Материалдар / "Менің елім-менің Президентім" (тәрбие сағаты)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің елім-менің Президентім" (тәрбие сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің елім-менің Президентім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2020
1956
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің елім-менің Президентім! »

Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі:слайд презентациялар,

Барысы: Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран қосылады)

1-жүргізуші:

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.


2- Жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

1-жүргізуші.

Елбасы туралы не білеміз?

-Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіңдер?

Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады.

1-оқушы:

Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.

2-оқушы

Жұмысшы Нұрсұлтан

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

1-жүргізуші.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Біздің яғни еліміздің тұңғыш Президенті. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР-ның Президенті болып сайланды.

«Ашық микрафон»
1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
5. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
6. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

Ән: «Жасыл жайлау»

Келесі кезекте оқушылардың тақпақтарына берейік

1-оқушы:

Халқымда күш-қуат бар озар лайық,

Сондықтан алға қарай қозғалмайық?!

Тәуелсіз елдің туын желбіретіп,

Көтерген көкке биік Назарбаев!

2-оқушы:

Ашылып алдымыздан оң құбыла,

Бақ болып басымызға қонды мына.

Кірсек біз елу елдің қатарына,

Содан соң қол созамыз ондығына.

3-оқушы:

Арқаны кеңге салмай,уақыт тарын,

Қолымен қойғандай ғып танып бәрін,

Берді айтып қолымызға ұстатқандай,

Өрлетер әр саланың бағыттарын.

4-оқушы:

Қалдырмай әрбір ауыл,әр ошақты,

Өшпейтін бұл өмірдің шамын жақты.

Айқындап көз алдына әкеп отыр,

Тап басып тамыршыдай болашақты.

5-оқушы:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.


6-оқушы:


Толығар нәрсең болса толықпаған,

Өйткені тауым тыныш,тұнық далам.

Ұстатып қолына оның ел тізгінін,

Сол үшін халқым сеніп ұлықтаған.

7-оқушы:

Барынша қабілетті болған елдер,

Білеміз тек еңбекпен кемелденер.

Айтып тұр Елбасымыз,сасар түк жоқ,

Бұл деген тірлік екен қолдан келер.

8-оқушы:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...


9-оқушы:

Қадамы мықты елміз алға басқан,

Сондықтан кем болмаймыз бақ-ырыстан.

Ап шықты Елбасымыз жолын тауып

Кешегі төніп келген дағдарыстан.

Ән: «Жан аға»

10-оқушы:

Шалқытып ақын жүрек толғасын да,

Көшбасшың адастырмасбар қасыңда.

Жол тартты Жаңа әлемге Қазақстан

Көреген Елбасының арқасында.

11-оқушы:

Жақсының айтады ел жақсы атын,

Тұнық боп тұмасынан басталатын.

Елінің ертеңіне көз жіберген,

Талмасын,Қыран Бүркіт,қос қанатың!

12-оқушы:

Кенеліп мол табысқа ұлан-ғасыр,

Жасап ап кереметтер келер асыл,

Жүрейік биік ұстап еңсемізді,

Таң қалып жатсын бізге мына Ғасыр!

Ән ; «Көк тудың желбірегені»

1-жүргізуші «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.Сондықтан егемендігіміз баянды болып,халқымыз аман,ел жұртымыз тыныш болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

«Ән: «Елім менің» 







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!