400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру - баршамыздың міндетіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру - баршамыздың міндетіміз тақырыбындағы мақалада тілді құрметтеуге, дәріптеуге шақыру мәселесі көтерілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ – БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ


ЖАНГАБУЛОВА АНАР АСИЛХАНОВНА


«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша

кәсіби даму институт филиалы

«Әдіснама және педагогикалық инновация»

кафедрасының аға оқытушысы


Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.

Бауыржан Момышұлы


Жер бетінде тіршілік атаулының жаны болады. Мысалы, жан-жануарлар болсын, өсімдік болсын, тіпті адамзат баласының өмір сүруі мен тіршілік етуінің өзегі неде? – әрине дамуында. Адам жаны қан тамырында болса, ұлттың жаны неде? – Ұлттық ана тілінде.

Тарихтың терең қойнауынан ата-баба аманатын алып жалғастырудамыз. Ол ұлы аманат-Ана тілі! «Тілден асқан биік жоқ, тілден терең теңіз жоқ» - деген драматург-жазушы Ғ.Мүсірепов тіл қадірін биік бағалаған. Қазақтың ана тілі - қазақ тілі! Қазақ тілі ана сүтімен, ана әлдиімен бойымызға дарыған асыл сөзі, ата-бабамыздың көнеден қалған көзі, яғни ғасырдан-ғасырға мирас болған ата-баба қазынасы.

Қазіргі жағдайда ұлт мүддесіне нұқсан келтірмей, саясат деп қомағайлана кіріспей, Қадыр Мырзаәліше айтқанда:

Басқа тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деген даналық сөзін естен шығармаға болашақ ұрпағымызды тәрбиелейік. Үлкеннің де, кішінің де алдында тұрған міндет – қасиетті қазақ тілінің діңгегін нық ұстау, мәртебесін көтеру! Біз мың өліп, мың тірілген қазақпыз. Рухы күшті халықпыз, рухымыздың күштілігінің арқасында мықтылығымызды таныттық! Енді соны ыдыратып алмауымыз керек. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етіп жалғастыратын қару – қазақ тілі! Сондықтан Елбасы Н.Назарбаев «Ана тілі» газетінің бас редакторы Мереке Құлкеновке берген сұхбатында: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Баланың тілін қазақ тілімен шығарыңдар! Қазақтар қазақша сөйлесіңдер» - деп кемеңгерлік өсиет сөз айтты. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды-қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет. Оның негізгі заңында «Мемлекет ұлтаралық қарым – қатынас тілі мен басқа да тілдердің қолданылу аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды», – делінген.

Үздіксіз өсіп отырған ғылыми техникалық прогресс жағдайында баланың ой – өрісін барлық жағынан кеңейтіп, оның интеллектісін дамытып, ғылым негіздерін сапалы түрде меңгеруге көмектеспейінше, оқушыны келешекте қоғам өміріне белсене қатысуға даярлау мүмкін емес. Оқытудың дәрежесі өз – өзінен проблемаларды шеше алмайды, істің нәтижелі болуы мұғалімдердің теориялық білімді сабақ процесінде қалай іске асыруымен тікелей байланысты. Тілді білу – ұлтаралық қарым – қатынасты, ұлтаралық мәдениетті жақсартады. Әрбір халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдениеті, оның озық үлгілерін таныту арқылы баланы сол ұлтқа құрметпен қарауға тәрбиелеумен бірге, оның тілге деген сүйіспеншілігін оятады. Оқушының тілін дамыту әдістемесі тақырыбын зерттеу барысында әдіскер – ғылымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасайықшы. Бұл ретте Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының оқу – ағарту ісінің бастауы кезеңінде тұрғаны, оның өз еңбектерінде оқушының сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға, халық тілін білуге, атап айтқанда, баланың тілін дамытуға айрықша мән бергенін көреміз.

Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсыновтың да тіл дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігі, бұл іске жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен пайдаланғанына назар аударуға болады.

Қазақ ғалымдарының арасынан психология мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған Мағжан Жұмабаев тіл табиғатына зор баға берді. «Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға ұқпайтын сөз үйретпеу керек. Екінші – баланы өзімен тең балалармен бірге ойнату керек. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп», – дейді.

Ойлауды сөзден бөлуге болмайды. Сондықтан да балалардың тілін дамыту әрқашан ой операцияларын орындаумен бірге қарастырылады. Оқушылардың салыстыра, топтастыра, жүйелей, қорытынды шығаруы, олардың ауызша және жазбаша сөзінің логикалық дәлдігінен, бейнелілігінен көрінеді. Оқушылардың сөздік қорын байытумен байланысты жүргізілген жұмыстарда балалардың жас ерекшеліктері мен жеке бас ерекшіліктері, олардың зейін, ерік, қиял т.б. әрекеттері ескеріледі. Сондықтан, оқудың алғашқы күнінен бастап – ақ баланы тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды орындауға дағдыландырылады. Олардың зейіндері заттарды бақылаумен қатар, әріптерден сөз құрау арқылы жетілдіріліп тәрбиеленеді. Психологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенгенімізде, тілді игеру, сөздік қорының молаюы, грамматикалық мәліметтер жөніндегі түсінігі мектепке дейінгі кезеңнің өзінде-ақ практикалық жолмен, ауызша сөйлеу түрінде қалыптасатындығын байқаймыз.

Тіл дамыту жұмысында сөйлеу мен жазбаша тілінің бір-бірімен байланыстылық принципі басты орын алады. Адам сөйлеу арқылы бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасайды . Сөйлесу барысында тілдің түрлі көркемдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, салыстыру, теңеу, мақал – мәтелдерді қолданып сөйлеу, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше айту, ымдау, тағы басқа әрекеттер қолдану арқылы сөйлеу процесінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Ал жазбаша сөйлеу – графикалық жазба таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлем түрлерімен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлем түрінде белгілі бір байланыс болады. Адам ойын сөйлеммен жүйелі жазып беруде тілдегі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін сұрау, леп, нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, т.б. қолданады. Ауызша сөйлеу тілін жақсы меңгерген оқушы ойын жазбаша да жүйелі айтады, жаза да алады. Сондықтан, бұл екі процесс бір – бірімен байланыста, бірлікте қаралғанда ғана дұрыс нәтиже береді.

Тілді оқыту мен үйретудің озық әдістемелерін қолдану, оған жаңа технологияларды енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жеке іс қағаздарының тілін, құрылымын таныстыра отырып, іс қағаздары стилінде қолданылатын қажетті лексикалық қор қалыптастыруға, стандарт бірліктердің санада қалыптасып, жатталуына ықпал жасау керек. Тіл-қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл-халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі-бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз, бойымызға рухани қасиетін сіңіреміз.

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.

Қазіргі қоғамның дамуы жаһандану үдерісімен анықталады.  Барған сайын экономикалық қатынастар дүниежүзілік халықтардың өзара тәуелділігін арттырып келеді, өйткені ғаламдық бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасу үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Сол сияқты мәдени және саяси қатынастардың өзара тығыз әрекеттестігі демократиялық, жалпы адамзаттық құндылықтардың кең таралуына мүмкіндік берді. Бұл үдерісті барынша үдемелі таралуына зор ықпал еткен байланыс құралдарының дамуы. Ақпараттық технологиялар – мобилді телефон, телехабар, факс, электронды пошта және Интернет торы кеңістік пен уақытты “тығыздады”: адамдар бір сәтте араларында он мың шақырым жатқанына қарамай бір-бірімен хабарласады және қажетті құжаттарды жібере алады. Бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы ақпараттық экономиканың үстемдігін орнатуға жол ашты.  

Қазақстанның жаңару кезеңінде тұрған басты мақсаты-ол мемлекеттігін нығайту, соның негізінде жаңа әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастары қалыптастырылады. Ал ол үшін қазақ халқының дәстүрлі қоғамымен сабақтастығын қалпына келтіру, қазіргі өркениеттің талаптарына бейімдеп сәйкестендіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту арқылы әлеуметтік, ұлтаралық шиеленістердің оңтайлы шешімдерінің негізін жасау қажет. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың әлеуметтік маңызы ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесуін қарастыруға болады: мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері.

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл-жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның  төл перзенті. Сол халықтың  мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл құдіреті-ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін,  үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.

Тіл-ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы-ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

«Тәрбие басы  - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне  қатысты. Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын  аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол -ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы Жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі - еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші  ұйытқы болуын көздеп отыр.

Қазақстанда қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен. 

Сөз соңында айтарым қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің қоғамда да тіл өзекті мәселе болып отыр. «Ұлттың тілі - ұлттың ділі» демекші, қандай  ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін  жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп,  егеменді ел болып жатқан  сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны  ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру - әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.

Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл  - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері  даусыз. Ақын  Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде:

Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,

Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.

Құтылмайсың барлық тілді білсең де,

Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...

Ана тілінде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түп нұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар, - деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін баяндаған.

«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы.

  3. Мухамедиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. – Алматы, 2009.

  4. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы, 2005.

  5. Боранбаев С., Елікбаев Б., Құдасов С. Іс қағаз жүргізуде жиі қолданылатын сөз тіркестері. – Шымкент, 2008.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 наурыз
352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі