Материалдар / Мен жастарға сенемін!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен жастарға сенемін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарды рухтандыратын патриоттық бағыттағы әдеби мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2023
265
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен жастарға сенемін!»

Қосылып батыр түрік балалары,

Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал!”

М.Жұмабаев

Өтетін бұл дүниеге дүрмекпенен, өмірге кімдер келіп кім кетпеген?! Қазақ қашанда рухы қайсар халық! Себебі, көне түркі дәуірінен бастап, сонау заманнан аты қалған Күлтегіннен бастап, кешегі Исатай мен Махамбет, халық пір тұтқан Ер Есеттің есімі ешқашан ұмытылмақ емес еді.Бұл шайқас қылыштың жүзімен,білектің күшімен өткен еді. Ал,кешегі қазақты аш-жалаңаш далаға қаңғытқан Сталиннің сұрқия саясаты неліктен білектің күшімен алынбады.Бірнеше жыл Ресей отарында болған қазақ әбден мәңгүрттенуге айналған тұста, қазақ сахарасының аспанында жарқырап бірнеше шоқ жұлдыздар пайда болды.Бұл қазақ үшін ешқашан қайталанбас, көркем де, көрнекті, алайда ғұмыры келте құбылыс болды. Сол жанып өткен шоқ жұлдыздар деп Ахмет бастаған алыптар , М.Жұмабайұлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин,Мұхтар Әуезов,М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы еді.Бұл заманда,яғни ХХ ғасырдың басында дүниеге келген алаш алыптарының халық үшін істеген іс-әрекеттерін сұрқия саясат еңбегін еш,тұзын сор етті.

Солардың бірі де бірегейі-Мағжан Бекенұлы Жұмабаев.Мағжан өзінің жас болса да ,аз ғана саналы ғұмырында ұлты үшін біраз іс тындыра алды. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Мағжанның ақындығының өзі шексіз бір әлем.Оның жазушылық бағытта жазған бір ғана әңгімесі бар ол «Шолпанның күнәсі».

Мағжан «Қарағым» өлеңінде жас балаларды оқу оқуға, білім үйренуге, сауат ашуға шақырады.Егер қара терге батып оқу оқып ,еңбек етер болсаң барлық дегеніңе жетесің,армандарың орындалады дейді.Тек құр селтеңдеп ойын ойнап жүретін ақымақтардан аулақ болу керектігін ескертеді,ойынмен өткен өмірді құр өмір деп есептейді. Жасыңнан білім қуып, ілім үйренсең көңілі жүйрік кемеңгер боларсың, ал өмірің ойынмен өтсе, дүниеден өтіп , енді ештеңеге икемге келмейтін адам секілді боласың деп артындағы болашақ ұрпаққа ой салады. «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінде дүниенің қайғысына зарланбай, көз қысып күлгеніне алданбаса, өзі өнерлі болып адалдықтың жолында жүрсе, алынбайтын қамалдың жоқтығын айтып өтеді.



Ақынның артынан ерген ұрпаққа дем берген жалынды да,адуынды жырларының бірі «Мен жастарға сенемін».Бұл өлең сол кездегі қазақ жастары үшін қарапайым өлең секілді көрінсе де, қазіргі әрбір жастың нағыз ұранына, қанатты сөзіне айналуына тиіс өлең деп есептеймін!Мұнда тек Мағжан атамыздың ғана емес, күллі Алаш жұртының аңсаған арман –мұраты жатыр.

Ол жастардың рухын жалынды теңеулермен арыстандай,жолбарыстай деп тым биік те,мағыналы, ешбір аң батылы барып тиісе алмайтын,айбатынан сескеніп жүретін арыстандай,жолбарыстай деп суреттейді.Қазақ жастарының жігерлі,қайратты тұрғыдан көргісі келетінін,әрі оған сенетінін анық та айқын айтып өтеді. Жұмсақ мiнез жiбектер,сүттей таза жүректер деп әрбір жүректің ақ адал аңқылдаған мінезін суреттеп тұр. Сондай ерекше сеніммен,ерекше теңеумен, ең ақылды айбармен өзі өмірден өтіп,қайғының қара бұлты басына түскен шақта да,саналы ғұмыр,дарынды талант ертеңінен күдер үзбей жалындап өтті.Бүгін өзі аяқтай алмаған ісін, ертең артынан келер таланттың аяқтарына кәміл сенді. Ұлт құндылығын аялаған,саялаған Мағжаннан да қу тірлік,жалған дүние қала берді.

Ал, жастар болашақ біздің қолымызда!Біз аманат арқалаған тұлғалармыз!Ал, қазақ ешқашан аманатқа қиянат жасамаған!Елді тірілту, еңсесін биіктету, жігерін жану, сөзімізді өтімді ету, ұлттық мүддені аялау алға қою әрбіріміздің міндетіміз!Ел боламын десең ,бесігіңді түзе аяулы алаш жастары!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!