2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / менің әкем ең жақсы адам

менің әкем ең жақсы адам

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Менің әкем, менің әкем-ең жақсы адам» атты сыр сұхбатымыздың қонағы , бүгінгі таңда ат баптау мамандығымен жұртқа танылған Жұмағұлов Нұрмат

1 – жүргізуші

«Әке — асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой, бөлееек. дей отырып құрметті әкемізге арналған «Менің әкем ең жақсы адам» атты кездесу сәтімізді ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші

Сізсіз әке — ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз әке — ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабыл алғын бала – жүрек тілегін.

1-жүргізуші:

Осы орайда «Гауһартас» би үйірмесінің Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әуеніне «Кешкі самал» биін қабыл алыңыздар.

2 -жүргізуші

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі сыр-сұхбатымызда әкеміз туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл — береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Асқар таудай әке, облыстық «Асқар тауым - тірегім» қашықтан әке мен баланың жандүние сабақтастығын жандандыру мақсатында өткізілген бейнеролик байқауының 1-орын жүлдегері үгінгі сыр-сұхбатымыздың құрметті қонағы – Жұмағұлов Нұрмат

2…..Қош келдіңіз, құрметті аға!!!

1-жүргізуші

Бүгінгі сұхбатымыз қазақилыққа, ұлттық дәстүрімізге байланысты болғандықтан біздің денешынықтыру пәні мұғалімдері сіздерге ұлттық ойындар туралы мәліметтер беріп, ойын барысымен таныстырып өтсе.

Қоңырбаев Әсет ағайымыз осы ұлттық ойындар туралы өз мәліметтерімен бөлісіп, «асық» ойынының ережесімен таныстырып өтсе.



2 – жүргізуші

«Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық бала әкесінен бастау алған

Ал, әкешім, бір өзіңе арналған,

Бүгінгі кеш, қуаныш пен шаттық ән.»

Нұрмат аға сұхбатымызды бастамас бұрын сіздің өмір жолыңызға көз жүгіртіп шықсақ.

1 – жүргізуші Өмірбаяны: Нұрмат ағамыздың

2 – жүргізуші

Бүгінгі таңда ат баптау мамандығымен жұртқа танылып жүрсіз, облыс, республика, жақынарадағы шет мемлекеттерге бәйгеге қосып, құлыннан таңдап алып баптайсыз. Осы ат баптау мамандығына неше жасыңыздан қызықтыңыз? Кәзіргі кәсібіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Ұлдарыңыздың арасында ат бегілікке қызығатыны барма?


  1. Жүргізуші:

Кішкентай өсіп келе жатқан тұлпарларымыздың құрметіне «Тұлпарым» әнін қабыл алыңыздар. Әні мен сөзі: Бота Бейсенова


2-жүргізуші

Осы адама ойының тұлпарданда жүйрік екені барлығымыз ға аян. Ал адам ойының жүйріктігін шыңдайтын ойын түрлері де кездеседі. Қазағымыздың ұлттық ойындарының ішінде де адам  санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш  салатын ойындар бар. Соның бірі -тоғыз құмалақ. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің  озық  үлгілері мен бой  теңестіре  алатын рухани  ойын, қисындық  ойлау  өнері. «Тоғыз құмалақ» ойыны туралы бізге Берік ағай баяндап берсе.


1-жүргізуші

Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер» дейді дана халқымыз. Осы орайды Нұрмат ағамызға қарап бой түзеп, атқа қызығушылық танытып, кәсібін жалғастырып келе жатқан ұлы Даниял бізге ат әбзелдерін таныстыру мақсатында ер-тұрманын алып келіпті. Назар аударсақ!

Ат-әбзелдері – атқа міну және жегу үшін пайдаланатын ер-тұрмандары мен жабдықтары.

Ер-тұрман – салт мінетін ат тұрманының жалпы атауы. Оған ер, тоқым, жүген, ноқта, айыл, өмілдірік, құйысқан, қамшы, тұсамыс, шідер жатады.Ер – әбзелдің негізгі ағаш тұғыры (бөлігі). Ол екі қастан (алдыңғы және артқы), екі қапталдан, белағаштан тұрады. Қазақы ер, құранды ер, шошақ бас ер, үйрек бас (құсбас) ер, қазық бас ер, қозықұйрық ер сияқты түрлері болады. Рулық белгісіне қарай алтай ер, найман ер, үйсін ер, керей ер, адай ер, қызай ер деп те бөлінеді. Сапасына қарай алтын ер, күміс ер, сондай-ақ еркек және әйел ері де болады. Ағаштан жасалып, тұтас ойылған ерді ойма ер деп атайды.

Өмілдірік – ер кейін кетпес үшін аттың омырауына шеттік арқылы тағылатын, әсемделген, шекетулеген өте сәнді әбзел.Құйысқан – ер ат мойнына кетпес үшін ат құйрығы астынан екі жамбас үстімен ер шеттігіне жалғасатын күмістелген әбзел.Айыл (төс айыл, шап айыл) – ер-тоқымды ат арқасына бекітетін қайыс әбзел, тартпа деп те аталады.Құр айыл – тай, құнан бауырын қиып кетпес үшін ою-өрнекті, түрлі түсті құрдан жасалған айыл.Қанжыға – бөктерген затты байлау үшін қапталдағы қанжығалыққа бекітілген ұзын таспалар.Шеттік – өмілдірік пен құйысқанды бекіту үшін қапталдың алдыңғы және арт жағында болатын тесік.Тоқым – ер астынан келетін, былғарымен қапталып, киізден жасалған әбзел.Тебінгі – атқа үзеңгі тимес үшін және киім ат терімен бүлінбес үшін тоқымға жалғасатын әбзел.Терлік – ат арқасына жұмсақ болу үшін тоқым астына салынатын жұқа киіз.Үзеңгі – жезден, темірден жасалған атқа міну үшін қолданылатын тұрман.Таралғы – үзеңгіні ерге қосатын қайыс.Үзеңгілік – қапталдың таралғы өтетін тесігі.Төс бау – бір ұшы өмілдірікке, бір ұшы төс айылға жалғасатын қайыс бау.Салпыншақ – құйысқанға, шілияға, ершікке сәндік үшін тағылатын шашақ (шоқ).Жүген – ат басына кигізілетін негізгі әбзелдің бірі. Ол екі жақтаудан, желкеліктен, кекілдіктен, кеңсіріктен, сулықтан, ауыздықтан, сағалдырықтан, шығыршықтан және тізгіннен тұрады.Ноқта – жүген астынан түсетін әбзел.Шылбыр – жылқы ноқтасына тағылатын берік еспе бау.Шыбыртқы (бишік) – көлікті ат, шана үстінен айдайтын ұзын қамшы.Шілия – атты жеккенде қамыт ілгері кетпес үшін, арба немесе шана ат аяғын соқпас үшін қайыстан жасалатын (өрілетін) шекетулеген, шашақталған әбзел.Қамыт – ат әбзелі. Құрамы: қамыт, шұжық, көпшік, құлақбау және тамақбау.Доға – атты арбаға (шанаға) жеккенде қамыт пен жетекті қосып тұратын, негізгі күш түсетін доға ағаш.Ершік – жегін ат үстіндегі жетекті қайыс арқылы көтеру үшін пайдаланатын әбзел.Қоңырау – доғаға сәндік және дыбыс беру үшін тағылатын кәдімгі жез қоңырау.Сылдырмақ – ершікке, шілияға сәндік үшін тағылған кішкене қоңыраушалар.Божы – көлікті басқарып (бұрып) отыратын қайыстан өрген әбзел.Желқом – жауыр аттың жарасына тимеу үшін ер астына салынатын киіз, немесе жауыр атқа салатын ерге ұқсас жеңіл әбзел түрі.Атжабу – жылқы тоңбас үшін жабатын өрнектелген киіз, мата жабынды.Тұсамыс – аттың алдыңғы аяғынан тұсалатын әбзел.Өре – жылқының бір алдыңғы, бір артқы аяғына салынатын әбзел.Шідер – алдыңғы екі аяғын және артқы бір аяғына салынатын әбзел.Ашамай – тайға мінетін бала ері.Шөлке – түйенің қамыты.Жазы – жүк артатын, түйе үстіне қойылатын тұрман.Мұрындық – жетектеу (байлау) үшін түйе мұрнына көлденең өткізілетін кішкене ағаш. Ол мұрындық, екі тығырық, желбұйдадан тұрады.Желбұйда – мұрындыққа байланған қысқа жіп.Бұйда – жетектеу үшін желбұйдаға жалғанған бау.Тығырық – мұрындық шығып кетпес үшін оның екі жағынан кигізілген былғары шығыршық.Мойынтұрық – өгіздің жегін құралы (қамыт).Шүй – мойынтұрықты бекітетін ағаш (темір).Пар қамыт – пар өгіз жегетін мойынтұрық.Ыңыршақ – жегін өгіз үстіне салынатын әбзел (ершік).Құр – жіп орнына қолданатын, термелеп жүннен жасалатын бау.

2-жүргізуші:

Ер-тұрман демекші біздің Ғабит ағай бүгі «Бәйге жарысы» және «қазақша күрес» туралы мәліметтер дайындап келіпті. Ғабит ағайымызға сөз кезегін берсек



1 – жүргізуші

Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Әке тәрбиесін үлгі етіп орындауға тырысады. Әр бала өз әкесімен мақтануға әрине толық қақысы бар. Осы орайда ұл-қыздарыңыз туралы айта отырсаңыз. Ұл-қыздарыңыздың қызығушылығы, өмірге деген көз қарасы, мамандық таңдау жағы.

Әкем менің асқар тауым, тірегім

Бәрінен де сен қымбатсың білемін.

Қанат қағып кетсем алыс қияға,

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

2 – жүргізуші:

Ендігі кезекте бүгінгі біздің Нұрмат ағайымыздың мамандығына байланысты, «Атқа міну мәдениеті және оның пайдасы» тақырыбында Айжарыков Санат ағай өзі дайындаған мәліметімен бөлісе.

1 – жүргізуші

Біздің әкеміз дара тұлға, дана тұлға. Өзгеге қарап емес, өзімізге қарап біз мақтана да, шаттана да аламыз.Себебі осындай тарихи, қазақтың мақтанышы болған мамандықты біздің әкеміз игереді. Аман болайық, сау болайық, барымызды қанағат тұтайық.



22 Желтоқсан 2024
167
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі