Материалдар / Мен-патриотпын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен-патриотпын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
717
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен-патриотпын 
Мақсаты: 
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. 
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: елбасының , Астана қаласының, рәміздердің суреттері, мақал –мәтелдер


Барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ: «Отаншыл»

2 топ: «Намысшыл»

3 топ: «Білімді»


ІІ. Ойға шақыру. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету. 

Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік. 
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 
- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады? 
(Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.) 


Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

Туған жерге деген ыстық сезім;

Ата- баба өсиетіне адал болу;

Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

Ана тіліне деген құрмет;

Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

Елдің тарихын құрметтеу;

Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

Заңға бағыну;

Үкіметті сыйлау;

Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру



ІІІ. Негізгі бөлім. 
«Тосып ал» ойыны. Әр топтан бір оқушы келесі топқа доп лақтыру арқылы елімізге байланысты сұрақтар қояды. 

ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша,күн)

Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?( Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен)

Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

Конституция күні? – (30 тамыз)

Облысымыздан шығатын газет? –

ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

Пікірталас. Елестетіп көрейікші, сен мұндай жағдайда не істер едің?

1)Көршілерде өрт болды...

2)Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды...

3)Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады...

Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Сендер тұрып жатқан жер, яғни Ботабай ауылында  қандай  ағаштар бар ? Ағаштардың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркеюіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.








Топтарға тапсырма. Әзірленуге 7 минут. 
І топқа: «Бала Қасым» көрініс даярлау. 
ІІ топқа: «Мен де өз елімнің патриоты боламын». Шығарма жазу. 
ІІІ топқа: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» мақалына қысқаша әңгіме жаз. 
Топтардың бірін-бірі бағалауы: Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. 
Барлығы бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындау. 
Қорытынды: Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. 
Рефлексия. Гүлдерді себетке жинайтын уақыт та келіп жетті.Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңді жазып себетке салуларың сұралады. 
Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.  



Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді". 
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат. 
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 
Мирза Фатали Ахундов 
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ». 
Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу. 
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық. 
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс 
«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей алғашқы сабағымыздың тақырыбы « Мен-патриот-азамат».
Мұғалім кіріспе сөз: -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! 



Мағынаны ашу 
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі. 
1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды) 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік. 
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 

- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады? 
(Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.) 
Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады) 
«Көшпенділер» фильмінен үзінді. 
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді". 
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат. 
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 
Мирза Фатали Ахундов 
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ». 

Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу. 
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық. 
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз. 
1-оқушы. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған -туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз! 

2-оқушы. Патриот –ол өз елінің мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 
3-оқушы. 
Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот Бауыржан Момышұлы атамыз : «Барлық халық пен ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген болатын. 
4-оқушы. Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен елімді сүйемін, туған халқымның тарихын оқып үйренемін , ана тілін құрметтеймін, салт – дәстүрін сақтаймын, Ата Заңын құрмет тұтатын,халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосатын боламын. 
5-оқушы. «Үш бақытым» орындайтын Бекетова А. 
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 
Ал екінші бақытым – Тілім менің, 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей – кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 
Бақытым бар үшінші – Отан деген, 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? 
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 
6-оқушы. Ел болдық ерік алдық астаналы 
Енді кімнен қазағым жасқанады? 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, 
Нұрсұлтанның атымен басталады. 
7-оқушы. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. 
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. 

8-оқушы. Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. Назерке 
Намысын ешкімге қолынан бермеген. 
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан 
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 
9-оқушы. Төрінде жерімнің байрағым желбіреп, 
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп. Дильназ 
Қазақтың тілері ата жол салтымен 
Достасу, туысу әр елдің халқымен. 
10-оқушы. Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз, Дана 
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз. 
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын, 
Қазақтың елі мен даңқты даласын. 
11-оқушы. Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болуы керек: 
* Отанға деген сүйіспеншілік; 
* Отанға деген адал сезім; 
Отанын қорғауға дайын болу; 
«Жаужүрек мың бала» фильмінен көрініс 
Топтарға тапсырма. Әзірленуге 7 минут. 
І топқа: «Бала Қасым» көрініс даярлау. 
ІІ топқа: «Мен де өз елімнің патриоты боламын». Шығарма жазу. 
ІІІ топқа: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» мақалына қысқаша әңгіме жаз. 
Топтардың бірін-бірі бағалауы: Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. 
Барлығы бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындау. 
Қорытынды: Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. 
Рефлексия. Гүлдерді себетке жинайтын уақыт та келіп жетті.Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңді жазып себетке салуларың сұралады. Тәрбие.орг сайтынан Тәрбие сағаты: "Мен өз елімнің патриотымын" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Мақсаты: – Оқушыларды Ұды дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер,

Барысы:

Негізгі бөлім:  – Cәлематсыздарма оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Биыл 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының жабылуына 25 жыл  және Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл, Жәңгір хан мектебіне 175 жыл толғалы отыр

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

3 топ Білімді

Ой шақыру.

Мұғалімнің сөзі:

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:

( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)

Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
(Нұрсұлтан Назарбаев)

Отан деген не?

(Балалардың пікірлері)

Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

  1. Мағынаны таңдау.

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

  1. Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? –

  12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

  1. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.

LikeBtn.com [?]



Тәрбие сағаты: Экспо туралы не білеміз? 
Білімділік мақсаты: Экспо көрмесі туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету 
Дамытушылық мақсаты:Шығармашылық қабілеттерін,дарындылық қасиеттерін нығайту. 
Тәрбиелік мақсаты:Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға баулу Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін орнату. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,буклеттер, суреттер . 
Барысы: 
Кіріспе сөз . 
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жахандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті,Астана Экономикалық форумы,,Инвестициялық форум, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп , абыройын асқақтатты. Ең бастысы даму бағытын айқындап берді.Осындай істердіңжалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар ЕХПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекте оқушыларымыз алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өздері ізденіп слайдтар, мәліметтер жинақтап дайындалып келді. 
Назира Экспо тарихы туралы жинақтаған мәліметіне назар аударайық. 
Томирис:Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте арнайы жасалған Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде,2015 жылы 164 жыл толыпты.Бұл, қатысушы елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әртүрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті Дәл сол кезде көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады,уақыт өте келе олар міндеттіге айналып,кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді. Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы,жалпы саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.Басты мақсаты- жаңа ғылыми техникалық жетістіктер,даму келешегісондай-ақ қатысушы елдердің дәстүрлері тарихының жұрт алдындағы көрсетілімі,шеруі. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді 160 жыл ішінде халықаралық көрмелер бюросының өзіндік мұрасы пайда болды. 
Лондондағы Хрусталь сарайы,Париждегі Эйфель мұнарасы,Париждегі Александр ІІІ көпірі,Венадағы Ротонда-әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон,Мельбурндағы патшалық көрме павильоны. 
Акниет:ХКБ экспозициялары екі түрге бөлінеді: Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандандырылған көрмелер. 
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өткізіледі,мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді.Мысалы, мамыр мен қазан айлары аралығында Шанхайда «Жақсы қала –жақсы өмір» ұранымен өткен Экспо-2010 жұмысына190 ел қатысты .Көрмеге 100 млн адам келді. 
Халықаралық мамандандырылған көрмелер- екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және және үш айға созылады Мұнда көрме ауданы 25 га аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алынады Әдетте, тақырптары нақты саладағы гуманитарлық,әлеуметтік,экологиялық аспектілерді қоса,ғылыми,технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. МысалыСаргосадағы өткен ЕХРО-2008 көрмесінің тақырыбы « Су және тұрақты даму» болды Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде ХКБ( халықаралық көрмелер бюросымен) ғана емес ,басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен ,соның ішінде БҰҰ –мен келісілуі тиіс. 
Бибарыс: 
Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылы болады. Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы-бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі өзінің орасан зор. Билігі арқасындаВикториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп,,гүлденгенЛондонда 1851 жылы өткен.1889 жылы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады Осыдан соң қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық танытабастадыЕң табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена,Амстердам ,Брюссель Барселона,Сент –Льюс,Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды 
Сағадат: 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше ел болып табылады.Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады Экспо Сарагоса көрмесінің нәтижесінде қатысушы «С» категориялыелдер ішінде ҚРжүлделі үшінші орынды алып,қола медальмен марапатталды.ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ ,осындай шараның Астана қаласында өткізу мәселесін алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне сапары кезінде айтқан болатын. 
Б.Нүркен 
Қазақстанның ЕХПО көрмесіне қатысуы туралы мәліметтер: 
Экспо 2005,Аичи ,ЖАПОНИЯ, 
келушілер саны.370 000 адам, 
Қазақстан экспозициясы алаңы 324 ш.м 
Тақырыбы:«Табиғат даналығы» 
Экспо 2008 Сарагоса, Испания Корольдігі 
Қазақстан ішкі және сыртқы безендіруі критериилері бойынша Қола жүлдеге ие болуы,Келушілер саны: 361 500 адам Қазақстан экспозиция алаңы 590ш.м Тақырыбы:«Су және тұрақты даму» 
Экспо 2010 Шанхай, Қытай Халық Республикасы 
Келушілер:446 000 адам ,алаңы:1500 ш.м 
Тақырыбы:« Астана -Еуразия жүрегі» 
Тоғжан:«Халықаралық көрме бюросы» ұйымы 
ХКБ ұйымы 1928 жылы 22 қарашада Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізіндеқұрылды. Оның мүшесі болып мұше мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады. 
ХКБ- ның штаб –пәтеріПариж қаласында орналасқан.Бюроның құрамына Бас Ассамблея,Президент,Атқарушы Комитет,Мамандандырылған комитеттер кіреді.Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар.Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды. 
Оңталап:ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасына әлемнің түпкір түпкірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады көрменің аумағында күн сайын концерттер,шоу,ұлттық күндер және өзге де ойын сауық іс шаралары өтетін болады Экспо бүкіләлемдік бірегей көрмесі-маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен,ал туристік тартымдылығы бойыншаең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жахандық ауқымды оқиға экспо көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды,сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсетеін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастапХалықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және Экспо көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді 
Еркеназ: Астананың өтініш беруі. 2011 жылы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде ЕХПО 2017 жобасының үйлестірушісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль ЖошыбаевХКБ-ның Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталлеспен кездесті.Кездесу барысында Р.Жошыбаев ҚР Премьер –Министрі қол қойылған ҚР Ресми өтінішін тапсырды. Көрмені өткізуге екі қала таласқан : біздің Астан және Бельгияның Льеж қаласы.160 мемлекеттің ішінен 120 дауыс жинап Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз. 
Қобыланды.Қазақстан Астанада ЕХРО 2017 көрмесін өткізу науқанына кірісті.ХКБ ның талаптарына сай көрмені өткізуге үш ай ішінде Астана қаласына әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адам келеді деп күтілуде.Астана-Жеңімпаз қала.Экспо 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы ең алғашқы Халықаралық деңгейдегі көрме болмақ. 
Шынар:ЭКСПО-2017 халықаралық маман¬дандырылған көрмесін өткізуге шамамен 173 гектар жер бөлініп отыр. Кешенде жүзге тарта павильон салынады деп жоспарланған. Көрме кешенінің құрылысы басталып та кетті.ЭКСПО ғимараттарын салуда «жасыл экономиканың» негізгі қағидалары сақталып, қалаларды байыпты жобалау қағидалары ескерілетін болады. Ең әуелі көрменің инфрақұрылымы халықаралық көрмелердің техникалық талаптарына сай болуы тиіс, оның ішінде экологиялық қауіпсіз материалдарды пайдалану, қуатты үнемдейтін нысандар салу керек. 
Керемет:Жобаға сәйкес, ЭКСПО-қалашық орналасатын 173 гектар аумақтың 25 гектарында көрме кешені салынады. Шамамен 148 гектар тұрғын үй, қонақ үй, әлеуметтік-мәдени ғимараттар, білім беру және денсаулық сақтау, ойын-сауық, сауда-саттық нысандарының құрылысына, саябақтар мен бульварларға арналып отыр.ЭКСПО-2017 көрме кешенінің нысандары қуатты өте аз әрі үнемді жұмсайтын болады. Олар негізінен қайталанбалы қуат көздерін тұтынады. Оларға қоса интеллектуалды қуат жүйелері т.б. тың жобалар болады. Олар өз бейнесімен жаңа әрі таза технологияларды насихаттайды. 
С.Нүркен:ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символы Қазақстан павильоны болмақ. Ол бірнеше қабаттан тұратын шар пішіндес ғимарат. Алып «шардың» диаметрі 150 метр, жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құрайды. Шар тәріздес пішін жердің биосферасын еске түсіреді. Болашақта бұл шар-ғимарат қоршаған ортамен үндестікте өмір сүретін адамзат нәсілінің символына айналмақ. 
Ғафизбек:ЭКСПО-қалашықтың көшелері күн мен жел энергиясын толассыз алу үшін жоспарланған. Көрме қалашығының дәл ортасында орналасатын шар-ғимарат алыстан менмұндалап, көрменің мазмұны мен көркіне ерекше шырай бермек. Оның айналасында халықаралық, тақырыптық және корпоративті павильондар салынады. Тақырыптық павильондар «Қуат әлемі», «Өмірге қажетті энергия», «Энергия әркім үшін», «Менің болашақ энергиям» деп аталады. 
Еркен:Кешен аумағында Өнер орталығы, Үздік тәжірибелер аймағы, Конгресс-орталық салынады. Үздік тәжірибелер аймағында баламалы қуат көздерін пайдаланудың ең озық мысалдары таныстырылады. Қазақстан павильонының құрылысының өзі қуат көздерін тиімді пайдаланудың үлгісі бола алады. Мысалы, оның шатыры оңтүстікке қарай еңкейте салынбақ. Бұл күн сәулесін неғұрлым көбірек жинауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шатырда желден қуат алатын құрылғы орнатылмақ. 
Бекзат:Ұйымдастырушылар таңдаған тақырып « Болашақ қуаты ».Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада алтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен,әлемде бар алтерьнативтік күн,жел,,теңіз,мұхит және термальдық суэнергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. 
Медет: Күннен күнге дамып келе жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейдеқолғ алынса біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай,көптеген жұмыс орнын құрып сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз Сондықтан да біздің жас тәуелсіз еліміз үшін экспо көөрмесін өткізудің маңызы зор . 
Аружан: ЭКСПО-2017 көрмесінің кешені Қазақстанның ғана емес, әлемнің әлеуметтік-қоғамдық дамуына қарқын береді. Оның үстіне, бұл көрме Астананың біртұтас брендіне айналуы да мүмкін. Көрме біткен соң оның павильондары ғылыми лабораториялар, инновациялық және коммерциялық жобалар үшін пайдаланылмақ. Осылайша, бүкіләлемдік көрмеден соң Астана ғылым мен мәдениеттің, туризм мен сауда-саттықтың орталығына айналады. 
Мақсат: ЭКСПО-2017 көрмесі маусымдық модель бойынша ұйымдастырылмақ. Қысқа мерзімдік жазғы маусымда шамамен 5 миллион қонақ келеді деп болжанып отыр. Астана – инновациялық шешімдер тоғысқан, ғылыми ой мен озық технологиялар дендеп енген заманауи қала ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символына айналуға лайықты. 
Мейрамбек:ЭКСПО көрмелері қонақтарды қарсы алушы елдің өзінің кешегі тарихын, халықтық мәдениетін, ұлттық колоритін жарқырата көрсетудің мүмкіндігі екені есімізден шықпауы тиіс.Ендеше, ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстан үшін мақтан мен айбардың, жеңіс пен жетістіктің көрінісі болғай. 
Қорытынды сөз. 
Жамила: Экспо туралы не білеміз? 
ЭКСПО бұл өнертабыстар алаңы.Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді қандай жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз дүниелерін Астанада көрсетуге дайындалуда. 
Жетер биік жолында 

Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан, 
Татулығы бар әлеммен жарасқан. 
Жер бетінде достық болу үшін де, 
«Көрме» өткізіп жатыр елім Қазақстан! 

Бастау алған Лондон атты қаладан, 
Сәулет, өнер, түрлі-түрлі саладан. 
Астанама келді кезек менің де, 
Тікті көзін келбетіне бар адам. 

Халық үшін еңбек етер жолында, 
Қазағымның туы бүтін қолында. 
Бақыт құсы қонғалы тұр тағы да, 
Алға жұртым, тек ешқашан налыма! 

Тәуелсіздік нұрын төккен шағында, 
Келген бақты бағалай біл, арылма. 
Өткелі тұр үлкен көрме өзіңде, 
Жаса мәңгі, Қазақ елі жалында! 

Тарихымды, салт-дәстүрді танысын, 
Көрсін әлем жүйрік аттың шабысын. 
ЭКСПО – ол келешектің кепілі, 
Қазақ деген атқа лайық намысың. 

Құрылыстан талмай қолы Қазағым, 
Көзбен көріп жүргендіктен жазамын. 
«Мәңгілік ел», жарқын сенің ертеңің, 
Әлі-ақ айтар күн де туар жаз әнін. 

Қыран – елім талмай қанат қағады, 
Алға қойған құрылыстық саланы. 
Елдігіміз, бірлігіміз жарасып, 
Абыроймен өткізейік жобаны. 

Өтсін уақыт, үлгереміз бәріне, 
Келгелі тұр күллі әлем жеріме. 
Бір береке кіргелі тұр бүгінде, 
ЭКСПО боп Астанамның төріне! Тәрбие.орг сайтынан Экспо туралы не білеміз? Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!