Материалдар / Менің борышым

Менің борышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің борышым тақырыбындағы қысқаша мақала
Авторы:
01 Қараша 2024
37
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Менің борышым

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

А.Байтұрсынұлы

Адамзат шыр етіп дүние есігін ашқан уақыттан, жер қойнауына кірер уақытқа дейінгі қысқа ғұмырында өз алдындағы борышты өтеуге тырысады. Борыш әркімде әрқалай, өз құндылықтарына байланысты. Бірінің құндылығы-ата-ананың алдындағы борышты өтеу болса, енді бірінің құндылығы - білім алып, жаһан кезіп, әлемнің жеті бұрышын аралау. Ал бірі - еліне, халқына аянбай қызмет ету. Адам есейіп, ес білген сайын өз алдындағы борыштың мәнін кеңінен түсіне бастайды, жауапкершілігі артады.

Борыш — ар өлшемі, адамгершіліктің жоғарғы талабы. Адамның ата-ана, ел-жұрты алдындағы борышы өтелмей, арқасындағы жүгі де жеңілдемейді. Меніңше, әрбір бала ата-анасына борыштар. Ата-ана - баланың осы өмірдегі ең асылы, аса қымбаттысы. Мына жарық дүниені көріп, қарнымыздың тоқ, деніміздің сау, ақылымыздың бүтін болуына себепкер болған ата-анамызға қарыздармыз.Олар бар өмірін бізге арнады, біздер үшін көптеген қиыншылықтарды көрді, балапанын қорғаған қарлығаштай таң ата ұядан ұшып кетіп, кешке Алланың берген ризығымен бізді тамақтандырды, қызғыштай қорып, мәпелеп өсірді. Әрине, ата-ана ақысын түгелдей құтылу мүмкін болмас. Бұл қос бәйтерегімізді өмір бойы аялап, құрметтеп, сөзін жерге тастамау, олардың көнілдеріне қаяу түсірмей, әрқашан қолдап, қолпаштау әрбір баланың парызы деп ойлаймын.

Менің борышым – еліме бір пайдамды тигізіп, осы қамшының сабындай ғана өмірдің бір «кірпіші» болып қаланып, өз орнымды табу. Менің борышым – сапалы білім алып, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі заман мұғалімі көп ізденуді, тынымсыз еңбектенуді, сабақ беруде заманауи әдіс тәсілдерде жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені, бала тәрбиесі өте қатты жауапкершілікті қажет ететін іс. Мен болашақта шәкірттерімнің бәсекеге қабілетті, жан-жақты, ізденпаз, белсенді әрі сауатты болғанын қалаймын.

Менің борышым – еліме аянбай қызмет қылу, пайдамды тигізу. Мен өзім педагог ретінде шәкірттеріме қазақ халқының асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін, алтын қазыналарын үйретіп, олардың құндылығын бағалауды, сақтап, көзінің қарашығындай қорғауды үйретемін. Артымнан ерген шәкірттерімнің жүрегіне қазақ еліне деген махаббатын, сүйіспеншілігін арттырамын. Жүрегі «Қазағым!» деп соққан әрбір адамзат қазақ елінің дамуына, өсіп, өркендеп, гүлденуіне ат салысады. Менің борышым – осындай ұрпақ тәрбиелеу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ