Мен анамның
көмекшісімін
«жүн өңдеу технологиясы» мата-
мақта қолдана отырып жұмыс жасау. Мақсаты: Өсіп келе жатқан ұрпақты қазақ
халқының салт-дәстүрімен, қол өнерімен таныстыру, оны
құрметтеу,мақтан тұту үшін жүн басудың жаңа технологиясын
технология сабақтарында үйрету. Балалардың қызығушылығын арттыру.
Жүндерден пайдалы,сәндік бұйымдар, киім кешектер жасап үйрету, оны
әртүрлі көрмелерге қатыстыру арқылы өзіміздің қолөнерімізді елге
насихаттау, күнделікті қолданысқа ендіру.
Көрнекілік,құрал
жабдықтар: Шит тоқылған, сабынды су,
гупка,ине,түрлі ою- өрнектер, жүн, сабау, ұршық, мата,қайшы, жіп.
Қолданған ойындар: Шерітпе ойыны, асықтар түрлі түсті. Болинг
ойыны.
Саламатсыздарма
ата-аналар, тәрбиешілер, балалар. Бүгін біз Жүнді өңдеудің жаңа
технологиясын қолдана отырып ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін
өткелі отырмыз. Оқу қызметімізді бастамас бұрын ән ұранымызды
орындап алсақ. Әнұран Шаттық
шеңбері: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз. Кең даланың ежелгі, Қазақ деген халқымыз. Өзге
ұлттай бізде де, Бар дәстүр мен салтымыз. Халқымыздың дәстүрлі
тұрмысында жүннен бұйымдар жасау алдынғы орында тұр. Салмағы
жеңіл,фактурасы жұмсақ және жағымды, ауа өткізетінжәне жылуды
ұстайтын қасиеті бар материал болып табылатын жүннен түрлі бұйым
жасауда басқа ештеңе алмастыра алмайды. Жүннен бұйымдар жасау тіпті
балалардың да қолдарынан келеді. Жүннен жасаудың дымқыл және құрғақ
әдістері деп аталатын жолдарын бірнеше техникалық тәсілдері бар.
Бірінші әдісі, атынан көріп тұрғандай суды және киіз басу үрдісі
жылдамдататын құралдарды қажет ететін оның сабын немесе ( труба)
тәрізді арнайы жуғыш құралы болуы ықтимал. Екінші ол жазық заттарды
да, жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді. Балалар
бізге алыс жол жүріп сұнау жайлаудан қонаққа әжеміз келе жатыр
екен, жақсылап қарсы алайықшы. Әже: Саламатсыңдарма қарақтарым мен
сендірді баяғы ескі қазақй дәстүрлерімізді қолға алып келешек
ұрпақтарымызға діріптеп, болашақта біліп жүрсін деп жатсындарма. Ой
жарайсындар қарақтарым олай болса мен сендерге өзімнің қыз
кезімдегі киізді қалай басқанын, қандай жүнді пайдаланғанын айтып
берейін. Ал келін немеремді ертіп кел бермен. Мынау жүн қойдың
күзде тоғытып қырқылған күзем жүні , бұны біз бірінші колмен түтіп
алып аны жақсылап сабаумен сабап аламыз. Күзем жүнмен киізді басса
өте жақсы басы бірігеді,жәнеде оған құрт құмырсқалар басқада зиянды
жәндіктер келмейді. Барлық тоқыма киімдерді байпақ, қолғап
жемпір,бұрынғы кйіз уйде тұрған ата бабаларымыз қойдың жүнімен киіз
басып киіз уйді сонымен қоршаған. Тәрбиеші: Балалар әжеміз бізге
өте керемет мағлұмат берді. Олай болса бізде әжейге өз білгенімізді
көрсетейік. Үстел үсті жұмысына барайықшы.Қырқылған өю-өрнектер мен
ыдыс аяқтарды әсемдеу жүн мен жіп қиындысы мен жіптерді қолдана
отырып жапсыру, Қырқылған өюлар қйындысынан қошқар мүйізді
құрастыру. Балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойынымыз: Асық шерту деп аталады. Ұмыт болып бара жатқан асықпен
ойналатын ойындарды жаңаша түрінде қолдана отырып балалардың
ойнату. Шарты:Төрт бұрышта төрт түсті асық
қойылады,сары,көк,қызыл,жасыл. Ортада дөнгеленген шеңбер ішіне
тізіле асықтар тізілген. Төрт бала төрт шетте тұрады. Төрт түсті
асық ұстаған балалар асықтарын ортаға тастайды қай асық алшы тұрса
сол бала ойынды бастайды.Кім көп асық жинаса сол жеңімпаз
болады.Ойын 2-3 мәрте ойнатылады. Екінші Ойынымыз Болинг ойыны
Шарты: Тізілген аркадан допты домалатады,доп қай кедергі қасына
тоқтаса сол кедергі қасында жатқан қағаздарғы сұрақтарға жауап
береді .Әр кедергі қасына қосымша әр түрлі сыйлықтар қойылған
сұраққа дұрыс жауап берген бала сол сыйлықты алады. 1. Төрт түлікті
ата ( сыйыр, қой, ешкі, түйе) 2. Қойдын қандай пайдасы бар?
(Жүнінен жіп жасап киімдер тоқйды,киіз басады) 3. Қойдын қандай
жүнінен киіз басады? (Күзен жүнінен басы жақсы бірігеді, құрт
құмырска,зиянды жәндіктер келмейді) 4. Киіз басқанда қандай оюлар
қолданған? Қошқар мүйіз, гүл. 5.Қандай ою түрлерін білесің?(Сырмақ,
қолтық, түйе табан, түйе мойын, құс қанат т,б) 6. Қазақтың ұлттық
тағамдарын ата? Амин: Қазы- қарта, жал-
жая. Дәмді тамақ қандай, ә! О
қазағым, жарадың! Қазы- қарта, жал- жая, Сенің ұлттық тағамың
Құпиясын біл кәзір, Барма қояр сұрағың? Дайындалар бұл мәзір Жылқы
етінен шырағым! Даниел: Қазақта ет-
басбармақ Құдаңа тарт мал басын, Жездеңе
қой төс арнап Қарттарға бер жамбасын, Пісті міні бесбармақ Су
қайнатып шәйнекке, Қою шәйді іш қанып Тойып жатсаң, майлы етке,
Оянасың күш дарып. 7.Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер жүн
туралы? Ержігіт: Жібекке жібек жамаса, Жүнге
жүн ғана жарасар. Ақтөре: Бір ұра жүннен, Ұршық жіп
иірмейді. Ақназар: Жүніне қарай матасы, Теміріне
қарай балтасы. Райс: Ұғындыру – сізден, Жүнін жүлу
бізден. Сергіту сәті Би: Құрақ тігу Аналарының қөмекшілерін
аналарымен ортаға киіз басуға, құрғақ жүнен жайлаудың суретін
жасауға, алма жасауға жүн сабауға және ою-өрнекті тігуге шақырамыз.
Бірінші киіз үй қасында Қалаубек Кәусар анасы Жасминамен көрпешеге
қошқар мүйізді оюды тігуге жайғасады. Келесі орынға жүнді сабап
,ұршық иіруге қонаққа келген әжеймен Абдыхалық Айкөркеммен анасы
Динара жайғасады. Бірінші үстел үстінде шит пен құрғақ жүн
мата,шашық, сабынды су дайындалған ол жұмысты Ерлан Хадидже анасы
Сағиламен жасап киіз басуға кірісті. Дайын шитке сары жүнді оң және
кері жүргізіп жұлып орналастырды қызыл түсті жүннен қошқар мүйіз
оюуын жасап сары жүнің үстіне орналастырып киізді дайындап үстіне
мата жауып сабынды суды себелеп үстін сипалап сабын суын сіңдірді,
шитке орап үстінен қолдарымен ұрып шапалақтап арлы берлі білектеп
домалатты. Сәлден соң шитті ашып дайын болған киізді кө рсетті.
Екінші үстел үстінде ақ қағаз, құрғақ жүн, ине, гупк,шит, синтифон,
сабынды су дайындалған. Ол жерге Мүбарақ Бақдаулет анасы Мерует
екеуі жұмыс жасады. Ақ парақ үстіне сары жүнмен бір қабат жүнді оң
және кері жұлып жүнді оналыстырып шығып таудың ағып жатқан өзенің
айналасына өсіп тұрған гүлдерді бейнелеп табиғат көрінісін жасап
шықты жүнің құрғақ түрімен. Ал қасындағы заттарды қолдана отырып
Холопова Макар мен анасы Татьяна екеуі синтивонды дұмылақтап ине
арқылы жинап нығыздап алма пішінін жасап шығарып оған жапырағын гу
пканың қатты жасыл шетінен қйып жапырақ жасап оны қөңыр жүнмен
сәндеп алдыы дайындаған алмаларын қызыл түсті жүнмен орап сыртынан
сары түсін жүнің қолдана отырып әдемі алма жасап шығып, сбынды суға
салып басын біріктіру шарасында қолдарымен жан жағын жәймен сипалап
суын шығарып кептірді, алмаға жапырағын орналастырды. Жәйменен
әуенді музыка ойнап тұрды. Қонаққа келген ата- аналар Бүгінгі
ұйымдастырылған ашық оқу қызматі ұнағандарын, балаларға жаңа
технологиямен ескі ұмыт болған жүн түту одан жасалатын заттарды
бірге жасап балаларының үйренгендеріне тәнті болып алғыстарын
жаудырды. Жүмыстарының соңында тірбиеші ата-аналарға келіп
қатысқандары үшін алғысы ретінде кішігірім естелікке сыйлық берді.
Қазағымның салт –дәстүрі жаңғырған, Тәлім ой сынағы, Тәрбие көзін
қалдырған Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын Қазақ атты үлкен,
кіші, балдырған