Материалдар / Менің отбасым-менің байлығым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің отбасым-менің байлығым

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушылары,қарапайым адамдар болсын отбасын бағалап,қадірлей білуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2019
16743
27 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің отбасым-менің байлығым



Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Мен эссемді осы бір елбасымыздың сөзімен бастауды жөн көрдім. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. «Отан отбасынан басталады» демекші,отбасында құндылықтар мол болған сайын әр отбасында тәрбиеленіп, өсіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне, шапағатына бөленіп,болашақта отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатынына нық сеніммен қарауымыз керек. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Менің ойымша жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам жасайды. Өйткені, отбасы өте ауадай қажет, басқадай ешнәрсемен өзгертуге, ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Мен – президент, сен – министр дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс сияқты бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері,оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, отбасы тіршілігінің бұрыннан қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, анасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелеріде жерде қалдырмайды. Оның берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, кейінгі жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Себебі қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның қалыптасуымен дамуымен тікелей байланысты. Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Сол себепті отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Әр адам өз отбасын құрметтеп оны жоғары бағалауы міндетті.. Отбасындағы баласы – ең үлкен құндылық. Қазақтың түсінігі бойынша, ұл бала – өмірдің жалғасы. Әкенің мінез-құлқынан, өзгелермен қарым-қатынасынан, өнер білімінен үлгі-өнеге алып, соған қарап өседі. «Қыз бала – қонақ» дейді қазақ. Ол болашақ жар, ана. Сондықтан жанұядағы адамдар қыз баланы мәпелеп, аялап, сыйлап , үлкендерді қадірлеп, кішіпейіл болу, үлкеннің алдын кеспеу, үлкеннің сөзін бөлмеу сияқты тәрбие түрлеріне үлкен мән беріп өсірген. Отбасындағы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата- анамыз. Аса үлкен де емес, аса кіші де емес -шағын мемлекет демекші, айрандай ұйыған, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың бірі менің жанұям. Әр отбасындағы ата- ананың орны бөлек. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Отбасының барлық жағдайын жасап , қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз –жан әкешім, күні-түні еңбек етіп, бізді асырайтын да біздерге жақсы оқып, елге сыйлы азамат болыңдар деп айтудан еш жалықпайтын әкем.Мен оны мына факторлармен дәлелдей аламын: "Әке- асқар тау,  Әке - әулет басшысы,отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы деп білсем, Ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейтін, адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайтын ол Ана. «Сендер бір- біріңе қонақсыңдаррдайым бір біріңді бірінші көргендей және ұзақ уақытта сағынып көргендей бағалаңдар» деп әрдайым сіңілім екеумізге қыз балалар тәрбиесі жөнінде әңгімесін айтып отыратын ақылшымыз. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. «Бала-адамның бауыр еті»деген нақыл сөз бар.Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ата –анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп білген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылуына ата-анасының маскүнемдікке салынған жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиіркенішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермесі анық. Басқа өмірді аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өспеуіне кім кепіл? Мысалы, арақпен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандары жетерлік. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырмақпыз? Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, «Адамның бақыты — балада» демекші. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде сақталып, мәңгі есінде жүреді. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек.. Қорытындылай келе ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар емес пе? Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады.. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тектен-тек айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар. Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін алла тағалам оларды қорғап , өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан тілеймін.. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!