Адамның адамшылығы - ақыл,
ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан болады.
(Абай Құнанбайұлы
)
Осы айтылған Абайдың ұлағатты
сөзінде үлкен сыр жатыр.Шынында адам ең бірінші өзінің ақылына,
содан кейін игеріп білген ғылымына жүгінсе, оның тұла бойына жүгер,
күш, қайрат беретін ол оның анасы, шындықты бетіне айтып ,
әділдікті талап ететін адал құрбысы және де жүрегіне ақыл, білім
нәрін сусындататын жақсы ұстаз. Міне осы айтылған қасиеттер саған
жанашыр болып, қоршаған әлеміңдегі жұрт сені жақсы қасиетке баулуға
тырысса, онда осы айтылғанның барлығы жиналып, адамның адамшылығын
кеңімен бойыңа дарытады.
Қазақстанда Абайды білмейтін
бірде-бір адам бар десем, кінәға батарым сөзсіз. Менде Абайды бала
кезімнен оқып, оның шығармашылығымен сүйсініп келемін. Әсіресе
табиғатқа арналған лирикалық өлеңдері, « Жаз», « Жазғытұры», «Күз»,
«Қыс» , «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңдері бала кезімнен
маған үлкен ыстық әсер қалдырды. Оның әлі күнге дейін есімде жатқа
қалған өлеңдері: «Қыс», «Әсемпаз болма әрнеге» , «Ғылым таппай
мақтанба». Сонымен қатар Абайдың әнмен айтылатын өлеңі «Көзімнің
қарасы» . Осы өлеңді бала кезімде Сәуле әпкем мен оның құрбысы
Сәбира екеуі әдемі әнді әуенге салып қосылып дуэт болып айтқанда,
жаным үлкен сезіммен ләззат алушы еді ....
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:
«Абайдың өлеңдері, қара сөздері және философиялық толғаулары тек
жеке қазақ халқының рухани мұрасы болып қалмайды, ол барлық әлемнің
мұрасына айналды» -деп айту сөзі бекер емес. Бүгінде Абайды барлық
әлем оқырмандары оқып, оның шығармашылығынан өнеге алуда. Оның
шығармалары адамды дүниені тануға, еңбекқорлыққа, адамгершілікке,
әділдікке және бірлікке шақырады. Әр адамның жастайынан сүйсініп,
таңырқайтын, тіпті кейде өнеге қылатын сүйкімді ақыны, не әншісі
болады. Ал мені бала кезімнен тек қана Абай шығармашылығы
әуестендіретін.
Сіз Мұхтар Әуезовтың «Абай
жолы» романын оқыдыңыз ба? Егер оқысаңыз , сіз Абайдың өмір жолын
шынымен көз алдыңызға елестете алар едіңіз. Бұл шығармада сіз қазақ
халқы қоғамының XIX ғасырдағы ауыр жағдайына куәгер боласыз.
Сонымен қатар Абай өмір жолының ауыр және қатал болғанын сесінесіз.
Сіз Абайдың өз халқын ашаршылық пен жұттан қорғағанына көзіңіз
жетеді. Абай өз халқына бәріне бірдей әділ, адал қарады. Ол өзін
қоршаған адамдарды : «Анау бөтен, мынау жақын туысым»- деп
айырмады. Абай адамдарды жасаған қылықтарына қарай бағалады.
Әзімбай секілді жетім, кедей адамдарға жасаған озбырлығына қарсы
әрекеттер жасап, қорғайды. Ұлы ақынның Тоғжанға деген махаббаты
арқылы біз оның ішкі дүниесінің сұлулығына, судай мөлдір
тазалығына, жүрегінің батыл да, адал екендігіне көз жетеріміз
сөзсіз. Сонымен қатар әйел қауымына үлкен сыйластықпен қарайтынын
байқаймыз. Қазақ даласындағы ақын, философ, композитор, аудармашы
Абай өз халқының озбырлықтан, әділсіздіктен, халқының еркін бақытты
өмір сүруі үшін күресуге үлкен үлес қосқан гуманистердің
бірі.
Бүгінде біздің кең байтақ
еліміздің барлық оқу орындарында Абайдың шығармаларын бастауыш
сынып оқушысының әрбіреуіне Абай әлемінің есігін кең ашып,
тәрбиелеуге бағыттайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев : «Абай әлемі
– біздің жолымызды көрсететін жұлдыз. Біз сонымен өзіміздің
өмірдегі бағытымызды айқындаймыз. Барлық қиын, жанымызды
толғандыратын сұрақтарға ол баяғыда жауап берген» - деп айтты
өзінің сөзінде алғашқы Президентіміз. Сонымен қатар қазіргі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
2020 жылды Абайдың мерей тойын тойлайтын жыл деп жариялады. Ол
өзінің «Абай және Қазақстан XXI ғасырда» мақаласында :
«Абайды әлемдік қоғамдастыққа
жаңа Қазақстанның бренді ретінде кеңінен таныстыру қажет. Бұл
қазіргі ұрпақтың парызы"- деді.
Менің
ойымша Абай шығармашылығы әлемі
біздің халқымыз үшін, әлемдік мәдениет үшін, әсіресе болашақ
ұрпақты тәрбиелеу және оларды өнер әлеміне тарту тұрғысынан маңызды
рөл атқарады.