400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен армандаған мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мамандықтың жаманы жоқ , бірақ оның кез-келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту , тамақ асыраудың ғана жолы емес , үлкен өнерді , зор шеберлікті қажет ететін нәрсе" ©Ж.Айтмауытов
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен армандаған мамандық»

Мамандық-әр адамның жақсы көріп әрі қуана істейтін жұмысы. Таңертең ұйқыдан тұрғанда тәтті көрген баладай жұмысқа баратынына қуана білу. Әркім өз мамандығын өзі таңдауы қажет. Себебі бүгінгі таңдау , ертеңгі күн.

“Мамандықты дұрыс таңдау-өмір жолының сәттілігі” деп профессор Э.Ф.Зеер айтқандай өміріңіз сәтті өткенін қаласаңыз мамандықты дұрыс таңдауыңыз маңызды. Қазіргі уақытта мектеп бітірушілердің көпшілігі гранты көп н/е грантқа түсу баллы төмен мамандықты таңдап жатады. “Еңбексіз өмір жоқ , ауырсыз жеңіл жоқ” демекші оңай келген нәрсенің құны жоқ , бәрібір асқақ армандарын құлатып грант үшін таңдаған мамандығы өз жанымен таңдамаған соң оқи алмай шығып кетуіңізде мүмкін. Сонымен қатар ата-анасының таңдап берген мамандығына оқуға түсетіндерде баршылық. Алайда ата-анасы баланың сол оқуды тәмамдаған соң жұмысты баласының істейтінін естен шығарады. Бүгінгі таңдау болашақ айнасы сол үшін таңдауымызды жақсы жасай білуіміз қажет.

Бала кезімізде бәріміз белгілі бір мамандық иесі болуды армандаймыз. Бірақ өсе келе онымызды жәй қиял деп ойласып қаламыз. Өз басым кішкентайымда актриса болуды армандағанмын. Бірақ өсе келе көзқарасын мен таңдауың өзгереді екен. Біресе режиссер , біресе мұғалім енді бірде дизайнер болуды ойладым. Әнші , стюардессса н/е биші болудыда ойласқанмын. Қанымда бар болған соң ба шығармашылықтан асып кете алмадым. Ойым басқа маандықты таңдағасы келсе де Әбу-Насыр Әл-Фараби “Ісім онсын десеңіз , сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз , көпшіліктің адамы болыңыз” деп айтып кеткендей жүрегім тек “шығармашылық” деп соғып тұрды. Менің атам , әке-анам маандық таңдауыма араласқан емес , маған әрдайым “-жұмысты істейтін өзің , таңдағаның болашағын” деп айтып отырады. Ал шығармашыл Назым шағрмашылықтың соңынан қуып жүре берді. Айлар өтеді , күндер жылжиды , жылдар кетеді , уақыт сырғыйды сөйтіп жүргенде 9-ыншы сыныпқа келіп жеттім. Расымды айтсам ол уақытта өзімнің нақты не қалайтынымды білмедім. Өкінішке орай мен тұратын қалада үлкен университеттер жоқ , тек қана педогогикалық институт ж/е бірнеше колледж бар. “9-ыншы сыныпты бітірген соң аттестатымды құшақтап педогогикалық колледжге тапсыра салсам ба” деген ойым болды. Бірақ “Қойшыны таяғы , қасқырды аяғы асырайды” дегендей болашақта өзімді істеген жұмысымнан алған айлықпен асырайтыным ойымнан шықпады. Сөйтіп , өзімнің таңдауымды жасау үшін 11-іңші сыныпқа қалдым. 10-ыншы сыныпта өзімді зерттедім, бәрібір шығармашылықтан алыстай алмай Журналист мамандығын таңдадым. Бәлкім Алла қаласа бала күнгі арманым орындалып киноғада түсе жатармын. Әрине журналистиканы амалсыздан таңдадым демеймін. Өлең шығару , эссе жазуым , камера алдында еркін сөйлеуім , бала кезімнен влог түсіріп жүрген қасиеттерім менің журналист мамандығын таңдауыма өз үлестерін қосты. Болашақта халық пен үкімет ортасындағы алтын көпір болып , қарапайым халықтың мұң-мұқтажын билік басындағыларға жеткізгім келеді. Сонымен қатар өзімнің жерлес апам , тұңғыш қазақ журналист қызы Нәзипа Құлжановадай белгілі журналист болғым келеді. Адамдар қанша жерден “Журналистика қиын” , “ Өлмейтін мамандық мұғалімдік” “ Грант аз бөлінеді шығармашылыққа” деп аяғымнан шалғысы келседе мен өз арманымнан бас тартпаймын!

“Биік таудың басына кішкентай қадамдармен жетесін” дегендей қазіргі уақытта өз арманыма жету үшін үлкен универлерге оқуға түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ мен барлық шығармашыл мамандыққа түскісі келетін оқушылардың тапсыратын шығармашылық емтиханға Қадаз медиамен дайындалу барысындамын.

“Ең қиын мамандық адам боп қалу” дегендей қандай мамандықты таңдасақта адами құндылықтарымызды жоғалтпау деп қорытындылағым келеді! “Жарқын болашақ жастардың” қолында деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай болашақ біздің қолымызда , бүгінгі таңдауымыз болашағымыздың айнасы. Асқақ армандарымызды орындауға бәріміз құқылымыз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі