«А. Тұяқбаев атындағы жалпы
орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Шынтаева Розаның жылдық талдау
есебі
Мен, Шынтаева Роза осы аталған
мектепте 2009 жылдан бері жұмыс жасап келемін. 2003 жылы Жетісай
қаласы «Сырдария» университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі мамандығы бойынша
аяқтадам.
Жалпы еңбек өтілім- 9 жыл. Осы
жылдар аралығында оқытудың жаңа әдістері-тәсілдерін сабақ барысында
тиімді қолдануды мақсат етіп
келемін
Әдістемелік тақырыбым: «Көркем
шығарманы оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын
арттыру».
Мұғалім – мектептің басты
тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге
асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай,
жан-жақты дамыған тұлға
қалыптастыру.
Мұғалімдердің ортақ мақсаты –
жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы
қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Мұғалім
өз білімін үнемі жетілдіріп, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи
әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін
меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі
керек.
Қазіргі таңдағы педагогика
жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана
білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір
жолы.
Сондықтан, мен өзімнің
ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін
жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып
отыруға тырысамын.
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек
Аймауытов «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол –
жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол кісінің айтқанындай
«жаңадан жаңаны» тауып жатпасам да, өзіме таныс жаңа
технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып, жас буынға саналы
тәрбие мен сапалы білім беру ісіне бар ынтамды салып келе жатырмын.
Атап айтар болсам мен өз сабақтарымда мынадай әдіс- тәсілдерді жиі
қолданамын. «Еркін микрафон», «Кластер», «Үш қадамды сұхбат»,
«Попс» әдісі, «Бес жолды өлең», «Дәліз» әдістері. Сабақ жоспарлау
кезінде барынша мақсатқа жету жолына көп көңіл бөлуге тырысамын.
Қолданатын тәсілдер мен тапсырмаларды қажетінше оқу мақсатына қарай
бағыттап отырамын. Сонымен қатар мектепте сабақтан тыс та
іс-шараларды жиі ұйымдастыруға көп көңіл бөлемін. Сайыс сбақтар,
«Үздік оқырман» сайысы, Абай өлеңдері мен Қара сөздерін жатқа оқу
сынды сайыстар, ақындар мүшайрасы мектепішілік өткізіп тұрамыз.
Мектепішілік сайыста үздік атанған оқушылар аудандық, облыстық
байқауларға қатысуға мүмкіндік
алады.
Оқушыларым жыл сайынғы
аудандық «Жарқын болашақ» сайысының жүлделі орын иегерлері,
сондай-ақ аудандық Абай-Шәкәрім оқуларының бірнеше реткі жеңімпаз
иегерлері. Аудандық батырлар жырын оқу сайсында 6-сынып оқушысы
Түймебай Оразбай «Алғыс хат» , Асанов Рақымжан жүлделі ІІІ орын
иегері атанды, аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында «Тілші,
әдебиетшілер» конкурсы бойынша Жақсылық Нүрия жүлделі ІІІ орын,
«Жазушылар» конкурсы бойынша Үркінбай Ұлдана ІІІ орындарды иеленді.
Сондай-ақ қашықтықтан өтілетін олимпиадаларда да оқушыларым
үздіктердің қатарында. ҰБТ бойынша да оқушылардың көрсеткіштері
жақсы. Биылғы оқу жылында да жақсы көрсеткіш болады деп ойлаймын.
Оқушылармен жоспар бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіп
келемін.