Тақырыбы: «Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын» Мақсаты: Студенттерге өмір туралы түсінік беру, дұрыс таңдау жасай білуге үйрету. 1.Білімділік: Жас ұрпаққа адам тек өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екендігін түсіндіру. 2.Тәрбиелілік: Сын тұрғысынан ойлау,сөйлеу шеберлігін жетілдіру. 3.Дамытушылық: Отбасын сүюге, шындықты, сұлулықты қадірлей білуге эстетикалық тәрбие беру.
І. Ұйымдастыру сәті.
ІІ. Кіріспе:
— Құрметті оқушылар мен көрермен қауым! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы ерекше деп ойлаймын. Өйткені өздерін көріп отырғандай қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып отырған тақырып бұл суицид, яғни адамдардың өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі. Ол қоғамға айықпас дерт болып жабысып, күн өткен сайын шешімі қиындап келеді. Суицид термині 17 ғасырда пайда болса да, тек 20 ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.
Осындай бейбітшілік заманыңда адамдардың әсіресе, жастардың жалпы әлемде және Қазақстанда өзіне-өзі қол жұмсаушылардың көбеюі бізді қынжылтады. Бүгінгі сабағымызда бұл дерттің себептері мен шығу жолдарын қарастырып, ең басты құндылығымызды бағалай білуге ұмтылайық.
ІІІ. Ойын - тенинг:
«Аукцион»
Ойынға қатысушыларға 10-жетоннан беріледі.Олар үнемдеп керекті нәрселерді сатып алады.
Плакаттар көрсетіледі:
1.Кең жақсы пәтер;(1-жетон)
2.Спорттық автомобиль;(1-жетон)
3.Білім немесе мамандық(2-жетон)
4.Жалғыз нағыз дос(2-жетон)
5.Теңізде дем алу.(2-жетон)
6.Жанұя.( 2 жетон) (+1 жетон сыйлық)
7.Денсаулық.(2-жетон(+1 жетон сыйлық)
8.Әдемі табиғат;(1-жетон)
9.Таза ар(2-жетон)(+1 сыйлық)
10.Спорт; (2-жетон)
11. Ата- ана алғысын алу (3-жетон)
12. Армандаған адамын (1-жетон)
13.Алға қойған мақсатыңа жете білу.(2-жетон)
14. Атақты адам болу.( 2 жетон )
15. Әлемді аралап шығу. ( 2 жетон )
Сұрақтар: Қайсысына қызықтыңдар? Қайсысына көп жетон жойылды? Ала алмай қалған заттарыңыз болды ма? Көрдіңдерме,өмірде бәрін алу мүмкін бе еді?

ІV. «Тығырықтан шығу» ситуациялық жағдаяттар. ( Қатысушыларға таратылып, талқыға салынады)
Өмір туралы аңыз Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:
— Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер, — деп тапсырма береді.
Сөйтіп, үлкен шыны ыдыс алып, ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады.
Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс – қуысын бойлап, ыдысты толтырады.
Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырады. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан ешнәрсе шықпады.
Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып:
Менің осы әрекетім жайында және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы ойларыңды тыңдағым келеді,-дейді.
Сұрақ: Данышпан оқушыларына қандай ой түйеді?
Студенттер өзара кеңесіп: Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, Отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім. Олар басқалары болмаса да, әрқашан да адам өміріне мағына беріп, мәнге толтырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызы бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз – адамның күнделікті өміріндегі ұсақ – түйектер, яғни күйбең тіршілік, — деп жауап береді.
-Егер адам құммен толтырылған
екінші ыдыс сияқты өз өмірін кәкір – шүкірмен өткізетін болса, онда
маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ – түйекке жұмсау
үшін емес, маңызды заттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін
берілген. Сондықтан да адам ата – аналарына, балаларына,
жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын
нығайтуы керек. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен
сыйластықта, бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді. Ірі
тастарыңды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек солар ғана құнды,
қалғандары – құм ғана. 
Екі бақа туралы аңыз
Бір күні беті ашық тұрған қаймаққа секіріп жүріп екі бақа түсіп кетеді. Бірінші бақа өлген жерім осы болды, енді шығуым екі талай деп қаймаққа тұншығып қала береді, ал екіншісі қалайда шығуым керек деп тырбана береді, тырбана береді бір кезде қараса қаймақтың бетінде тұр. Тырбандаған сайын дене қызуымен қаймақ қоюланып майға айналған екен. Талпынған жетер – мұратқа деген осы шығар бәлкім.
V. «Аталы сөз» жыр шумақтары.
— Өмірдің мәнің түсініп, оған жету философиясы өте терең. Бұл жолда ата бабамыз өмір туралы талай жыр толғап, аталы сөз айтқан. Олай болса Мұқағали атамыздың өмір туралы өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1-студент:
Шыда, шыда,
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады.
Өкінбе, өкпелеме
Бүгініңе
өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс,
дамылдағын...
2- студент:
Көтеріп тұрып, құлатады
өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады
өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.

VІ. Бейнеролик .
Қатысушыларға «Барыңды бағала» атты бейнеролик көрсетіледі.
Мақсаты: өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымай тек алға ұмтылу керектігін түсіндіру. Әр қиыншылықтың артында бір жақсылық болатынын ұғындыру.

VІІ. Сөзтізбек. Суицидқа итермелейтін жағдайлар және одан құтылу жолдары.

VІІІ. Бұғы бағу. Мотивациялық слайд.
ІХ. Қорытыңды.
Өмір бізге берілген басты құндылық, ендеше оны бағалай білейік. Ата – ана, дос, бауыр алдыңдағы парызды ұмытпайық. Ел сенімін ақтайық. Қиын да, қызық бұл өмірде әр түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Ұмытпа: Бұл өмірде сізді шын жақсы көретін кем дегенде 3адам бар, сіз үшін өмірін беретін кем дегенде 1адам бар, сізді өзінше жақсы көретін кем дегенде 13 адам бар. Сенің күлкін біреуге қуаныш сыйлайды. Сен біреу үшін оның өмірінің мәнісін.Сенде бұл әлемнің қайталанбас бөлшегісің.Әлі сен көрмеген кереметтер мен сенің жасауын тиіс құндылықтар қаншама.Тіпті қателессенде өмір саған соның арқасында өмірді жаңа қырыннан өзгертуге мүмкіндік беруде. Өлімге бас тігу тығырықтан шығар жол емес.
... Егер Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл - болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Осыған орай ұсынылатын психологиялық кеңестер:
· Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.
· Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз
· Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның Сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.
· Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.
· Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.
Адам бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің шаршауы депрессияға жетелейді, сондықтан бұл жағдайдың қайсысы қайдан шығып жатқандығын ол біле бермейді. Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана Сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстардың қуана сайрағанын сезінесіз...
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын» атты тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз