Материалдар / Менің педагогикалық ұстанымым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің педагогикалық ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен қазіргі заман педагогымын

«Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев.

 

«ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болу керек?», – деген сұрақ барлық ұстаздар қауымын мазалаған сұрақтардың бірі. Қазіргі таңда дамыған елдердің қатарына кіру әрбір адамзаттың борышы десем қателеспеген болар едім. Сондықтан да ұстаз өз кәсібінің нағыз шебері, бойындағы бар білімін, асыл қасиеттерін шәкірттеріне арнай білсе, баланың жүрегіне жол тауып, халқымыздың әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырса, таңдап алған мамандығын құрметтеуге, әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесе ұстаз үшін одан асқан бақыт жоқ шығар. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше сабырлық пен талантты қажет ететін адамға тән қасиет. Сонымен бірге ұстаз әр баланың жан-дүниесін танып-білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, яғни ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Мектептегі ұстаз әр баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол бастар ақылшысы. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”, «Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінемін. Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», – деген болатын. XXI ғасыр ұрпақтары ұлттық бәсекеге қабілетті, ой-өрісі жоғары дамыған, алған білімін өмірде қолдана білетін , халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматтар болуы керек және ұстаздар қауымына осындай шәкірттерді тәрбиелеу жүктелген. Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны, тіпті жүрегі. Қазіргі заманғы ұстаз – ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл болуы керек. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды және таныта алады? Ол – алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болып, еліне ізгі істерімен тани басталған сәтінен бастап танылады. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманында шәкірттеріміздің биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Шынында да, алдымдағы әр баланың болашағы – менің қолымда. Оқушыларымның қоғамның белді азаматы болып қалыптасып кетуіне  Қазақстан Республикасының ұрпақ тағдырын сеніп тапсырған азаматы ретінде үлес қосамын. «Қалдырған ізім шәкірт жадында мәңгілік жаңғырып тұрар» ҰСТАЗ деген атқа лайық болсам, менің де арман биігінің шыңына шыға алғаным деп ойлаймын. Мен бақытты  жанмын. Олай  дейтінім, менің  өмір жолымда әрқашан дана адамдар қасымнан табылды.  Олар  менің  ұстаз  боп  қалыптасуыма  өздерінің  өнеге-үлгісімен,  ақыл-кеңесімен, маған артқан сенімімен үлкен әсер етіп, жөн  сілтеген  ата- анам. Өмірдің даналығын  бойына  жинаған асыл анам мен асқар таудай әкем арқылы  ұстаздық жолында өз міндетімді атқарып келемін. Екінші орта менің әріптестерім. Әдістемелік көмектерін аямай, ұстаздықтың қыр-сырын меңгерткен, әрқашанда қасымнан табылып, таңдауымның дұрыстығына көзімді жеткізген менің ұжымым. Мен  бүгінде  басымды иіп, ҰСТАЗДАРЫМА, ӘРІПТЕСТЕРІМЕ алғысымды айтамын. Олардан  алған  өнеге,  олардың биік тұлғасы әрдайым жадымда болады. Мен – қазіргі заманның педагогімін, ол деген - өзгені тәрбиелей жүріп өзіңді тәрбиелеу, үйрете жүріп үйрену, өзгенің бақыты үшін аянбай тер төгу, өмір бойы іздену, оқу деп түсінемін. Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек.

Эссемді мына бір тамаша өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:

«Мұғалім мен ұстазда бар айырма, 
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма. 
Мұғалім, ол - бар болғаны мамандық, 
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға. 
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры, 
Қадірінің тиетұғын қайыры. 
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат, 
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі. 
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар, 
Ұлылықты ұлықтаған имандар. 
Ұрпағының ертеңіне жол ашып, 
Өмірінің әр шақтарын қиғандар. 
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім, 
Мұғалім боп, ұстаз болмау - күнә мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын...»
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы, 
Өзіне обал арзан дәріс, айласы. 
Ұстаз болу - бақыт, әрі абырой,
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!