Мектептің экологиялық «Жасыл клуб» туралы үлгілік ереже

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептің экологиялық «Жасыл клуб» туралы үлгілік ереже

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің экологиялық «Жасыл клуб» туралы үлгілік ереже
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептің экологиялық «Жасыл клуб» туралы үлгілік ереже

1. Жалпы ережелер


1. Осы Мектептің экологиялық «Жасыл клубы» туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы мектептің экологиялық «Жасыл клубтары» қызметінің мақсатын, міндеттерін, ұйымдық құрылымын және тәртібін айқындайды, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылға арналған цифрлық бастамаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

2. Мектептің экологиялық «Жасыл клуб» (бұдан әрі – «Жасыл клуб») қоршаған ортаны қорғауға, ғылыми энергия және ресурс үнемдеу жобаларына, StartUP және экология саласындағы бизнес жобаларға қызығушылық танытатын білім алушылардың ерікті бірлестігі.


2. «Жасыл клубтың» мақсаты және міндеттері


3. Мақсаты: оқушылардың табиғатқа құндылық көзқарасын қалыптастыру, экологиялық білім деңгейін арттыру, балалардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша хабардар болуы, өскелең ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу, экологиялық сауатты мінез-құлықты қалыптастыру.

4. Міндеттері:

білім алушылардың жоғары экологиялық мәдениеті мен білімін қалыптастыру;

қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;

оқушыларда экологиялық бағдарланған мінез-құлықты қалыптастыру және тұрақты даму мәселелерін шешуде практикалық дағдыларды игеру;

мектептердің жұмыс тәжірибесіне биологиялық әртүрлілікті сақтау, энергия үнемдеу, су үнемдеу, қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған орта мен атмосфералық ауаның мониторингі жөніндегі іс-шараларды енгізу;

қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша педагогтерді, балаларды және олардың заңды өкілдерін хабардар ету;

өңірлік «Жасыл клубты» Республикалық «Жасыл клубтар» желісіне біріктіру;

«Жасыл клуб» мен табиғатты қорғау ұйымдары, экологиялық үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту.


3. «Жасыл клубтың» ұйымдық құрылымы


5. Мектептің экологиялық «Жасыл клубы» туралы ереже «Жасыл клубтың» қызметін реттейді.

6. «Жасыл клуб» қызметі экологиялық, жалпы мәдени, зияткерлік, зерттеу, коммуникациялық, азаматтану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

7. Өз қызметінде «Жасыл клуб» Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

8. «Жасыл клубтың» қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды орта білім беру ұйымының басшысы айқындаған жауапты тұлға жүзеге асырады.

9. «Жасыл клубтың» жоғарғы органы-жалпы жиналыс. Жалпы жиналыстың құзыретіне іс-шаралар жоспарын бекіту, «Жасыл клуб» президентін сайлау, оның жаңа мүшелерін қабылдау кіреді.

10. «Жасыл клубқа» кіру орта білім беру ұйымдарының барлық білім алушылары үшін ерікті болып табылады.

11. «Жасыл клубқа» мүшелік білім алушыларға оның мүшесі болғысы келетіні туралы өтініш жазу арқылы белгіленеді.

12. «Жасыл клубқа» мүшелікті тоқтату өтініш беру арқылы өз еркімен мүмкін болады.

13. «Жасыл клубтың» қызметі жыл сайын қыркүйекте клубтың жалпы жиналысында қабылданатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

14. «Жасыл клубтың» қызметі жариялылық, ашықтық, әрбір мүшенің пікірін ескеру, мәселелерді еркін талқылау, ұжымдық шешім қабылдау қағидаттарына негізделеді.

15. «Жасыл клуб» орта білім беру ұйымының әкімшілігімен, педагогтерімен өзара әрекеттесуін жүзеге асырады.

16. «Жасыл клуб» жұмысының негізгі нысаны экологиялық іс-шараларды, акцияларды, экскурсияларды, ғылыми зерттеулерді, жобалау қызметін ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

17. «Жасыл клуб» өз қызметін бүкіл оқу жылында, оның ішінде демалыста жүзеге асырады.



4. «Жасыл клубтың» қызмет бағыты


18. Экологиялық білім беру және ағарту:

дәрістер мен семинарлар: білім алушыларды маңызды экологиялық мәселелермен және шешімдермен таныстыру үшін мамандарды, ғалымдарды шақыру;

викториналар мен байқаулар: табиғатты қорғауға арналған танымдық іс-шаралар өткізу;

ақпараттық стендтер мен буклеттер: экологиялық жауапты өмір салты туралы білімді тарататын құжаттар жасау;

экологиялық газеттер мен журналдар: экологиялық тақырыптарға арналған мерзімді басылымдар;

экскурсиялар: табиғатпен танысу үшін экологиялық орталықтарға, саябақтарға, қорықтарға бару.

19. Экологиялық тәжірибе:

аумақты тазалау: мектеп ауласын, саябақты немесе орман алқабын қоқыстан тазарту бойынша акциялар өткізу;

ағаштар мен бұталарды отырғызу: мектеп аумағын абаттандыру және орман алқаптарын қалпына келтіру бойынша акцияларға қатысу;

эко-көкөніс бақшасын құру: экологиялық таза әдістерді қолдана отырып, мектеп учаскесінде көкөністер мен шөптерді өсіру;

қалдықтарды бөлек жинау: мектепте қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ұйымдастыру және осы принципті насихаттау;

компост жасау: органикалық қалдықтарды өңдеу және тыңайтқыш өндіру үшін компост жәшіктерін жасау.

20. Экологиялық еріктілік:

экологиялық акцияларға қатысу: мектепте, өз жерінде табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге көмектесу;

табиғатты қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық: бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті табиғатты қорғау ұйымдарымен өзара әрекеттесу;

табиғи объектілерді күту: мектеп маңындағы саябақтарды, ормандарды, су айдындарын күтуге қатысу;

экологиялық өмір салтын насихаттау: оқушылар, ата-аналар және жергілікті тұрғындар арасында экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы білімді тарату.

21. Экологиялық жобаларды құру:

жобаларды әзірлеу және іске асыру: жергілікті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ғылыми, әлеуметтік және коммерциялық жобаларды құру және іске асыру (мысалы, экотрасса құру, мектеп аумағын абаттандыру, мектептің энергия тиімділігін арттыру);

экожобалар байқауларына қатысу: байқаулар мен фестивальдерде мектеп жобаларын көрсету.

22. Заманауи технологияларды қолдану:

мектептің веб-сайтын немесе әлеуметтік желілердегі парағын құру: клуб қызметі және маңызды экологиялық мәселелер туралы ақпарат тарату;

іс-шараларды ұйымдастыру үшін онлайн-платформаларды пайдалану: экологиялық тақырыптар бойынша онлайн-викториналар, байқаулар, вебинарлар өткізу;

бейнероликтер мен презентациялар жасау: ақпаратты тиімдірек жеткізу үшін экологиялық идеялар мен жобаларды визуализациялау.


5. «Жасыл клубтың» қатысушыларының құқықтары мен міндеттері


23. «Жасыл клубтың» әрбір мүшесінің келесі құқықтары бар:

жалпы жиналыстарға қатысу;

«Жасыл клубтың» кез келген іс-шараларына қатысу;

білім беру ұйымы басшысының келісімі бойынша түрлі экологиялық іс-шараларда «Жасыл клуб» атынан өкілдік ету;

«Жасыл клубтың» қызметіне қатысты ұсыныстар енгізу, оларды талқылауға және іске асыруға қатысу;

«Жасыл клубтың» қызметі туралы ақпарат алу;

«Жасыл клуб» мүшелерінің арасынан өз қалауы бойынша еркін шығу.

24. «Жасыл клубтың» әрбір мүшесі міндетті:

«Жасыл клубтың» басқа мүшелеріне құрметпен қарау;

«Жасыл клубтың» жұмысына, іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге белсенді қатысу;

«Жасыл клуб» мүшелерінің жалпы жиналысының барлық шешімдерін орындау;

«Жасыл клуб» мүшелерінің жиналыстарына уақытылы қатысу;

жолдастық қарым-қатынас этикасын бұзатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ «Жасыл клубқа» моральдық немесе материалдық залал келтіретін іс-әрекеттерді жасамау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.11.2024
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі