Материалдар / «Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны. Мақала

«Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны. Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың ұлтжандылығын, шығармашылығын оқушыларға дәріптеу. Жастардың ұлтжандылық рухын дамыту.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады









Шакизада Толғанай Шоқанқызы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі
«125 QYZYLORDA» орта білім беру ЖШС мектебі

«Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны

Тақырыптың өзектілігі:

Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген өлеңі, ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы бір тың да күрделі тақырыпты ашуға бағытталған.

Баяндама жұмысының мақсаты:

М.Жұмабаев өлеңіндегі азаматтық лириканың тақырыптық-идеялық көрінісін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:

  • Ақын өлеңдері бүгінгі жастарды елжандылыққа тәрбиелеу жолында баға жетпес құндылыққа ие екенін саралау;

  • «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі азаматтық үн мен ұлттық болмыстың өзара қатынасын, елдік рух пен жастарға деген жанашырлықты айқындау. Жұмыстың жаңалығы: М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі ақынның Алаш атын аспанға шығаратын жастарға деген қалтқысыз сеніміне, оның жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу жолындағы мән-маңызына жан-жақты талдау жасалуы. Ақын өлеңі негізінде бүгінгі таңда көптеген игі істер өз бастамасын тапқанына көз жеткізу. Зерттеудің нәтижелері мен қорытындысы:

  • М.Жұмабаев өлеңдері жастар тәрбиесі үшін бірден-бір өнеге мектебі;

  • Мағжан өлеңіндегі жастар бейнесінің бүгінгі күнмен үндестігі, ақын өлеңі негізінде бастау алған игі істердің көрінісі.

Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның туындыларын толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға, сырлы сезімге, тұңғиық әлемге батырып жіберетін ақын өлеңдерін жүрек түкпіріне қонақтату – бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде.

Әдебиеттің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді көтереді. Aқынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні ғанa тaныта aлады. Осы тұрғыдан Мағжанның азаматтық үнін танытатын «Мен жастарға сенемін» өлеңі жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз.

Ел алдындағы басты мұрат – тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы – өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі «Мен жастарға сенемін» өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған.

Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! –

деп жырлаған Мағжан Жұмабаев қатігез тағдыр тәлкегіне ұшырап, алдымен Ресей патшалығы, кейіннен Кеңес Одағы кезеңдерінде өмір сүрді. Халықтың мұң-зарын жырлап, туған халқының тайғанақтап жүрелеген тағдырына жаны ауырып, осы жан айқайын өлеңге қосты. Жас ұрпақтың өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал – әдебиет десек, әдебиетті жасаушы қауым – қаламгерлердің әр жазғаны жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандырады. Мағжан ақын осы тұрғыдан алғанда, «Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, халық жүрегіне үміт пен сенім шырақтарын жаға алды.

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты – Мен жастарға сенемін!-

деп, өзі армандаған бостандық таңына қажырлы жастардың қолы жететініне сенім білдірген сұңғыла ойдың хас шебері келешек жас буынға ел тізгінін бере отырып, олардың рухтарын жігерлендіре түседі. Бүкіл Алаш жұртына, өз ұлтына ұран салған ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне өз қолтаңбасын қалдырған, сұлу сөзден, өткір ойдан шаһар салдырған өлең өлкесінің ірі өкілі. Осындай теңдесіз таланттың таңдайына татып, жырына арқау болып, сеніміне ие болған біздер бақыттымыз-ау, сірә!

Поэзия қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. «Мен жастарға сенемін» өлеңі де лапылдап тұрған жалын мен жігер, сезім мен сенім қатар өрілген ұлтжандылықтың ұраны іспетті. Өлеңнің бір шумағының өзінде ел тағдырына, халық болашағына қатысты, кешегі мен бүгінгі күнді сабақтастырып тұрар алтын көпірді қара сөзбен айтып жеткізе алмайтын қуатты сөз бас құрайтыны содан.

Жас қырандар – балапан, Жайып қанат, ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін!

Ақын айтқандай, желбіреген тәуелсіздік туы ел тағдыры үшін жанын пида еткен құрбандардың тікелей бастауымен келді. Сауатсыз қарапайым қара халықтың сауатын ашып, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға айналдырды. Талай жылдар бойы қазақтың қанындағы надандықты түп-тамырымен жоюға ұмтылып, болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылды. Міне, араға көп жылар салып бұл арманы да орындалды. Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғауының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүю кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.

Алаш – айбынды ұраны, Қасиетті құраны. Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін!

Ұлан байтақ Қазақстан жерін ежелден мекендеп келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Каспийден Алтайға, Мұғалжардан басын аң шалған кәрі Алатауға дейін созылып жатқан өлке біздерге сыр айтқандай. Сол сары даланың қойнауы ереуіл атқа ер салған Махамбет пен Исатай батырлардың, елді аузына қаратқан Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, «Қайтсем елім кешер күн, аулақ болар зар-мұңнан» деп, елінің қамын ойлаған барыс жүректі Бейбарыс сұлтанның, өр мінезді Абылай ханның, құдайы, әруағы да, жері, қазына-байлығы да, баласы, жаны да мал болған әумесер байларды ащы тілімен сынаған кемел ақын, кемеңгер, ойшыл Абай атамыздың жатқан қасиетті жері.

Ақын алаш атын аспанға шығарар жастарға сенемін деп айдай әлемге жар салады. Ұлы ақын сенім артқан жас ұрпақ сол жауапкершілікті сезіне ме? Бүгінігі жастардың келбеті қандай? Ақын аманатын абыроймен арқалап жүрміз бе? Осы сұрақтар көңіліме көлеңке түсіріп, ойымды сан-саққа әкетіп, екі ұдай сезім, екі ұдай ой жанымды мазалайды. Қазақ қашанда жамандығын жасырып, жақсылығын асырып айтқан халық қой. Десе де, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен мақтанға бой алдыру – өз тамырыңа балта шабумен бірдей.

Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға мүлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар – еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгереді. Батысқа табынушылық, өзге елдің тың дүниесін айна-қатесіз көшіру – бүгінгі қазақ жастарының көпшілігіне тән қасиет. Осы орайда көп дау туатыны рас. Әрине, батыстан алатынымыз көп. Бірақ еш сұрыптаусыз батыстың бар болмысын қайталау қазақтың ежелден қалыптасқан дәстүрлеріне қайшы келуі мүмкін. Тіпті өзінің қазақ екеніне арланып, өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын, діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті проблемасы болып отыр.

Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан будақтаған темекі түтінін көргенде ешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін әже жоқ, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң, қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі түтінімен өздері ғана уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді. Осындай жастарды көргенде ақын сеніміне селкеу түсіріп, аманатына қиянат жасаған жоқпыз ба деген ой туындайды. Тіпті тәуелсіздік таңы уыздай жастардың арқасында арайлап атып, бейбіт өмірге қол жеткіздік. Жас та болса бір елдің тағдырын шешуге бас болған Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сияқты жалынды жастарымыз қыршыннан қиылған жоқ па?! Сондай-ақ Сидней, Лондон олимпиадаларында қазақ елінің намысын биікке көтеріп, көк туымызды әлем алдында желбіретіп, қазақ деген ғажап халықты бүкіл елге паш етті. Қазіргі қоғамдық өмірде өздерінің жан-жақтылығымен, өзіндік көзқарастарымен, белсенділіктерімен ел дамуына аянбай үлес қосып жүрген ең жас депутат Сағитолла Сәрсенов, мәжіліс депутаты Алмас Тортаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік, періште жүрегі туған жерім, елім деп жырлайтын Жамбыл Дүйсенов, халық мұрасын насиқаттап, дүние жүзіне жеке ән жинақтарымен әйгілі «Ұлытау» тобы мүшелерін ауыз толтырып айтуға болады. Айта берсек, осындай жастық жігерін ел игілігі үшін жұмсап жүрген жалынды жастарымыз көп.

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер –

Мен жастарға сенемін!-

деп жүрек лүпіліне жастарды бөлеген ақынның үміт артқан, медеу күткен, арқа сүйеп, рухани демеп кеткен бар сенері бүгінгі жас ұрпақ мына біздерміз. Сенімін ақтап, аманатын арқалаған біздер бабамыздың әр сөзіне ерекше ден қойып, көңілге түйіп, жүрекке бекіттік. Елдің тағдыры – біздің қолымызда. Сол үшін білім игеріп, ғылым қуып, өнер үйреніп, ерінбей еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет етеміз.

Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азамат қазақ елінің тарих сахнасында басты әрі мәңгілік рөлін ойнауы үшін өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.[4.77бет]. Сондықтан елбасының тікелей бастамасымен «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға», «Жас мамандар резерві», «Жастар саясаты» сынды мемлекеттік бағдарламалар өмірге келіп, жастардың қажеттілігін жетілдіру жолында жүзеге асқандығы белгілі.

Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да "арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты", «қырандай күшті» қалыпта көргісі келеді. Кез келген халықтың кемел келешегінің ең басты көрсеткіші – жастар. Олай болса, өмір бойы "Алаш" ұранын көтеріп, «Қазақ» деп жүрек сөзін жайып салған Мағжан үшін ел мүддесі мен сол елдің тегеурінді тірегі жастардың орны бөлек. Өзінің "Мен жастарға сенемін" деп аталатын осы өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті, арыстандай айбындылықты, жолбарыстай батыл, жүректілікті, көңіл көзінен шартарапқа шұғыла шашылар жігерлілікті, қазақ даласындай кең пейіл мен мәрт мінезді, жүзіне нұр ұялаған адалдық пен имандылықты, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Сосын "Мен жастарға сенемін!" деп асқақтай сөйлейді, шабыттана жырлайды. Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі, біз Мағжан сенген жастармыз! Қорыта келгенде, Мағжанның бұл өлеңі жастардың рухани деңгейін көтеріп, тәуелсіз елдің текті ұрпағын, жаңа күннің жігерлі кейіпкерлерін өмірге әкелуде таптырмас дүние. Сондықтан өткен күн мен бүгінгі өмірдегі сабақтастық салаланған, кең ауқымды келелі ойлар жеткіншектердің жүрегіне рухани-адамгершілік, азаматтық-моральдық құндылықтарды құндақтауы – заман талабы екені сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 2002 жыл;

  2. М. Жұмабаевтың шығармалары, Алматы: «Жазушы» 1989 жыл;

  3. «Әдептану» Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабайұлы, «Рауан» 1998 жыл.

  4. Назарбаев Н. Қазақстан -2030:Барлық қазақстандықтардын өсіп-өркендеуі ,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: Білім,1997-176 б.

  5. Ш.Р.Елеукенов «Мағжан Жұмабаев», Алматы: «Білім» 1990 жыл.

1


ЖИ арқылы жасау
24 Ақпан 2025
276
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі