Материалдар / "Мен таңдайтын мамандық" 11 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен таңдайтын мамандық" 11 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау, болашақ мамандығын таңдауға оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету, оқушыларға кәсіптік бағдар беруге байланысты мамандықтар жайында мағлұмат алады; оқушылардың қызығушылықтарын анықтап, көп оқып, тәжірбие жинақтап, білімдерін толықтыруларына көмектеседі;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1168
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы № 40 орта мектебінің І деңгейлі математика пәні мұғалімі Тлеуова Дания Алтоновна



Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”  Ж.Аймауытов

«Ең қиын мамандық - адам боп қалу» Хосе Хулиан Марти



Күні: 02.03.2017жыл

Тлеуова Дания Алтоновна, Қалдыбаева Аманкүл Отарбайқызы

Тақырыбы:

«Мен таңдайтын мамандық»

Мақсаты

Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау, болашақ мамандығын таңдауға оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету,

Күтілетін нәтижелер

оқушыларға кәсіптік бағдар беруге байланысты мамандықтар жайында мағлұмат алады; оқушылардың қызығушылықтарын анықтап, көп оқып, тәжірбие жинақтап, білімдерін толықтыруларына көмектеседі;



Ой қозғау. Топқа бөліну арқылы коучинг тақырыбын ашу. Техника, адам, көркем образ, табиғат, белгі жүйесі

Ойынның аты «Мамандықты тауып көр» деп аталады. Әр топ әліпбидің бір әрпін таңдап алады, осы әріпке мамандықты ойлап табады және басқа топтарға оның ерекшеліктерін көрсетеді (пантомимамен, ым-ишарамен, қимылмен) қарсыластар тобы мамандық атауын табуы тиіс

әр топтан бір өкіл үстелге келіп, кез келген бір әріпті таңдайды, топ ақылдасып –кеңеседі; көрсетеді, қалған топтар мамандықты табады.

Мағынаны ажырату

Мамандық туралы мағлұмат беру. Мамандықтың түрлерін анықтау.


Тапсырма: «Сөйлемді аяқтау»

Әр топ төрт сөйлем жазылған карточканы алады. Содан соң сөйлемдерді оқиды.



Адамдар ... үшін жұмыс істейді.

Нағыз еңбек - бұл.........

Мамандықты таңдаған кезде адамдар ......жиі ескермейді.

Кез келген кәсіби еңбекте ең маңыздысы.....

Ойынға қатысушылар сөйлемді аяқтап оқиды.

Ой толғаныс

Тапсырма: «Мамандықты ата»

Алдарыңызға тапсырмасы бар карточкалар беріледі,онда:

А) Мүлдем жоғалған немесе жоғалуға жақын мамандықтар;

Б) Тек ХХ ғасырда пайда болған.

В) болашақта қажетті мамандықтарды атауларыңыз керек.

(ойынға қатысушылар кеңесіп, мамандық түрлерін атайды )



Бүгінгі күні еңбек жәрмеңкесінде үлкен сұранысқа ие мамандықтар туралы мәлімет беру.


Тапсырма: «Ешкім мекен етпейтін арал»


Әр топ өз пікірі бойынша аралда өмір сүру үшін ең қажеті болып табылатын кәсіби қызметтің 10 түрінен тізім құрайды.

(қағаз бетіне 10 мамандықтың қорытынды таңдауын жазамыз)


Байқау..... «Ортақтығын тап»


Топтар мамандықтардың бес жұбы бар карточкаларды алады.

Осы мамандықтар жұбы үшін не ортақ болып табылатындығын анықтау.

Топпен жұмыс «Форманың түймесі»

Жүк көлігінің жүргізушілері;

Балконмен лоджияны көгалдандырушылар;

Қала базарындағы ет өнімдерінің дегустаторлары;

Канализациялық жүйелерді қарап шығушылар; Дизайнер;

Осы мамандық иелеріне түймелердің эскиздерінің суретін салып көріңіздер.

Тапсырма: Ал енді келесі байқауға әр топтан бір өкілден қажет. Өздеріңізді түсіне алу үшін геометриялық фигуралары бар әзіл тест көмектесіп қалар.

Үш гометриялық фигураны – үшбұрыш, шеңбер, шаршыны пайдалана отырып, 10 элементтен тұратын адам суретін салыңыз. Үш фигураның барлық түрі пайдаланылуы керек. Суреттің сапасы маңызды емес. Егер де артық элементтер салынса – оларды сызып тастау қажет, егер де жетпесе –жетіспегенін толықтырып салу қажет.

Орындау уақыты – 30 с.

(фигураларды салады). Салып болсаңыздар енді үшбұрыштар санын есептеңіздер


қорытындылау

Мамандықтардың ішінде де сирек кездесетіні болады. Сол мамандықтар туралы қызықты танымдық дәйектермен таныс болайық.


түрлі мамандықтар туралы қалжыңдар (Сергіту)

«Әзілге арналған минуттар» Балалар мен мамандықтар.


тест

«Мен қаладым» диагностика

Тест орындайды

рефлексия

Бес саусақ


Кіріспе: Қазіргі заманғы мамандықтар әлемінде бағыт табу қиын, бірақ біз сонда да оқушыларымызға бағдар беріп көрелік. Біріншіден әр оқушы өздерінің қабілеті мен мүмкіндігін білуі шарт. Екіншіден, бүгінгі күні әлемде 40 мыңнан аса мамандықтар бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл сайын жоғалып кетеді және сондай шамада жаңалары пайда болады. Көптеген мамандықтардың өмір сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл. Олардың кейбірі өзінің мазмұны бойынша күрделі өзгеріп те кетеді. Статистердің зерттеулері бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты таңдауда әр маман қателеспепті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

Мамандық «профессия» сөзі латын тілінен“professio – «өз ісін хабарлау» - дегенді білдіреді. "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Сондай-ақ мамандық –бұл білім, ептілік, жеке бас қасиеттері; өз еңбегіне сыйақы ала отырып, аталмыш жұмыспен табысты айналысу үшін соның барлығы қажет.

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.  " Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі.  Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.  Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайда психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.

Күн сайын миллиондаған адамдар жұмысқа асығып бара жатады. Олар немен айналысады? Өз жұмысын жақсы көреді ме? Жұмыс түрін қалайша таңдады екен, өздерінің кәсіби жолын қайталар ма еді немесе басқа іспен шұғылданар ма еді? Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады.

Мамандық  таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған  мамандығымен  ұштасып жатады. Адам асқақ  арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кез  ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты  дұрыс  таңдауына  ықпал  ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін  іс-әрекет түрі, тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі. Осы арада мамандық таңдауға ықпал ететін  негізгі 7 факторы ескере кеткен жөн.

Икемділік ол адамның қоршаған ортада өзін-өзі асқан ептілікпен жаңадан құрылып жатқан заманауи талабына сай адам болуы; адаспай өз жолын дұрыс таңдай білуі және заман талабына сай азамат болып өсуі.

Мағлұматтылық ол адамның өзі таңдаған және жан-жақты білімді болуына, әр нәрседен хабардар болуы; әрдайым ізденісте және жаңа заман талабын дер кезінде дұрыс түсіне білуі.

Тартылу деңгейі бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай  еңбек етсе және халқының мүддесін жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету.

Мүмкіншілік қазіргі таңда Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен көптеген жаңалықтар және бұрын  соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат болуға зор мүмкіншіліктердің  болуы; өзінің ішкі –жан дүниесін үңіліп, өз қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру.

Ата-аналардың көзқарасы Қай ата-ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының да өнегелі сөздеріне  құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің  қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн.

Құрдастарының көзқарастары. құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне және еліне   орасан зор пайда әкелетіндігіне көз  жеткізу. Дана халқымыз айтқандай: «Бірлесе пішкен тоң, келте болмас», -деген дана сөзі осыған дәлел.

Нарық қажеттілігі қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің  өз еркінде. Бірақ таңдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмсалып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі  деп білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне  қажетті  саланы терең оқып және жаһандану кезеңінде салауатты өмір сүру үшін жан-жақты бәсекеге  қабілетті азамат болу.

      Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін  есте сақтаған жөн:

Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);

Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;

Таңдаған мамандықты зерттеу;

Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;

Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады. Осы жағдайға байланысты ата-аналарға  төмендігі жадынама ұсынғым келеді.

Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;

Баланың өзі таңдаған мамандықтың  пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;

Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол  мамандықтарды ғана емес, сонымен қатар  моральдық сезімдерді қанағаттандыратын  мамандықтарды да қарастыру;

Мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;

Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;

Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;

Егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек.

Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы.  Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.


Ойын «Мамандық әлемі»

Ойынның аты «Мамандықты тауып көр» деп аталады. Әр топ әліпбидің бір әріпін таңдап алады, осы әріпке мамандықты ойлап табады және басқа топтарға оның ерекшеліктерін көрсетеді (пантомимамен, ым-ишарамен, қимылмен) қарсыластар тобы мамандық атауын табуы тиіс (әр топтан бір өкіл үстелге келіп, кез келген бір әріпті таңдайды, топ ақылдасып –кеңеседі; көрсетеді, қалған топтар мамандықты табады).

Барлық уақытта адамдар өз жұмысына, еңбекке түрліше қараған. Соның дәлелі ретінде мынау аңызды тыңдап көріңіздер.

«Ерте-ертеде Шартре атты француз деревнясында үлкен шіркеу құрылысы салынып жатады. Құрылыс тасын арбашамен тасып жүрген үш жұмысшыдан немен айналысып жүргендігін сұрайды . Біріншісінің жауабы : «Осы бір қарғыс атқыр тастардан қолыма сүйел шықты! » Екіншісі «Тастарды тиеп тасимын, әйелім мен қыздарыма бір бір тілім нанға еңбек етушімін!» Үшіншісі жымиып: «Мен тамаша шіркеу салудамын!» депті».

Бір жұмыспен айналыса отырып, үшеуі де берілген сұраққа түрліше жауап берді.

Әрқайсысының жауабында бір жұмысқа олардың ерекше қарым-қатынасы байқалады.

Біздің заманымызда да ғылымның, техниканың, телевиденияның, компьютерлердің дамыған уақытында өз жұмысына сүйіспеншілікпен қарайтын, еңбектен қанағаттанып, қуанышқа бөленетін адамдар кемде-кем; өз мамандығын әрбір адам ұната бермейді.

Мұның басты себебі адамның қызығушылығына, бейіміне, қабілетіне жауап бермейтін кәсіби қызметті таңдауда болып тұр. Демек, еңбек жаныңа жақын болғанда ғана табыс пен қуаныш әкеледі.


Тапсырма: «Сөйлемді аяқтау»

Әр топ төрт сөйлем жазылған карточканы алады. Содан соң сөйлемдерді оқиды.

Адамдар ... үшін жұмыс істейді.

Нағыз еңбек - бұл.........

Мамандықты таңдаған кезде адамдар ......жиі ескермейді.

Кез келген кәсіби еңбекте ең маңыздысы.....

Ойынға қатысушылар сөйлемді аяқтап оқиды.


Тапсырма: «Мамандықты ата» Алдарыңызға тапсырмасы бар карточкалар беріледі,.онда:

А) Мүлдем жоғалған немесе жоғалуға жақын мамандықтар;

Б) Тек ХХ –ғасырда пайда болған.

В) болашақта пайда болатын мамандықтарды атауларыңыз керек.

(ойынға қатысушылар кеңесіп, мамандық түрлерін атайды )


Анықтама үшін

А) Өткенге кеткен мамандықтар: шабарман, шырақшы , жүн түтуші, көпес, почмейстер, пеш құбырларын тазартушы.

Б) ХХ- ғасырда пайда болған: бағдарламашы, ЭВМ операторы, менеджер, референт-хатшы, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктардың операторы, кең ауқымдыға тракторшы-машинист, ұшқыш, краншы, ғарышкер эмбриолог, электромонтер ж/е т.с.с

В) Болашақта пайда болатыны: теңіз тереңдігін, ғарышты игерумен байланысты мамандықтар, робототехниканың, компьтерлендірумен, химиялық және ядролық өнеркәсіпті, экономиканы, телевидениені, бейнетехниканы, экологияны, органның және дененің сыртқы бөліктерін өндірушілер, нано дәрігерлер (адамға жаңа күш қосатын дәрігерлер), ГМО фермер ( көкөністер мен жемістер өсірушілер), виртуалды ұстаз (компьютермен сабақ оқу), климат менеджері, криминалистиканы, гендік инженерияны дамытумен байланысты мамандықтар және т.с.с


Бүгінгі күні еңбек жәрмеңкесінде үлкен сұранысқа ие мамандықтар: референт –хатшы, бағдарламашы, сатылым бойынша менеджер, басшының көмекшісі, жүйелік әкімші, бас есепші, ақпараттық технологиялар бойынша мамандар.

Соңғы уақытта Қазақстанда да жаңа мамандықтар пайда болды. Олардың кейбіреуі жайлы қысқаша айтамыз:

Web- бағдарламашы, Web-дизаинер-интернет ғаламдық торабы үшін сайттар жасау бойынша маман.

Аудитор –бұл компаниялардың қаржылық қызметтерін тексеретін, оның табыстылығы мен тиімділігін бағалайтын маман.

Бренд-менеджер- өнім образын-брендты ойлап табатын және осы образды көпшілікке ұсынып, сатылуын жолға қоятын маман.

Логистик-ағымдарды реттеуші маман: қоймалық, көліктік, өндірісті. Көліктік логистик - компанияның жүктерін тасымалдау схемасын ойластырады, қоймалық логистик- өнімдері сақтауды ұйымдастырумен айналысады.

Маркетолог – латынша «нарықты білетін адам» сатып алушылардың қажеттіліктерін, олардың талғамы мен қалауларын білу үшін нарықты зерделеуші маман.

Мерчендайзер-бұл фирмасының тауары ірі дүкендерде қалайша ұсынылғандығын қадағалайтын адам. Ол дүкендерді аралап тауарды, орналастыру, витриналарды көркемдеу бойынша кеңестер береді.

Осы мамандықты әзірше бірде-бір оқу орындары оқытпайды.


Тапсырма: « Ешкім мекен етпейтін арал»

құрметті әріптестер егер де сіздерге мамандық таңдауға кеңес беретін, оны меңгеруге көмектесетін адам бар болатын болса, жақсы. Айталық, сіздер ХХ-ғасырдың заманауи адамдары ......... ешкім мекен етпейтін аралға барып қалдыңдар деп елестетейік.

Бұл аралда өмір сүру үшін барлық жағдайлар бар: тұщы су, өзендерде балық, орманда аң мен құс , жеміс ағаштары .......Ал сіздерде, мүлдем кездейсоқ , күнбағыс пен асбұршақтың, бидаймен сәбіздің тұқымдары, сонымен бірге балта, балға, ара, жіп орамы бар болып шықты......Қысқасы, Даниэль Дефо кітабынан Робинзон Крузоның аралы мен Жюль Верн кітабынан капитан Немоның ғажайып, құпияға толы аралы арасындағы орташасы ......

Сіздердің міндеттеріңіз: Әр топ өз пікірі бойынша аралда өмір сүру үшін ең қажеті болып табылатын кәсіби қызметтің 10 түрінен тізім құрайды. Уақыт кетті!

(қағаз бетіне 10 мамандықтың қорытынды таңдауын жазамыз)

Әріптестер қараңдар, адам өмір сүруі үшін қанша мамандықты меңгеру тиіс. Ал біздер біздің кітапты оқи алуымыз, жарықты жаға алуымыз орындыққа отыра алуымыз үшін қаншама адамдарды еңбек етуі керек. Ал біздің киінуімізге? Аяқ киімімізді киюмізге қанша адамның қатысады.

Коуч: Ортақ іске өзінің үлесін қоса отырып, әр адам нәтижесінде тек басқа адамдар үшін ғана емес, сондай – ақ өзі үшін де еңбек етеді. Ал бұл керісінше де болуы мүмкін, өзіне жұмыс істей отырып, соңында еңбек нәтижесі – барлық адамдар үшін болып шығады.

Әлдебір мамандықты таңдай отырып, адам қандай қасиеттерге, қабілеттерге, білімге, денсаулық жағдайына ие болуы керек?

Байқау..... «Ортақтығын тап»

Қазір барлық топтар мамандықтардың бес жұбы бар карточкаларды алады. Сіздердің міндеттеріңіз: Осы мамандықтар жұбы үшін не ортақ болып табылатындығын анықтау:

МShape1 едбибі - токарь

ДShape2 аяшы такси жүргізушісі

ҚShape3 ұрастырушы –инженер композитор

СShape4 атушы жаттықтырушы

МShape5 ал өсіруші бағбан

Топпен жұмыс «Форманың түймесі»

Көптеген мамандықтағы адамдар формалық киім киеді. Ал формалық киімде әрдайым форма түймелері болады. Бұл түймелердің әдеттегілерден айырмашылығы бар, оларда қандай да бір сурет болады: теңізшілерде-зәкір, ұшқыштарда –ұшақ қанаттары, десантарда парашют.

Бір қаланың билік өкілдері қала шаруашылығының кейбір сирек мамандықтарының өкілдерінің формалық киімге киіндіру туралы шешім қабылдады деп елестетіп көріңіздер. Жаңа әдемі киімді олар үшін тігіп те қойған, ал форма түймелерін әзірше дайындамаған.

Осы түймелердің эскиздерінің суретін салып көріңіздер. Ал олар төмендегі мамандықтарға арналады:

Жүк көлігінің жүргізушілері;

Балконмен лоджияны көгалдандырушылар;

Қала базарындағы ет өнімдерінің дегустаторлары; Дизайнер;

Канализациялық жүйелерді қарап шығушылар. (жұмыс жасауға 5 мин уақыт беріледі).

Тапсырма: Ал енді келесі байқауға әр топтан бір өкілден қажет. Өздеріңізді түсіне алу үшін геометриялық фигуралары бар әзіл тест көмектесіп қалар. Үш гометриялық фигураны – үшбұрыш, шеңбер, шаршыны пайдалана отырып, 10 элементтен тұратын адам суретін салыңыз. Үш фигураның барлық түрі пайдаланылуы керек. Суреттің сапасы маңызды емес. Егер де артық элементтер салынса – оларды сызып тастау қажет, егер де жетпесе –жетіспегенін толықтырып салу қажет. Орындау уақыты – 30 с.

(фигураларды салады). Салып болсаңыздар енді үшбұрыштар санын есептеңіздер

Ал енді тест кілтін тыңдаңыз (оқиды)

Бірінші тип: 6 – 8 үшбұрыш – басшының типі, жақсы ұстаздар. Топ басшысы болуға ұмтылысы айқын, адамдарды жақсы тани біледі, ақпаратпен жұмыс істейді.

Екінші тип: 5 үшбұрыш. Жауапты орындаушы, Жақсы ұйымдастыра алу қабілетіне ие. Өзінің қызметін бүге – шегесіне дейін ойластыратын кәсіби маман.

Үшінші тип: 4 үшбұрыш. Қызығушылығы мен таланты алуан түрлі. Жекеше жұмыс жасауға бейім.

Төртінші тип: 3 үшбұрыш. Оқымысты типі. Ұтқыр, жан – жақты, бір жұмыстан екіншісіне оңай ауыса алады.

Бесінші тип: 2 үшбұрыш. Өнерге және адамға қызығушылық танытады. Жаңаны және ғажайыпты сезінеді.

Алтыншы тип: 1 үшбұрыш. Ойлап тапқыш, құрастырушы, суретші. Ой – қиялы ұшқыр.

Коуч: Әрине, бұл тест сіздердің талантарыңыздың барлық көп түрлілігін көрсетпейді. Бірақ, мүмкін өзің туралы, өзіңнің мүмкіндіктерің мен қабілеттерің жайлы ойлануға және осы қабілеттеріңді әрі қарай дамытуды бастауға көмегін тигізер. Ақыр соңында оның өмірлік жолды таңдауда септігі тиер.

Коуч: Мамандықтардың ішінде де сирек кездесетіні болады. Сол мамандықтар туралы қызықты танымдық дәйектермен таныс болайық.

Титестер немен айналысады деп ойлайсыңдар?

Титестер – шай дегустаторы. Дәмі, иісі, түрі бойынша бұл маман шай сұрпын, өсірілген орнын, жинау маусымын, сақталу мен қайта өңдеу тәсілін анықтай алады. Титестер ерекше дарынға, айрықша сезімтал иіс сезуге ие. Ал титестерлер көп нәрседен бас тартуға тиісті:қуырылғаннан, ысталғаннан бас тартқаны, иіс суларды пайдаланбағаны жөн. Титестерлер тымау тигеннен қатты қорқады. Ірі компаниялар өз титестерлерінің мұрындарын миллион долларға сақтандырады, себебі осы мұрындардан құны миллион тұратын, шайлардың ірі партияларының тағдыры тәуелді. Ал сіз бен біздің ішетін шайымыз – аралас шай. Онда 18 сұрыпқа дейін болуы мүмкін. Титестерлер дәмін жақсартып, негізгі хош иісін беретін қоспаны таңдап алады.

Тағы бір сирек кездесетін мамандық – постижер. Бұл париктерді, мұрттарды, сақалдар мен бакенбардтарды дайындау бойынша маман. Бұл мамандық шығармашылықпен тығыз байланысты – театрда постижер жай ғана парик жасамайды, ол бір тұлға бейнесін шығарады. Театрда постижерлар сонымен бірге кейіпкерлердің сыртқы келбетін жасайтын суретшілер де, гримерлар ( әрлеуші) да болып жұмыс істейді. Осы мамандық үшін төзімділік пен отырып жұмыс істеу керек, өйткені арнайы ілмекпен негізгі шаш түптеріне шаш түптерін іліктіріп отыруға тура келеді. Постижер мамандығы сирек болып келеді, бірақ жарнама мен шоу – бизнестің дамуына орай қажеттілігі күннен күнге артып келеді.

Жарнамалық роликтерді жасаушылар ең қат мамандық – бұл арнайы эффект жасаушы шеберлер екендігін біледі. Бұл шеберлер нағыз өнімді алмастыратын әсерлерді (эффектілерді) ойлап табады. Мысалы: Газдалған сусындар, йогурттар, шоколад, ауа көпіршіктері бар мөлдір сыра – сіздердің жарнамадан көретіндеріңіздің барлығы – бұл нағыз өнімдер емес, бензин, немесе май, немесе басқа сұйықтық шығады. Экранда тұшпара қайнап жатқан суға әдемі болып түсуі үшін, олар пластикалық, ал су – суық болуы керек. Қайнау қөрінісін екі құрылғы жасайды: аквариумда пайдаланылатынға ұқсас келетін компрессор және судың қайнап тұру әсерін беретін арнайы шағын мотор. Содан соң барлық көрініс суреті компьютерде түзетіледі. Осындай әсерлер ( эффектор) өте қымбат тұрады және де мамандар да тиісінше ақы алады.

Коуч: Енді әзілге кезек берейік, мұнда сіздер түрлі мамандықтар туралы қалжыңдарды естисіздер. (Сергіту)

«Әзілге арналған минуттар» Балалар мен мамандықтар.

Метеорологтың ұлы:

Балақай, жасың нешеде?

Плюс бес.

Әскери адамның қызы:

Айтыңызшы, әскери адамның қызы болу қиын шығар?

Дәл солай! ( Так точно!)

Жолсеріктің қызы:

Сәлем, балақай! Мен – Аяз Атамын, саған сыйлық әкелдім!

Сіздің билетіңіз?! Ал көк көйлектегі бойжеткен де сізбен жүре ме әлде шығарып салушы ма?

Тіс дәрігерінің баласы:

Балақай, сенің ең сүйікті ойыншығың қандай?

Бор машина!

Тест: «Мен қаладым» диагностика

Коуч: Біз бүгін оқушыларға кәсіптік бағдар беруге байланысты мамандықтар жайында мағлұмат алдық деп ойлаймын. Мамандықты таңдау – бұл әр адамның өміріндегі өте маңызды оқиға. Бірақ қандай мамандықты таңдап алса да, әрдайым мектепте алған білімдері өмірлік жарайды. Сондықтан осы кезден бастап оқушылардың қызығушылықтарыңды анықтап, көп оқып, тәжірбие жинақтап, білімдерін толықтыруларына септігімізді тигізейік.

Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтай келе сол өрісті ойлы, табанды тіршіліктің иелерін біліммен сусындататын сіздер мен біздердің еңбектеріміз жана берсін деп тілеймін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!! Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!