Мен өзімді аспанға
шығарамын
Мақсаты: «өмірге қалай келдім?»,
«мен кіммін?», «Өмірде нені қалаймын», «болашағым қандай болады
екен!», «қандай маман иегері болсам екен?», «келер ұрпақақа не
қалдырар едім» -деген мақсатта оқушылардың көзқарасын ашу, олардың
алдарына мақсат қоя білуге үйрету; «Зердеңе тоқы» - оқушыларды
ойлай білуге, өз ойларын жеткізе білуге, армандауға, қиялдауға,
болашағын таңдай білуге, ата-анасын құрметтей білуге, ар-намысын,
ата салтын сақтауға, Отанын сүюге, оған қызымет ете білуге жол
көрсету, тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие
сағаты
Көрнекілігі: бәйтерек, алма ағашы,
күн және жұлдыз бейнелері, нақыл сөздер.
Сабаққа
қатынасатындар: 6-сынып оқушылары,
ата-аналар және мұғалімдер
Жоспар:
-
Кіріспе
-
Сәбилік
шақ
-
Балалық
шақ
-
Мектептегі
шақ
-
Жастық
шақ
-
Кәсіби
шақ
-
Келер
ұрпақ
Барысы:
Кіріспе:
Қайырлы күн қадірменді
ұстаздар, құрметті ата-аналар, сүйікті оқушылар. Бүгінгі «Мен
өзімді аспанға шығарамын» атты тәрбие сағатына қош келідіңіздер.
Бүгінгі сабағымызда қонаққа ата-аналар қатысып отыр. Себебі біз
бүгінгі тақырыбымызды ашу үшін дәл осы ата-аналармыздың көмегі
қажет. Өйткені сендерді осы күнге жеткізген ата-аналарыңның арқасы.
Сондықтанда кәнеки, балалар орнымыздан тұрып осы отырған аналарың
мен ұстаздарыңа бас иіп сәлем берулеріңді сұраймын. Ендеше балалар
тәрбие сағатымыздың басын «Мен кіммін»,-деген сұрақтан басталатын
кезеңнен бастайық бұл кезең:
І. «Сәбилік
шақ» Бұл кезеңді мынадай
ертегімен ашқым келіп отыр:
Ерте-ерте, ертеде
ешкі жүні келтеде Ақадыр деген ауылда бір жылдың ішінде жеті бірдей
іңгәләған сәбилер дүниеге келіпті. Дүниеге келген сәбилерге
ата-аналары 30күн ойын, 40 күн тойын жасапты. Оларға әлемдегі ең
жақсы аттарды Ақгүл, Серікболат, Арыстан, Ұлболсын, Бақытбек,
Таңатар, және Жанбота,-деп қойған екен. Сәбилер күннен күнге өсе
беріпті, өсе беріпті. Ата-аналары олардан қамқорлығын ешқашанда
аямай айдай сұлу, күндей шуақты етіп тәрбие беріп өсірген екен.
Сөйтіп олар:
Шыр етіп
түсіп,
Алмадай
пісіп,
Дүниеге мен
келдім.
Ана қайдасың
деп
Әке қайдасың
деп,
Көзімді ашып
көргенім.
Ана деп мен,
әке деп мен,
Алғаш
тілімді ашқанымды
Елестетем
алғашқы кезде
Аяғымды
тәй-тәй басқанымды,
-деп құрметті аналар
балаларыңыздың сәбилік шақтарын еске түсірейікші. «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілесің дейді» қазақ. Ата-аналарға сөз кезегі
беріледі.
Сөйтіп, балалардың
сәбилік кезеңіндегі «Мен кіммін?» /сонымен суретіміздің «Сәбилік
шақ» бөлігін ашып, фото суреттерді алып, ағаштың тамырларына іліп
қоямыз/.
«Зердеңе тоқы» -
Ата-ананы құрметтеу туралы
Егер әрбір
перезент ақылды және дана болса, ол ата-ананың мейір махаббатын
құрметтеуден бас тартпайды... Ата-ананың міндеті – тәрбиелеу және
жақсылыққа үйрету.
Сен ата-анаңды
ешқашан ренжітуші болма..., олардың көңіліне қаяу салма. Ата-ананың
қарызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік,
ақыл-ой, парасат биігінен қарағын. Егер сен өз перезентім
құрметтесін десең, сен де ата-анаңды құрметте, ата-анаңа не істесең
перезентің де соны жасайды. Перезент жеміске, ата-ана жеміс ағашына
ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең , жемісі де дәмді, жақсы
болады.
Сен ата-анаңа
деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі
қабыл болғаны.
ІІ. «Балалық
шақ» - бұл балалардың тілі
шығып, аяғын басқаннан мектепке дейінгі кезеңдеріндегі тәтті
қылықтарымен өздерін елестету (ата-аналарының
көмегімен)
Ата-ана дейміз бәріміз
де анқылдап,
Ата-ана дейді жас сәби
де жарқылдап.
Ата-ана деген –
бәйтерегі өмірдің,
Ата-ана деген – алтын
қазық, алтын бақ, -деп «Бала тілі - бал» демекші балаларыңыздың
балғын балалық шақтарын қалай елестетесіздер?
Ендеше келесі бізді
қандай кезең күтіп тұр? Келесі «Ең нағыз» кезеңге өту үшін
ата-аналар балаларына тілегін ағаштың жапырақтарына жазып тақтаға
тез-тез ағаштың жапырақтарын құрастыра қояйық. /Сонымен
суретіміздің «Балалық шақ» бөлігін ашайық/
«Зердеңе тоқы» -
Әдеп
Бір ауылдың бас
әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір
жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған
қарсы әлгі әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алады.
Қасындағы бай:
-Тақсыр, осынша
жұрттың әкімісіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп
айтты дейді.
Сонда
әкім:
-Ешбір ілім-білім
үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілік көрсеткеде, мн онан әдепсіз
болып қалайын ба? – дейді.
ІІІ. «Мектептегі
шақ»
Енді міне сағымдай боп
өте шықты,
5-6 жыл уақыт аз ба
екен, кім біліпті?!
Ұстаз ана жасады мына
бізден
Ел таңғалар азамат
бір-бір мықты,- деп мектеп табалдырығын аттаған кездеріңді оқушылар
еске түсірейік: (балалар өлеңдерін оқиды)
Арыстан:
Бәрі есімде мектепке
алғаш барған күн,
Күлімдеп бір нұр
жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып
қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді
арман мың.
Бақытбек:
Әсем бөлме терезелер
жап-жарық,
Қойғандай
шырағданнан шам жағып.
Қара тақта, аппақ
парта қаз-қатар,
Отырдық біз сипап
бәрін таң қалып.
Серікболат:
Кіріп келді сыныпқа
ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лез
де шын жылып.
Сәлем берді бізге
ұстаз жымиып,
Бар шуылын
балалардың тындырып.
Таңатар:
Мектебім – мәңгі
бапкерім,
Қарызбыз саған
бәріміз.
Өзіңе деген
парызды,
Ақтаймыз талай әлі
біз.
Ақгүл:
Білімнің қайнар
бұлағы,
Өнердің жарық
шырағы.
Тұрағы өзің
мектебім,
Шәкіртің асыл
қырағы.
Жанбота:
Ыстық мекен, алтын
ұя – мектебім,
Сен арқылы білім
алып көктедім.
Достарыммен бірге
жүріп, бір күліп,
Қарсы алдым жастық
шақтың көктемін.
Ұлбосын:
Әр шәкірттің сезімі
бір, әні бір,
Шаттық пенен қайғы
мұңда жаны бір.
Балғын шәкірт
жүрегінен жол тапқан,
Ұстаз бенен
мейірімінің мәні бір.
Ендеше
ата-аналар ұстаздар біз қазір оқушыларымыздың «Болашақ» қадамдарына
жасағап отырған «Мен өзімді аспанға шығарамын» атты шағын
шығармаларын тыңдап көрелік. (оқушылар өз шығармаларын
оқиды).
Міне балалар
«Сендердің болашақтарың өз қолдарыңда» сондықтан болашақтарыңа
дұрыс жол аша біліңдер. /суретіміздің «Мектептегі шақ» бөлігін
ашайық/
ІҮ. «Жастық
шақ» кәсіби бағдар
ойыны.
Қазір мен
әртүрлі мамандықтарды айтамын, ал сендер әрқайсыларың бірнеше
секунд ішінде жолдастарыңызға қарап, аталған мамандық көбірек кімге
үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Әрі қарай мен қол шапалақтағанда
барлығың таңдаған адамдарыңды (аталған мамандыққа көбірек келетін
адамды) қолмен немесе қаламмен көрсетулерің
керек.
Келесі
ойынымыз «Ең
нағыз...» ойыны.
Қазір сіздерге
мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал
сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандарды
атауыңыз керек. /оқушыларға төмендегі жазылған парақшалар
таратылып, өз ойларын жазу керек/.
Келесі ойынымыз
«Болашақта мен ... мамандығын таңдаймын,
себебі...»
Мамандық
таңдау кезінде ескеріңіз:
-өзіңнің
қызығушылығыңды, бейімділігіңді, құштарлығыңды, яғни осындай
іс-әрекетті істегенді ұнатамын;
-өз мүмкіншілігің,
яғни істей аламын;
-еңбек нарығы
сұранысы, кадрлар қажеттілігі, яғни керек маман
дегенді.
Менің
болашақ мамандығым
Ендеше тақтадағы «Шолпан жұлдызы» сәулелеріне өздеріңнің болашақ
таңдаған мамандықтарыңды жазып, не себепті сол мамандықты
таңдағандарыңды айтып беріңдер.
( Мен бұл
жұлдызшаны сақтап қоямын. Сендер мектеп бітіргеннен кейін қай
мамандықты таңдағандарыңд еске салатын боламын.
.)
Міне, балалар, бүгін
біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғы
шарт жасадық. Әрдайым осы «Шолпан жұлдызы» сияқты жарқырап,
таралған сәулесінде жазған өздерің таңдаған мамандарыңа жетіп,
келешек арман мен тілектерің орындалсын!!! /сөйтіп, келесі суреттің
«Жастық шақ бөлігін ашайық»/
Ү. «Кәсіби
шақ» Келешек мамандығымызды
әрі қарай қалай жалғастырамыз!
Сендер әрі қарай қандай
кәсіппен айналыспақсыңдар? Жаңа ғана сендер өз болашақ
мамандықтарыңды таңдап алдағы өмірлеріңе жол аштыңдар. Енді
оқуларыңды әрі қарай қандай кәсіппен айналыссам деп
ойлайсыңдар?
Еңбек етсем
ертеңгі
Бақытыма
сенемін!
Мақсатыма
жеткізер
Уақытыма
сенемін.
Достық іс пен қасты
да
Жеңеріме
сенемін!
Ақыл сана
біліммен
Өнеріме
сенемін!
Абройлы ақ
ниет
Адамдыққа
сенемін.
Қорғайтұғын
елімді,
Намысыма
сенемін!
Ата данқын
көтерер,
Қайратыма
сенемін.
Ел ертеңін ойлаймын
деп,
Мына өзіме
сенемін!
- балалар сендер
өздеріңе дәл осылай нық сенімді болсаңдар «Кәсіби шақтарыңда»
келешектеріңе үлкен жол салады деп ұғамын. Енді сендер бір елдің
үлкен азаматына айналдыңдар. Ендешеше келер ұрпақтарыңа қандай
өсиет, қандай мұра қалдырар едіңдер? Қазақ «Атаңнан мал қалғанша,
тал қалсын деп» бекер айтпаса керек. /келесі суреттің «Кәсіби шақ»
бөлігін ашайық/
ҮІ. «Келер ұрпақ»
(өсиет, мұра) (балалар өз ойын айтып жеткізеді.)
Ендеше балалар мына
алмалардың артына өз ұрпақтарыңа не қалдырам деп ойлайсыңдар
(өсиет, мұра, тілек, армандар) соны жазып алма ағашына
ілеміз.
Қорытынды: сабақты
қорытындылай келіп, суретіміздің соңғы «Келер ұрпақ» бөлігін
ашайық. Бәйтерек туралы аңызды айту «Самұрық құстың жұмыртқасын»
қояйық. Осылай «Мен өзімді аспанға шығарамын».
Ән: «Үш бақытым»
хормен.