Материалдар / Мен өз елімнің патриотымын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
 Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.  Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.  Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Келісемін___________ Келісемін:___________

директордың ТІЖО ӘБ жетекшісі:

Серикбаева Э.Ж. Боранбекова З.А.

«1» қыркүйек 2018 жыл «_1_» қыркүйек 2018 жыл












Тәрбие сағаты тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын

Сынып: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Аязбай Күмісбек Нөптуллаұлы











2018-2019 оқу жылы


Мақсаты:

  • Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

  • Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

  • Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.

Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, маркер, флипчарт.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1. Ұйымдастыру. Тренинг «Саңырау телефон» -шеңберге тұрып, бір оқушының құлағына сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.

2. Топқа бөлу(қиық қағаздар арқылы)

1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. 
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн, Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы. 

Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын». Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот деген сөзді қалай түсінесіңдер?(оқушылар өз ойларын ортаға салады).

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. 

«Жалғасын тап» ойынын ойнайық. 
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді. 
Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгерген 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 
Ән «Көк тудың желбірегені». 

Мағынаны ашу 

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды)

 2. Ресурс бойынша постер жасау, қорғау.

сұрақтар құру;

тақырып бойынша қысқаша әңгімелеу.

Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау.                                                                   

Қорытынды

Рефлексия парағын толтыру.

Рефлексия парағы (нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!