"Менің өмірлік ұстанымым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің өмірлік ұстанымым"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің өмірлік ұстанымым


Осы күнге дейін сүріп келген ғұмырымызда жаңылғанымыз да бар, кейде керісінше жетістікке жеткен сәттеріміз де бар. Жаңылысқан сәтте «Түйеден құлаған жығылмас» деп, жігерленіп, «жеңілудің өзі жетістік» деген ұстаныммен биікке ұмтылып келеміз.

Менің өмір сүру қағидаларымдағы ең маңызды нәтиженің бірі – дұрыс шешім қабылдай білу.

Дұрыс шешім қабылдай алуың – дұрыс өмір сүруің. Бара-бара түбі сол шешімдердің өмірлік ұстанымға айналуы сөзсіз. Сол арқылы алдыңа дұрыс мақсат қоя білесің. Ал мақсаттарың арқылы арманыңа қол жеткізесің.

Менің бірінші ұстанымым: өзімді құрметтеу және өзгелерге құрметпен қарау.

Екінші ұстанымым: жақындарымды ренжітпеу және кешірімді болу.

Үшінші ұстаныным: ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.

Төртінші ұстанымым: қарсыласымның намысына тимеу.

Бесінші ұстанымым: әділдік бар жерде жеңіс бар. Ал жеңіс – бақытымның шыңы.

Осы аталған ұстанымдарым дұрыс шешім қабылдай алғанымның дәлелі болар. Сол қабылданған шешімдер арқылы өзімді жетістіктің бір желкенін ұстап жүргендей сезінемін. Менің арманым – болашақта мемлекеттік қызметкер болу. Мемлекеттік қызмет атқару үшін ұстанымы берік, сөздерінің салмағы бар, биік-биік талғамы бар талапты шәкірт бола білуің керек. Ең маңыздысы – дұрыс шешім қабылдай білу. Сен қабылдайтұғын әр шешім өз еліңнің,ұлтыңның сүріп жатқан өміріне өз өзгерістерістерін тигізуі мүмкін. Өз ұстанымыңа айналар әрбір шешімдер үзілгелі тұрған жіптей әлсіз болмауы тиіс.Мен өз ұстанымдарым мен дұрыс шешім қабылдай алсам,алдыға қойған мақсаттарыма қол жеткізе аларыма сенемін.

Кішкентай деп таға көрме жасқа айып,

Қарулыдан қорықпайық,саспайық.

Төзу,көну,мойынсұну жат маған,

Қағып өтем қасқайып -дей отырып, өзімнің ұстанымдарым арқылы бақытымның шыңы –жеңіске жете аларымды дәлелдегім келеді.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2020
8691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі