МЕН БОЛАШАҚ ОТАН
ҚОРҒАУШЫМЫН
Сатов Арнат
Мухтарович
ЖШС Каспий өңірі «Болашақ»
колледжі, 2 курс, күндізгі, Ақтау қаласы,
arnat.satov@bk.ru
tulesh62@mail.ru Н.К.Тулешова, 1
санатты арнайы пәндер
оқытушысы
Мемлекетіміздің кең – байтақ жері, оның
қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы –
халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп
қалдыратын баға жетпес байлығы. Сонау ғұн, сақ заманынан бері
ата-бабаларымыз осы жер үшін қан төгіп, ұлтарақтай бөлігі үшін жан
алысып, жан берісті. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің
арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Жер көлемі бойынша 9-орындамыз.
Осы жерімізді қорғап, қызғыштай қорып, байлығын игеріп, халық
қажетіне жарату ол осы қазір ғұмыр кешіп жатқан ұрпақтың еншісінде.
Қазақ ұлын да, қызын да жастайынан ержүрек те батыл, тура да
шыншыл, намысқой етіп тәрбиелеген. «Малым – жанымның садағасы,
жаным – арымның садағасы» деген дана да дара халқымыз жері, елі,
ары үшін қандай жауға да қасқайып қарсы тұра білген. Тарихтан оқып,
білгеніміздей халқымыз өздігінен өзгеге тиіспеген. Көрші
халықтардың жеріне көз алартпаған. Ал, басқалар басынғысы келіп,
бодандық қамытын саламыз десе, бытырап , шашылып жатқан халық әп
сәтте жұдырықтай жұмылып, бастары бірігіп, тас түйін болып түйіліп,
қандай болмасын жауына тойтарыс бере
білген.
Мен үшін
біздің еліміздің болашағы өте маңызды. Біздің еліміз,біздің
жеріміз, біздің Тәуелсіз Қазақстан! Ежелден бері біздің ата-бабамыз
тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен. Біздің Қазақстан – көп ұлтты
мемлекет. Яғни , ол еліміздің қонақ жайлылығын, достыққа,татулыққа
берік екендігін анық көрсетеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарды отансүйгіштікке
баулып, патриоттық сезімін ояту мақсатында: «Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз
мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек
ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген сөзі
жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың жігерін жанып, намысын
қайрайтыны сөзсіз.
Тарихқа
үңіліп қарасақ, біздің қазақ хандары мен батырлары қасық қаны
қалғанша,бар күшін салып кіндік қаны тамған байрақ жерін қорғаған.
Біздің еліміз көптеген қиындықтардан өткен. Олардың бірі бізге өте
ауыртпалы зардаптар әкелген ашаршылық жылдары(1930-1933). 1930
-1933 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып
түсетінін аңғарамыз. Ал 1946-1980 тоқырау жылдарында қазақ халқының
қамын ойлап, тағдыр үшін, адалдық үшін күрескен,ақын-жазушыларымыз
бен зиялы қауым Кеңес одағының тоталитарлық режиміне қарсы шыққаны
үшін репрессияға, қуғын-сүргінге
ұшырады.
Осы
орайда мен болашақ Отан қорғаушы ретінде біздің ата-бабамызға
ризашылығымды білдіргім келеді. Ата-бабаларымыздың арқасында біздің
еліміз тәуелсіздігін алып, көк туымызды көк аспанда
желбіретіп,басқа елдерді
мойындаттырдық.
Әрбір ер
азаматқа әскерге бару – Отан алдындағы борыш саналады. Ата
заңымызда «Қазақстан Республикасын қорғау – әр азаматтың қасиетті
борышы және міндеті» деп көрсетілген. Отан үшін аянбай еңбек ету,
қарулы күшінің қатарын толықтыру — патриоттық іс. Ия, менде
болашақта әскерге баруды
жоспарлаудамын.
Біз оқитын колледжімізде
тұлғаның түрлі қызметтер саласында өзін-өзі көрсетулері үшін
жағымды жақсы жағдайлар құрылған. Колледжде студенттер үшін
дәстүрлі түрде ашық есік күндері, «Қайырымдылық» акциясы,
студенттер күні, мұғалімдер күні және т.б. іс-шаралар өткізіледі
және түрлі үйірмелер жұмыс жасайды, мамандықтары бойынша кәсіптік
чемпионаттарға қатысуға жолдама алады, кәсіптік жарыстың да
тәрбиелік мәні өте жоғары деп білемін.
Біздің танымдық
қызығушылығымыз, шығармашылық қабілетіміз, білімге икемділігіміз,
өзін-өзі дамытуымыз да осы жерден бастау алады. Жас шыбық иілуге
қандай икемді болса, жасөспірім де тәрбиені қабылдауға солай
бейімдіміз. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”- деп заманымыздың
заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы- жасөспірімдердің
саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты екенін түсініп
білемін.. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз
болашағымызға зор сеніммен қараймыз.
Колледжде өткен іс-шараларға
белсенді қатысамыз, соның ішінде «Жаса,жаса Қазақстаным»
атты патриоттық әндер байқауында біздің топ бірінші орын
иеленді.
Сурет 1. Патриттық әндер
байқауы көрінісі.
Патриотизм – өз еңбегін, күш -жігерін туған
жері мен Отанын көркейтуге жұмсау деген ұғымды
білдіреді.
Патриоттық сезімнің нысаны Отан десек, оның
негізі туған жер, ұлттық тіл, дін, дәстүр, олардың адамға жылылық
беріп, ізгі ерлік істер қайнар көзіне айналуы патриотизмге
тәрбиелеудің арқауы болып табылатынын біздің әр азаматымыз түсініп
біледі.
Сурет 2. Әскери дайындықтан
жарыс.
Қазақстан қарулы Күштерінің қатарында әскери
қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті
міндеттерінің бірі болып табылады.Қарулы Күштер қатарында қызмет
ету- Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген
сөз.
Қорыта
келе, Отан алдындағы борышын мүлтіксіз орындауына кәміл сеніп, ел
сенімін ақтар жандар көп бола бергей. Менде болашақ Отан
қорғаушымын.
Ол үшін
қазірден бастап сабақтан қалмай, қазіргі заманға сай білім алып,
оқуымды ойдағыдай аяқтап, диплом алып, мамандық иесі болуым керек.
Елімнің тыныштығы , жерімнің гүлденуі үшін қолымнан келгенше еңбек
етуге дайынмын.
Мен үшін
«Отан» сөзі ұлы сөз.
Мен
Сатов Арнат болашақ Отан
қорғаушымын!
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері
мен ғылыми мәселелері. / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев,
т.б. — Алматы, 2007.
2. «Қаһарлы
күндер» Автор: Т.АхтановТүсінік:
Рымғали Нұрғали
3. Қазақ әдебиетінің қысқаша
тарихы. Алматы, 2002