Мен таңдарға ғашық едім нұр
атқан.
Мен таңдарға ғашық едім нұр
атқан,
Су ішсем деп мөлдір ғана
бұлақтан.
Енді бүгін есеңгіреп
отырмын,
Басым қатып жауабы жоқ
сұрақтан .
Жұмыр жүрек атша тулап
жатқандай,
Түсімде де өзіңді іздеп
тапқандай.
Сезіміңді жеткізе алмай
үнменен,
Жүр ме екенсің сұлу жігіт, ақ
маңдай?!
Сағынамын, шыдап бәрін
бағамын,
Сезім отын өлең етіп
жағамын.
Кебін киген балалардың
әкесін,
Бұл фәниде іздеп қайдан
табармын?
Дауа бар ма бұл ажалға
жырақтан,
Арысымды аяқ асты
құлатқан?
Мініп едім кемесіне
ғашықтың,
О, Жаратқан , неге мұнша
асықтың?
Жарым қайда, күлкі ойнаған
жүзінде?
Жүзі түгіл көре алмаймын ізін
де!
Шәк келтірмен, шеберсің- ау,
Жаратқан
Отыз бесте жесір етіп
жылатқан.
Үнсіз міне, батыс, шығыс,
құбыла,
Жырла жүрек, жырла, жырла тағы
да.
Сандуғаштар қоса жырлап
өзіңмен,
Бармақтай боп бағым қонсын
басыма.
Есетова Алтыншаш Карабаевна