Материалдар / Менің отбасым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің отбасым.

Материал туралы қысқаша түсінік
- Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің отбасым». (Балалар бірге оқиды.) - Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. - Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. - Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, отбасы қандай болуы керек? (Балалар жауаптарын жанұя суретінің айналасына жазады.)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2022
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелеу арқылы есте сақтау қабілеттерін  дамыту.

  3. Тәрбиелік: Отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындыру, үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

  4. Түзетушілік: Балалардың дыбыстарын қадағалап, түзетіп отыру.


Көрнекілігі: проектор, отбасы мүшелерінің суреттері, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, қима қағаздар, слайд.


Меңгерілетін сөздер: Отбасы – шағын мемлекет, мейірімді, қамқор, үлгілі, өнерлі, кешірімді, бақытты, алып құс, бәйтерек, отбасы мүшелері.


Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.


Тәрбиеші:

  • Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

  • Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз  шаттық шеңберін құрайық.

  • Балалар, күн анамыз бізге күн нұрын шашып тұр қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Ата- анамыз аман болсын!

Бақытты болайық!


  • Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің отбасым».

(Балалар бірге оқиды.)


  • Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана.

  • Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, отбасы қандай болуы керек?

(Балалар жауаптарын жанұя суретінің айналасына жазады.)

Shape1


Picture 1 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2




  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы мықты, берік болады.


  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, отбасын неге теңеуге болады: алып құсқа ма, әлде алып бәйтерекке ме?

(Балалардың жауабы)



  • Дұрыс айтасыңдар, менің ойымша да отбасын бәйтерекке теңесек, балаларды жапырақтарына теңейміз.

  • Жапырақтар қайда бекиді?


Оқушылар:

  • Ағаштың бұтақтарына бекиді.


Тәрбиеші:

  • Олай болса, бұтақтарын ата-анаға теңейміз.

  • Бұтақтары қайдан тарайды?

Оқушылар:

  • Ағаштың діңінен.


Тәрбиеші:

  • Олай болса, олар ата-әжелеріміз.

  • Алып бәйтерек ненің арқасында жақсы өсіп жайқалады?

  • Дұрыс, тамырының.

  • Қалай ойлайсыңдар, егер ағаштың діңін ата-әжелерімізге теңесек, тамырын кімге теңейміз?

  • Ата-бабаларымызға.

Shape12 Shape11 Shape10 Shape9

Ата-баба

Ата-әже

Ата-ана

Бала


Shape14 Shape13

Shape16 Shape15




  • Міне, балалар, осылай үлкен отбасы қалыптасады. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ - отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі.



  • Балалар, мақал-мәтелдердің дұрыс жауабын сызба нұсқа арқылы жүргізіп көрсетіңдер.


Ананың көңілі балада, ... ұшқанда соны ілерсің

Тәрбие басы - ... ана-бұлақ

Ұяда не көрсең, ... тал бесік

Балалы үй базар, ... баланың көңілі далада

Ата көрген оқ жонар , ... ана көрген тон пішер

Әке - асқар тау, ... баласыз үй қу мазар


  • Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байланысты.



  • Жарайсыңдар, балалар! Енді «Ойлан, тап» тапсырмасын орындаймыз.

(Тақтаға отбасы мүшелерінің  жеке суреттері ілінеді, сұрақтар қоя отырып, балалар жауаптарына қарай суреттерді ажыратып,  ретімен  тақтаға іліп шығады)


  • Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.


  1. Қатал көрінгенмен, өте мейірімді. Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

  • Бұл кім? (Ата)

  • Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары)


  1. Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. 

  • Бұл кім? (Әже) 

  • Оны қалай білдіңдер? 

  • Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары) 

  1. Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады. 

  • Бұл кім? (Әке) 

  • Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.). 

  • Ал сендердің әкелерің қандай? Толықтыру: (күшті, батыл, мықты,...) 


  1. Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам?

  • Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)

  • Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым, ...

  • Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары) 


  1. Сенің өзіңнен үлкен, сабағыңды орындауға көмек беретін, сені серуенге бірге алып шығатын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?(Аға, әпке)

  • Сенің аға, апкең бар ма? (балалардың жауабы)


  1. Қыздарға әпкешім, ұлдарға ағатайым  деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы  кім деп атаймыз?(Іні, қарындас)

  • Сен оларға қандай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)


  • Балалар,  бұл суреттердегі адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Отбасы.

  • Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас, т.б. Олар кез келген істі бірігіп атқарады, бір-біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, қамқор болуға үйренеміз.


  • Балалар, енді «Менің отбасым» туралы бейнеролик тамашалаймыз.

(Бейнероликте көрсетілген фотосуреттегі кімнің отбасы екенін тауып, сол бала өз отбасын таныстырып өтеді.)


Қорытынды.

  • Балалар, алдарыңдағы жүрекшелерге бүгінгі ашық тәрбие сағатында алған әсерлеріңді жазып, алып бәйтерекке іліңдер.

  • Өте жақсы, балалар! Отбасы - кіші Отаның. Сол Отанда тату-тәтті өмір сүру үшін отбасы мүшелерімен, туысқандармен, бауырлармен тату болыңдар.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!