400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым Заңгерлік туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің мамандығым


Адам баласы өмірге келіп, өсіп жетілген сәттен бастап, арманға, қиялға беріледі, әр нәрсені армандап, іске асырғысы келеді. Өзім мектепке барғаннан, алдағы өміріме үмітпен қарап, қиялға берілетін едім. Білім алып қиялымызды шындыққа айналдырамыз. Әр нәрсеге еліктеп қарап, болашаққа жоспар құрамыз.

Мен өз таңдауымды мектеп кезінде жасағанмын. Ол заңгер болу. Алдыма ниет қойып, Болашақ колледжіне құжат тапсырып, алғашқы қадамымды жасадым. Оқуға түскеннен кейін, бойымды мақтаныш кернеп, өзімнің ең үздік колледждердің бірінде білім алып, арманыма бір қадам жақындағаныма қуандым.

Арманымдағы мамандығымды оқи отырып, аз ғана уақыт ішінде өзім сияқты достар тауып, білімді, білікті ұстаздардан тәрбие, білім алдық. Жақсы жандар қасымда жүрген соң, арманымыз ұқсас болған соң, мамандығыма деген сүйіспеншілігім одан әрі күшейді. Колледж арқылы мамандық бойынша білім алумен қатар, бірнеше мамандығымызға қатысты мекемелерге барып, біраз тәжірибе жинап, мамандықтың қыр-сырымен таныстық. Білікті ұстаздардан үйренгеніміз көп. Осы мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін.

Адам баласы армандап қана қоймай, сол арманын іске асыруға тырысукерек . Мен өз арманымды іске асыруға қадам жасадым, енді қолыма армандаған мамандығымның куәлігін алып, еңбек жолын бастағым келеді. Өзім сияқты жастарға армандайық, арманды іске асырайық, өркениетті, мәдениетті елдің азаматы болайық дегім келеді.

Муханова Шолпан Аманжолқызы

"Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің

"Құқықтану" мамандығының

2 курс студенті


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.06.2024
167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі