Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгерту

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал медицина колледжінде сабақ беретін оқытушылар мен қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыларға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгерту


Қазақбаева Ж.Р.

Әлеуметтік –экономикалық пәндер ЦӘК-нің оқытушысы.



Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуге, өркениет биігіне ұмтылуы қоғамның барлық саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби біліктілігі мен рухани мәдениетінің деңгейін көтеруді талап ететіні аян. Өркениеттің басты өлшемі білім мен мәдениет болып саналатындықтан, жоғары білім жүйесінің алдына болашақ мамандардың бойында заман талабына сай білік қалыптастырып, өзгермелі қоғамда өмір сүруге бейімділіктерін, яғни өмірлік дағдыларын дамыту міндеті қойылып отыр. Бұл міндеттің жүзеге асуы оқу орындарында оқытылатын пәндердің мазмұндық, әдістемелік тұрғыдан жетілдірілуімен тікелей байланысты .

Бұл өзекті мәселе «Қазақстан Республикасының Конституциясында», ҚР «Білім туралы» Заңында, және Елбасының «Қазақстан халқына Жолдауларында» сондай-ақ, т.б. мемлекеттік деңгейдегі маңызды құжаттарда көрсетіліп келеді.. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының алдына тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау арқылы еліміздің ертеңіне жауапты мамандарды тәрбиелеу жолдарының бірі ретінде дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру міндеті қойылған.

Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы екені даусыз.. Себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші. Сондықтан медицина саласы бойынша білікті маман тәрбиелеу ісінде мемлекеттік тілдің атқарар рөлі ерекше. Медицина саласында қазақ тілінде атаулық және әрекеттік мәндегі терминдер де, сөз тіркестері де, мақал-мәтелдер де қалыптасып орныққаны белгілі.

Медицина саласындағы мемлекеттік тіл аясындағы атқарылатын шаруалардың қаншалықты күрделі, қаншалықты салмақты мәселе екені даусыз. Ғылымтанушылар мәліметіне сүйенсек, ғылыми пәндердің саны әрбір жиырма бес жылда екі есеге артып отырады екен. Аударма сөздердің ғылыми айналымдағы осындай орасан зор иірімін ескерсек, аталмыш мәселені санаулы бір уақыт аясында ретке келтіру, қалыпқа түсіру әлбетте, мүмкін емес. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін, медицина саласындағы мемлекеттік тілде жарық көрген еңбектер көптеп саналады. Атап өтер болсақ, А.Рақышев «Анатомия терминдерінің сөздігі», Т.Момынов, А. Рақышев «Медициналық сөздік», Ә.Нұрмұхамбетұлы «Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік», М.Ахметов «Медициналық терминдер сөздігі», М.Мырзабеков, Б.Жарбосынов, Қ. Мәжібаев «Қазақша-орысша медициналық сөздік», Д. Қияшев «Биохимия терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» К. Аяпбергенова «Медицина лексикасының ұялы әдіспен жасалған сөздігі»т.с.с. Бұл сөздіктердің күнделікті жұмыс барысында, ғылым саласында, әкімшілік-басқарушылық жүйеде орыс тілінен қазақ тіліне аудару қажет болған жағдайда көмекші құрал ретінде өлшеусіз қызмет етіп келе жатқаны даусыз.

Республикалық медицина колледжінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясы қазіргі таңда жоғары деңгейде десек қателеспейміз.. Оған дәлел ретінде барлық іс-қағаздарының екі тілде бірдей, орыс және қазақ тілдерінде әзірленетінін айтсақ та жеткілікті. 1998жылы « Мемлекеттік тілді дамыту» орталығы ашылған болатын. Орталықтың басшысы, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Жалмаханов А.А. көптеген игі істер атқаруда.Жыл сайын қыркүйек айында «Қазақ тілі» ЦӘК-нің оқытушыларымен бірге «Тіл апталығын » өткізуді ұйымдастырып, және де колледждің мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының сапасын тексеріп отырады. Тағы бір айта кетер жайт, колледждің Ғылыми әдістемелік орталығының қызметкері Сахишева С.Ш. мемлекеттік тілге қатысты іс-шараларды ұйымдастырып, медицина пәндерінен өткізілетін ашық сабақтардың мемлекеттік тілдегі үлес салмағының артуына көп көңіл бөліп келеді..Осы орталықтың ұйытқы болуымен мемлекетік тілде «Анатомия», «Кесте түрдегі биохимия», «Анатомия мен физиологияның атласы», «Паталогиялық анатомия» , «Клиникадағы зерттеудің анықтау әдістері» пәндерінен оқулықтар шығарылды.

Сондай-ақ, халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуде түрлі аурудың болу себебі мен емделу жолдарынан мағлұмат беретін дәрежеде сөйлей алуға жеткізу мақсатында мемлекеттік тілде медицина лексикасын оқытуда дұрыс жолға қойылған.Атап өтер болсақ,болашақ маман иелерін ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, кәсіби білікті маман ретінде, адамдармен сауатты қатынас жасай алатын тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында:

- студенттердің сөздік қорын молайтуға арналған түрлі тақырыптағы сөздіктер жасалған;

-мамандық бойынша түрлі ауруға арналған тілашар құрастырылған.

Колледжде теориялық, практикалық және шығармашылық жұмыс істеуіне барлық жағдай қарастырылған. Оқу кабинеттері техникалық құралдалдармен, аудиовизуалды аспапен, интернет тақтамен жабдықталған. Мұның бәрі сабақты тиімдіде, ұтымды өткізуге септігін тигізуде. Тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, граматика, фонетика) жеңілдету және дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұлттық ойындар да тиімді пайдалануда. Шешендік өнермен сусындаған жастарымыздың ертеңгі күні ой-өрісі кең ,мәдениеті жоғары деңгейде болмақ.

Әрине,, медицина саласындағы мемлекеттік тіл проблемаларының өзіндік қиыншылықтарыда кездесіп отырады. Ең басты мәселе-аудармадағы грамматикалық және лексикалық бірізділіктің сақталмауы. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, іс жүзінде өз тұғырына қондырып, жүзеге асуына жол ашатын тағы бір арна – іс қағаздарының қазақ тіліндегі нұсқасы. Бұл тұста бірден ашып айтатын мәселе – құжаттардың бастапқы нұсқасының орыс тілінде жасалып, қазақ тіліне сөзбе-сөз аударылатындығы. Орыс тілінде жасалған құжатты жауапты маман өз білгенінше қазақ тіліне аударады. Сол үдеріс кезінде тағы да бір сөз (тіпті, ол медицина саласына қатысы жоқ, ресми сөз болуы мүмкін) бірнеше мағынаға ие болып шыға келеді. Ендеше, екінші мәселе-іс-қағаздарындағы қиыншылықтар.

Сондықтан да, болашақ медицина саласы мамандарын термин мүмкіндігін қамтитын медицина атауларын қолдануға, қалың көпшілікпен медицина тілінде еркін қарым-қатынасқа түсуге жетелейтін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау қажет-ақ.. Өз сөзімізді Ахмет Байтурсыновтың «Тілі жоғалған жұрттың өзіде жоғалады деген » сөзімен аяқтағым келіп отыр. Қандай салада болсада мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгерте білейік.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12