Менің отбасым 6 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің отбасым 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің отбасым. "Отан отбасынан басталады" деп бекер айтпаса керек. отанның бір кішкентай бөлшегі ол - отбасы. әр бір адамның өз отбасы бар.сол сияқты әр оқушы өз отбасы жайлы қысқаша мағлұмат береді. менікі орыс сыныптары болғандықтан, көбінесе сөздік арқылы жұмыстар жасалынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: Клушева Гулнур Өсербайқызы

Сынып: 5"д"

Пәні: қазақ тілі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Мерзімі:

05.09.2017 жыл

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, өзіндік тұжырым жасауға баулу. Ақпаратты өз бетімен табуға, қандай да бір мәселенің шешімін табуға үйрету.

Етістіктің шақтары туралы түсінік бере отырып, оның шақтарына тоқталу.

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

Күтілетін нәтижесі

Етістікті және оның шақтары жайлы түсінік қалыптастырды. Етістік шақтарының түрлерін біледі,сөйлемдегі етістіктің қызметін түсінеді.

Әдіс- тәсілдер

1 .Топқа бөлу

2.Жұптық жұмыс

3.Миға шабуыл

4.Ыстық орындық

5. Кері байланыс

Енгізілген модульдер

.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі:

карточкалар слайд, А4 парағы, плакат маркер,стикерлер, кері байланыс парағы, топ ережесі.

Сабақтың барысы:

Уақыты:

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл- күй қалыптастыру .

Оқушылар шеңбер бойында бір- біріне жылы лебіздерін білдіру,таңғы тілекті жеткізу.


Ынтымақтастық атмосферасы құрылады , психологиялық көңіл -күй қалыптасады . Оқушылар шеңбер бойында бір- біріне таңғы тілегін жылы лебіздер арқылы білдіреді.

2 мин

Топқа бөлу: түрлі түсті қағаздар арқылы сыныпты 3 топқа бөлемін. Сабақтың тақырыбына байланысты топқа сандық атауларын қоямын.

Топқа бөлініп, сынып

топ ережесін құрады және осы ережеге бағынады.

Топ басшысына бағынады.Топқа сандық атын қойды.

5 мин












Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген жаттығуды стикерлер үлестіріп жауап талап етемін. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін тақырып бойынша үш топқа сұрақ қоямын.

а) етістік дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

ә) етістіктің қызметі қандай?

б) етістіктің түрлері

Бұл сұрақтар арқылы бүгінгі тақырыбымызға енемін.

Стикерлерге үй тапсырмасы берілген тапсырмалар жазылған. Тапсырмаларды орындайды.

Оқушының да пәнді терең түсіну қабілеті дамып, білім алуға деген белсенділігі артады.


Берілген сұрақтарға жауап береді. Мұнда әр топ мүшелерінің ортақ келісімімен стикерге екі сұрақтан дайындауы тиіс. Сұрақтарын бір-бірімен ауысып жауап береді. Осы әрекетті бақылаймын.

10 мин

Жаңа сабақ:

Миға шабуыл жасаймын.Өздерінің ойларынан постер жасап, жаңа сабақты қорғайды.Үш топқа берілетін тапсырма. Етістіктің шақтары тақырыбына постер жасату.

Берілген тақырып бойынша постер жасап қорғайды.


10 мин

Тапсырмаларды орындау

Тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындауға бағдар беремін.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін сөздік, диалогтік оқытуды меңгерту мақсатында жаттығу жұмыстарын беремін.


Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Сөздік жұмысын жүргізу.

әлдилеу - баюкать

ар - совесть

дем дыхание

мұра- наследие

ену - войти

баға жетпес - неоценимое

2 - жаттығу

- Сен қазақ тілін жақсы білесің бе?

- Қазақ тілін жақсы үйреніп жатырмын.

- Ал таныс емес сөздер кездескенде не істейсің?

- Ондай кезде түрлі сөздіктерді пайдаланамын.

- Ал мен біраз үйрендім. Мұғалім қазақша сөйлегенде түсінемін.

- Қазақ тілін ұмытып қалмау үшін не істеу керек?

- Мектепте, үйде, көшеде жүргенде қазақша жиі сөйлесу керек.

Диалог арқылы сөйлесу.

10 мин

Сабақты қорытындылау:

Әр топтан бір-бір оқушыдан тұрғызып бүгінгі сабақтан алған білімдерін білу үшін қысқаша жауап аламын .

Бір-бір оқушыдан тұрып алған білімдерін, не түсінгені туралы мәлімет береді.


Бағалау:

Фишка арқылы бағалаймын.Фармативті бағаланады, соңында қорытынды бағасы шығады.

Оқушыларға түрлі түсті фишкалар арқылы бағалаймын. Нәтижесінде суммативті бағасын қояды


Кері байланыс:

Оқушыларға стикер таратамын.

Оқушылар стикерге сабақта болған ең үздік екі жұлдыз болған жағдайды жазып , бір ұсынысын жазады




Сабақ қорытындысы: Алғашқы сабағымда көздеген мақсатыма жете алмадым. Өйткені уақытты тиімді пайдалана алмадым. Постер қорғауда көп уақыт жұмсадым, модульдерді сабақта қолдана алдым, оқушылар бағаланып, кері байланыста өздерін және сыныптастарын бағалай білді.

Сабақтың жағымды жағы: Ынтымақсаттық атмосферасын қалыптастыруды оқушылар жақсы қабылдады.Әдіс –тәсілдерді балалар дұрыс түсінді, яғни оқушыларға ұнады. Сабақ барысында оқушылар еркін іс-әрекет жасады .

Сабақта жіберілген кемшіліктер: Оқушыларды топтастыруда көп уақыт жұмсадым, себебі олар басқа оқушылармен отырғысы келмейтіндігін айтты. Күнделікті үрдіске айналған дәстүрлі сабаққа үйреніп қалған оқушыларда өздігінен әрекеттесу қиын болды.Жаңа тәсілдерді үйрену оларды сабақпен байланыстыру қиындық туғызды. Оқушылардың ашық және жабық сұрақтарына мұғалім қанағаттанбады.Осындай себептерге байланысты сабақ мақсатына жете алмады Келесі сабақтарда осы кемшіліктермен жұмыс жасаймын.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
1817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі