400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің атым - Қожа" повесіндегі мұғалімдер галереясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада "Менің атым - Қожа" повесіндегі ұлағатты ұстаздар бейнесі талданған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кажетерова Шынар

«Менің атым – Қожа» повесіндегі мұғалімдер галереясы

Адамды бала кезден елітіп, өз әлеміне кіргізетін шығармалар болады. Солардың бірі – Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі. Шығарманың атауын естігенде-ақ әрқайсысыңыздың жүрек түкпірінде жылы ұшқын, балалық көңіл пайда болмай ма? Қожаның басынан кешкен шытырман оқиғалары, оның жан дүниесі, ішкі ойы...тағы – ұмытылмас ұстаздар бейнесі. Неге десеңіз, түсіндіруге дайынмын.

Мәселен, орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловна Қожаның өз пәнін аса қызығушылықпен оқуына түрткі болды. Оның оқушылармен жылы шырайлы қарым-қатынасы, мейірім төгіп тұратын ашық жүзі тек Қожаға ғана емес, шығарманы оқып отырған оқырманға да нағыз ұстаздың қандай болу керектігін ұқтырғандай. Оқып көрелік: «Қоңырау соғылып кетіпті. Бірінші сабақ орыс тілі болатын. Анфиса Михайловна класқа жаңа кіріп барады екен, тасырлатып жүгіріп келе жатқан мені көріп, тоқтай қалды. Мұғалімдердің ішінде бұл өзі алтын адам. Былтыр біздің мектепке педучилищені бітіріп келген. Жазда барып, институтқа сырттан оқуға түсіпті.

  • Қадыров, немене, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта, галстугіңді түзе».

Кешігіп келген оқушының түгін қалдырмай ұрысу немесе бұрышқа тұрғызу, тіпті болмаса сыныпқа кіргізбей қою – Анфиса Михайловнаға «антоним» істер. Қайта галстугын түзетіп, Қожекеңнің әзілдеріне «Әй, Қадыров, шығармайтының жоқ-ау» дегендей жымиып қояды. Қожа өзі айтпақшы: «Мақтанғаным емес, кластағы орыс тілін тәуір біледі дейтін оқушының бірі менмін. Өткен жылдың барлық тоқсанында да бұл пәннен ауызша, жазбаша ылғи «бестік» бағалар алдым. Анфиса Михайловнаның мені тәуір көретіндігіне, мүмкін, бұл да себеп шығар». Расында, Анфиса ұстаз Қожаның саналы, ойы ұшқыр, «ақылды тентек» екендігін білгендей. Сол арқылы – Қожаға оның қандай екеніні білетінін сездіру арқылы оның алдағы күніне сенім сыйлайды, қазіргі тілмен айтқанда, «мотивация береді». Бұл тұрғыдан алғанда, Анфиса Михайловна – «ынтымақтастық педагогикасының өкілі».

Ал ендігі кезекті Қожекеңнің «өмірлік ұстазына» айналған Майқановаға берейік. Көбіңіз Майқанованы «не деген қатал, сұсты мұғалім еді!» деп, өзіңіздің қабақ шытқан ұстаздарыңызды «екінші Майқанова» деп атаған шығарсыз. Әйткенмен, сіз бұл жолы оңбай қателестіңіз, құрметтім! Өзіңіз ойлап көріңіз, қай мұғалім өз сөмкесіне бақа салған оқушыны «түбінде адам болатын бала» дейді?! Демек, Майқанова – оқушыға болашақ тұлға ретінде қарайтын жан. Қожаның ессіз еркеліктерін көтере біліп, мектептен шығарып жіберудің орнына оның оқып, дамығанын қалайды. «Түсі өрт сөндіргендей» көрінетін директор Ахметовке де «оты бар» деген пікірді айтқызуға себепші болып отыр. Өз ұстазы мен директорының оң бағасын естіген Қожа да қолқа-жүрегі солқ еткізгендей әсерде қалып, бұдан былай үздік оқушы болуға шынайы сертін берді емес пе? Ендеше, Сәбира Майқанова – нағыз «ер мұғалім».

Сөз соңында, Бердібек Соқпақбаев – жарқын бейнелерге толы «мұғалімдер галереясын» жасаған кәсіби суреткер, бояуы қанық қалам шебері. Бұл галерея туындыларын шәкіртінің шырағын жағатындар ғана ұғынбақ.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
43 ұстаз жүктеп алған
06.11.2023
1124
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі