Мен аспан әлеміне барсам.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен аспан әлеміне барсам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сөз таптары туралы түсініктерін тереңдете отырып, сан есім туралы түсінік қалыптастыру. Сан есімнің заттың сипатын, түсін, түрін білдіретіні туралы мағлұмат беру. Сан есімді сөйлем ішінен таба білуге, ажырата білуге дағдыландыру, зат есіммен байланысын анықтауға үйрету. Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру. Шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 26.04.2018ж

Пән: Қазақ әдебиеті

Мұғалім: Ахметова Г.А

Машықкер:Аргенова А.Е

Сынып: 5«в»

Кабинет:107

Сабақтың тақырыбы:

Мен аспан әлеміне барсам.

Сабақта негізделген оқу мақсаттары:

Оқушылардың сөз таптары туралы түсініктерін тереңдете отырып, сан есім туралы түсінік қалыптастыру. Сан есімнің заттың сипатын, түсін, түрін білдіретіні туралы мағлұмат беру. Сан есімді сөйлем ішінен таба білуге, ажырата білуге дағдыландыру, зат есіммен байланысын анықтауға үйрету. Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру. Шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Сабақ нәтижелері:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері:

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында оқушылардың назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әр түрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Түнгі аспан суреті арқылы бейнелеу өнері, аспан денелері туралы ақпараттармен танысу арқылы жаратылыстану пәнімен байланыс орнатылады

Алдыңғы меңгерген білім

Нәтиже сабақ.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

(Ұ) Шаттық шеңбері. Оқушылармен амандасу.

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Бір-бірлеріңізге жақсы көңіл-күй тілеңіздер. (3 минут)

Үй тапсырмасын тексеру: (7 минут)

Сабақтың басы:


БPicture 1 ағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Ширату. Жұмбақ шешу

 

Әйнектей көгілдір,

Теңіздей тым мөлдір. (Аспан)

 

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

 

Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

 -       Жұмбақтар қандай тақырыптарда болды?

-       Олардың жауаптарын қалай топтастыруға болады?

-       Жауаптарына байланысты қандай ортақ тақырып ойластыруға болады? деген сауалдар арқылы тақырыпты болжау, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын анықтау.

Жаңа білім:




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.


«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

1. Бұлтсыз ашық күнде аспаннан нелер көрінеді?

2. Олар неліктен бізге жылтыраған кішкене ноқат болып көрінеді?

3. Жай көзбен қарағанда неше мыңға тарта жұлдыз көрінеді?

4. Жұлдызды немен көруге болады?

5. Телескоп арқылы неше жұлдыз көрінеді?

6. Адамдар жұлдызды аспанды қандай жұлдыздар тобына топтастырады?

7. Барлығы неше шоқжұлдыз бар?

8. Шөмішке ұқсайтын шоқжұлдыз қалай аталады?

9. Оларды басқаша не деп атайды ?

10 Бұл шоқжұлдыздардың ішіндегі ең жарық жұлдыз қалай аталады?

11. Теңізшілер мен саяхатшылар Темірқазық арқылы нені анықтаған?

12 . Ғарыштық денелерге нелер жатады?

13. Жерге ең жақын жұлдыз не?

14. Оның төңірегінде неше ірі аспан денесі айналып жүреді?

15. Олар қалай аталады?

16. Жер қандай ғаламшар?

17. Ең үлкен ғаламшарды ата?

18. Жердің серігі не?

19. Жер Күн жүйесінде нешінші орында орналасқан?

20 Жердің орналасқан жері несімен қолайлы?

21. Күн және оны айналып жүретін планеталар не құрайды?


Ортасы

10-минут

«Сергіту» ойыны. Дара сан есімдерді атағанда оң қолдарыңды көтересіңдер, күрделі сан есімдерді атағанда екі қолдарыңды бірдей көтересіңдер.
Екінші, қырық - елу, тоғыз жүз бір, жетеу, жүздеген, үш - үштен, бесеу, он бүтін жүзден елу бір, тоқсан, жүз шақты.
1-тапсырма /Жұптық жұмыс/ «Серпілген сауал» әдісі

1.«Аспан денелері» дегенді қалай түсінесің?

2.Аспандағы қай жұлдыздың атын білесің? Олар неге солай аталады?

3. «Менің жұлдызым жоғары» деген сөз қай кезде айтылады?Оның себебі неде?

4. «Жұлдыз жорамалға» сенесің бе? Неге?

5.Аспанға қарап ауа райын , тіршілік жайын қамдаған бабаларымыздың даналығы туралы не білесің?

Бекіту (5 минут)


Синтез

Рисунок 1

1-топ.

Сұрақтар құрастырады.

2-топ.

Мәтіннің мазмұны бойынша тест құрастырады.

3-топ.

Қалта телефон тақырыбына эссе жазады.




Сабақты бекіту: Әзілді – логикалық сұрақтар.

1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4 - ке көбейтіңіз!
3) Оған 18 - ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2 - ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7 - ні алыңыз!
6) 3 - ке көбейтіңіз!
7) 6 - ға бөліңіз!
Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады.

Бағалау

(2-минут)

Үйге тапсырма
(1 минут)

Жазылым

3-тапсырма. Өлең жолдарындағы зат есім мен сын есімдерді кестеге салып жаз.



Әдіскер: ___________________Қалабаева Н.Б.

Пән оқытушысы:_____________Ахметова Г.А

Машықкер: __________________Аргенова А.Е.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2018
2066
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі