Материалдар / Менің жетістігімнің формуласы

Менің жетістігімнің формуласы

Материал туралы қысқаша түсінік
жетістікке жеткен адам асқақ армандарға,биік мақсаттарға ұмтылатындығы жайында,Менің жетістігім-елімнің жетістігі жайында айтылған.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Менің жетістігімнің формуласы

Жетістікке жеткен адам асқақ армандарға,биік мақсаттарға ұмтылады.

Менің жетістігім-Елімнің жетістігі

Құрметті әріптестер,замандастар!Бүгінгі таңда ел назарында жүрген бірден-бір мәселелердің бірін ортаға салмақпын.Ол –жетістік жайында,яғни адамның рухани жетістігі.Бір сәт өзіме назар аударып көрейінші?!Мысалы,мен ҰСТАЗ ретінде мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, осы күнге дейін қандай жетістіктерге жеттім?Қандай көрсеткіштер көрсеттім?Жетістігім қаншалықты?Осы сұрақ аясында өзім сұраққа жауап бере аламын ба?Мүмкіндігімше жауап беріп көрейін.

«Нәтижелі іс көремін десең,ең бірінші өзіңе сен»,дегендей адам ең бірінші өзіне сенім артуы қажет деп ойлаймын.Осындай нық сеніммен 2007 ж 1қыркүйек айынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде Тараз қаласы №12Керімбай атындағы мектепке мұғалімдік жұмысқа орналастым.Осы кезден бастап мен жауапкершілік деген ұлы ұғымның қадірін біле бастадым.Мектептегі іс-шаралар,сабақ,түрлі байқаулар тікелей жауапкершілікті талап етті.Осы орайда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдухалықова жас мамандар арасында «Алло,біз талантты жастарды іздейміз» атты байқау ұйымдастырды.Байқауға 12 өнерпаз мұғалімдер қатысты.Бұл байқауда үшінші орынды иелендім.Осы мектепте жүріп, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 40-жылдығы құрметіне арналған «ЖАС ҒАЛЫМ-2007» атты жас ғалымдар,білімгерлер мен оқушылардың ІІ Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына қатысып,ғылыми жұмысымның жоғары сапасы үшін,ғылыми жұмысымның өзіндік орындалуы мен дәйекті шешімі үшін Алғыс хатпен марапатталдым. Мақаланы өзімді шыңдау мақсатында жазған едім.Әрине еңбегім еш болмай,марапатқа ие болдым.Жұмыс барысында алғашқы жылдары көптеген қиындықтар кездесті.Дегенмен адамның қолынан келмейтін іс жоқ,алынбайтын қамал жоқ деп өзімді қамшылаудың арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткіздім.

Бейнетпен келген жақсылық шын мәнінде қымбат табыс деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай ,егер адам шын көңілімен қаласа,арман-мақсаттарына толығымен жетеді деп ойлаймын.Жетістікке жеткен адам биіктерге ұмтылады,жетістікке жеткісі келмейтіндер барынша қанағат етіп отыра береді екен.Осы мақсатта 2008жылы метепішілік «Жыл мұғалімі-2008» байқауында «Жыл мұғалімі» номинациясын жеңіп алуым менің одан әрі өсуіме қанат бітірді десем болады.Осы кезде өзіме ары қарай «Алға ұмтыл» ,Табысқа жетудің тағы бір қадамын көрсеттің,тағы да тырыса түс,сенің мүмкіндіктерің көп,осы бағыттан тайма,бүгін кешегіге қарағанда жақсысың деп өзіме мотивация бердім.Жұмысым жүйелі түрде жалғаса берді.2012жылы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық «Үздік дидактикалық қор» атты семинар-практикумына белсене қатысып,Алғыс хатпен марапатталдым.2015 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші негізгі деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын оқып келдім. «Ескіден қол үзбей,жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім болады» -деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.Алайда қандай болмасын істі бастау оңайға соқпайды.Сондықтан маған жаңаша жұмыс жасауға оқыту әдістерін жаңаша арнаға бұруыма тура келді.Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр.

Курсты аяқтағалы бері өзімнің алдымда тұрған жаңа білім реформасының қатысушысы ретінде жауапкершілігімнің жоғарылағанын сезіндім.Әрине, оқытудың барлық әдістері оқушыны дамытуға бағытталған.Басты мақсат өзгерістер мұғалім үшін де,оқушы үшін де оң нәтиже беретіндігі.Десек те өткен күндердегі іс-тәжірибеме көз жүгіртсем,кешегі бүгінге,бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды.Себебі ғылымның дамуы білім мазмұнының өзгеруі өмір талабы оқушы талғамы үнемі өсуде.

Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсының мақсаты да осыны көздейді.

Көрнекті педагог А.С.Выготский оқушыны дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп,оқушы дамуының әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп,бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынған болатын.Бірінші ортасы айналасындағы үлкендердің әсері қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса,екінші ортасы-сабақ үстіндегі әрекеті.Ал біздің мақсатымыз-оқушының сабақ үстіндегі әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру,бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады.Курста оқып жүріп,Республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық Ғылым және Білім әлемі атты журналға Жаңа форматтағы сабақ:мұғалім және оқушы көзімен атты еңбегімді жаздым.Еңбегім бағаланып, Заманауи білім беруді жандандыру мақсатында белсенділігі үшін «Үздік мақала» номинациясымен марапатталдым.Сонымен қатар Интернет жүйесінде сабақтарын орналастыруда белсенділік танытып,шығармашылық шеберлігімді шыңдауға үлес қостым.

Өз тәжірибеме келетін болсам,сабақтарымды сын тұрғысынан ойлау,АКТ модульдерін жиі қолданамын.Сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де,оқушыларымды да өзгерте алдым деп ойлаймын.

Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан –дүниесіне үңіле білу деп,В.А.Сухомлинский айтқандай,қазіргі таңда білім мазмұнының жаңаруымен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Осы мақсатта Жаңартылған білім мазмұны бойынша курсқа бардым.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады.Бүгінде Елбасымыз алға қойған «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» баршамызға ортақ жауапкершілікті жүктеді.Білім мазмұнын жақсарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты: «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек.Оны өзіне сүйеніш ретінде қолдану керек»,деп А.Байтұрсынов айтқандай,қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі қоғам мүддесіне сай болуы қажет деген мақсатта курсқа бардым.Курсты оқу барысында көптеген нәрселерді үйрендім.Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы дәстүрлі бағалауға қарағанда,қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшелнетінін түсіндім.Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналарға да өте тиімді бағалау түрі болып табылатынына көзім жетті.Оқушылар үшін табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге,өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп,түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады,сыни ойлауына,еркін ойын жеткізе алуына мүмкіндік туғызады екен.Жаңа бағдарламаны оқығаннан кейін жаңаша көзқарасым қалыптасып,білім деңгейім биікке көтеріліп келеді.Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге күшейіп келеді.Мұғалімнің шеберлігі қандай болса да,ұстаз оқушының белсенділігін туғыза алмаса,берген білім ешқандай нәтиже бермейді деп айта аламын.Яғни,жеңілден қиынға қарай спиральді оқытудың тиімді екендігін жете түсіндім.

Ұстаз жолы қиынырық басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат шын бақытты тапса адам,-деп ақын жырлап өткендей расында да мен үшін «бақыт» деген ауқымы кең ұғымның бір шеті осы ұстаздық мамандықпен ұштасып жатыр.Ұстаз шәкіртін адалдыққа баулушы,ізгіліктің нәрін себуші,жақсы мен жаманды ажыратушы,нақтырақ айтсам,бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші екені сөзсіз.Алайда,өзімді «тамаша ұстазбын» деп айту ерте болар.Нағыз ұстаз болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп,үздіксіз еңбектеніп,талай-талай белестерді бағындыру қажет деп ойлаймын. «Қаншалықты табысты болғыңыз келсе,соншалықты білім алыңыз»,деп заңғар жазушы М.Әуезовтің «Білім-бақты жібермейтін қазығы,білімсіз бақ –әлдекімнің азығы» деген қанатты сөзін есепке алар болсам,расында да білімдінің беті әрқашан да жарық екенін ұмытпаймын.



ЖИ арқылы жасау
01 Қазан 2018
1844
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі