Менің психологиялық кәсіби ұстанымым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің психологиялық кәсіби ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамның ең басты байлығы – адам. Дені сау рухы биік, білімді ұрпақ нұрлы болашақтың іргесін қалайтындар. Ендеше, жарық дүние есігін ашып, өмірге келгендердің өсіп жетілуіне, азамат болып қалыптасуына, бақытты өмір сүруіне тек ата-ана ғана емес, қоғам да жауапты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің психологиялық кәсіби ұстанымым


Қоғамның ең басты байлығы – адам. Дені сау рухы биік, білімді ұрпақ нұрлы болашақтың іргесін қалайтындар. Ендеше, жарық дүние есігін ашып, өмірге келгендердің өсіп жетілуіне, азамат болып қалыптасуына, бақытты өмір сүруіне тек ата-ана ғана емес, қоғам да жауапты. Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген өте терең мағыналы нақылы бар.Ол еліңнің  ертеңі  – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Баланың кішкентай кезіндегі мінез-құлқы, ойлау үрдісі, эмоциясы ересек  өмірдің іргетасы фундаменті болып табылады. Ендеше, сол фундаментті берік  етіп орнатуда тәрбиенің орны бөлек. Баланың ерік-жігері, ақыл-ойы, қабілеті мен талантын жас кезінен көре білуде, оларды тек көріп қана қоймай, ары қарай дамытып жетілдіруде, бала бойындағы қайнап жатқан энергияны қазіргі нарықтық заманда дұрыс, қоғамға пайдасы бар нәрселерге жұмсай білуге бағыттауда  психологтың кәсіби  шеберлігінің  алар орны ерекше деп ойлаймын.

«Адамның жанын түсіне білу, оны зерттей білу» - үлкен өнер деп Австриялық ғалым З. Фрейд айтқандай, жүрек қалауымен психолог мамандығын таңдап, шәкірттерімнің қоғамдағы өз орнын дәл табуына көмегім тиіп жатса, менің арман мақсатымның орындалғаны. Осы бір жауапкершілік маған жалықпастан ізденіп, тынбай еңбек етуіне қанағаттандырады, шабыт беріп, жұмысқа деген құлшынысымды арттырады.

Адам өмірі өзінше бір әлем... Небір сәттерде күш – жүгеріңді сынайтын, мойымай ерік күшіңді таразылайтын кезде мықты да төзімді, шыдамды, ақылды болып жеңіске жету үшін әркімге психологиялық көмек қажеттілігіне куә болып жүрміз. Сондықтан психолог маман алдына келген адамға көмек қолын созуға дайын тұруы керек деп ойлаймын. «Қуанышты бөліссең, көбейеді, ал қайғыны басқамен бөліссең азаяды» деп дана халқымыз айтқандай, әр оқушымның көңіл – күй сандығына бар жүрегіммен үңіліп, қуаныш пернелерін дәл басу – менің психологиялық шеберлігімнің шыңы.

Егер баланың жүрегінде сізге деген көңіл толмаушылық пен күмәндылық орын алса, ол бала сіздің көзқарасыңыз бен пікіріңізге ешқашан қосыла алмайды. Баланы менің пікіріме  қосыл деп мәжбүрлеуге болмайды. Ал егер жылы-жылы сөйлеп, ақылмен әрекет жасасаң, бұған оңай қол жеткізуге болады деп  ойлаймын. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады»,- деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Мен егер баланы өз жағыма тартқым келсе, алдымен оны шын ниеттес дос екендігіме сендіремін. Бала жүрегін жаулап алар бір тамшы бал – жылы сөз. Осы арқылы оның ақыл-ойына жол табамын.

Қорытынды:

Өмірде әркім өз жолын табуды, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды.

Алдыма қойған мақсатыма, аңсаған арманыма жету үшін жан – жақты ізденіп, білім алуды, өзіме деген ішкі сезімнің берік болуы үшін тынымсыз еңбек етуді негізге ала отырып, әр оқушының «жеке тұлға» болып қалыптасуына барлық күш – жігерімді, ыстық жүрегімді арнағым келеді. Күнделікті жұмысымда сол бір бақытты да жігерлі, дені сау, білімге құштарлығы артып келе жатқан жеткіншектермен жүздесумен басталатыны мені қуантып, алға жетелейді. Өйткені күлкіге толы қуанышты, шат – шадыман, елгезек те еңбекқор шәкірттерім менің де жемістерім емес пе?! Мен олардың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып рухани әлем беттерін оқимын.

Психология ғылыми негіздеріне сүйеніп, жетілдіру, диагностикалау- емдеу шараларын жүргіземін. Әр оқушының тән сұлулығы мен жан сұлулығы бір – бірін толықтырып, жарқырай түссін деген мақсатымда күнделікті жүзеге асыруға ұмтыламын.

Адам – ең жоғары құндылық, ал оның өмірі бәрінен де қымбат екенін естен шығарған емеспін. Адам шын ниеттенсе, оның қолынан бәрі келеді. Білім мен біліктілік, еңбек жетістіктің ең сүйікті досы. Жетістіктер, асқан қиыншылықтар, адал еңбекпен келеді. Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамгаршілік қасиеттерді сақтай білуде жатыр.

Мен оқушыларымның әркез мықты ерік – жігермен, нұрлы ақыл, ыстық қайратпен болашаққа деген балалық құштарлықтарының өмірлік кредоға айланатына нық сенемін !

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2018
1434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі