімін азайтып, оқушылардың білім алуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Негізгі мәселелер:

  1. Мазмұнның заманауи талаптарға сай болмауы: Көптеген ата-аналар білім беру мазмұнының қазіргі еңбек нарығы талаптарына сәйкес келмейтініне алаңдаулы. Олар оқу бағдарламасына өмірлік маңызды дағдыларды, сыни ойлау мен шығармашылықты дамытуға бағытталған пәндерді енгізу қажеттілігін атап өтеді.

  2. Теорияның көптігі, практикалық дағдылардың жетіспеуі: Ата-аналар балалардың тек теориялық білім алып, оны практикада қолдануға жеткілікті мүмкіндікке ие емес екенін айтады. Осыған байланысты балалардың өмірде қажетті дағдыларды меңгеру деңгейі төмендеп қалады.

  3. Оқыту мазмұнының қызықсыздығы: Кейбір ата-аналар оқу материалдарының оқушылардың қызығушылығын оятпайтынын, оқудың монотонды әрі бір сарынды екенін айтады. Бұл оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.

  4. Цифрлық сауаттылықтың жеткіліксіздігі: Цифрландыру заманында ата-аналар мектепте IT және цифрлық сауаттылыққа көп көңіл бөлінбеуіне алаңдайды. Бұл оқушылардың заманауи технологияларды меңгеруіне кедергі келтіреді.

  5. Жеке оқыту траекториясының болмауы: Ата-аналар кейбір балаларының қабілеттері мен қажеттіліктері ескерілмейтініне, яғни оқу мазмұнының барлық оқушыларға бірдей берілетініне шағымданады. Бұл талантты оқушылардың дамуына, сондай-ақ үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетуге жеткіліксіз.

  6. Пәндердің артық жүктемесі: Бағдарламаның тым көлемді болуы және үй тапсырмаларының көптігі ата-аналарды алаңдатады, себебі балалар бос уақытын аз өткізеді, шығармашылықпен айналысуға немесе спортпен шұғылдануға уақыты жетпейді.

  7. Қолайсыз коммуникация жүйесі: Кей ата-аналар мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс жүйесінің жеткіліксіздігінен шағымданады. Бұл ата-аналарға балаларының оқу үрдісі мен жетістіктерін қадағалауға кедергі келтіреді.

  8. Оқыту тіліндегі мәселелер: Көп тілділікке назар аударылмауы немесе оқу материалдарының белгілі бір тілде жеткіліксіздігі, әсіресе, ауылдық жерлерде кездеседі.

Бұл проблемаларды шешу үшін ата-аналар, мұғалімдер және мектеп әкімшілігінің арасында ашық диалог орнатып, білім мазмұнын жаңарту қажет.

2.5. Мектепке енгізілетін өзгерістердің күтілетін салдарының болжамы, өзгерістер тәсілдері мен нысандары.



Талдау бағыттары

Мектеп қызметін талдаудан анықталған өзгерістер болжамы

өзгерістер тәсілдері мен нысандары

Білім беру үдерісі

Барлық пәндер бойынша инновациялық үдерістерді тәжірибеге енгізу:

- геймификация,

- дербестендірілген оқу,

- STEM білім алу,

- зерттеушілік әңгіме,

- фасилитациялық оқу,

- жобалап оқыту.

Жобаларды іске қосу

Функционалдық сауаттылықты арттырумен айналысу

Электрондық платформалармен жұмыс


Тәрбие беру үдерісі

«Біртұтас тәрбие» құндылықтарын сіңіру

Ұлттық мүдде құндылығы бойынша:

6-10 жас:

-«Отбасым - бақыт мекенім»

-«Көк тудың желбірегені»

11-15 жас:

-«Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі»

-«Ұлттық киім- ұрпаққа мұра»


15-18 жас:

-«Сен және Заң»

-«Профи TIME» мамандықтар әлемін таныстыру


Ар-ұждан құндылығы бойынша:

6-10 жас:

-«Адалдық - асыл қәсиет»

-«Үйрен жақсы әдептен...»

11-15 жас:

-«Қарттарым - асыл қазынам»

-«Құмарлыққа бой алдыру- тәуелділік құрдымы»

15-18 жас:

-«Адалдық – адамгершілік бастауы »

-«Мейірімді жүрек»

Талап құндылығы бойынша:

    1. жас:

-«Мен оқыған ертегі»

-«Мақал – сөздің азығы,жұмбақ- ойдың қазығы»


11-15 жас:

-«Сабырлық – асыл қәсиет»

-«Жақсыдан қашпа, жаманға баспа»

    1. жас:

-«Ізгіліктің бір ізі – алғыс айту»

Жобалар сынып сағаттары т.б.



Сынып сағаты

Сурет байқауы


Сынып сағаты


байқау


Дөңгелек үстел


«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы



Сынып сағаты

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

Сынып сағаты


Дөңгелек үстел


Сынып сағаты


Акция

«Оқуға қуштар мектеп» жобасы

«Оқуға қуштар мектеп» жобасы



Сынып сағаты

Дөңгелек үстел


Мерекелік іс - шара

Педагогтерді оқыту үдерісі

Білім бөліміне қажетті курстар туралы сұраныс беру.


Басқарушылық үдеріс












III БӨЛІМ. Бағдарламаның пайымы

ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ


Миссия: Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Пайымдауы: Жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт.

Өзектілігі: Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – әлеуметтік-экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни елдің дамуында білімнің маңызды рөлін ескеру. Бұл миссия қазіргі замандағы жаңа технологиялар, ақпараттандыру және бәсекеге қабілеттілік талаптары тұрғысынан ерекше өзекті. Экономиканың әр түрлі секторында инновациялық дамудың күшеюі білім деңгейіне тікелей байланысты, сол себепті елдің тұрақты дамуы үшін жоғары білімді және бәсекеге қабілетті халықты қалыптастыру өте маңызды болып отыр.

Шынайылығы: Жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт құру мақсаты шынайы және қолжетімді, егер саясат тиімді жоспарланып, қаржыландырылып, дұрыс іске асырылса. Жоғары сапалы білім беру жүйесін дамыту, оқытушыларды даярлау және қайта даярлау, заманауи инфрақұрылымды қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларын жаңарту – осылардың барлығы шынайы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім саласындағы реформалар елдің ұзақ мерзімді даму мақсаттарына сәйкес болуы шынайылықты қамтамасыз етеді, өйткені олар нақты қажеттіліктер мен елдің болашаққа деген мақсаттарына бағытталған.

Кешенділігі: Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың кешенділігі бірнеше бағытта жүзеге асуы тиіс. Бұл саясат тек білім беру жүйесін ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мәдени және ғылыми-технологиялық салаларды да қамтиды. Оны кешенді ету үшін төмендегідей шараларды қарастыру қажет:

  1. Барлық деңгейдегі білім жүйесін қамту: Мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру арасында үздіксіздік пен сабақтастық орнату, осылайша оқушыларға мектептен бастап, жоғары білім алғанға дейінгі кезеңде қажетті білім мен дағдыларды біртіндеп меңгерту.

  2. Кәсіптік бағдар және еңбек нарығымен байланыс: Білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес бейімдеу, яғни нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлау. Бұл қоғамның және экономиканың өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне сай болуы тиіс.

  3. Әлеуметтік қолдау және инклюзивтілік: Әрбір бала мен жасөспірімнің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру, аз қамтылған немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағдарламаларын енгізу.

  4. Цифрландыру және инновация: Білім беру процесіне цифрлық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді (геймификация, онлайн-платформалар, STEM, зерттеушілік оқыту және т.б.) енгізу арқылы заманауи құралдарды қолдану.

  5. Педагогикалық кадрларды даярлау және қолдау: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қазіргі заманғы талаптарға сай оқыту, мұғалімдерге әлеуметтік қолдау көрсету, мансаптық өсу мүмкіндіктерін арттыру.

  6. Ғылыми және зерттеу әлеуетін дамыту: Білім беру мекемелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау, ғылым мен білімді біріктіру, оқушылар мен студенттерді ғылыми зерттеулерге тарту арқылы елдің зияткерлік әлеуетін арттыру.

Осы бағыттарды үйлесімді түрде іске асыру арқылы білім саласындағы мемлекеттік саясаттың кешенділігі қамтамасыз етіледі. Бұл тәсіл әрбір бағыттың өзара байланысты екенін ескеріп, тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

IV БӨЛІМ. Бағдарламаның миссиясы

Даму бағдарламасының миссиясы – қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуіне және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін заманауи, қолжетімді, сапалы білім беру жүйесін құру. Бұл миссия білім беру саласын жетілдіру арқылы жоғары білімді, интеллектуалды және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруды мақсат етеді.

Миссияға қол жеткізу үшін даму бағдарламасы келесі міндеттерді алға қояды:

  1. Білім беру жүйесінде инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу.

  2. Барлық әлеуметтік топтар үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  3. Ұлттық және халықаралық талаптарға сай мамандар даярлау.

  4. Оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру.

  5. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделген оқу бағдарламаларын әзірлеу.

Осылайша, даму бағдарламасының миссиясы елдің білім беру жүйесін кешенді дамыту арқылы қоғамның зияткерлік және экономикалық дамуына жағдай жасауды көздейді.





V БӨЛІМ. Бағдарламаның стратегиясы

5.1. Мектептің Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі орны және рөлі

«ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстанның Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі негізгі буын ретінде маңызды орын алады. Ол қоғамның зияткерлік және мәдени дамуының негізін қалап, жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді. Қазақстандағы мектептердің рөлі мен орны бірнеше бағытта көрініс табады:

  1. Негізгі білім беру қызметі: Мектеп оқушыларға оқу мен жазуды, математика мен жаратылыстануды, қоғамтануды және өзге де базалық пәндерді үйретіп, олардың білім деңгейін қалыптастырады. Бұл білім әрбір азаматтың одан әрі кәсіптік, жоғары білім алуға және өмірде бәсекеге қабілетті болуына негіз болады.

  2. Ұлттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыру: Мектептер оқушылардың азаматтық санасын, патриоттық сезімін тәрбиелеп, ұлттық мәдениетті, тіл мен дәстүрлерді меңгерту арқылы олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуда ерекше рөл атқарады. Оқу бағдарламаларына Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті сияқты пәндерді енгізу осы мақсатты көздейді.

  3. Әлеуметтік теңдік пен қолжетімділікті қамтамасыз ету: Қазақстанның білім беру жүйесі әрбір балаға, әлеуметтік жағдайына қарамастан, мектепте сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Бұл теңдік қағидаты білім берудің қолжетімділігін арттырады және қоғамда әлеуметтік бірлікке ықпал етеді.

  4. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту: Мектеп оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық, сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын дамытады. Қосымша сабақтар мен үйірмелер арқылы балалардың әлеуетін жан-жақты ашуға мүмкіндік береді.

  5. Мамандыққа бағдарлау: Мектеп оқушыларды еңбек нарығына, кәсіптік және техникалық білім алуға бағдарлайды. Жоғары сыныптарда оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби бағытты таңдауына жағдай жасалады, бұл олардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.

  6. Инновациялық және цифрлық сауаттылықты дамыту: Қазақстан мектептері білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізу арқылы оқушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастырады, бұл заманауи қоғамның қажеттіліктеріне сай келеді.

Осылайша, мектептер Қазақстанның орта білім беру жүйесінің негізгі тірегі болып табылады және қоғамның тұрақты дамуына, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға айрықша үлес қосады.






5.2. Тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатындағы мектепті дамыту стратегиялары және кезеңдері

Жоспар қолда бар жағдайларды талдау және оларды өзгерту перспективалары туралы болжамды ескере отырып, ресурстық қамтамасыз ету негізінде жасалды. Бағдарламаның стратегиялық даму жоспарын талқылаудың және қабылдаудың негізгі кезеңдері мен нысандары.

Мектептің стратегиялық даму бағдарламасы үш кезеңде іске асырылатын болады: 2023–2024, 2025-2026 мен 2027– 2028 жылдар.

Стратегиялық даму бағдарламасын іске асырудың кезеңдері:

Бірінші кезеңінде Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Анықталған проблемаларды шешу барысында тиімді стратегиялық бағыттар бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді, жауапты тұлғалар бекітіліп, керек болған ресурстарға тапсырыс беріледі.


Екінші кезеңде

Даму басымдықтары

Стратегиялар мен мақсаттар

2023-2024 оқу жылы

2024-2025 оқу жылы

2025-2026 оқу жылы

2026-2027 оқу жылы

2027-2028 оқу жылы

1

2

3

4

5

6

7


Цифрландыру және инновациялық технологиялар



+

+

+

+

Сыни ойлауды және креативтілікті дамыту

+


+

+

+

+

Жеке білім беру траекториясы

+


+

+

+

+

Тілдік және мәдени білім беруді дамыту

+


+

+

+

+

Мектеп инфрақұрылымын жаңарту


+

+

+

+

+

Оқушылардың психологиялық қолдауы

+


+

+

+

+

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

+


+

+

+

+

Сабақ барысында көбірек практикалық жұмыстар ұйымдастыру

+

+

+

+

+

Оқыту мазмұнының қызықты етіп ұйымдастыру үшін жаңа әдіс тәсілдерден үнемі пайдалану

+

+

+

+

+

Цифрлық сауаттылық бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру

+

+

+

+

+

Жеке оқыту траекториясының негізге ала оқыту. Оқушының қабілетіне қарай қосымша сабақтарға қатыстыру.

+

+

+

+

+

Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу

+

+

+

+

+



5.3. Мектептің инновациялық әлеуетін дамыту және оған қол жеткізу

Мектептің инновациялық әлеуетін дамыту – білім беру сапасын арттырудың маңызды аспектісі, өйткені бұл оқушылардың заманауи дағдыларды меңгеруіне және өзгермелі әлемге бейімделуіне жағдай жасайды. Инновациялық әлеуетті дамыту және оған қол жеткізу бірнеше бағытта жүзеге асырылуы мүмкін:

Енгізілетін инновациялар

Оған қалай қол жеткізуге болады?

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту:

Мектептерге заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, компьютерлер, интерактивті тақталар, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл оқушылар мен мұғалімдерге цифрлық құралдарды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Инновациялық оқыту әдістерін қолдану:


Геймификация – оқу процесін қызықты етіп, мотивацияны арттыру үшін ойын элементтерін пайдалану.

STEM білім беру (Science, Technology, Engineering, Math) – ғылым, технология, инженерия және математика бағыттарын кешенді түрде меңгерту арқылы сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту.

Фасилитациялық және жобалық оқыту – мұғалімдер оқушылардың оқу процесіне белсене араласуын қамтамасыз ететін әдістерді қолданады. Жобалық оқытуда оқушылар нақты проблемаларды шешу арқылы білімдерін бекітеді.

Педагогикалық кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру:

Мұғалімдер инновациялық әдістер мен технологияларды меңгеру үшін тұрақты түрде біліктілігін арттыру курстарынан өтуі тиіс. Бұл олардың заманауи білім беру тәсілдерін қолдануына мүмкіндік береді.

Электрондық білім беру платформаларын қолдану:

Онлайн-курстар, цифрлық оқу құралдары, виртуалды зертханалар, білім беру порталдары арқылы оқушылардың қашықтан немесе аралас форматта оқуға мүмкіндігі артады. Бұл әсіресе оқытуда дараландыруды арттыруға септігін тигізеді.

Зерттеу мәдениетін дамыту:

Оқушыларға зерттеушілік дағдыларды меңгерту арқылы ғылыми ойлауын дамыту. Мектептерде шағын зерттеу жобалары, ғылыми үйірмелер мен конференциялар ұйымдастыру – осы бағыттағы тиімді шаралар.

Ата-аналармен және жергілікті қауымдастықпен ынтымақтастық:

Инновациялық әлеуетті дамытуға ата-аналардың қолдауын алу маңызды. Қауымдастықпен бірлескен жобалар, еріктілермен жұмыс, кәсіпорындармен серіктестік оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап еңбек нарығына жақындауына мүмкіндік береді.

Оқушылардың жеке қызығушылықтарын қолдау:

Дарынды балаларды қолдау бағдарламаларын іске асыру, оқушылардың қызығушылықтарын дамытуға бағытталған қосымша үйірмелер, олимпиадалар, конкурстар ұйымдастыру.

Мектептің инновациялық мәдениетін қалыптастыру:

Инновациялық мәдениет – мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылар арасында жаңа идеяларды ашық қабылдап, оларды іске асыруға дайын болу дегенді білдіреді.

Осы шаралардың барлығы мектептің инновациялық әлеуетін арттыруға көмектеседі, оқушылардың шығармашылық, сыни және аналитикалық қабілеттерін дамытады, олардың білімін сапалы әрі заманауи деңгейге көтереді.















VI БӨЛІМ. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу

6.1. Бағдарламаны іске асыру жоспары

Өзгерістердің/іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

жауапты


1-мақсат.

1

Айқын индикаторлар мен өлшемдерді анықтау:





2

Қаржылық және материалдық ресурстарды қамтамасыз ету:





2- мақсат.

1


Кадрлық әлеуетті дамыту:





2

Мониторинг және бағалау жүйесін енгізу:





3

Оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану:





3-мақсат:

1

Білім беру бағдарламаларын жаңарту және бейімдеу:





2

Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықты тарту:





3

Қол жеткізілген нәтижелерді талдау және үздік тәжірибелерді тарату:







VII БӨЛІМ: Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелер:

7.1.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер

Мектепті дамыту бағдарламасын іске асыру көптеген маңызды оң өзгерістерге әкеледі. Негізгі бағыттар мен күтілетін нәтижелер мыналарды қамтиды:


Бағыттар

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер

Білім беру үдерісі

Оқу сапасының артуы
Оқыту бағдарламаларының жетілдірілуі және педагогтардың кәсіби дамуынан кейін оқушылардың білім сапасы жоғарылайды. Әр оқушының жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес келетін әдістер қолданылады.

Материалдық-техникалық базаны жақсарту
Мектептің инфрақұрылымын жаңарту арқылы оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы орта жасалады. Қазіргі заманға сай жабдықтар мен цифрлық технологиялар білім беру үрдісін жеңілдетіп, әртүрлі ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жаңа оқу бағдарламалары мен инновациялық әдістерді енгізу
Оқу бағдарламаларын жаңарту, STEM, STEAM, CLIL, жобалық оқыту сияқты инновациялық тәсілдерді енгізу оқушылардың білім алуын қызықты әрі тиімді етеді.
Бұл олардың сыни ойлау, аналитикалық және креативті қабілеттерін дамытады.

Тәрбие беру үдерісі

Ата-аналармен серіктестікті нығайту
Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты күшейту арқылы балалардың оқуға ынтасы артады. Бұл оларға ата-аналар тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын сезінуге мүмкіндік береді және оқу үлгерімін арттырады.

Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту
Бағдарлама тек академиялық білімге емес, сонымен қатар эмоционалды интеллект, коммуникативті дағдылар, көшбасшылық және өзін-өзі басқару қабілеттерін дамытуға да бағытталған. Оқушылар қоғамда, топта тиімді жұмыс істеп, өз ойларын еркін жеткізе алатын болады.

Педагогтерді оқыту үдерісі

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
Оқытушылардың кәсіби дамуына арналған тренингтер, семинарлар мен курстар мұғалімдердің заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруіне көмектеседі. Бұл оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың пәндерге қызығушылығын оятады.

Басқарушылық үдеріс





Мектепті дамыту бағдарламасын толық әрі тиімді жүзеге асырғанда оқушылардың білімі, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, мектеп инфрақұрылымы мен жалпы білім сапасы жоғары деңгейге жетеді.


7.2.Бағдарламадан күтілетін нәтижелер

Мектепті дамытудың негізгі басымдықтары

Күтілетін нәтижелер

Оқу сапасын арттыру

Мектептің басты мақсаты – сапалы білім беру. Бұл мақсатқа жету үшін оқыту әдістемелері жаңартылып, оқу бағдарламаларына заманауи білім беру стандарттары енгізіледі. Оқу сапасын арттыруда оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын тиімді әдістер қолданылады.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру

Мұғалімдер кәсіби дамудың үздіксіз процесіне қатысуы тиіс. Бұл үшін біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылады. Жаңартылған әдіс-тәсілдерді меңгеру арқылы мұғалімдер өз сабақтарын қызықты әрі нәтижелі өткізуге мүмкіндік алады.

Технологияларды білім беру процесіне интеграциялау

Білім берудің цифрлық ресурстарын қолдану оқыту сапасын жақсартады және оқу процесін оңтайландырады. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пәндерді игеру деңгейін арттырып, түрлі ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады.

Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту

Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттеріне назар аудару – мектеп дамуының маңызды бағыттарының бірі. Дарынды оқушыларды қолдау, олардың қабілеттерін дамыту және тұлғалық қасиеттерін жетілдіру басты назарда болуы керек.

Қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету

Мектепте оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы, қауіпсіз, таза және жайлы оқу ортасын жасау – басым бағыттардың бірі. Инфрақұрылымды жақсарту, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, сондай-ақ мектеп ғимаратын жаңарту оқушылардың жайлы жағдайда білім алуына ықпал етеді.

Құндылықтар мен мәдениетке негізделген тәрбие

Оқушылардың адамгершілік, патриотизм, қоғамға деген жауапкершілік сияқты құндылықтарын дамыту – тәрбие жұмысының маңызды бағыты. Оқу орнында достық қарым-қатынас пен қолдау көрсететін орта құру мектептің жалпы мәдениетін жақсартады.

Ата-аналармен және қоғаммен серіктестік орнату

Ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс оқушылардың табысты оқуына оң әсер етеді. Қоғаммен, ата-аналармен тұрақты серіктестік орнату арқылы мектептің дамуына көмек көрсететін түрлі жобалар мен іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік туады.













VIII.БӨЛІМ. Мектепті дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2023/2024

оқу жылы

2024/2025

оқу жылы

2025/2026

оқу жылы

2026/2027

оқу жылы

2027/2028

оқу жылы

1-мақсат.

1.

Айқын индикаторлар мен өлшемдерді анықтау:


+

+




2.

Қаржылық және материалдық ресурстарды қамтамасыз ету:


+

+

+



2-мақсат:

1

Кадрлық әлеуетті дамыту:


+

+

+

+

+

2


Мониторинг және бағалау жүйесін енгізу:


+

+

+

+

+

3

Оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану:


+

+

+

+

+

3-мақсат.

1

Білім беру бағдарламаларын жаңарту және бейімдеу:



+

+

+

+

2

Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықты тарту:



+

+

+

+

3

Қол жеткізілген нәтижелерді талдау және үздік тәжірибелерді тарату:



+

+

+

+



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!